Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев


«Қазақстан əйелдері», 1969 жыл. №6. 16-17-беттер



Pdf көрінісі
бет2/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53

«Қазақстан əйелдері», 1969 жыл. №6. 16-17-беттер 

БЕЛГІСІЗ ПАЛУАН

Шаруа жайын қамдастырып болып, он шақты уақ малды ұзатып сал-

ған Мейіржан үйге кіргенде, күн арқан бойы көтеріліп қалған еді. Бұл 

кезде Айбала үлкен ақ табақтағы жаңа піскен ыстық нанның үстіне қа-

сық пен май салып жатқан. Əлгінде ғана кіргізген самаурын сексеуіл шо-

ғы на шыдамай ентіге бұрқ-бұрқ етеді. Майда су тамшылары алдындағы 

кішкене саңлаудан саулап шығып, бүртік-бүртік болып, дөңгелек қақ пақ-


13

тың жиегіне моншақтай болып тізіліп жатыр. Жез падносқа қо йыл ған 

кесе-аяқ іргедегі ши арасынан сыналай түскен сəулеге шағылысып, ай-

надай жарқырайды.

– Мейіржан, тезірек шай ішіп ал. Ана төбенің маңына кісілер жина-

лып қалған білем. Бəйге, күрес сонда болатын көрінеді, – деді Айбала 

қай ма ғын молырақ қосып құйған кесені дастарқанның төр жағына жай-

мен қойып жатып. 

Мейіржан  ұзынша  көрпешеге  малдасын  құра,  шайға  отырды.  Ұлы-

ның жалпақ жауырынына, кішірек отты қой көздеріне қарап тоя алмай, 

Айбала іштей айналып-толғанумен болды. Нанның жұмсағынан бір үзім 

ауыз тиді де, қайтып қолын созған жоқ. Өз-өзінен қуана күбірлейді.

 «Жігіт болғаныңнан айналдым. Аумаған – əкесі... Шүкір... Шүкір...»

– Не, апа?

– Ұлы кесесін дастарқан үстіне қоя беріп, таңдана сұрады.

– Жай, əшейін... əкең кеткелі де он тоғызыншы жылға айналып ба-

рады екен-ау... «Палуан қара» деуші еді жеңгелері. Дене тұлғасы саған 

ұқ сай тын, бірақ сəл бойшаңдау еді... Қайда, өсесің ғой сен əлі. Əлгі қи-

сық  аяқ  қайнағаның  шілдехана  тойында  семіртіп  байлап  отырған  ши-

май қасқа өгізді иығына салып алып, жүз қадамдай жерге апарғаны əлі 

есімде...

Айбала жасаураған көзін жаулығының ұшымен сүртіп, ауыр күр сінді.

...Бір  ғаламат  шақ  болатын  ол  кез.  Қыс  қатты  болып,  сəуірге  дейін 

созылып тұрып алған. Маңайдағы көрші-қолаң қатты қиналды. Сонда 

«ер-азаматпыз, ашыққан жұртты көріп отыра береміз бе» – деп қалаға 

шы ғу ға  қолы  жетпеген  он  шақты  үйдің  малын  айдап  кете  барған-ды. 

Нə рес те сін шала құндақтап, жүгіре шыққан Айбаланы алай-түлей тү те-

ген боран үйге қуып тықты. Боран əдейі ерегескендей «қырамын, жұ та-

мын» деп ышқына ұлып, бір толастамай тұрып алып еді. Сол сапардан 

орал ған жоқ. Өлі-тірісін ешкім білмейді. Алты-жеті жыл отырған соң, 

Айбала түу Ақмоладан осы Сарысу бойына, əріден қосылатын аға йын-

да ры на көшіп келіп еді.

– Апа, мүмкін, əкем тірі шығар, – деді Мейіржан отты көздері ұш қын-

дай. – Шіркін, əкесі болған қандай бақыт!..

– Апа, бері қарашы деймін, бір күні бар ғой, кіріп келсе. Кəдімгідей 

кі ріп келіп: «Міне, мен сендерді таптым» десе... Сонда сіз қалай қарсы 

алар екенсіз? Айбала жымия күліп, басын шайқады.

– Бара ғой, балам, кешігіп қаласың. Мейіржан үйден шыққанда, той 

əл де қа шан басталып кеткен екен. Той осы маңайдың ақсақалы Əзім бек-

ті кі. Жақында жалғыз ұлы үйленіп, соған көңілі жетер ағайындарының 

бə рін шақырған болатын. Дөңгелене тігілген өңшең ақ боз үйлердің сыр-

тын да ғы төбешікте көрермен қолдың саласындай болып иіріліп тұр.

– Əуп, пəлі, əуп. Соқ жерге!


14

– Соқ!


– Қапсыра құшақта! – деген дауыстардан құлақ тұнады. Айтпақшы, 

«алыстан атақты палуан келіпті» деп еді-ау. Сол болмаса неғылсын?! Ме-

йір жан анықтап көру үшін топ арасынан сығылысып жүріп, алдыңғы жа-

ғы на шығып алды. Ортадағылардың екеуі де еңгезердей. Бірі – сəл ала-

салау, төртпақ сары да, екінші – қара бұжыр. Мейіржан аласа бойлысын 

танып тұр. Ол көрші ауылда аты шығып жүрген Əбіл еді. Əбіл жалғыз 

найман ғана емес, біраз атаның күштісі, талай тəуір палуандардың бел-

дісі саналатын. Мейіржанның көңілін ерекше аударған қара бұжыр еді. 

Мұр ны ның астында қою мұрты, қысқарақ сақалы бар. Жалаңаш денеден 

ақ қан тері шып-шып етеді. Əбіл етжеңді саусақтарын қарсыласының əр 

жеріне шарт-шарт салғаны болмаса, ештеңе өндіре алмай тұр. Ұстаған 

же рі нің кесек еті бұлт ете қалады да, балықтың жон арқасындай болып, 

сусып шығып кетеді. Делебесі қозып алған жұрт ентелей, ентелей па-

луандарды да басып кетердей болып тұр.

– Уай, деген-ай, соқ!

– Жамбасқа сал!

– Ойпырмай, анау ұзындауың тұрған бойы күш екен. Артық қырым 

ет  жоқ  қой.  Мыңқ  етпейді,  айналайын-ау.  Ананы  кеудесімен  соғардай 

мүл де. Онысы біресе ана жерден, біресе мына жерден жабысады-ей!

–  Əй,  өзін  Рүстем  палуан  деді  ме?  Күрескенін  жықпай  жібермейді 

дей ді ғой. Қолдарын көрдің бе, шіркіннің!

–  Ойпырмай,  Əбіліміз  жеңіліп,  жұртқа  масқара  болмаса  болғаны 

ғой. 

Айнала дуылдасқан жұрт екеуін салыстырып, қонақ палуанның Əбіл-



ді  тықсырып  бара  жатқанын  сезіп,  дағдарысып  тұрды.  Рүстем  басына 

кішілеу орамалды орай салып, бір шекесінен шарта түйіп қо йып ты. Өт-

кір көздері қарсыласының бір қимылын да мүлт жібермей жалт-жұлт ете-

ді. Əлі тың, жарау аттай ойнақтап, жеңіл қимылдайды. Ал Əбіл затын-

да етжеңді кісі, күннің ыстығынан ба, əлде шаршады ма, қатты ен ті гіп 

жүр. Көзіне құйылған ащы терді сүртуге шамасы жоқ. Тер тамшылары 

бі рін-бірі қуалай иегіне дейін ағып барады да, мөлт етіп, күн сəу ле сі-

не бір шағылысып қалып, аяқ астында сусып барып жатқан қиыр шық 

құм ға сіңіп кетеді. Əшейінде тəуір деген талай палуанды жүк демейтін 

Əбіл дің халі бүгін өзгеше көрінді. Омырауы есіктей, бұлшық еті бө лек-

бө лек, серіппедей шиыршық атып тұрған мұндай адамды кез дес тір ген 

емес. Əрі-бері өзіне тартып байқап еді, қозғалатын болмады. Бал ға дай 

сау сақ та ры мен қағып жібергенде, қары біразға дейін ұйып қалады. Бір 

мезетте  «Ал,  қолыңнан  келгенді  істей  ғой» – дегендей  екі  қолын  бос 

тастап Əбілге төне қарап тұрып қалды. Халық шу етті. 

– Ал, Əбіл, қимылда!

– Намысты ердің ұлы болсаң, қимылдар жерің осы енді!


15

Осы кезде басын тұқырта беріп іштен шалам деген Əбілді көз ілес-

кісіз қимылмен қос шықшықтан əрірек жуан мойнынан қапсыра ұстай 

алып, иықтан асыра атып ұрды. Рүстем палуанның күшіне риза болған 

жұрт  ду-ду  етеді.  Көңілдері  елжіреген  бір-екі  шал  иектері  кемсеңдеп, 

көз де рін сүртісіп жатты.

Палуан киімін ұстап тұрған жігіттің қасына барып, орамалмен сүр-

тін ді де, ортаға қайта шықты. Тағы күресемін дегені, оған қарсы ешкім 

беттемей тұрып алды. Көпшілік осыған тең келетін өз ауылдарынан еш-

кім нің шықпағанына көңілдері ортайыңқырап тұр. Бір кезде беліне үл-

кен орамалды қинай байлаған, қырбық мұрты жаңа тебіндеген жас жігіт 

байсалды басып ортаға шыға келді. 

– Мен шығамын!

– Ойпырмай, мына баланың жүрегінің түктісі-ай!

– Е, бəсе, шықсаңдаршы осылай. Мына балуанды тапқан ана шығар 

сендерді де туған.

– «Күш атасын танымас» деген. Қаймықпа, балам!

Палуан орнынан тұрып, Мейіржанның ұсынған қолын қысқан күйі 

сынай қарап қалды. Жігіттің түр-тұлғасы қарулы екенін байқатады. Бет 

пішіні жастығын білдіріп тұрса да, денесі бітімді екен. Алға қарай иі-

лің кі рей біткен жап-жалпақ иықтан төмен аяққаптай кеудесі көзге ұрып 

тұр. Түйенің тірсегіндей ұп-ұзын қолын созып жіберіп, қос жұдырығын 

жұ мып қалғанда, бұлшық еттері серпіле барып, ойнап шыға келді. 

Палуандар ұстаса кетті. Шулап тұрған халық демін ішіне тартып тұра 

қалды. 

Айбала ортаға өз баласының шыққанын көріп, денесі дірілдеп кетті. 



Əйелдер тағы шу ете қалды. 

– Ойбай, мынау Айбаланың баласы ғой!

– Е, ол шығар, шығар, тіл-көзіміз тасқа, ірі ғой өзі.

– Мына Рүстем палуаның да Ақмола жақтікі көрінеді. Түнде мырза 

қайнымның үйінде өзі айтыпты.

Күні бойы сыбырлап тұрған қара сұр əйел тағы бір тың əңгіменің ше-

ті нен сүйреп, тамам əйелдің ортасына тастай салды. Селк еткен Айбала 

əлгі əйелге қарап үміттене аңтарылып қалды. 

– Мал айдап бара жатқанда, қарақшы ма, ұры ма талаған екен. Көп 

бол ған соң қойсын ба, байлап, жаламен айдатып жіберіпті. Сонан бо сан-

ға ны на бес-алты жыл болыпты-ау. Қатын-баласы бар екен, із-түз жоқ, 

кө шіп кеткен көрінеді. Осы Сарысу бойында жақындары бар дейді. Со-

ларды сағалап кетті ме деген үмітпен іздестіріп жүрсе керек. Қайдам, 

онан бері жиырма жылға жуық өтіпті... Бары-жоғын кім білсін. 

Айбала  не  болғанын  өзі  де  білмей,  орнынан  ұшып  тұрды.  Жүрегі 

дүрс-дүрс  етеді.  Өзін  белгісіз  күш  алды-артына  қаратпай  сүйреп  бара 

жат қан дай. Басы мең-зең. Бүкіл дүние «сол, сол сенің Рүстемің» – деп, 


16

күң гір-күңгір етіп тұрғандай сезіледі көңіліне. Көзінен аққан жасы пар-

лап, өз-өзінен булыға күледі. Қуанған мен қорыққан бір деген рас екен-

ау...


Бір кезде жұрт ду ете қалды. Айбала жалт қараса, баласы палуанды 

лық сы та  салып,  көтеріп  барады  екен.  Жанұшыра  жүгірді.  Сөйткенше 

болмай,  Мейіржан  Рүстемнің  сығымына  шыдамай,  бір  тізерлей  отыра 

қал ды. Айбала жеткенде, Рүстем палуан Мейіржанның иығынан қос қол-

дап  ұстап,  бүріп  тастардай  болып  тұр  еді.  Айбала  алға  екі  қолын  жая 

ай қай лап жіберді. 

– Ұлым, Мейіржан, күреспе, күреспе! Ол... ол сенің əкең ғой! Ол ұлы 

мен күйеуіне жалтақтай қарап тұрып қалды. 

– Ұлым!... Айбала!...

– Көке, көкетайым менің!

Мейіржан əкесінің мойнынан құшақтай кеудесіне құлады. 

Жаңа  ғана  тіресе  күш  сынасып  жүрген  палуандардың  көзінен  қуа-

ныш  жасы  сорғалай  жөнелді.  Ол  жанардан  емес,  жүректерден  тө гі ліп 

жатқан талай жылғы сағыныш жасы еді. 



«Спорт» газеті, 27 тамыз 1996 жыл

АЛМА АПАЙДЫҢ ƏЛЕМІ

«Шəкірт пен мұғалімнің өзара байланысы бір-ақ жақты болып, 

яғни үйретуші – тек ғана мұғалім, үйренуші жақ студент болып қал-

са, мұғалім тез сарқылып қалар еді. Мұғалімнің жан сарайын байы-

тып отыратын бұлақтың бірі – шəкірттің өзі» 

(А.Қыраубайқызы. «Жаным садаға», 57-бет).

Əл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті фило-

логия факультетінің студенттері ұстазы Алма Қыраубайқызын əрқашан 

мақ та  ныш етеді. Алма апайдың да шəкірттерімен шығарда жаны бірге. 

Бү кіл саналы ғұмыры жас ұрпаққа білім қазынасын ұсыну болып келеді. 

Былтыр Алма Қыраубайқызы докторлық диссертациясын табысты қор-

ғап, профессорлық атақты да иеленді. Ендігі сөз – Алма апайда.

1. Мен қалай студент болдым?

Мен 4–5-сынып оқып жүрген кезімде əкем «қызым КазГУ-дың жур-

налистика  факультетіне  түседі»  дейтін.  ҚазМУ  деген  ғылым-бі лім нің 

қара шаңырағын алғаш əкемнен осылай естігенмін.

Мектеп бітіргесін, айтқандай журфакқа келдім. Бірақ құжаттарымды 

қабылдамады. «Журфакта  қыздар  оқымайды»  десті.  Дəмеш  апай  бізге 

филология факультетіне тапсыруға кеңес берді. Мені Алматыға əкем ер-


17

тіп келген-тұғын, жатақханаға орналастырған соң, ауылға қайтып кетті. 

Шаруа,  мал  бар  дегендей.  Сөйтіп,  филфакқа  тапсырдық.  Үміт,  Гүлназ 

есім ді қыздармен танысып алғанмын, үшеуміз де медалиспіз, бас кө тер-

мей дайындалдық.

Бір қызығы, бойымда «түсемін» деген бір сенім бар. Мектепте «5» 

алып үйреніп қалған басым мұнда да тек «беске» жазып беретін секіл-

дімін.


Бір күні əкем телефон соқты. «Қызым, мына директор ағаң (мектеп 

директоры) маған кейіп жатыр. «Таныс іздемейсің бе? – дейді. – Барайын 

ба, не істеймін?» – деп тұр. «Қажет емес, əке. Түсемін», – дедім. Ал ғаш 

шығармадан «4» алдым. «Бəрі бітті» деп ойладым, «4» алсам, құ лай мын 

деп жүрмін өзімше. Кейін үш сабақтың екеуі – «5», біреуі «4» болды. 

Сөйтсем, бұл ең жоғары көрсеткіш екен ғой, қайдан білейін.



2. Біз қандай студент болдық?

Біз сол жылы өңшең медалистер оқуға түстік. Кейін ойлап қарасам, 

мұ ның үлкен себебі бар екен. Кейде ұлы адамның елеусіз қимылы үлкен 

іс тің басталуына баспалдақ болып жатады. Сол жылы абитуриенттерден 

емтихан қабылдауға Б.Кенжебаев өз аспиранттарын да қатыстырыпты. 

Олар, М.Мағауин, Р.Нұрғалиев сияқты, жаңа ғана ҚазМУ қабырғасынан 

ұшып шыққан түлектер, ұстаздарына медалистерді түгел қабылдау жө-

нін де ұсыныс қойыпты.

Ауыл мектебін өте жақсы бітіріп келген жастар бір керемет топ бол-

дық та шықтық. Сол кезде 17–18-дердегі балалармыз ғой, сондай таза жү-

рек пен,  пəктікпен,  кіршіксіз  көңілмен  келген  екенбіз.  Мұ ға лім ге  қар  сы 

сөз  айту,  бетінен  алу  дегенді  мүлде  білмейміз.  Қулық-сұм дық  де  ген  нің 

ауылы бізден тіпті алыс-тын. Бірінші курстан-ақ ата ғы мыз дүр кі ре ді. Сол 

шақтың қазіргі кезден үлкен айырмашылығы – сөз дің құны өте жо ға ры 

еді.  Бір  ақынмен  немесе  жазушымен  кездесу  өтеді  десе,  бə рі міз  ба ру ға 

тырысатынбыз. Бармай қалу ең ұят нəрсе болып есептелетін. Жас ты ғы-

мыз ға қарамай өткір едік, тіліп түсетінбіз. Жі гіт те рі міз сондай кештерде 

суырылып шығып сөз сөйлейтін. Тіпті кейбір бел гі лі жа  зу  шы  лар  дың кі-

табын сынағанда тас-талқан ететін. С.Жү ні сов пен кездескеніміз есім де. 

Белгілі  актер  Ш.Зұлқашевпен  де  кездесіп,  оның  бір  сах на лық  рө лін  де 

сынға ұшыратқанбыз. Тіпті «ҚазМУ-де осындай бір мық ты курс бар» де-

генді естіп, жазушылар бізбен кездесуге қор қа-қор қа келетін болған.

Менің  курстастарым  кімдер  еді?  Үміт  Тоқмағамбетова,  аса  талант-

ты қыз еді, əңгіме жазатын, бесінші курста жазатайым марқұм боп кет-

ті. Гүлназ үшеуміздің жұбымыз жазылмайтын. Ел бізді «великолепная 

тройка» деп атайтын. Сағат Əшімбаев, Нұрлан Оразалин, Ризабек Əдуов, 

Əділбек Тауасаров, Əшірбек Көпішев, Алдан Смайылов, Бекділдə Ал-


18

дамжаров, Сайлаубек Жұмабеков, міне, менің курстастарым. Біз бір-бі рі-

міз дің болашағымызға сеніммен қарайтынбыз, сондықтан олардың ке-

йіннен халыққа танымал болғаны, халық перзенттеріне айналғаны өте 

заңдылық деп есептеймін. 

Бір-бірімізден жасырын сырымыз болмайтын. Бір отбасының бала-

лары сияқты едік. Біз əрі-беріден соң қыз-жігіт болып та үлгермедік-ау 

осы. Тіпті Қостанайға ауыл шаруашылық жұмысына барғанымызда бə рі-

міз бір барақта жатқанбыз. 

Стипендия демекші... Біздің кезімізде ол шіркін өте құнды еді. 15 сом 

алатынбыз. 10 сомнан бірігіп тамаққа жинасақ, қалған 5 сомы бəріне: 

кино, театрға т.б. жететін. Соңғы курста ең жоғары стипендия мөлшері 

45 сом болды. Салыстырып көріңіз, сол уақытта «мен!» деген жі гіт тер-

дің өзі 50–60 сом табатын.

Əдебиет үйірмелері, Əуезов атындағы бірлестік жақсы жұмыс іс те ді. 

Кештерімізде өлеңдер көп оқылатын. Өнерге көбірек мəн беретінбіз.

Ұстаздарымыз  да  өте  адал  болды. «Қай  жақтың  баласысың?»  деп 

сұрамайтын. Сағатқа Зейнолла ағай «Сен қазақтың Белинскийісің» де-

ген еді бірде. Ұстаз таныған екен.

Жұрт «студенттік кез – ең қызық шақ» деп жататын. Мен соны ба ға-

лай алмаған сияқтымын. Өйткені көп уақытымды кітапханада өт кі зе тін-

мін. Үміт қолды-аяққа тұрмайтын қыз еді, менімен бірге біраз отырып, 

сосын шығып кететін. Сыртта тосады, мен шығып болмаймын. Сонда 

Гүлназға «əлгі қыз жабысып қалған жоқ па, көріп келші» дейді екен. Е, 

ол да бір дəурен екен ғой. Кітапхана жабылғанша отырушы едік.

ІІ курста жүргенде студенттердің ғылыми конференциясы өтті. Нұр-

лан Оразалин 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс жайлы, мен əл-Фараби 

жайлы баяндама жасадық. Осыдан кейін ұстазымыз Б.Кенжебаев біз ді 

ғы лым ға баули бастады. Ғылымдағы үлкен ұстазымды мен сол жолы тап-

тым. Бейсембай аға менің кандидаттық диссертацияма жетекші болды.



3. Ұстаздық сабақтары

«Адамдық қасиетінен айнымайтын үлкен жүректі ұстаз еш уа-

қыт та студенттің арына тимейді. Семинардағы бірауыз пікіріміз 

үшін көкке көтере мақтаған ұстаздың қанатты сөзінен кейін биік-

теп, қиялмен қалықтап, жұпыны жатақхананың алдына жеткенде 

ғана жерге түсуші едік».

(«Жаным садаға», 71-бет).

1974 жылы ҚазМУ-ге оқытушы болып орналастым. Мектепте жүр-

ген де-ақ мұғалім болуды армандайтынмын. Бір бақытым – ма ман ды ғым-

ды дұрыс таңдағаным.



19

Алғаш мұғалім болған кезден бастап көз алдымда үш-төрт ұс та зым-

ның елесі тұратын болды. Ең бірінші – əкемнің сөйлеу үлгісі. Өте ше-

шен кісі еді, фольклорды көп білетін. Сондай сендіріп сөйлейтін. Іш тей 

солай сөйлеуге тырысатынмын.

Бейсекеңнің, Бейсембай Кенжебаевтың, өте жүйелі сөйлейтіндігі де 

қатты ұнайтын.

Сосын Зекеңнің, Қабдоловтың шешендігі, студенті көңіл толтырып 

сөйлеген кезінде таңғала білетіндігі, көтермелейтіні де сабақ болды.

Рымғали ағайдың ізденімпаздығы, Тұрсынбек ағайдың əсерлі сөй лей-

тін ді гі, ақиқат сөйлейтіндігі үлгі болды. Солар бізді өсірді деп ойлай-

мын. Солардан үйрене жүріп біз өз стилімізді таптық.

Жақсы ұстаз болу үшін адам бойында көп қасиеттердің басы бірігуі 

қажет. Білімді болу аз, жүректің кеңдігі, мейірімділік керек. Шə кірт тер 

кейде ұстаздың білім жағынан жетіспей жатқан тұстарын кешіреді, бі-

рақ қатыгездігін кешіре алмайды. Жүйкесі жұқарған мұғалім шə кірт тің 

жүй ке сін жұқартады. Кей мұғалімдер бастығына айта алмаған ашуын, 

от ба сын да ғы  ренішін,  қоғамға  наразылығын  аудиторияға  əкеп  тө ге ді. 

4–5  жылдан  кейін  студенттің  өзіндей  адам  болып  шығатынын  ой  без-

беніне салмайды. Ұстаз еңбегінің өлшемі, нəтижесі – шəкірттің қой ған 

ба ға сын да. Шəкірттері бағаламайтын болса, оның шығарған кі тап та ры-

ның, еңбектерінің құны шамалы. Ұстаз бағасын шəкірттен сұрау керек.



4. Қазіргі студенттер қандай?

Жақсы, орташа, нашар студент деген қай кезде де бар. Қазіргі сту-

денттер сол кездегі студенттерден нашар дей алмаймын. Студенттер бі-

лім ге қатты ұмтылады. Өйткені қазір – бəсекенің заманы. Мүмкіндік өте 

зор, ақпарат кеңістігі əлдеқайда кеңіген. Біздің кезбен салыстыруға мүл-

де болмайды. Біз алғаш Алматыға келген кезде теледидар тіпті сирек-

тұ ғын. Талантты балалар жетерлік. Мысалы, Е.Қасейінұлы, Д.Кəпұлы, 

Б.Има шев, Назгүл Əли сияқты өте қабілетті студенттер бар. Бірақ мені 

қын жыл та ты ны – көп студенттің жағдайы нашар. 1500 теңге стипендия 

айлық жол жүру билетінен артылмайды-ау, қатты қиналып жүреді. Қуа-

на ты ным – солар қанша қиналып жүрсе де, қойған талап үдесінен шыға 

бі ле ді.  Кейде  мен 50 баланың  жиырмасына  сұрамай  қойып  бере  сала-

мын. Өйткені олар семинар сайын жауап береді. Яғни не айта алатынын 

жақ сы білемін.



5. Апайдың өкініші

Бір-екі күн болды, маған бір студент қыз келіп кетті. Жақында тұр-

мыс  құрып  еді.  Өзінің  айтуынша,  ата-енесі,  қайны,  қайынсіңлілері – 


20

бəрі шо қын ған жандар екен. Жолдасы ештеңе білдірмепті. Бəрі отырып 

алып, қыз ды үгіттейтін көрінеді. Қыз оларға дəлел айта алмайды, білімі 

жет пей ді. Олар Иисусты мақтап, жиылып алып, əн айтады екен. Жолда-

сы да «ашуландырсаң, мен де сол дінге кіріп кетемін» деп қор қы тып ты. 

Ме  шіт  ке барып сұраса, «əр адам қай дінге кірем десе – өз еркі» деп жа-

уап бе ріп ті біреуі. Оның кім екенін білмеймін, сондықтан күнəһар бола 

алмаймын.

Қазақта «дінін сатқан» деген сөз бар, өте намысты сөз. Əр адам ата-

бабасы  ұстанған  дінді  ұстанса...  Мың  жылдан  бері  ата-бабаң  мұ сыл-

ман, сен мың бірінші жылы басқа дінге ауысам дегенің қалай? Қыз дың 

əңгімесінен байқағаным, ата-енесі бір қиын жағдайға тап болған. Сосын 

бір үгіттеуші табылып, жиындарына барған. Ондағылар ақшалай кө мек 

те берген болуы мүмкін.

Бұдан қандай ой түйеміз? Бізде өз дініміздің – ислам дінінің наси-

хатталуы өте төмен. Мешітке жанына демеу іздеп барған жанға жо ға ры-

да ғы дай сөз айтуға бола ма? Мəдениеттілік қайда? Үлкен дін адам да ры-

ның сыртқы имиджі жастарды сендірмейді. Білімділік байқалмайды.

Іргелі діндерден басқа кəкір-шүкірлерге азғырушылар көбейіп кетті. 

Ел тұтастығын сақтаймыз десек, оларды республикадан қуу қажет. Қа-

зір ислам діні қанат жайып отырған көп елдер кезінде осындай жолды 

ұс тан ған.



6. Апайдың өтініші

«Болашақ» бағдарламасында филология, журналистика ғы лым да ры 

назарға алынбаған. Егер филологияны, журналистиканы өте жо ға ры бал-

мен бітірген студентті шетелге жіберсе, оңды іс болар еді. Шетелдердегі 

филология теориясын, салыстырмалы анализді үйреніп келер еді. «Бо-

ла шақ»  үшін  шет  тілін  білу  міндетті.  Сондықтан  аталған  ғылымдарға 

мо йын бұрған студенттерді алдын ала дайындық курсынан өткізіп, тіл 

үй рет кен дұрыс. Өзге елдің тілдік, əдеби, рухани мұраларын игеріп кел-

ген студенттерден ертеңгі күні нағыз ұлтжанды маман шығатынына се-

ні мім мол.



7. Алма апайдың тілектері

1. Қазақ баласы қазақ мектебінде оқуы керек.

2. Мектептерде қазақ əдебиетінің көне тарихын көбірек оқыту керек. 

Онда бала жанын рухтандыратын нəрсе көп.

3. Бесінші сыныпқа дейін ана тілінен басқа тілді қабаттастырып оқы-

ту бала санасына зиян. Өз мəдениетін бойына сіңірмеген балаға өзге мə-

де ниет ті əкеліп тықпалау – бала тағдырын қорлау.


21

4. Мемлекеттік тіл қай жерде де бірінші қолданылуы керек.

5. Түбінде мұғалім болатын баланың біліміне ғана емес, мінезіне де 

талдау жасалынуы тиіс.

6. Жаңаша, қазақы үлгідегі бір ғана қазақ мектебін ұйымдастырып, 

қа зақ мектептерінің беделін көтеру керек.

7. Баланың тілі ғана қазақ емес, жаны да қазақ болуын қатты қа да ға-

ла ған жөн.



Дайындаған Есей Жеңісұлы. 

Студент / «Жас алаштың» қосымшасы. 

29 қыркүйек 1998 жыл 

ӨТКЕН ЖЫЛҒА ӨКПЕҢІЗ БАР МА?

Міне, сынапша сырғып 1998 – Барыс жылы да қош айтысып, қол бұл-

ғап барады. Алда атқақтаған ақ Қоян күтіп тұр. Əр жыл өзінше ба қыт-

ты, оның қуанышы да, көңілге күңгірттік түсірер көлеңкесі де болмай 

қой май ды. Жыл он екі ай – Барыстың бойынан осының бəрін де көруге 

болар еді.

Осынау көкіректегі көрікті ойды, қоғамдағы сəулелі сəттер мен «əт те-

ген-айларды» жалпақ жұртқа жария ету мақсатында газет оқыр ман да ры-

на «Өткен жылға өкпеңіз бар ма?» деген сауал қойған едік.

Алма Қыраубайқызы, профессор:

– Өткен жылға өкпем жоқ. Өміріме бір жас өмір қосты, оны көре ал-

май өтіп кеткендер қаншама. Көп жақсы адамдармен таныстым, жақсы 

əң гі ме лер  естідім,  жақсылардың  жанында  жүрмін.  Өткен  жыл  оқушы 

ұлым ды студент қылды. Балаларым, достарым аман, ғылым, қызмет жү-

ріп жатыр. Одан артық не болсын? Алдағы жылдың шапағатын осылай 

көр сек деген тілектемін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет