Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев


(Жұмагүл Қуанышбекқызының шығармашылығы жайында)



Pdf көрінісі
бет21/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53

(Жұмагүл Қуанышбекқызының шығармашылығы жайында)

Əдебиетте əйел тақырыбындай мəңгілік тақырып жоқ-ау, сірə? Адам-

зат баласының тəжірибесі орнықтырған ең басты құндылықтардың бірі: 

əйел – ана, əйел – жар, əйел – гүл.

Əйел  тақырыбының  қанша  жазса  да  таусылмайтын  қырлары  көп. 

Əде биет те əйел ер адамның көзімен, бала көзімен, əйелді əйел көзімен 

ба йып тау дың сан түрлері бар. Қаншама жазса, соншама ашыла бермек.

Əртүрлі қоғамдағы аумалы-төкпелі кезеңдердің əйел жанына қан ша-

лық ты өзгерістер əкелетіні, айналып, əлгі мəңгілік құндылықтарға ора-

луы əр заман жазушыларының зерттеу нысаны болып қала берері анық.

Бір сəт əдебиетіміздің ең көне нұсқаларына көз салсақ. VІІІ ғасырда 

өмір  сүрген  Қорқыт  кітабында  жанын  алмақшы  Əзірейілмен  күрескен 

Те мір ұл атты батырдың жары күйеуі үшін өз жанын береді. Ев ри пид тің 

«Алкестидасында» өлгелі жатқан Адметтің орнына қараңғы көр пат ша лы-

ғы на кірмекші болады. Ғайса пайғамбардан талай уақыт бұ рын та ра ған 

«Жүсіп – Зылиха» сюжеттерінде сүйікті жары Жүсіп дүниеден өт кен кез-

де, 3ылиха өзінің екі көзін ойып алып, мəйіттің екі жағына қоя ды. Онысы 

«Ендігі дүние қызықтарының мен үшін мəні жоқ» дегені еді (ХІІІ ғ.).

Біздің  əдебиетімізде  қазақ  əйелдерінің  небір  тамаша  бейнелері  жа-

сал ға ны мəлім. Сол үшін де «Əуезов əйелдері», «Мүсірепов əйел де рі», 

«Майлин əйелдері» деп айтылып жүр. Одан соң да қаншама жаз у шы лар-

дың арманды тақырыбы болып қалды. Бұл жерде біздің айт па ғы мыз – 

сол əдемі дəстүрдің соңғы легінде, жаңа буынында келе жатқан Жұ ма-

гүл Қуанышбекқызы Солтының да өзіндік қолтаңбасы бар.

Жұмагүл өз шығармаларында əйелдің жағымды бейнесін жасап бе-

руді жадағай мақсат етіп қоймайды. Ол əйел жүрегінің лүпілін, уайы-



217

мын, жан жарасын, парасатын тауып ала қояды, оны сол лүп-лүп еткен 

қал пын да əңгіме арқауына айналдырады. Сондықтан да Жұмагүл əйел-

де рі өмірдің өзіндегідей болып шығатын сияқты.

Бірер  ғана  мысал  келтіре  кетейік:  кезінде  оқырмандарының  ыстық 

ықыласына бөленіп, есінде қалған, қазіргі күнде де тереңдігімен тəнті 

ететін  «Ыңғайсыз  əңгімеде»  соғыста  бір  аяғын  алдырып  қайтқан  кү-

йеуін мəпелеп, жұмыстың ең ауырын өз мойнына алған Нағима, күйеуін 

қа дір ле ге ні сондай – оның сол ауылдағы Əсел деген əйелді сү йіп қал ға-

нын, Əселден баласы болғанына дейін кешіреді. Екі оттың ортасында 

жүр ге нін түсінеді. Түсінуі, кешіруі табиғи. Қазақ əйеліне тəн кең дік, па-

расатын көрсете алған.

Түн ортасында келген күйеуінің қолына оттың табында тұрған шəу-

гім нен су құйып тұрып: 

– Əй, жазған-ай, ата сақалы аузыңа бітсе де, тəубеңе келмейтін бол-

дың ғой, – дейді. Өршеленіңкіріп бара жатқанда, күйеуі оқты көзімен 

бір қараса, жым болады. Баласын ертіп көңіл айта келген Əселді сыйлап 

шы ға рып салады. Базардан қайтқан күйеуінің қоржынының бір басында 

Əсел ге арналған тап өзінікіндей тағы бір орамал жатқанын біле тұра, қор-

жын ның аузын ашып көруді, артық сөз айтуды өзіне ар санайды. Күйеуін 

сонша  жақсы  көрген,  айырылып  қалудан  қорыққан  əйел,  қырық  жыл 

отасып, он шақты баланың əкесі болған кісіні өзімдікі дей алмай, іш-

тей мұңайса да, отбасының тыныштығын сақтап бағады. «Қайда, қайда, 

кө ңіл сырын көзден ұғар нəзіктік» деген сөз осындай əйелге айтылған 

шы ғар. Не деген рух мықтылығы. Бірақ жазушы кейіпкерін күні бұрын 

бел гі лен ген  дайын  мақсатына  қарай  бұрмаласа,  оқырманды  сендірмес 

еді. Əңгіменің жан тебірентерлік шарықтау шегі мынада:

Нағима  қайтыс  болған  күйеуінің,  қалың  жауған  қардың  кесірінен, 

діт те ген жеріне, інісінің қасына емес, басқа бір жерге жерленгенін, жер 

ашыл ған да бір-ақ біледі. Тура, алдында ғана қайтыс болған Əселдің жа-

нында екен. Күйіп кеткен əйел:

– Құдай-ау, бұл қақпастың басқасына көнсем де, дəл осынысы өтіп 

кет ті-ау. Əй, бұл қорлығын екі дүниеде ұмыта алмаспын, – деп тоң боп 

қат қан  жерді  өші  кеткендей,  жұдырығымен  түйіп-түйіп  жібереді.  Жан 

даусы мүлгіген тыныштықты тіліп өтеді. Одан əрі сырылдап, үнсіз егі-

ле жылайды. Оқушыны үнсіз егілтеді. Идеяны емес, ақиқатты алдыңғы 

план ға шығару деген осы болар. Осы бір-ақ əңгіменің өзінде қазақ əйе-

лі нің жаны мен бүкіл табиғаты ашылған. «Əншіні əуенінен біл, зергерді 

мə не рі нен  біл»  дегендей,  егер  Жұмагүлдің  басқа  жазғандары  болмаса 

да,  осы  бір  əңгіме  оның  жазушылық  əлеуетін  толық  танытқандай  еді. 

Ол – жал ған құндылықтарды жалаулатпайды, шынайы құндылықтар əле-

мі нің шы рақ шы сы болуға жаралған жан. Эстетикалық-танымдық көз қа-

ра сы осылай қалыптасқан.


218

Жұмагүлдің əңгімелеріндегі «Шақалақтың шайын ішкенше, кім бар, 

кім жоқ», – деп шалқайған шал, анасының жұмсауымен əлгі шалға бор-

са лаң дап қашқанына қарамай, сусын ішкізіп қайтқан құрдасының қызы; 

өлді екен деп жүнін жұлып тастаған қаздардың мастығынан айығып, ты-

ра ғай лап, жемге қарай тарбаңдағанынан қорқып, тəуіп болған Əліп; бір 

қу дың алдағанын аңғармай, Алматының базарынан іші толған кездеме 

екен  деп,  бір  қап  матаның  қиығын  арқалап  қайтқан  Дəу  қайнағалар – 

ауыл дың кеңқолтық мінезін айнытпай танытатын бейнелер. Қулығы жоқ, 

арамдығы  жоқ,  қазақи  мінез.  Ауылдың  ақ  көңілінен  шығып,  қа ла ның 

қитұрқыларына  ұшыраған,  сөйтіп,  жезөкшелік  жолға  түсіп  кеткен  қа-

ра көз дер,  өмірін  жатақхананың  тар  бөлмесінде  жалғыз  өткізіп  жат қан 

кəрі қыздар, диссертация қорғаудың соңында жүріп, жалғыз ба ла сы ның 

мылқау болып қалғанын да дер кезінде біле алмай қалған бейбақ – со-

ның бəрі шынайылығымен жан тербейді. 

«Үшінші көз» əңгімесіндегі кемпірінің атын ұмытып қалатын қа ты-

гез Қоңқақтың өзі де ашу емес, аяныш туғызады.

Жұмагүл  шығармаларында  жағымсыз  қылықтар  бар,  жағымсыз  ке-

йіп кер жоқ. Жазушы бар жан иесіне махаббатпен қарайды. Сонысымен 

тартады. Ол əдебиетте халқының бар асыл қасиетін, қазақ əйелінің кі сі-

лі гін танытуда.

«Алтын  балық  бəрін  бергенде,  талант  бере  алмайды.  Ол  өзінде  де 

жоқ екен. Талант болса, болады; болмаса, болмайды. Оны ешкім бере 

алмайды, ешкім тартып ала алмайды. Талантты боп туу керек», – деген 

екен Расул Ғамзатов. Жұмагүл талантының көзі не екен? Кəрі əженің əң-

гі ме сі ме, анасының «Көрұғлы», «Манастан» айтқан жыры ма? Сел бо-

лады дегенді ести салып, Қуанышбек ақсақал «Қара тентегін» сарайдың 

тө бе сі не шығарып, өзі етегінде қалған. Бəрінен артық көретін баласын 

қыз ғыш тай қорыған. Осындай мейіріммен өсіп шықты ма екен? Қалай 

десек те, оның барлығына ешкім де шүбə келтіре алмайды.

Бір  кезде  «Лениншіл  жаста»,  Шерхан  ағасының  жып-жылы  ала қа-

нын да бүр жарған кішкентай ғана «Жұмка», бұл күнде сол ағалардың 

шуа ғы на шомыла жүріп, жайқалып өскен. «Берік болсын босаға», «Тас 

тү лек», «Сыпайылық сыры», «Жалғыз бала» кітаптарының авторы, сол 

«Ле нин шіл жастағы» жиырма жыл мен одан бергі жазған, Республика 

жұрт шы лы ғы на Жұмагүл Солтиеваны танытқан сандаған ма қа ла ла рын 

қо сып шығарса, 50 шақты кітапқа жүк болатын дүние жазған.

Одан бері де «өмір мектебі» аталатын қуанышы мен уайымы қатар 

өріл ген əлемнің талай сыныбынан өтті. «Социалистік Қазақстан», «3аман 

Қа зақ стан», «Балдырған», «Қазақстан  əйелдері», «Егемен  Қазақстан», 

міне, журналист жүріп өткен жолдардың бір тарамы. Олар ер көңілді, 

елп-елп еткен ақпейіл қызды өмір қазанына салып, суарды, шыңдады. 

Бі рақ жаратушының өзіне ғана берген табиғи қалпын өзгерте алған жоқ. 


219

Жақ сыны көріп, жақсы бола түсті, пендешілікті көріп, одан жери түс-

ті. Дүниенің уақытша қызықтарына берілмеуге тырысты. Жанымен де, 

тірлігімен де жазушы болып қалды. Қазақтың біртуар азаматтары Шер-

хан ағасымен, Қалтай ағасымен, Қадір аға, Əбілмəжін, Əбіраш, Көрік, 

Сей дах мет, Тұманбай ағаларымен қызметтес болудың өзі неге тұрады. 

Ал ғаш «Заман-Қазақстан» шақырғанда, «Парасатта» істейтін Асқар Сү-

лей ме нов газетке телефон шалып: «Сендердің адам танығандарыңа рақ-

мет!» – деген.

Жұмагүл сөйте жүріп Журналистер одағының Оралхан Бөкеев атын-

да ғы сыйлығының тұңғыш иегерлерінің бірі болды. Бір қызығы, сол сый-

лық ты сұрағандай болмайын деп құжат та өткізбепті. Жазушылық əлемде 

талай  жыл  сыйлас  болған, «Ыңғайсыз  əңгімесін» «Бұл – классикалық 

əң гі ме» – деп  айта  жүретін  Оралханның  аруағы  қолдады  ма,  өзі  іздеп 

келгендей болған. Сол əңгімесі 1991 жылы «Қазақ əдебиетінде» жа рия-

лан ған таңдаулы əңгімелердің бірі ретінде бағаланды.

Соңғы жылдардағы «Егемен Қазақстан» арқылы тарап, əр үйдің оша-

ғын  жылындырған  «Сырғалымның»  орны  тіпті  бөлек.  Қазақ  əйелінің 

жан  дүниесін  бүкіл  өмірінің  арқауы  еткен  Жұмагүлдің  ел  Президенті 

жа нын да ғы Отбасы жəне əйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссияның мү-

ше сі болып тағайындалуында да заңдылық бар еді.

Ол көптеген шетелдерде болып, Оңтүстік Кореяны, Иранды, Вашин-

гтонды да аралады, біраз дүниені көрді. Ол жақта да жақсылар көп, үлгі 

аларлық нəрселер бар. Бірақ соның бəрінен де қазақ əйелінің инабат-па-

расатын таба алмасы анық.

Шығармашылық əлем – ер, əйел дегенге бөлінбейтін қатал əлем. Қо-

йы ла тын меже мен талап бірдей. Ол əлемге кірген адам иығын басқан 

жауапкершілік қамытын қайыспай көтеретінін мойындап барады. Жұ ма-

гүл бұл əлемге сенімді кірді. Күнде шығатын газетте қызмет істеу біл-

дей бір жігітті ұрып жығатын жұмыс екені аян. Ал оның үстіне əйел-

дік-аналық парызын қоса арқалаған Жұмагүл сияқты талантты қыз дар 

əдебиет деген əлемге шын ғашықтықтан төзеді. Ер-азаматқа қа ра ған да, 

екі есе ауыр жүкті көтере жүріп, сананы билеген санасы аз тұр мыс тың 

ортасында  жазып  жүру,  жазушы  қатарында  болудың  өзі  ерлікке  пара-

пар. Ал Жұмагүл   – көп жазушының бірі емес, өз қатарында орны бар 

жазушы. Өзіндік биігі бар журналист.

Сонша салмақ əйелге не үшін керек?

Жұмагүлдің  өз  сөзімен  айтсақ: «Бір  кішкентай  дүниені  жазып  біт-

кеннен кейінгі көңіл тоятын бір тəтті сəт үшін. Ана азапты ол сəт басып 

кетеді. Көңілің – көкте, жаның – рақатта».

Осындай күндері көп болсын Жұмагүлдің! «Бақыт дегеніміз – бос-

тан-босқа өмір сүріп жүрмегеніңді сезіну» дейді екен. Жұмагүлдің осы 

бақыты баянды болсын.


220

Жамбыл атасы берген домбыра қолды болғанға қатты ренжіген апа-

сына біреулер қалжыңдап:

– Жамбыл атаңыз да есек мінген бір шал еді ғой, – дегенде, Жұ ма гүл-

дің апасы, қазақтың қарапайым бір дана əйелі:

– Е, пайғамбар да есек мінген дейді ғой. Итаяғына дейін алтыннан 

жа лат қан талайлар өткен бұл өмірден. Кəне, солардан не қалды? – деп 

жең ген екен.

Дана Қорқыттың да айтары осы емес пе еді: «Өлмеймін десең, өнер 

қалдыр». Жамбыл ата берген домбыраның киесі қолдасын!



«Алматы ақшамы», 1999, 6 қаңтар

ҚАБЫРҒАМЫЗДЫ ҚАҚЫРАТЫП КЕТТІ

Əділбек  тазалықтан  жаралған  жан  еді.  Кей  кісі  оның  тазалығынан 

бө ліс кі сі  келіп  тұрар  еді.  Бітімі  бөлек  жаратылған  Əділбек  суреткерге 

тəн мінезбен жан сарайының тазалығына өмірдің жасандылығына кіріп 

кетпесін дегендей қымтап ұстайтын. Қиналған кездерінде тағы да тарс 

бекітіп  алып,  өзімен-өзі  қалатынын  аңғарушы  едік.  Алтайдың  асқақ 

шыршасындай сабырлы сұлу кейпінен аумайтын. Миына қадалған мың 

ине нің бəрін үнсіз жұтып, сыртқа маңғаз қалпын беріп тұрар еді. 

Əдебиетте аз тындырды, көп тындырды, оның бағасын əлі айта жа-

тар. Бірақ Əділбектің мына жалған дүниеден озуы жақсылықты сел ді ре-

тіп кетті, тазалықтың үлгісін сөгіп кетті. Сөйтіп, баршамызды өкін ді ріп, 

қабырғамызды қақыратып кетті. Тек соны қайта көктер артындағы аза-

маттар аман болғай!

Əділбек Тауасаров (Қазанама) // 

«Қазақ əдебиеті», 1999, 5 наурыз

МҰСТАФА ШОҚАЙ 

ТУҒАН АУЫЛДЫҢ МƏДЕНИЕТІ НЕ КҮЙДЕ?

Мұстафа  Шоқайдың  ұлтына  сіңірген  еңбегін  қадірлемейтін  қазақ 

жоқ. Мұс та фа ның кіндік қаны тамған жері Қызылорда облысы, қазіргі 

Шие лі ауданы «1 Май» аулының тұсындағы «Көксудың» сағасы болған. 

Көк су мен Сырдарияның арасын жайлап отырған. Жеке мешіт салған. 

Тор ғай дат қа мен Шоқай қыстауының орны жəне ауылдың ортасындағы 

тұр ған ме шіт тің бір қабырғасы бергіге дейін сақталыпты.

1928 жылы теміржолдың бойынан қалың сексеуілді аршып, «Көк су-

дың» кəмпескеден қалған халқын көшіріп əкеп, «1 Май» колхозын ұйым-

дас ты ра ды. «Көксудың» мұрагері осы «1 Май» колхозы болды. Мұс та-

фа ның  бүкіл  туыс-туғандары  сол  колхозда  тұрған. 37-жылғы  зобалаң 

кезінде Торғай ұрпақтары: Шоқай, Қалымбет, Əліш, Оспанның балала-



221

рын ұстағаннан ұстап əкетті. Олардан қалған Əліштің, Сыздықтың ұр-

пақ та ры қазір де сол ауылда отыр. Шетке кетіп қалғандары да қайтып ке-

ліп қоныстануда. Ауыл соғыстың алдында Сақтаған Төлебаев бас қар ған 

кезде дүркіреп, миллионер колхоз атанған. Кейін совхозға бі рік тір ген де 

бө лім ше болып қалып, тоза бастады. Орталыққа қарай көшу сар са ңы-

на ұшыраса да, дəстүрлі қасиеттің арқасы ма, негізгі халқы мыз ғы май 

отырып  қалды.  Кішкентай  ауылдан  əлі  күнге  дейін  онжылдық  мектеп 

шы ғып тұр.

Кеше заман түзеліп, алғашқыда «Мұстафа Шоқай ауылы» деген кіш-

кентай белгі қойылғанда, алдымен жүрегі жарыла қуанған сол ауыл еді. 

Мұстафамыз жарыққа шықты, аулымыз да жарыққа шығар деп үміт тен-

ді. Алайда халық ойлайды, шенеунік шешеді. Ауылды жөндеудің орны-

на оңай жолын тапты. Мұндай тозған ауыл Мұстафа Шоқайдың атына 

лайық емес деп, ауылдан Мұстафа атын сыпырып алып, кеңестік атын 

қал дыр ды. Сөйтіп, ол ауыл кеңес заманында да, қазір де мақтаныш етер 

ата сы ның атына ие бола алмай отыр.

Мəдениеті не күйде дейсіз ғой? Ауыл тозған. Отызыншы жылдарда 

Досымбет ұстаның соғып беріп кеткен клубы тұр. Ол да тозған. Мектебі 

өртенген.  Оқуға  арналмаған,  жапырайған 4–5 бөлмеде  көгенкөз  бала-

лар сығырайып отыр. Осы заманда осындай мектеп бар дегенді елестету 

үшін де біраз күш керек болар еді. Кезінде мəдениет, ғылым салалары-

нан республикаға танымал адамдар шыққан мектептің жайы осындай.

Енді бұл мектептің «бас ауруынан» құтылу үшін оқытуға жарамайды 

деп жауып тастамаса неғылсын? Онсыз да тозып тұрған ауылды тоз-тоз 

қылу сонда болар еді. Əкім болып, халқына жақын болатындар азайып 

кеткен, ұлттық қасиетімізге шөлдеген заманда ол да – күтілетін жағдай.

Жақында  облыс  əкімі  Серікбай  Нұрғисаевтың  «Қазақ  əдебиеті»  га-

зетіне берген сұхбатынан (31.03) аймақтың экономикасын көтеруге жа-

сап жатқан игі қадамдарын оқып, ризашылық сезімге бөлендік. Ал биыл-

ғы  мəдениетті  қолдау  жылында  Мұстафа  Шоқайдай  азаматты  берген 

ауыл дың жай-күйінен хабары бар ма екен?

Құм басқан тарих ылғи үндемей қалмас. Бір күні сөйлер. Біреу іздер. 

Сонда  Мұстафа  Шоқайдың  қадір-қасиетін  туған  аулынан  қалай  бөліп 

алу ға болады?

«Егемен Қазақстан», 2000, 13 мамыр

ҰСТАЗ

Ұстаз! Ұстазбен мақтанасың. Ұстаз жаныңды, жүрегіңді баурайды. 

Жол нұсқайды, кеңесін аямайды. Қамқор болады, қасыңнан табылады. 

Мін дет етпейді, қайтарым сұрамайды. Əр шəкірт өзінің жеткен жетістігі 

үшін ұс таз дар ға қарыздар. Қарызын қарызбен қайтара алғанға не жетсін!


222

1965  жылы  ҚазМУ-дың  филология  факультетіне  сайдың  тасындай, 

мектепті алтын-күміс медальмен бітірген жігіттер мен қыздар түсе қал-

ды.  Өмірде  əділдіктен  өзге  құпия  бар  деп  білмейтін  бала  көңілге  бəрі 

де солай болуға тиіс, олар түспегенде, кім түседі болып көрінген. Өң-

шең  медалистің  басын  бір  жерге  кім  қосып  қойды,  оны  ойлап  жатпа-

ды. ҚазМУ-де Бейсембай Кенжебаев деген кафедра меңгерушісі барын, 

оның  екі  мықты  аспиранты  Мұхтар  Мағауин  мен  Рымғали  Нұрғалиев 

еке нін, осы екі жігіттің оқуға түсушілерден емтихан алғанын ешкім біле 

қой ған  жоқ.  Сол  тұстағы  екі  жігіттің  бірін-бірі  қайраған  келісімдерін 

ес ті ме сек те, пиғылын аңғару қиын емес. Медалист мықты жігіттердің 

оқу ға түсуін қадағалауды жақын «бағдарламасына» енгізгені анық. Жас 

өс кін дер ден  қазақ  əдебиетін  алға  сүйрейтін  «тұлғалар»  дайындауды 

«мін де ті не» алған. Олары: Сағат Əшімбаев, Ризабек Əдуов, Əділбек Та-

уасаров.  Ол – Нұрлан  Оразалин,  Əшірбек  Көпішев,  Алдан  Смайылов, 

Бек діл дə Алдамжаров, Сайлау Жұмабековтер болатын. 

Оқу  басталып  кетті.  Студенттер  зымырап 4-курсқа  да  келіп  қалды. 

Біразы  республикалық  газеттерде  көрініп  үлгерген.  Тіпті  газет  редак-

циясына белсене араласып кеткені де бар. Қалың айтыс-пікірталастың 

іші не  кіріп,  əжептəуір  ысылып  қалған  кезі.  Бір  күні  лекцияға  шамасы 

өзі міз ден көп үлкен емес, жас жігіт келіп кірді. Əдебиеттің теориялық 

мə се ле ле рі мен тарихы туралы тоқталмай, мүдірмей сөйлейді.

– Франц Кафка деген жазушыны білесіңдер ме? – дейді. Əдебиетті 

тəп-тəуір түсініп қалдым деген көңілдер су сепкендей басылды. Мағ жан-

ды бірі біліп, бірі білмейтін кез, Кафканы қайдан оқи қойсын. Қа ғаз дар 

сытырлап кетеді. Əркім жазудан қолы тимей жатқан сыңай танытады. 

Сəл үнсіздіктен кейін жас мұғалім аудиторияны үйіріп əкетеді: «Қо ңыз-

ға  айналған  адамның  өмірін  талдайды.  Отбасының  міндетін  мой ны на 

артып алып, күні-түні тынымсыз еңбек ететін, туыстарым менсіз қа лай 

күн көреді деп жанұшы-ратын Грегор Замза – заузаға айналған соң, өмір-

ді  тағы  бір  қырынан  түсінеді.  Грегор  Замзасыз  да  тіршілік  өте  береді 

екен. Қамқор боп жүрген қарындасының өз өмірі бар екен. Ақыр ая ғын-

да үй іші қорқынышты қоңыздан құтылғанына қуанады...».

Ұстаз 60-жылдары айтыла бермейтін тың ойларды қозғайды. Əң гі-

ме  қызған  сайын  сұқ  саусағымен  галстук  түйінін  басып-басып  қоя ды. 

Мойынды  қысқан  алажіптен  босанып,  құс  қанатымен  серпіліп,  кең 

əлем ге көтеріліп кеткісі келгендей əсер қалдырады. Онысына өзі ың ғай-

сыз да нып, жай адамды былай қойғанда, тіпті ұлылардың өзінде де мұн-

дай əдет бола беретінін, Мұхтар Əуезовтің мұрнын саумалап сөй лей тін 

кез де рін ескертіп қояды. Бұл – жас ұстаздың университеттегі ал ғаш қы 

жылы, алдында отырғандар алғашқы студенттері еді. 

Алғашқы студент қашан да ыстық қой. Жастардың сабақтан тыс өмі-

рі не де жиі араласты. Қиналған сəттерінде қасынан табылады. Өмір де гі 


223

əді  лет  сіз  дік  пен алғаш бетпе-бет келіп, 5-курста Үміт Тоқ ма ғам бе то ва-

ны, Алпысбайды жоғалтып алған күндерінде ұстаздар ішінен алдымен 

жетіп,  еңі ре ген  балаларды  кеудесіне  басқан  да  осы  Ырекең  еді.  Одан 

бері де ал ғаш қы шəкірттерінің біразынан айырылды. Сағат, Қозы, Риза-

бек, Əділ бек... Əр қай сы сы ның ұстаз жүрегіндегі орны жара боп қалары 

айтпаса  да  тү сі нік ті.  Сту дент тер дің  жас  ұстазы – Рымғали  шə кірт тер 

жүрегінде əде биет те гі аға буынның соңы, жаңа толқынның басы ретін-

де үлгі боп қал ды.

Ол оның 29-ға жаңа келген кезі болатын. Ядролық жарылыстың дүм-

пуі жиі естіліп жататын Семей облысы Шұбартау ауданының Баршатас 

мектебін медальмен бітірген бозбала 1963 жылы Қазақ мемлекеттік уни-

вер си те тін тамамдаған маман, 1962–65 жылдары «Лениншіл жас» га зе ті-

нің тың өлкесіндегі тілшісі, 1963–66 жылдардағы университет аспиран-

ты, 1966–68 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының сын 

сек ция сы ның меңгерушісі. 1967 жылғы «Мұхтар Əуезов трагедиялары» 

та қы ры бын да кандидаттық диссертация қорғаған. «Трагедия та би ға ты» 

монографиясы басылып, КСРО Жазушылар одағының мүшесі болып үл-

гер ген.  Өзімен  қарайлас  алдындағы  студенттер  үшін  бұдан  ар тық  үлгі 

бола ма? Лекция оқып тұрмайды, қолындағы кішкентай қа ғаз ға анда-сан-

да көз салып қойып, ойға тоқығанын айтады. Лекциясы импровизация 

болатын. Соншама ақпаратты миына сыйғызып алған жас ұс таз сту дент-

тің жанына тым жақын сезілетін. Ұстаздың да олардың өмі рі нен фольк-

лор тудырып айта жүруі ықыластың екіжақты болғандығын ай тады.

Одан  бері  көп  жыл  өтіп  те  кетті.  Ұстаз  жазған  кітаптар  əр  шə кірт-

тің  кітапханасынан  орын  алып,  əдебиетке  терең  теориялық  білімімен, 

əлемдік биік талап тұрғысынан келуді үйретуде. 60–70 жылдары М.Əуе-

зов трагедияларын талдаған «Трагедия табиғаты» (1968), Жұмат Ша нин-

нің шығармашылығына арналған «Талант тағдыры» (1969), қазақ дра-

ма тур гия сы ның поэтикасын жаңа қырынан ашқан «Кү ре та мыр» (1973), 

əде биет тің эстетикалық негіздерін саралаған «Өнер алды – қы зыл тіл» 

(1974), «Өнердің  эстетикалық  нысанасы» (1979) кітаптары  əде биет ке 

сал мақ ты зерттеушіні қалыптастырған болатын. Ол 1983 жылы – ғы лым 

докторы, бір жылдан соң профессор атағын алды.

Профессор Р.Нұрғали М.Əуезов шығармашылығының Алаш ұран ды 

əдебиетпен байланысын алғаш ашқандардың бірі еді. Еңбекті жазу ба-

рысында сол кезде тыйым салынған басылымдар «Сана», «Са ры ар қа», 

«Ақжолды» пайдаланған. Жазушының «Көксерек», «Хан Кене», «Қилы 

заман» шығармаларының бірнеше нұсқаларын салыстыра отырып, жұ-

мыс  істеген.  Жан-жақты  ізденіс  нəтижесінде  «Əуезов  пен  Алаш»  мо-

нографиясы  дүниеге  келді.  Бұл  кітапта  Əуезов  шы ғар ма шы лы ғын  сол 

кездегі қоғамдық-əлеуметтік оқиғалармен байланыста ала отырып, түр-

лі  нұсқаларына,  жанрлық  ерекшеліктеріне,  əдеби  мəтініне,  оның  туу 


224

тарихына,  сюжеттік-құрылымдық  типология  мəселелеріне  мəн  беріл-

ген. Ғалымның «Айдын. Қазақ драмматургиясының жанр жүйесі», «Тел-

ағыс. Əдеби дəстүр мен əдеби даму», «Қазақ революциялық поэзиясы» 

ғы лы ми трилогиясы 1968 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алуы 

тынымсыз еңбектің заңды нəтижесі болды. 

Қазақстанға Г.Колбин келіп, таққа отырған ауыр кезеңде Р.Нұр ға ли 

«Қазақ энциклопедиясының» бас редакторы болып қызмет іс тей тін. Эн-

циклопедия  басып  шығарған  дүниелердің  кейбірі  дүкен-кітапханалар-

дан алынып, жойылды. «Шаңырақ» энциклопедиясының ұлттық сананы 

кө те ру ге  əсер  ететін  тұстары  қырқылды.  Редакцияны  тексеруге  алды. 

Алайда қиыншылықтарға қарамастан, бас редакторының күш-жі ге рі, бі-

лі мі мен ұлтқа деген сүйіспеншілігі арқасында идеология қы сы мы ның 

ке  зін  де де «Қазақ энциклопедиясы» биік деңгейге көтеріле алды. Эн ци-

кло пе дия лық үлгіде жасалған «Айқап», «Ə.Бөкейханов. Таң да ма лы сы», 

«М.Əуе зов. Таңдамалы» т.б. қалың оқырманға жетіп жатты. «Абай» эн-

циклопедиясы өмірге келді. Бұл еңбектердің ешқайсысы тиісті орын дар-

ға сан рет бару, жүйелеу, тізбелеу тағы басқаларсыз дүниеге келмейтіні 

бел гі лі. Сол дүниелерде Р.Нұрғалидың өзіндік қолтаңбасы қа лып тас ты. 

Оның үстіне Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құ дай бер-

диев, Ж.Аймауытовтарды ақтау жөніндегі мемлекеттік ко мис сия ға мүше 

бол ған ды ғы, олардың еңбегін жарыққа шығаруға белсене ат са лыс қан ды-

ғы əдебиетші қауымға аян.

Профессор Р.Нұрғали 30 жылдан астам ұстаздық қызмет етіп келеді. 

Қаншама ғылым докторлары мен кандидаттарын дайындады. Қазақстан 

Республикасы  Жоғары  аттестациялық  комиссиясының  президиум  мү-

ше сі, ғылым саласы бойынша мемлекеттік сыйлықтар комиссиясының 

мү ше сі бола жүріп те ғылымның дамуына көп үлес қосқанын, қыруар 

ең бек істеп жүргенін жұртшылық жақсы біледі. 

Алғашқы мұғалімдік жолымызда бір күні кезіге қалған ұстаз: 

–  Сабаққа  қалай  дайындаласың?  Биылғы  дайындықты  келер  жылы 

есте қалдырудың жолын білесің бе? – деді. Шынында, көптеген мəтінді 

қай та лап оқу көп уақыт алатын еді. 

– Əр өтілетін шығарманы қысқаша конспект жасап ал. Бір эпостың 

орнына үш бет оқыған жақсы емес пе?

Баяғы жас ұстаздың қолына ұстап тұрып сөйлейтін кішкентай қа ғаз-

дар сырын енді аңғарғандай болдық. Бұл ақыл дереу іске асырылып, шə-

кірт тен-шəкіртке беріліп, əдістемеге айналып кете барды. 

Кешегі  жас  ұстаздың  алғашқы  шəкірттері  бүгінде  өзімен  бірдей. 

Байсал тартқан. Əдебиет жүгін əрқайсысы қал-қадірінше арқалаған. Ал 

ұстазымыз болса, қалпақтың ішіне сыйып кететін кішкентай Нилсті ар-

қа сы на алып ұшқан Мартин құс секілді, талай шəкірттерін əдебиет «Лап-

лан дия сы на» жеткізе береді, жеткізе береді...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет