«Алматы ақшамы» газетінде 1998 жылы 21 қазанда жарияланған.
Бұл жинаққа мақаланың толық нұсқасы беріліп отыр
198
ФАДЛИ ƏЛИДІҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫНА СӨЙЛЕНГЕН CӨЗ
Белгілі түріктанушы ғалым, аудармашы, ұстаз, əл-Фараби уни вер си-
те ті нің түрік филологиясы кафедрасының меңгерушісі Фадли Əли 60-қа
толып отыр.
Фадли Əли Грузиядағы Ақысқа ауданының Пареха ауылында шаруа
отбасында дүниеге келіпті. Ол 1938 жылдың елдің еңсесін езген, көр пе
орнына киіз жамылған, сансырап, сандалған кезі, қоңыр күз еді. Абай
айтады: «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», – дейді. Ал бүгін
өзін өсірген елге, қасиетті жеріне адал бола біліп, ғұмыр кешіп келе
жат қан 60 жылының ішіндегі бүкіл саналы бөлігін Қазақстанға арнаған
Фадли ағамызды өз басым қазақтың бір баласы деймін.
Фадли Əли – тілі түрікше шығып, қалған өмірінде түгелдей қазақ
ті лін де оқыған, қазақ тілі мен əдебиетінен сабақ берген, екі тілді тел
емген кісі. Оның аудармашылығы – бір тілден екінші тілге аудару емес,
екі тілде тең сөйлейтін адамның екі ел теңізінде кезек-кезек жүзуімен
бір дей. Түрікшеден қазақшалай бастағанда ол сөзбе-сөз аудармайды,
қа зақ тың жалпақ тіліндегі балама мағынасын мөлдіретіп, алдыңа əкеле
қоя ды. Ол – тілдердің мəйегінен татқан маманның ғана қолынан келетін
шаруа. Біздің жас мамандарымыз Фадли Əли жеткен биікке жетсе игі.
Фəкеңнің жазба аудармалары – өз алдына бір төбе. Оларды көркем
аударма деуге лайық. Егер жинақтап, кітап қылып шығарар болса, 3–4
томдай болып қалар еді. Бəрінің ортақ тақырыбы біреу-ақ – түріктану. Ке-
ше гі кеңестік заманда көкірегіміз сезсе де, қолымыз жете алмай жүр ген
тү рік шіл дік идеясының атасы – Зия Гөкалып еңбектері, қызыл қыр ғын-
нан үде ре көшіп, ел ауған қазақтардың құс қанаты күйетін Такламакан
шө лін басып өту жолындағы адам айтқысыз азаптарын суреттеген Ха сен
Орал тай дың кітабы, З.Уəлиди Тоғанның Мұстафа Шоқай туралы дере-
кнамасы, Ибраһим Кафесоғлының түркі жұртының мəдениеті, біл і мі,
өне рі жайындағы зерттеулері, Қожанасыр туралы мақала, батыс де рек-
те рін де гі қазақ тарихы, Ататүріктің өсиеттерін қазақ оқырманы Фадли
Əли дің əдемі аудармалары арқылы оқиды («Жұлдыз» журналында). Со -
ның айқын мысалы ретінде, жай оқырманды айтпайық, Шерхан Мұр та за
аға мыз дың жақында ғана жарияланған «Ататүрік Ұлттық рух» деген ма-
қа ла сын айтайық. Сонда халқының қамын жеген ұлт зия лы ла ры ның бі ре-
ге йі Мұртаза Ататүріктің біраз сөзін тілге тиек етіпті. Біреуін ғана мысал
етейік: «Түрік ұланы! Əлем бізді құрметтесін десек, өз ұл ты мыз ды, өз
ұлттық бейнемізді алдымен біздің өзіміз бар сезімімізбен, ақыл-ойымыз-
бен, бүкіл қимыл-əрекетімізбен құрметтеуіміз керек. Өзі нің ұлт тық бей-
несін таба алмаған басқа ұлттарға жем болатынын ұмыт па ңыз дар».
Бұл сөздер Фадли Əли аудармалары арқылы танылды десек, қа те-
лес пей міз. Мəселе – аударуда ғана емес, нені аударуда. Фəкең жасаған
199
аудармаларды, ғылыми-зерттеу еңбектерді қарай отырып, ол кісінің аза-
мат тық пиғылдарын танимыз.
Хасен Оралтайдың «Такламан шөлінде» кітабынан мынадай бір оқи ға-
ны еске сала кеткіміз келеді: Такламакан шөлінде 5 күн бойы бір тамшы
су ішпей, нəр татпаған, коммунист қытайлардан қашқан қазақтар Сор бұ-
лақ қа жетеді. Аңқасы қурап, шөл қысқан адамдар келе суға бас қоя ды
да, бір-екі татып көріп, ауызды қуырған тұзды су екенін түсініп, аң та ры-
лып қалады. Сол кезде жылқылар жиектегі мұзды жалай бастады. Сə бə-
діл Мұхаметжанұлы деген кісі: «Тұзды судың мұзы тəтті болады», – деп
айқайлап жібереді. Тұзды жалап көрген жұрт, рас екеніне көз де рі же тіп,
дереу ерітіп ішіп, аман қалады. Тарыдай шашыраған қазақтың осы бір
тарихын ана тілімізде бізге жеткізген тағы да Фадли Əли екенін се зіп
отырған боларсыздар.
Қазақ халқының мұңы, ұлт мəселесі – бəрі де Фадли Əлидің жү ре-
гін тебірентпей қоймайды. Парламентте тіл дауы көтерілсе, Фə кең Түр-
кия Конституциясында тіл туралы айтылған баптарын жарқ еткізіп,
газет бетіне шығара қояды, түркі елдерінің конференциясы бола қалса,
оның көкейкесті мəселелері тағы жарияланып жатады. Оның бетінен
қа зақ қа керекті талай нəрсе табылады. Немесе Шығыс Түркістандағы
ұлт-азаттық күрестің қайраткерлері, Мағжанның Түркияда зерттелуі
тағы-тағы сандаған дүниені табасыз. Бəрі де – құлаққа естіле қой ма ған
жа ғым ды жайлар, халық тарихы мен əдебиетінің, түрік-қазақ мə де ние-
ті нің қазыналарын жалпақ елге таныту жолындағы орасан еңбек. Ха-
сен Оралтайдың «Алаш – Түркістан түріктерінің ұлт-азаттық ұраны»
кі та бы «Азат» газетінің 1992 жылғы 15-санында жарияланса, Түр кия-
ның ұлт тық білім министрлігі дайындаған «Түрік əлемі» əдебиеті»
(Кө ле мі 700 бет) оқулығы шықты. Зия Гөкалыптың жоғарыда айтып
өт кен «Тү рік шіл дік тің негіздері» (12 б.т.) аударылып біткен. Таяу ара-
да жа рық көр мек осы кітапты қазақ зиялылары, оның ішінде тү рік та-
ну шы лар асы ға кү тіп жүр десек, артық айтқандық емес. Сондай-ақ
«Иман» кітабы 1993 жылы Ыстанбұлдан басылып шықты, Алматыдан
түрікше-қа зақ ша, қа зақ ша-түрікше тілашар 1991 жылы жарияланды.
Фадли Əли дің ғы лы ми, аударма, публицистикалық мақалаларының
ұзын саны 300-ге тарта.
«Иман» – балаларға арналған кітап (Ыстанбұл, 1993) Қазіргі дін тар-
тыстары кезінде, Қазақстанға əр түрлі діндердің ықпал жүргізуге кіріс-
кен кезінде мұндай кітапты бізде де шығарса, пайдасы зор болар еді.
Фадли Əлидің ғылыми еңбектерінің ішінде «Қазақстан тү рік те рі нің
лексикасы жөніндегі очерктер» атты монографиясының орны ерекше.
Өйткені «Ғылым» баспасынан 1978 жылы жарық көрген бұл еңбек осы
саладағы зерттеулердің алғашқыларының бірі болатын. «Қазақ тілін-
дегі аймақтық ерекшеліктер» («Ғылым», 1990) атты кітаптағы сал мақ-
200
ты зерттеуі, «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігін» (1996) жа сау ға
қатысуы бұл кісінің тіл ғылымындағы өзіндік үлесін көрсетеді.
Фадли Əли – түбі бір түрік тамырымызды ұрпақтың жадында жаң-
ғыр ту жолындағы ізгі уайыммен жүрген адам. Ол бір кезде Мұстафа
Шо қай шығарған, қазір қайта дүниеге келген «Жас Түркістанның» алқа
мү ше сі, «Түріктану жəне Түрік дүниясының мəселелері» атты бөлімді
бас қа ра ды.
Фадли Əли – публицист (көсемсөзші). Əрине, оның жазғанының
бар лы ғы бірдей үн-түнсіз қабылданып жатыр десек, өтірік болар еді.
Кө тер ген мəселелерінің өткірлігі, сын көтеретіндігінен де əр түрлі пі-
кір та лас тар ға ұшырап жатады. Сын көтеретін, салмақты шығарма бар,
сын көтермейтін, бірсыдырғы ғана, таптаурын дүниелер бар. Ф.Əли
таптаурынға бармайды. Сонысымен оқырманды селт еткізеді, кейде
«селк» еткізеді. Əйтеуір, шай ішіп отырып, оқи алмайсыз. Оның қа та ры-
на Баймырза Хайт туралы, Қазақстан мерекелері т.б. мақалаларын атар
едік. Бəріне уақыт – төреші. Бірақ уақытқа ояу көзбен қарайтын Фадли
Əли тұлғасы қызық.
Фадли Əли – үлкен ұстаз. Түрік əлемін зерттейтін болашақ ірі ға лым-
дар дың қатарын өсіруге қосып жатқан үлесін таразымен өлшеу қиын.
Ол өзінің адамдық болмысының таразысын тең ұстаған жан ретінде кө-
рі не ді. Оны түрік ағайындар: «Теразиси дирһем шашмаз», – дейді. Яғни
«Таразысындағы теңге шашылмас», «Таразы басын тең басқан», тия нақ-
ты, тұрақты, парасатты адам. Бұл сөз бір кезде Ер Тұғырыл, Шейх Еде-
балиге қаратыла айтылған болатын.
Қадірлі Фадли Фазлиұлы, жан-таразыңыздан дирһем шашылмасын,
кө бей сін, бірақ асып-тасымасын!
Түріктанудағы іргелі еңбектеріңізбен мерейіңіз күнге қарай бет алу-
дан танбасын.
ҚазМУ, 1998, 23 қазан.
Қолжазбадан
ҰЛТҚА КЕРЕГІ – РУХАНИ АЗАТТЫҚ
(Профессор Жанғара Дəдебаевтың негізгі ұстанымы – осы)
Адам рухани азат болмай, толық азаттыққа жете алмайды. Елің тə уел-
сіз, бірақ өзің батыстан «утопия» жасап алып, бас ұрасың. Ататектен келе
жатқан қасиеттерді жан сарайында тұншықтырып, өзге ауыл дың шөп-
шаламына толтырғың келеді. Ақсақалдардың түзу сөзі артта қал ған дық
болып көрінеді. Жылы-жұмсақтың иісі қай жақтан еседі, со ған қа рай
мойын созып жүргенде, қалай ноқталанып қалғаныңды біл мей сің. Ру ха ни
бодандыққа кісі осылай түседі. Жан азаттығын іздемеген адам ға бə рі бір
сияқты. Бірақ сондай-сондай пенделерден ұлттың қамы шы ға ды ғой. Қа-
201
зақ зиялылары сол үшін күресті. Қай заманда да ұлттың рухани қа сие тін
таныту, сол арқылы бүкіл жұртты оятуға қызмет ету – əсі ре се əде биет ші-
лер дің төл ісі. Осы түпкі мұратқа үлес қосқан азаматты айта бер...
Филология ғылымдарының докторы, профессор Жанғара Дə де баев-
тың ұлт тық қасиеттерімізді тереңдей аша түсетін бірнеше еңбегін атап
айтар едік: «Бөлтірік Əлменұлы жəне қазақ шешендік өнері», «Тұл пар-
дың сыны мен бабы», «Өмір шындығы жəне көркемдік шешім».
Бұрынғы оқу жүйесінде шешендік өнердің ғажайыптары Цицерон-
нан (б.д.д. 106–43 ж.) бастап, гректің жеті ғұламасымен, Еуропа ойшыл-
дарымен шектеліп келді. Бұл өнердің қазақтың жеті атасына да ры ған ды-
ғын, заңы да, дауы да би-шешендердің дуалы сөзімен ше ші ле тін ді гін
білсек те, соны ғылым деңгейінде білдіру жағы болмады. Ж.Дə де баев-
тың шешендік өнер жайлы кітабы осы оқылықтың орнын тол ты ру ға
қызмет етеді.
Қазақ өмірінде тұтас адвокаттар мектебі қалыптасты. Билер сөзінің
жұрт алдында ашық айтылатындығы, ар-ұятты жоғары қоятындығы, жү-
йе сін табатындығы, шындығы тыңдаушы көңілінде күдік қалдырмайды.
Ел сенімінен шықпаған адам би бола алмайды. Сондықтан да билердің
үс ті нен арыздану өте сирек болған. Сөздің құдіреті күшті, айтушы мен
тың дау шы сы сай. Автор Бөлтірік шешеннің мына бір сөзін келтіреді:
Арғымақ атта жал болмас,
Жабы келіп, жалыменен теңелер.
Ақиық ерде мал болмас,
Жаман келіп малымен теңелер.
Шіркін, бүгінгі күнге де дөп келіп тұрған бұл сөздерді Бөлтірік ше-
шен қасындағы парықсыздау байға айтып отыр, ол «жабы» болсын, «жа-
ман» болсын шешеннің сөзінің астарын ұғады, ұялыс табады. Тың дау-
шы сы бар сөз – бақыт. Шешендік өнердің дамымай, булығып ашылмай
жатуы тыңдаушының азайып кеткендігінен емес пе? Шешендік өнерді
бала жастан ғылыми деңгейде оқыту, сөздің түп мəні мен мағынасын
талдатып үйрету сол үшін де керек.
Астарлы сөзбен тыңдаушысын бір сүріндіріп алған Бөлтірік шешен
енді бір мезетте:
Мен арғымақ болғанда,
Сен бір бір жабы емес пе едің –
Жалыңмен теңесіп тұрсың-ау.
Мен ақиық ер болғанда,
Сен бір жаман ез емес пе едің –
Малыңмен теңесіп тұрсың-ау, –
202
деп, аянышты үнмен сəл көтермелегендей болады да:
Жабы арғымақ бола ма, жал біткенмен,
Жаман жақсы бола ма, мал біткенмен, –
деп бір-ақ түйіп, тастап жібереді. Міне – ақылдың алғырлығы, се зім нің
сергектігі, сөздің иландырғыш, сендіргіш қуаты. Автор А.Бай тұр сы нов-
тың «Əдебиет танытқышында» шешендік сөздің құрылымын беске бөл-
ген ді гін келтіреді. Сондағы: «бастамасы», «ұсынбасы», «маз мұн да ма»,
«қыздырма», «қорытпасы» түгел əлгі сөздің ішінде. Қазақтың айыр кө-
мей, жез таңдай шешендері сөзін жазып алып, жаттап айтқан жоқ, суы-
рып сал ма лы ғы мен ерекшеленеді.
Оқушы қазақ шешендік өнерінің бір күнде туа қалмағанын кітаптың
бас қы тарауындағы Анахарсис туралы ой-талдауларынан көреді. Скиф
даласынан Эллада еліне мемлекет ісін үйреніп, даналар пікірін тыңдауға
əде йі барған (б.д.д. 594 ж.) Анахарсис көптің бірі емес болатын. Ол да өз
еліндегі далалық шешендер өнерін меңгерген жан еді. Соның əсерінен
болар, жаңа жерде данышпан, ойшыл аталған. Эллиндердің көмірді пай-
да лан ға нын көріп: «Олар отынның түтінін далада қалдырып, отын үйге
əке ле ді екен», – деп таңғала жүріп, өзі Страбон, Диоген, Плутарх, Пла-
тон сияқты ғұламаларды таңғалдырып кеткен. Солон, Биант, Фалес, Кле-
обул, Питтак, Хилон сияқты жеті ғұлама жиылып, «патшаның абыройы
қайт се артады?» деген сұраққа жауап іздейді. Бірі сөзге ермеуді, екіншісі
қол астындағыларды қорқытпау керектігін, үшіншісі уақытша пайданы
емес, мəңгілікті ойлау керектігін айтып жатқанда, Анахарсис патшаның
барша жұрттың ішінде жалғыз данагөй болмауы керектігін еске салады.
Бұл сөз астарлы тереңдігімен кейінгі ойшылдарды тамсандырған.
Бір сөзбен айтқанда, аталған кітаптың құндылығы шешендік өнердің
түп-тамыры мен жан-жақты байланысын ашатындығында, билер сөзінің
мəн мағынасын теориялық жағынан талдауында, оқу құралы ретінде пай-
да лы лы ғын да деп түсіндік. «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» дегендей
пі кір ден туған дүние.
Халқымыздың тағы бір қасиеттісі – жүйрік ат. Аттың əдебиеттегі бей-
не сі жөнінде орыс тілінде үлкен зерттеулер жазылғанымен (Липец Р.С.),
қа зақ тұлпарларының сыны жүйеленбеген еді. Бар тəжірибелерді жи нақ-
тап берудің өзі – ғылымдағы ең бір адал еңбектің бірі Ж.Дə де баев тың
«Тұл пар дың сыны мен бабы» кітабы халықтың дəстүрлі мə де ние тін та-
ны ту ға дер кезінде үлес қосқан еңбек болды. Құртқаның Тайбурылды
«тү тік пе нен су беріп, түндікпенен күн беріп» күтуінің мағынасы осы
кі тап арқылы ашыла түседі: «тұлпар туар құлын белгілі мерзім бітпейін-
ше, ашық аспан астына шығарылмаған. Күн сəулесі жануарға түн дік пен
ғана түскен... алғашқы қырық күнде – қулықтың сүтін, екінші қы рық
203
күн де қысырдың сүтін емізген». А.Вилькинс деген кісінің 1875 жылы
жаз ған мақаласында: «Түрлі аурулар жұқпас үшін жеміне қызыл дəрі
қо сып береді. Қазақтар оны «күкірт» деп атаған. Түркістан тө ңі ре гі нің
атбегілері сəйгүліктерінің жеміне жібек құртының қиын қосып бере-
тін болса керек», – депті. Автор оны ары қарай жалғастырып, тұл пар-
ды алты жасқа келгенде де мінбей, азу тісін жаруына уақыт беріп, жеті
жаста аршынын түзеп, мүшесін сыртқа салуына, сегіз жаста толысуына
кө ңіл бөлгендігін, тоғыз жасарында ғана тұлпарды үйретіп, мойнына жі-
бек тен арқан сүйреткенін айтады. Əдемі түсінік.
Қырғыз манабы Шəбденнің асында құнан бəйгеге 105 құнан қо сыл ға-
ны, оның ішінде ағылшынның екі сəйгүлігі бəйгеге ілесе алмай, далада
сандалып қалғаны С.В. Дмитриев деген кісінің 1912 жылы жазылған
ма қа ла сы нан алыныпты. Бұлардан басқа Кейқауыстың (XI ғ.), Күреңбай
сын шы ның (XIX ғ.), Абайдың, Шоқай Шөңкеевтің (XIX ғ.), Киікбай сын-
шы ның ат сыны берілген. Аса бір сүйіспеншілікпен орындалған ең бек
екені көрінеді. Автордың атқа деген сүйіспеншілігінен əкеге деген са ғы-
ны шы байқалады. Жылқы баптап, жүйрік күткен аяулы əкенің қа сын да
жүр ген аялы күндердің арманы болар. Ауыл баласының көбінің басы-
нан өтіп жатқан көріністер. Бірақ ол көріністер ылғи да кітапқа айнала
бермейді.
Ж.Дəдебаевтың қаламынан он шақты ғылыми-публицистикалық, əдіс-
те ме лік еңбектер, 200-ге тарта мақалалар туған. Жоғарыда атап өт кен
үш кітаптан басқа: «Қазіргі қазақ тарихи романының тақырыптық да-
муын да ғы М.Əуезов дəстүрі» (1981), «Əдеби шығарма» (1986), «Мұхтар
Əуе зов. Монографиялық очерк» (1990) т.б. еңбектерінде жазушының
шы ғар ма шы лық лабораториясы, қазақ тарихи романы дамуының бір қа-
тар маңызды мəселелері талданғаны белгілі. Сондай-ақ белгілі ға лым-
жазушылар С.Қирабаев, З.Қабдолов, З.Ахметов, Б.Момышұлы, І.Есен-
бер лин, Б.Нұржекеев, Т.Молдағаливтердің шығармашылық портреттері
адам гер ші лік құрмет сезіміне толы. Мұның өзі автордың əрі зерттеуші,
əрі əдеби сыншы жəне эссеші ретіндегі ізденістерін байқатады. Жамбыл
Жа баев тың өмірі мен шығармашылығы туралы баспасөзде жарық көр-
ген топтама еңбектері үшін оған Жамбылдың 150 жылдығына ар нал ған
жамбылтанушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында бі рін-
ші дəрежелі диплом берілді. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Ғы-
лым қоры грантының жүлдегері атанды. Ғылыми жетекшілігімен кан ди-
дат тық диссертациялар қорғалып, ғылыми-зерттеу бағдарламаларының
авторы ретінде, университет «Хабаршысының» филология сериясының
ғы лы ми редакторы ретінде де қыруар жұмыстар атқаруына тура келді.
1993 жылдан бері қарай филология факультетінің деканы, 1990 жылдан
Жо ға ры мектеп академиясының мүше-корреспонденті, шəкірттердің ұс-
та зы. Республикада, сырт елдерде танымал ағаларының шəкірті, қай рат-
204
кер інісі. «Білімсіз бірлік жоқ» дегендей, рухани азаттық жолында бі рі-
гіп еңбек ету үстінде.
«Түркістан», 1998, 11-17 қараша
ЕЖЕЛГІ ƏДЕБИЕТ ЕРТЕҢГІ ƏДЕБИЕТКЕ ЖАЛҒАСУДА
(Профессор Ханғали Сүйіншəлиевтің еңбектері бойынша)
Тотолитаризм тұсында қол ұшы ұзарғандай болған кез елуінші жыл-
дар дың екінші жартысы болатын. Осы сəтті пайдаланып, өсіп келе жат-
қан жас азаматтар «Қазақ əдебиеті» газетінде ұлт мəселесін батыл кө те-
ре бастайды. Оған тілшілер, тарихшылар жан-жақтан үн қосады. 1959
жылы маусым айының 15–19 арасында əдеби мұраны талдауға ар нал ған
үлкен конференция өтеді. Он алты баяндама жасалып, 28 адам жа рыс сөз-
ге шығады. Сонда үлкен-үлкен мəселелерді күн тəртібіне қойып, пікір
білдірген ғалымдардан ортамызда жүргендері: Х.Сүйіншəлиев, З.Ах ме-
тов, Р.Сыздықова, Ү.Сұбханбердина, Т.Кəкішевтер. «Қазақ əде бие тін
қай дан, кімнен бастаймыз?» деген мəселені көтерген Қажым Жұ ма лиев
пен Бейсембай Кенжебаевтың сөздері қызу талқыланып, кейін газет бе-
тін де гі айтыс-тартысқа да ұласқаны белгілі.
Осы конференциядағы Б.Кенжебаевтың: «Қалайда, қазақ болып бі-
ріккен рулар дүниеге дəл сол қазақ болып біріккен ғасырда ғана келген
жоқ, тарихта онан көп бұрын бар рулар... Міне, осы рулардың жүрген
жерлерінде ерте уақыттарда жасалған сол рулардың тірлігін, салтын
бейнелейтін, бір кезде соларға түсінікті болған жазу, сызулар, жазба əде-
биет нұсқалары болса, олар... халық жазба əдебиетінің нұсқалары болып
есептеледі» (Əдеби мұра жəне оны зерттеу. – А., 1961), – деген уақытта
оза туған пікірі əдебиетіміздің мыңжылдық тарихының есігін ашты.
60-жылдардың екінші жартысында əдебиет тарихының бастауы VIII
ға сыр лар да екені, жыраулық поэзия Бұхардан үш ғасыр бұрын да бар
еке ні анықталды. Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет, Марғасқа
жы рау лар дың ұлттық рухқа толы толғауларымен қайта қауыштық.
Кенжебаев шəкірттері ішінен Əуезовтің əдемі сөзімен айтсақ, іні-
досы Ханғали Сүйіншəлиевтің орны ерекше. Бүгінде филология ғы лым-
да ры ның докторы, профессор Х.Сүйіншəлиевтің ол кезде Орал пе да го-
ги ка лық институтынан ҚазМУ-ге ауысқанына 6–7 жыл болған. 1941–42
жылдары Мəскеу түбіндегі қан майданға қатысып, одан жараланып елге
оралып, 1952 жылы «Абайдың прозасы» деген тақырыпта кан ди дат тық
диссртациясын қорғаған. Ел азаматтарының сағы сынып, абай та ну дың
ең білгір мамандарынан айырылған Абайды қолға алуы оңай шара емес
еді. Осы жылдарда Абайдың қарасөздерінен он шақты мақала, моногра-
фия шығарып үлгірген. 1955 жылы «Қазақ əдебиетінде кедергі неде?»
деген батыл мақаласымен танылып, «XVI–XIX ғғ. қазақ əдебиеті та ри-
205
хы ның» бағдарламасын жасаған. Абай, С.Торайғыров, Жамбыл, Ы.Ал-
тын са рин, С.Мұқанов жəне орыс жазушылары, əдеби байланыстары
туралы біршама мақалалары жарық көрген. Ол кез – тереңдей талдау-
дан гөрі пікір білдірудің заманы ғой. Ханағаң дүниені дүр сілкіндірген
қы зыл революциямен жарыса туса да, оның идеяларын жарыса насихат-
таудан гөрі ұлттың өткен даналарын жазуға көбірек барып жүрді. Мұх-
тар Əуезовтің «Абайын» сынап, Абай заманынан таптық күрес іздеп
жат қан да, 1956 жылы 12 тамызда бұрынғы «Социалистік Қазақстан»
га зе тін де «Абай туралы романдардың соңғы кітабы» атты мақаласы жа-
рық көрді. Шынайы тілектестіктен туған мақаланың ұлы адамның жү-
ре гі не қаншалықты жылы тигенін, риза екенін 1956 жылы 17 тамызда
Тə кен Əлімқұловқа жазған хатынан көреміз. Хаттың өне бойынан арпа-
лыс заманның тамыр бүлкілі аңғарылады. Орта тұсында былай дейді:
«Со циа лис тік Қазақстанның» 12-сіндегі санында Сүйіншəлиевтің үл кен
ма қа ла сы «Абай жолын» мақтап шықты. Тіпті «алайдасы» жоқ редак-
ция ер екен дедім. Ондағы көп рөл Серік Қирабаевтікі болу керек. Біз-
де «Правданың» бір үлгісі болмаушы, қонбаушы еді ғой. Ол мақтағысы
келсе, алғаш таныстырам деген, жақсы деп бағалаған заттарын «алайда-
сыз» айтады ғой.
Біздің баспа орындарымыз бірер кемдікті қоса айтпаса, онысын кү-
нə һар лық көретін. «Күпірлік» деп, «тəубе, тəубелеп» отыратын. Өзің
оқы ған шығарсың, Сүйіншəлиев мақаласынан (ол қазақ прессасы бол-
ған дық тан жəне бас орган болған соң) бір-екі жерін цитата қып əдейі
кел тір сең деймін. Сонда əсіресе тілді айтқан сөйлемдерін атап, ба ға лап,
өз сө зі ңе қосып берудің əнеугі былшыл сөйлеушіге қарсы жəне «Знамя-
лар» үшін аса қажет бағасы болар еді. («Жалын» журналы. 1985. №2.
123-б.).
Хатта көрсетілген мақыланың маңызын талдау өз алдына əңгіме де-
сек, қиын кездерде Мұхаңды бір жағынан демеуге жарағаны анық.
Х.Сүйіншəлиев əдебиеттің көне тарихын зерттеуге осылай жан-жақ-
ты тəжірибе жинақтап, дайындықпен келді. 1961 жылы «Қазақ əде бие-
ті нің қалыптасу жолы» дегн оқу құралын шығарып, оны 1962 жылы
«Қа зақ əдебиетінің қалыптасу, даму кезеңдері» деген көлемді зерттеуге
айналдырды. Кітап баспада бес жыл жатып, əрең 1967 жылы жарық көр-
ді. Осы бес жылда талас-тартыстың куəсі болды. Өндіріске жіберіліп
қой ған жерінен «дабыл» қағылып, қарсылық көрсетілді. Автор мен же-
текші Б.Кенжебаевты аямай сынап жатты. Осы сындарды шешу үшін
Баспа комитеті 1964 жылы күзде пікіралысу ұйымдастырды. Ə.Мар ғұ-
лан, Е.Ысмайылов, Ə.Тəжібаев, М.Ғабдуллин, Қ.Жұмалиев, М.Қа ра таев,
Ы.Дүйсенбаев, М.Базарбаев, Р.Бердібаев, З.Ахметов, Қ.Бейсембаев,
С.Бай жа нов, М.Жолдасбеков т.б. көптеген əдебиетшілер, жалпы жиыны
жүз дей адам қатысқан.
206
Кітапты жоққа шығарушылар: «Пайдаға асатын болса, əлдеқашан
жақ тар едік, саяси қате бар, пантюркизм, панисламизмнің иісі аңқып тұр,
жақ тай алмаймыз деп шығады», – деп шығады. Тарихшы-философ Қ.Би-
сем баев өзінің Х.Сүйіншəлиев кітабынан тым көп тың мағлұматтар ал ға-
нын, сол үшін рақмет айтады. Жас аспирант М.Жолдасбеков жинақы сө-
зін де əдебиетті Бұхар жыраумен шектеуге болмайтынын, зерттеу керек
еке нін əдемі баяндап береді. Орыс түркітанушылардың еңбектерін тіл-
ге тиек етеді. М.Қаратаев, З.Ахметовтер де қолдау көрсетеді. Соңында
жиналысты басқарып отырған Зазулин қолжазбаны жұрттың бəрі сый-
лайтын Ə.Марғұланға пікір айтуға бергендігін, сол кісі не десе, мəселе
солай шешілетіндігін хабарлайды. Ə.Марғұлан бір жарым сағат сөйлеп,
кі тап тың тұжырымдамасы жаңа екендігін, бұрыннан қалыптасып кел-
ген пі кір дің ғылымға ендігі жерде тоқырау əкелетіндігін, баяндай келіп:
«Бұл кі тап – алғашқы қадам, шығармасақ, алға баспаймыз», – дейді.
«Əде биет – мə де н ие ті міз дің тамыры қайда жатыр...» – деп алып, тара-
тып айтып кетеді.
«Қазақ əдебиетінің қалыптасу, даму кезеңдері», ақыры 1967 жылы
Ə.Мар ғұ лан ның жауапты редакторлығымен жарық көрді. Сол жылы
Б.Кен же баев, Х.Сүйіншəлиев, М.Жолдасбеков, Қ.Сидықов бірігіп, «Ер-
тедегі əдебиет нұсқалары» атты хрестоматия шығарды. Х.Сү йін шə лиев-
тің док тор лық, М.Мағауиннің, М.Жолдасбековтің кандидаттық диссерта-
ция лары қорғалды. М.Мағауиннің «Қобыз сарыны» (1968) жұрт шы лық-
тың қо лы на тиді. Бұл еңбектер əдебиет тарихын қарастырудағы өзгеше
бір бет бұ рыс болғаны анық. Десе де, жаңа тұжырымдаманы қабылдай
алмай жатқандар əлі де баршылық еді.
Сонымен, қазақ əдебиетінің ежелгі тарихы жөніндегі концепция 60-
жылдардың аяғына таман өзінің өміршеңдігін дəлелдей түсті. Бұл үрдіс
жетпіс-сексенінші жылдарда ары қарай жалғасты. Ежелгі əдебиет өз ал-
дына пəн болып бөлініп шықты, оқу құралдары көптеп жарық көре бас-
тады. Осы игі істің ұйытқысы университеттің Б.Кенжебаев басқарған ка-
федрасы болды. (Қазір проф. Т.Кəкішев жетекшілік етеді). Осы жылдарда
Х.Сүйіншəлиевтің бір өзі (XV–XIX ғасырлардағы қазақ əдебиеті) (1973),
«Орта ғасыр əдеби ескерткіштері» (1975), «IX–XII ғасырлардағы əде биет
ескерткіштері» (1977), «Қазақ əдебиеті XVII–XIX ғғ.» (1981), «XVIIІ ға сыр
ақындары» (1982) сияқты көптеген оқулық, оқу құ рал да рын шығарды.
Сексенінші жылдардың екінші жартысы қазақтың ұлттық са на сы ның
оянған кездері болып тарихқа кірері даусыз. Көне мəдениетімізді бі лу ге
деген ынта-ықыластың артуына байланысты, бұл мəселені уа қыт тың өзі
күн тəртібіне қоя бастады.
80–90 жылдары Х.Сүйіншəлиевтің «Ғасырлар поэзиясы» (1985),
«VIII–XVIII ғасырлардағы қазақ əдебиеті» (1989) кітаптары оқушы қо-
лы на тиді.
207
Бірақ Ханағаң тынған жоқ. Серпіліп тастап, серкелік көрсетті, тағы
да жол бастап əріптес інілерінің алдына түсті. Еңбекқорлықтың үл гі сін
ұсынып, 43 баспа табақтан артық «Қазақ əдебиетінің тарихы» оқу лы ғын
шығарды («Санат», 1997). Бұл – автордың оқулық жасаудағы көп жыл ғы
тəжірибелерінің жиынтығы еді. Бұрын шыққан еңбектеріне сын көз бен
қарап, жаңалап, қайта түзеп, тың тараулар қосқан. Ұлттық əдебиеттің он
екі ғасырлық көрінісін сипаттаған.
Кітапта: Ежелгі дəуір, XV–XVII ғғ. XVIII–XIX ғғ. əдебиеті, жаңа реа-
листік əдебиеттің дамуы қарастырылып, бес тарауға бөлінген. «Но ғай-
қазақ мұралары», «Би шешендер», «Билер өнерінің дамуы», Шортан-
бай, Мұрат, Шəңгерей Бөкейұлы сияқты жаңа бөлімдер қосылған. Дулат
Бабатайұлын да əдебиетке кіргізу жолында Ханағаңның 1950 жылдардан
бері қарай көп еңбек сіңіріп келе жатқаны белгілі. XIX ғасыр əде бие тін
Бұрабай, Құлан, Қашаған, Бақтыбай есімдерімен толықтырылған. Көне
дəуірден Абайға дейінгі аралық толық қамтылған. Ежелгі дəуірден Яса -
уи дің сопылық поэзиясының ықпалы Шортанбайға да тигенін тілге тиек
етуі, Авеста мифтері т.б. жөніндегі бұрынғы оқулықтарында еркін ай ту-
ға мүмкін болмаған ойлары кітаптың құндылығын арттырады. Негізгі
əдеби ағымдар, оның өкілдері толық жүйеленген. Əдебиеттің Абай кө-
тер ген деңгейіне жету жолындағы сан ғасырлық ізденістері көрініс бере-
ді. «Өткенге топырақ шашсақ, болашақ саған тас атар» деген қағиданы
мық тап ұстанған ғалым ағамыз қыруар іс тындырды. Бұған 60 жылға
жуық ұстаздық еңбегін қосып қарайық.
Тоқсаныншы жылдар əдебиет тарихының тылсым тереңдеріне ба ру-
ға, түпкі тегі мен кеңістігін бағдарлауға еркін жол ашып берді. Енді тə-
уел сіз елдің ғылымы сөйлеуі керек. Жалпыдан нақты байламдарға қа рай
бет түзесек, алда да атқарар шара мол екендігіне көз жеткіземіз. Бұл тұр-
ғы дан кезек күттірмейтін мынадай мəселелерді айта кеткенімізді жөн
көр дік: Ежелгі ескерткіштердің тілін танып, кілтін біліп, тікелей түп нұс-
қа дан зерттеулер жүргізу. Ол үшін жақын жердегі Түркия тə жі ри бе сін
пай да ла ну ға болар еді. Шағатай тілінің сөздіктерін шығару. Түр кия да
шық қан сөздікті ең болмағанда аударып пайдаланса, қажетке жарап қа ла-
ды; Ясауиден Шəкəрімге дейін тамырласып жатқан сопылық поэ зия ның
қыр-сырын ашу; Имам Ғаззолиден, Шиһадуддин Маржаниге дейін де йін-
гі ортақ таным байланыстарын тарату, «Гилгамеш», «Авес та лар да ғы»
ор тақ мифтік сарындардың бұрынғы əдебиеттегі төркіндерін те ре ңі рек
зерттеу; əлі оқылып, анықталмаған орта ғасыр ескерткіштері «Неһдж
ул-Фарадис», «Гүлстан бит-т-түрки», «Хұсрау уа Шырын» сияқ ты мұ ра-
лар ды нақты қарастыру т.б. кезегін күтіп жатқан шаруалар қан ша ма.
Бұл əдебиетімізде Бейсембай аға, Ханғали аға тағы басқа асыл аға лар
бастап берген, іргетасын қалаған үлкен жұмыстарды тереңдету бол мақ.
Оны тиянақты жалғастыру парыз деп білемін.
Достарыңызбен бөлісу: |