Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев



Pdf көрінісі
бет45/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53

Айсұлу ҚАСЫМБЕКОВА:

– Апайдың шəкірттері көп. Ауылдағы жүректері лүпілдеген кіп-кіш-

кентай  шəкірттері  қазір  бойжеткен  қыздар  болды.  Соның  бірі – менің 

қы зым. Қазір бірінші курста оқып жатыр. Маған «мама, кім бірінші сы-

ныптан бастап ғылым кандидатынан білім алады, айтыңызшы?» дей ді. 

Сонда  ол  кісі  шəкірттерінің  əрқайсысын  үкідей  етіп  үлпілдетіп  өсір ді 

ғой, сондықтан менің мынадай ұсынысым бар: «Алма апайдың шə кірт те-

рі нің күнін» жасайық. Сонда Алма апайдың шəкірттері жиналып, апай-

дың мектеп ашқан ауылында өзен бар, сол жерге бастарын қосып, апай-

ды еске алып тұрса деймін. Апай туылған күнін сол жерде атап өткенді 

жақ сы көретін еді. 

Самал ДƏРІБАЕВ, Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, фи-

лология ғылымдарының кандидаты:

– Мен де апайдың мектебі туралы айтқым келіп отыр. Бұл мектеп ХХ 

ғасырдағы  Қазақстанның  білім  жүйесіндегі  бір  үлкен  ре фор ма тор лық 

құ бы лыс болды деп қабылдаймын. Сол кездегі апайдың айтқан идеяла-

ры  енді-енді  ғана  жүзеге  асып  жатыр.  Қазір  түрлі  саладағы  гимназия-

лар, мектептер жұмыс жасап жатыр. Апайдың қазақ гуманитарлық ли-

цей мектебін ашу идеясы есімде. Сол жаққа барған кезімде жол үстінде 

айтып еді: «ең болмаса қазақтың бір баласын үлкен тұлғалық дə ре же ге 

жеткізгім келеді» деп. Бұл мектеп жайлы үш-төрт мақала бергенде «Ғұ-

мы ры қыс қа болған мектеп» деген айдар тағыпты. Меніңше, бұл ғұ мы ры 

қыс қа мектеп емес, бұл мектептің жалғасы бар. Маңғыстау облысында 

бір мектеп осы мектептің идеясымен жұмыс істеп жатыр. Қызылорда об-

лысынан бір мектеп ұжымы естіп, біз де осыған келейік деп, қазір гим-

назиялар  жұ мыс  істеп  жатыр.  Сондықтан  апайдың  бұл  салада  жасаған 

ең бек те рі ұшан-теңіз. Мықты ұстаздың еңбегін жарыққа шығарып, дə ріп-

тей тін – журналистер. Бізде, өкінішке орай, білім саласымен түпкілікті 

айналысатын кəсіби журналистер жоқ. Біздің бір кемшілігіміз – осында. 

Ендеше, апайдың айтқандары – қазақ үшін үлкен байлық. 

Ендігі бір ой – «Жаным садаға» атты кітабын қайтадан жаңғыртып 

шы ға ру керек. Біз естеліктерді шығару жағын ойланып жатырмыз. Апай-



445

дың  педагогика  саласындағы  еңбектерін  жəне  «Сенім»  бағ дар ла ма сы-

ның басын қосып, бір кітап етіп шығарсақ деген ой бар. Апайдың жат-

қан жері жайлы болсын.



Лəйлə МҰСАЛЫ, Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, фило-

логия ғылымдарының кандидаты:

– Мен апайдың жанында сол бір қиын кезде болғанымды өзіме мақ-

тан тұтамын десем артық айтқаным емес. Қазір біз əрқайсымыз əр сала-

да жүр сек те, апайды еске түсіріп отырғанымыздан мен өз басым үл кен 

рухани  байлық  алып  отырмын.  Ол  кісі  «Жаным  садаға»  атты  кі та бын 

неге солай атады екен деп ойлаймын .Мен жақында «Жаны садаға» деп 

ма қа ла жаздым. Маған, шынымен де, екі сөз байланысты сияқты. Апай, 

расында да, қайсар, өжет болғанымен, нəзікжанды кісі еді ғой. Көр ген 

қиын дық та ры ның  бəрі  салмақ  болып  апайдың  «жаны  садаға»  болып 

кет ті  ме  ойлаймын  кейде.  Апайдың  жаны  пейіште  шалқысын  дей мін! 

Мен экс пе ри мент тер ді балаларға апайдың «Жаным садағасы» бойынша 

жасатамын. Сонда студенттер айтты: «Осыған дейінгі экс пе ри мент тер-

дің ішін де сіздер ұсынған «Жаным садаға» көп көмектесті» деді. Сонда 

мен  таң ғал дым.  Ол  кісінің  көзін  көрмеген  балалардың  өзіне  апай дың 

шарапаты тиіп отыр. Қарапайым қазақ қызынан осындай кемеңгер тұл ға 

шы ғып отыр. 

Айтарым, алты жылдай жылап болдық. Көзіміздің жасы құрғап келе 

жатыр. Апайды ойлаймын. Ол артық болмайды. Сосын ол кісі еш қа шан 

Шы ғыс тан  тамырын  үзбегендігін  айтуымыз  керек.  Ол  кісі – еш қа шан 

еу ро па лан ба ған қазақ əйелі. Негізгі діңгекті ұстап қалды.



Гауһар  АСҚАРОВА,  Абай  атындағы  Мемлекеттік  уни вер си те ті-

нің доценті, ғылым кандидаты:

– Алма апайдан мен дəріс алған жоқпын. Бірақ маған ол кісі та қы рып 

беріп, жетекшілік етті. Ол кісі мені «қызым» дейтін. Астанаға кетерде 

«ме ні мен бірге жүр» деді. Мен апай бірінші қоныстанып алсын, кейіні-

рек барармын деп ойладым. Содан көп уақыт өтпей-ақ, апай ауырып жа-

тыр дегенді естідім. Апайдың жанында он күндей болып қайтайын деп 

Ас та на ға бардым. Барғанымда апайды танымай қалдым. Бірақ адам ның 

жанары өзгермейді екен. Сол жанарынан таныдым. Балалығым болды 

ма, апайдың жанында екі-ақ сағат болып қайттым. Содан көп уа қыт өт-

пей жатып-ақ, апай дүниеден өтті. Содан мен бір жылға дейін өз-өзі ме 

келе алмай жүрдім. Бірақ маған ол кісінің шəкірттері көмек беріп, қо лын 

созды. Ол кісінің өзі жоқ болса да, шапағаты тиді. 



Нұрсұлу МƏТБЕК:

– Қанша жыл өтсе де, апай бізбен күнделікті өмірімізде бірге жүр. 

Ойша  болса  да,  апаймен  ақылдасамыз.  Енді  қолдан  келсе,  шəкірттері 

апай  дың  еңбектерін  жинақтап,  кітап  етіп  шығарсақ  деген  ұсынысым 

бар. 


446

Бағила  ҚАЛМАҒАНБЕТОВА,  Қазақстан  медицина  уни вер си те-

тінің тəрбие жөніндегі проректоры:

– Мен ол кісіден бір жылға жетпейтін уақыт ғана тəрбие алдым. Бі рақ 

Алма апайдың ұстаздығынан адамгершілігі жоғары тұрған еді деп ойлап 

отырмын. Бəрімізді өзі қатарлы адам ретінде қарады. Қолынан келген-

ше бізге өзінің замандасы ретінде қараған сияқты. Сол кісінің бір ауыз 

сөзінен  кейін  есейіп  шыға  келетінбіз.  Апайдың  берген  тəрбиесі  болса 

керек, қазір лажы болса, біреуге жақсылық жасасақ деп тұрамыз. 

Өмірхан ƏБДІМАНОВ:

–  Алма  апайда  үш  қасиет  бар  еді:  бұл – Алманың  бойындағы  ақи-

қат, бұл – Алманың бойындағы əділдік, бұл – Алманың бойындағы адал-

дық. 


Алманың бойындағы тек ақиқатпен өтті. Мықты ғалымдар көп. Бі-

рақ Алма Қазақстандағы ежелгі əдебиетті зерттеуге барған үшінші адам 

екен. Алды – Мырзатай Жолдасбеков, екіншісі – Мұхтар Мағауин, үшін-

ші сі – Алма Қыраубайқызы. Бұл – өте қиын тақырып. Жап-жас студент 

кезінен сондай тақырыпқа барды. Бұл – бір. Екіншісі, өзі де ғылымға жас 

ға лым дар алып келді. Кейбіреулер 20-30 шəкіртім бар деп мақтанады. Бі-

рақ, шын мəнінде, солар түрлі жолдармен қорғайды. Ал Алма шə кір тін 

бірінші курстан бір тақырыпқа дайындап, содан ғалым етіп шы ға ра тын. 

Ал ма ның бір тақырыбымен үш курста мен үш рет сыйлық алдым. 

Алманың əділдігі ол кез келген адамды мақтай бермейтін. Ол шын ды-

ғын айтатын. Көптеген адамдарға «қарағым, шамаң келмейді, менің та-

қы ры бым мынадай» деп айтты да. Бұл да – Алманың əділдігі. Алманың 

адал ды ғы – ол бір кісінің ала жібін аттаған жоқ. Бəріне адал көңілмен 

қа ра ды. Біздің кезімізде жұмыс табу өте қиын болды. Сонда Алма жол-

дасын қосып, маған жұмыс іздеді. Ол – Қызылордадан, мен айдаладағы 

Жамбылданмын. Ешкімі де емеспін. Адалдығы дегенім – осы. Алманың 

ұс таз дық қасиеті – туа біткен қасиет. Бұл кісі соның адами тұрғыдан ізі-

не түс кен адам. Менің айтайын дегенім: Алманың ұстаздық қасиетінің 

жо ға ры лы ғы бүгін көзге көрініп отыр. Бұл ұстаздың шəкірті болған да, 

болмай көзтаныс болған да шəкірттері «Алма апайдың мерейтойын өт кі-

зе йік» деп жатуы – бұл бақыт. Ұстаз үшін бұдан басқа бақыт жоқ. Сіздер 

осыны біліңіздер. Алма – ұстаз-ғалым. «Жаным садағаның» өзі – жан-

ның  та за лы ғы нан  келген  дүние.  Жанының  таза  болатын  себебі – бұл 

шын  өнер  иесі.  Алма  оқыған  өлеңді  Əбділда  Тəжібаев  мақтаған.  Əн 

сал ған да адам ның жүрегіне жеткізіп айтатын. Көркі қандай еді, мінсіз 

адам еді ғой. Сіз  дер  дің Алма деп соққан жүректеріңізден айналайын деп 

отырмын. Сіз дер ге Алманың ұстаздығының бақытын берсін. Өмір-жас-

та ры ңыз ұзақ болсын. Өздеріңіздің тəрбиелеп отырған ұл-қыз да ры ңыз-

дың қызығын кө рі ңіз дер. Сіздер жетпеген биікке солар жетсін! Əу мин!

«Адам Ата – Хауа Ана», 2007 жыл, мамыр, №5


VI БӨЛІМ

АНАЛЫҚ ПЕН 

ДАНАЛЫҚТЫ 

ҰШТАСТЫРҒАН 

ТҰЛҒА

448

Гүлнəзия ƏДУОВА

АДАМДЫҚ ТҰЛҒАСЫ

Алма  əкесі  мен  шешесінің  тоғыз  жыл  күткен  тұңғышы  екен.  Əке сі 

жал ғыз басты жігіт болса керек. Папам «сен менің алғашқы туыс қа ным-

сың деп айтатын» деп жиі еске алатын. Мүтəліп əкей жасында палуан 

бол ған, денелі, ақылды, айтыскер ақын, əзілқой кісі еді. Балаларымен де 

қал жың да сып отыратын. Алманы жасынан қасына ертіп, ер балаша өсі -

ріп, шөп шабу, шөмеле үю сияқты жұмыстарға салған көрінеді. «Бұл – на-

ғыз  ерлер  істейтін  жұмыс»  десе,  намыстанып,  қасымдағы  балалардан 

қалыспай  өршеленуші  едім»  деп  еске  алатын  Алма  балалық  ша ғын. 

Мектепті алтын медальмен бітіріп келіп оқуға түскенде Алма аккарде-

онмен  əн  салатын,  өлең  де  шығаратын,  əңгіме  де  жазатын.  Кейін  келе 

бір ың ғай ғылым жолына түсті. Алманың бір қасиеті – бастаған нəрсесін 

аяқ та май тынбайтын. Студенттер каникул кезінде үйді-үйлеріне тараған 

кезде, Москва, Ленинград кітапханаларына кететін. Сол қайсарлығы мен 

қа жы мас еңбегінің арқасында ғылым докторлығына жетті. Ежелгі дə уір 

əдебиетін зерттеу екінің бірінің қолынан келе бермейді ғой. Оның үс ті-

не отбасы тауқыметі, үш баланы өсіру өз мойнында болды. Алма өзі нің 

үш  баласының  ғана  қамымен  қалған  жоқ,  бүкіл  «мен  қазақпын»  деген 

балаларға дұрыс тəрбие бергісі келіп жан ұшырды. «Адамның жаманы 

болмайды,  тəрбиенің  жаманы  болады.  Тəрбиесіз,  көргенсіз  деген  ауыр 

сөз ғой. Біздің қазақтың балалары неге жасық болады, неге өз ойларын 

еркін жеткізе алмайды» дегенді ойлап-ойлап, мектеп ашуды қол ға алды.

Жандосов  совхозынан  мектеп  ашу  үшін  талай  шенеуніктің  алдына 

барып, олардың халықтың болашағына немқұрайды қа рай ты ны на та лай 

қарны ашып, түңіліп келгенін көріп едім. Өзі үш баламен пə тер де жү ріп, 

бір  бөлмелі  пəтерін  кепілдікке  салып,  мектеп  ашты.  Мұн дай  жан кеш-

ті лік  тек  халқының  болашағын  биіктен  көргісі  келген  аза мат тың  ғана 

қолынан келетін болар. Мектептің жарғысын, бағдарламасын өз қо лы-

нан жазып, мектебіне мұғалімдер таңдап, оларды өз үйінде ұс тау – мұ-

ның бəрі оңай шаруа емес еді.

Əрі ҚазМУ-де дəрісі бар əрі Жандосовтағы мектепке бас-көз болуға 

қа ты нас  қиын  болған  кезде  шоферлік  курс  оқып,  права  алып,  машина 

жүр гіз ді.  Шілденің  ыстығында  жүргізуді  үйретушіге: «Мен  ең  қиын 

кө ше лер мен жүргізуім керек жəне міндетті 20 сағатта жүріп үйренуім 

керек», – дегенде,  əлгі  нұсқаушы: «Жұрттың  бəрі  бір-екі  сағат жүреді 

де: құ жа тын ала салады, сіздей бірбеткей адамды бірінші рет көріп тұр-

мын», – деп таңғалыпты. Менің балаларым Алманың машинасына мін-

генде: «Алма  тəте  бірде-бір  жол  ережесін  бұзбай  жүреді  екен», – деп 

келген. 


449

Алма деген өмірде де ереже бұзбаған адам ғой. Жолдасымен тіл та-

быса алмаған кезде де «Жамбылдың немересі қаңғып кетті демесін» деп, 

үйін де, мүлкін де қалдырып, балаларын жетектеп өзі шығып кетті. Сон-

да да қайын жұртына адал болып, бəріне көмегін көрсетті. Қайын енесі 

қайтыс  болғанда  арулап  шығарып  салды.  Жамбыл  атасының  əндерін 

жинап,  теледидардан  халыққа  таратты.  Жамбылдың  келіндері  туралы 

жаз ған естеліктері қандай!

Алманың ағайынға, дос-жаранға адалдығы, маңайындағылармен сый-

лас ты ғы,  қажыр-қайраттылығы  таңдандыратын  мені.  Қандай  қиын шы-

лық көрсе де қабақ шытып, əркімге бір мұң-зарын айтып қайғыра бер мей-

тін, не болса да іштей өзі көтеруші еді. Біз достары ретінде іштей тү  сі  ніп, 

бір-біріміздің ауыртпалығымызды жеңілтіп, қайғы-мұңымызды се йіл ту ге 

сеп болғымыз кеп жүретінбіз. Менің жолдасым Ризабек Алманы ай рық-

ша қастерлеуші еді (Əрі бірінші курстан бірге оқып, бірге жүр ген досы-

мыз ғой). «Алмашканың көңілін көтеріп келейікші», – деп, қалт еткенде 

Жандосовқа алып барып тұратын. «Мектебіңді, ша руа шы лы ғың ды кө ре-

йік  деп  келдік» – деп,  палауын  жеп,  əнін  айтқызып,  бір  дуыл да тып  ке-

тетінбіз. Кейін Рекең қайтыс болғанда Алма айт күндерін, ту ған кү  нін, қай-

тыс болған күндерін қалт жібермей, жұмысбасты болса да, уа қыт тауып 

кіріп шығып, құранын оқып, мені қолпаштап, мақтап-мақтап кете тін еді. 

Маған құран оқуды үйретті. Алмадан үйренетін нəрсе көп еді ғой.

Алма тірі болғанда талай шəкірттің көзін ашар еді. Əрбіреуінің жан 

дү ние сі не сүңгіп, ауырған жерін дөп басып, өмірге құштарлығын арт-

тырар еді.

Өзі де өмірге құштар жан еді. Жарық дүниедегі əр күнін қастерлі өт-

кі зу ге тырысқан азамат еді. Алтын адам еді. Қандай қиындыққа мойы-

майтын,  мойығанын  сездірмейтін  жан  еді.  Жаман  аурудан  операция 

жасатыпты деген соң, Астанаға барып, ауруханада 2 күн қасында отыр-

дым. «Сен келген соң тұрып кеттім, тамақ іштім, жүрген жерің береке 

ғой», – деп қуанып қалды. Мен қанша күліп-ойнап сөйлесіп отырсам да, 

өте психолог жан ғой, адамның ішіндегісін біліп отырады. «Бір үйдің 

баласындай  тел  өскен  төртеу  едік.  Үміт  кетті,  Ризабек  кетті,  енді  мен 

жал ғыз  қалмақпын  ба?»  деп  отырсың-ау,  Гүлеке.  Мен  тəуір  боламын. 

Өзім кіш ке не асқындырып алыппын, жараны кесіп алып тастады ғой, 

шү кір. Операция кезінде оянбай қалғанда не болар еді? Бұған да тəубе, 

Құ дай ға шү кір. Балаларым оң-солын танып қалды, енді біреуі аяқтанса 

екен», – деп өзіме басу айтқаны ғой.

Алматыдан біраз достары: Нұрлан, Фаузия, Нұрқанат, Шолпан, Əмір-

бек, Мұнира, Ырым, Бақыт, Назигүл – бəріміз барып, ҚазМУ-дың Тұр-

сын бек ағай бастаған бір топ ұстаздары бар, үлкен ұлы Ұлардың үй ле ну 

тойын өткіздік. Сонда хал үстінде жатса да, аһылап-уһілеп жан қи на лы-

сын білдірмеді жарықтық. Бəрімізге рақмет айтумен жатты. Той өтісімен 


450

екі күннен кейін қайтпас сапарға аттанды. Өмір бойы сыйласып өткен, 

сырлас досыңның өлімінен ауыр қаза жоқ шығар. Амал жоқ. Көтеруге 

тура келді. Əуелі Үміт, Ризабек, Алма туралы көзкөргендер бір-бір ауыз 

жақ сы сөз айтса, көңіліңе жылы шуақ құйылғандай, олар мəңгі қасында 

тұр ған дай əсер аламын. «Жақсыдан – шарапат» деген сол да. Аз уақыт 

болса да, жақсылармен бірге өткізген күндеріме мың да бір тəубе айта-

мын Аллама.

Алмамен 1965 жылдың тамыз айынан бастап, ең соңғы күніне дейін 

36 жыл жұп жазбадық, егіз қозыдай едік десем де болады. 1965 жылы оқу-

ға түскенде жоғары балл алғандарға стипендия тағайындалды да, жа тақ-

ха на берілмейтін болды. Сол кезде Алма, Үміт, мен – үшеуіміз пəтерде 

тұр дық. Студенттік шақтың қызығын да, қуанышын да, қиындығын да 

бір ге өткізіп, бір-бірімізге жан-тəнімізбен берілген адал дос болдық. Əт-

тең, шіркін, жалған дүние...

«Түркістан», 2003 жыл 10 шілде

Розалинда ШАХАНОВА

«ДОСТЫҚ ДЕГЕН – ТАУСЫЛМАЙТЫН ҚАЗЫНА»

Əр адамның өмірінде бір ерекше ықпал жасайтын тұлғалары болады. 

Əйелдер қауымы көп жағдайда бір-біріне сыншы екені белгілі. Таза, ақ-

ниет ті адамды табу, онымен дос болу Алланың жіберген сыйы, үлкен ба-

қы ты деп есептеймін. Сондай бақытқа мен ие болдым. Өйткені сондай 

бас  əріппен  жазылатын  «Дос»  деген  сөзбен  Алма  Қыраубаеваны  айта 

аламын.

Мен  Алма  Қыраубаевамен 1993 жылдан  жақын  араласа  бастадым. 



Одан  бұрын  Алма  туралы  көп  естігенмін. 1983 жылы  мен  С.М.  Ки-

ров  атын да ғы  Қазақ  мемлекеттік  университетінде  (қазіргі  Əл-Фараби 

атындағы Қазақ ұлттық университеті) күндізгі бөлім аспирантурасына 

түстім. Сол уақыттан бері біз Алма екеуіміз өте жақын болдық. Сол кез-

де Алма уни вер си тет тің жанында, «Көктем – 3» деген ықшамауданда, екі 

бөл ме лі үйде тұрды. Ол көп жұмыс жасайтын. Сол тар үйде бір бұрышы 

тол ған  кітап  пен  қағаз  болатын.  Сонымен  қатар  ол  керемет  домбыра 

тартып,  тамаша  мақаммен  əн  айтатын.  Алманың  қоңыр  даусы,  шебер 

орын да ған əндері бізге, орыс мектебін бітірген қыздарға, керемет əсер 

ете тін. Біздің халық ауыз əдебиетіне, шежіреге, шешендік өнерге деген 

ықы ла сы мыз ды оятты. 

Алманың əрбір адаммен араласуы, сол адамның бойынан жақсы қа-

сиет ті көруі, ілтипат білдіруі – ерекше бір əңгіме. Оның жанының таң-

ға лар лық  құпия  ғажайып  дүниесі  мен  келбетінің  сұлулығы  бір-біріне 

ұй қас қан дай болатын.


451

Еңбекқорлық, тазалық, мейірімділік, ісмерлік, ақпейілділік, ке ші рім-

ді лік, биязылық сияқтылардың бəрі де – əйелге тəн қасиеттер. Осы қа-

сиет тер дің бəрі Алманың бойында болды десек, артық айтқандық емес.

Адамның  жеке  басының  көпшілік  талқысына  сала  беруге  болмай-

тын, басқа адамға тіпті жария етуге болмайтын өзіндік сырының, көңіл 

кү  йі  нің болуы – табиғи нəрсе. Осындай сəттерде жаныңда сырласатын, 

қуа ны шың ды, көңіл күйіңді бөлісетін, жан дүниеңді ұға білетін, көңілің 

тол қыт қан мəселе төңірегінде кеңесетін жанашыр дос еді. Алмада көңіл 

кү йің ді көтеріп, шаршағаныңды ұмыттырып, сергітіп жіберетін бір қа-

сиет бар еді. 

Алма аспиранттарға əр уақытта жылы лебізін білдіріп, ақыл-кеңесін 

айтатын. Біраз жылдар өтті, отбасы жағдайымен ол Жандосов ауылына 

көш ті. Сол жерде де оның үйі қашанда қонаққа толы еді. Жандосовта 

Алма  біраз  қиын  кезеңді  өткізді.  Сол  жерден  сабаққа  қатысып  жүрді. 

Кафедра меңгерушісі, ғұлама ұстазымыз академик Зейнолла Қабдолов 

жəне кафедра мүшелері қолынан келгенінше көмек жасап отырды. 

Қазіргі уақытта дамып жатқан білім жүйесінің мақсаттарын сол кез-

де-ақ бірінші болып көрегенділік білдіріп, осы құтты мекенде Алма ли-

цей ашты жəне де соған елеулі еңбек сіңірді. 

Əлі  есімде, 1993 жылы  ұлым  Рауан  үйленді.  Беташарға  мал  керек 

болды. Ол кезде қазіргідей кеңшілік жоқ. Түн ортасында Алмаға барып, 

ол көр ші сі не апарып, көмек көрсетті. Сен неге түнде келесің деп ешбір 

қа ба ғын түйген жоқ. Баламның тойының құрметті қонағы болды. Ана-

сын, сің лі сін əкелді, жақсы əн, мол тілек айтты. 

Жандосов ауылына қайта-қайта барып жүрдік. Кейін Алма «Қа зақ-

фильм ге» көшті. Ол үйіне де барып тұрдық. Алма 50 жылдығын өткізді. 

Док тор лық  диссертация  қорғады.  Бір  емес,  екі  үлкен  оқиғаны  қосып, 

дос-жаранды  қуантты.  Кейін  Астанаға  кетті.  Балаларының  келешегін 

ойлады. Соңғы сəтте де сол бала-шағасының жағдайын жасады. Ұлын 

үй лен дір ді. Біз ерлігіне тамсандық. Жұлдыздай жарқ еткен Алма досым, 

сен  мəңгілік  жүрегіміздесің.  Сенің  балаларыңа,  туысқандарыңа  күш-

қуат тілей отырып, аруағың барлық Сені жақсы көрген, сыйлаған қа уым-

ды қолдап жүр деп сенемін. 

  «Ат  биеден  туады,  алып  анадан  туады»  дейді  халқымыз.  Дүниеде 

анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, сөз-

ге жүйрік шешен де, ел басқарған көсем де, күміс көмей əнші мен мың 

бұ рал ған биші де анадан туып, соның көкірегінен нəр алып өскен. Ал-

ма ның балалары елге танылып, жұрт сүйсінерліктей еңбек етіп, жұртқа 

танымал болып, анасының атақ-абыройын көтеріп жүр. 

Əйел – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тəр-

бие ші сі. Əйел-ана, ғалым-ұстаз Алманың осы қасиетін жастарымыз қа-

дір тұта білсе, өмірдің мəні де, сəні де сонда дер едім. 


452

Құлбек ЕРГӨБЕК

ТУҒАН ƏПКЕМДЕЙ БОЛҒАН ЖАН...

(Тамаша ғалым, жайсаң адам Алма Қыраубайқызы жөнінде)

 

«Əншейінде ауыз жаппас...»

Ойпыр-ай, неден бастасам екен?

Ойлар  қаумалайды,  өмірлік  деректер  бастырмалатады. «Мені  айт, 

мені айт...» – дейді олар. Қимас адам жайында сөз аларда бастан кешер 

жайт. Дұрысы бəрін басынан бастаған.

Алма апайды алғаш Бейсекең, профессор Бейсембай Кенжебайұлы қа-

сы нан көрдік. Екі шəкіртін екі қапталына алып жүрер еді. Бірі сорайған 

ұзын.  Есімі – Арап.  Екіншісі – қараторы  əдемі  қыз.  Сəл  толықшалау. 

Аты – Алма. Бейсекең – шəкірттерін өз перзентіндей көретін жан. Адам 

ретінде мейлінше бауырмал, ұстаз райында өте талапшыл. Екі шə кір ті 

де қарт профессордың баласындай болғаны хақ. Əсіресе Алма Қы рау бай-

қы  зы на Бейсекең зор үмітпен қарайтын. Ол жылдары «Қазақ универси-

теті» аталатын екі тілді газет шығады ҚазМУ-да. Газет бетінде профес-

сор  Бейсембай  Кенжебайұлының  «Ат  тұяғын  тай  басар...»  аталатын 

сұх ба ты жарияланды. Онда шынайы ұстаз М.Жолдасбеков, М.Ма ға уин, 

Қ.Сы диық ұлы,  А.Қыраубаева  есімін  қадап  айтып,  ерекше  үміт  кү те ті-

нін біл дір ген. Ол кезде Алма апай – бесінші курстың студенті... Демек, 

Алма апайдан Бейсекең кемел келешек күткен.

Кейін білдім, Алма апай университетке оқуға түскенге дейін «Қа зақ-

стан  əйелдері»  жорналында,  ағымдағы  газеттерде  бірнеше  əң гі ме сін 

жариялап, көркем шығармашылыққа талап еткен, жазушы болсам деген 

арман жетегіне ерген жан екен. Білімділігіне, зейінділігіне ден қой ған 

Бей се кең «Алма, бізде жазушы көп. Сенің ғылымға бейімің бар. Жа зу-

шы лық ешқайда қашпайды. Ғылымға барсаң, онда да көне əде биет  пен 

шұ ғыл дан саң қайтеді?» – деп үміт артып, талантты жастың ар ма ны ның 

арнасын бұрып жіберіпті. Оған Алма апай қуанбаса, ренжімейтін.

Жетпісінші жылдары Бейсекең – шау тартқан кексе ғалым. Көбіне дə-

ріс ті өзі оқиды да, практикалық сабақтарын шəкірттері жүргізеді. Тіпті 

емтиханын да шəкірттеріне сеніп тапсырған. ХХ ғасыр басындағы қа зақ 

əдебиеті. Бейсекеңнің бəсіре пəні. Өмір сүріп, өтіп кеткен ақын-жа зу шы-

лар дың бірін айтуға болады, бірінің атын да атауға болмайды. Түр лі əдеби 

ағымдар мидай араласып жатқан қос ғасыр тоғысында жа сал ған күрделі 

кезең əдебиеті. Алма мен Арап – Бейсекең жүргізген пəн нен прак ти ка лық 

сабақ жүргізетін, емтиханын алатын – қадірмен про фес сор дың көкөрім 

балауса  шəкірттері!  Тіпті  Бейсекең  «Мен  қартайдым.  Əде биет  тарихы-

мен айналысатын дарынды балаларды университетке алып қала алмай-

мыз. Мен зейнеткерлікке шығайын, Өмірбек. Орныма қыз мет ке Алманы 



453

қабылдашы!» – депті ректорға қиылып. Ректор Жолдасбеков Бейсекеңдей 

ұлт мүддесін, шəкірт мүддесін өзінен жоғары қоя біл ген азамат тұлға ал-

дында  қысылып  қалыпты  деседі  білетіндер.  Ағаға  ри за шы лы ғы  болар, 

əйтеуір, шəкірті – Алма Қыраубайқызына заматында қыз мет ке қабылдау 

жөнінде  бұйрық  беріпті.  Болар,  болар,  өзі  қырық  жыл  бас қар ған  қазақ 

əдебиеті кафедрасын да шəкіртіне берген. Зейнеткерлікке шығып, орнын 

Алмадайын  қызына  ұсыну – сол  қатарлы  бір  ісі  де  Бей се кең нің. «Есті-

ген құлақта жазық жоқ...» деп қана жүргенбіз. Кейін шə кір ті Тұрсекең – 

Тұрсынбек Кəкішұлы жазуынан мəселенің анық-қа ны ғын білдік. Универ-

ситет  ұжымы  арасында,  студенттер  арасында  аңыз ға  айналып  айтылар 

əңгіме тұп-тура шындық екен. Біз Бейсекеңді сол жолы одан əрмен жақсы 

көріп кетіп едік. Біз Алма апайға қызығып қа рап едік сол жолы. Ол кезде 

жастар тағдырына аға буын тарапынан қам қор лық, мемлекет тарапынан 

жоспарлы түрде жағдай жасау дегеніңіз мей лін ше мейірлі екен-ау!

Сөйтіп, Алма апай біздің топқа сабақ бере бастады. Пəні – ХХ ғасыр 

басындағы қазақ əдебиеті. Бейсекең лекциясын оқиды, семинарын қызы 

Алма жүргізеді. Жазға салым еді-ау. Ұзамай емтиханға кірдік. Емтихан 

қа был дау шы лар – Алма мен Арап!

Өзгені қайдан білейін, өзім ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті пə ні-

нен борша-борша терледім. Өзі де – біртүрлі əдеби ағымдар мен алуан 

тағ дыр лар  тоғысқан,  тұлғаларының  жарымы  ашық,  енді  бір  жарымы 

жа бық  жатқан  айқабақ  күрделі  кезең,  қиын  пəн.  Алма  апай  байсалды 

сұ рақ  қояды.  Байсалды  жауап  күтеді.  Бағаға  аса  жомарт  кісі  болмай-

тын, жарықтық. Бағаны – білгеніңе қоятын, білгеніңді ғана емес, тұ тас 

бі лі мің ді əдемі тексеретін, əділ қарайтын таразы адам. Жап-жас болып. 

Билет нө мі рі есімде жоқ. Білмегенім – есімде. Тым құралақан емеспін. 

Онан-мұ нан  құрастырып  бірдеңелерді  шатып-пұтып  айтып  отырмын. 

Апайым қа на ғат танбайды. Арап жетелейді. Мен жетекке жү ріп оң дыр-

май  отырмын-ау.  Ондай  да  болады  екен  шəкірт  шақта.  Алма  апай «4-

тік»  қоюға  оң тай лан ды.  Арап «5-тік»  сұрап  қиылады. «Бейсекеңнің 

баласы ғой» деген лепес те сөз арасында сыпайы түрде айтылып кетті 

ме қайдам?! Əй те уір, Алма апам маған «өзі білмейтін, білмегенімен тұр-

май, жоғары баға сұрайтын сұрамсақ студентке» қарайтын жаман кө зі-

мен жақтырмай қа рап отыр. «Бейсекеңнің баласы болса, ағайдың пə нін 

жақ сы білуі керек емес пе?» – деп те жіберді сөз арасында. Сөзді кө бей-

тіп қайтейін, Арап Еспембетовтің демеуімен өлгелі тұрған арық-тұ рақ 

«5-тік» алдым-ау, əйтеуір. Алды-артыма қарамай зытып отырдым. «Қан-

ша? Қан ша?» – деген достар сұрағын да желкеммен ғана естідім...

Кейін осы əңгімені Алма апайға айтып бергенім бар. Мен үшін апа-

йым қысылып: «Шын ба, қойшы?!» – дегенін қайтерсің аяулы жанның.

Алма апай ғылым қуып жүріп жатты. Оқу бітіріп, біз жайымызға кет-

тік. Алма апаймен қайта жүздесуіміз – тағы да Бейсекеңнің айналасында.


454

Біз бала болып Бейсекең қолына кірдік. Алма, Арап, Зинол, Жанғара, 

Жақа, Зина, Кеңес, Катя... дегендей жастар қарияны қаумалады. Бейсекең 

тə лі мін алсын деп біз оларға есікті еркін ашып қойдық. Мұхтар, Рым ға-

ли сынды төл шəкірттері өз алдына, Жарасхан мен Шөмішбай шал дың 

кө ңі лін сұрай келіп, шарап ішіп еркелеп аттанады...

Алма  апай  бір  күні  үйге  дəу  қара  шалды  ерте  келді.  Баланың  кө зі-

мен қараппыз. Əйтпесе елудің ішіндегі кісі болса керек. Алма апай дың 

əкесі екен. Мүтəліп Қыраубаев! Көңілді кісі. Халық ақыны. Домбыра-

мен толғады. Əңгіме айтты. Қарық қылды. Елден келген кісі. Қа зақ ша 

сұрасты. Менің ағам болып шықты. Қыз алысып, қыз беріспейтін аға йын. 

Əу бастағы келісі – қызына кандидаттық диссертация қорғатқаны, тəр-

бие ле ге ні үшін алғыс айту секілді. Мүтəліп қария сөзінің əуені – «Əуел 

баста Құдай алдында сұраусыз – Сіздің қызыңыз дегем. Сол сө зім – сөз! 

Қыз – Сіздікі, мен əншейін ағасы ретінде қолыңызды алып, ал ғыс айтып 

шығайын дегенім ғой...»

Алма апай Бейсекеңнің халін білуге кемі аптасына бір рет келіп ке-

теді. Əйел адам. Балалы-шағалы. Дұшпаныңа тілемейтін, мінезі бір түр-

лі леу ері бар. Өлең жазады. Өлең дұрыс қонбаса, кісіні қияли етіп жі бе-

ре ді деуші еді. «Сол рас болмағай», – деп ойлап қоямын Алма апай дың 

елірме мінез еріне қарап. Адамға Алла-тағала бар бақытты бірдей бере 

бермейді екен-ау деймін тағы да іштей. Аттылы кісі дерлік аяулы Ал ма-

ның күйеуі жаяудан жаман. Тіпті қай жағынан да. Отбасында толып жат-

қан  осындай  қиындықтары  бар  Алма  апай  əкесіндей  болған  ұстаздың 

ха лін білуге аптасына уақыт тауып жатады. Адалдығы. Шынында, Алма 

боямасы жоқ, болмысы таза шынайы жан еді. Баян екеуміз (менің жа-

рым) Алма апайдың үйіне сирек те болса барып тұрамыз. Апайдың кө-

ңі лі не қараймыз. Үйді ұстап отырған – Алма. Əйтпесе күйеуі – құдай 

аманат жан! Сөйтіп жүріп ҚазМУ-да сабақ береді. Сөйтіп жүріп үш қар-

ға сы на қарайды. Сөйтіп жүріп ғылым жасайды. Сөйтіп жүріп қазақ қыз-

да рын ұлттық дəстүрде тəрбиелейтін тұрпаты – ұлттық, болмысы бөлек 

мектеп пе, лицей ме, əйтеуір, бір кіші оқу орнын ашты. Сөйтіп жүріп кө-

гіл дір экраннан əн салады тамылжытып. Жамбылдың жыраулық əуе нін 

тірілтетінін қайтерсің?! Абысын-ажындарының атын атап, түсін түс теп, 

тамаша очерктер жазып жатады. Не айтса – ұлттық дəстүрден туын дата 

айтады. Не нəрсе жазса – ұлттық болмыстан туындатып тамылжытып 

тамаша жазады. Табанды табиғат, мақсатты адам. Əйел басымен осын-

дай ерге бергісіз ірі істердің басы-қасында жүреді. Басы-қасында жү ре ді 

емес-ау,  зіл-батпан  міндетті  мойнына  артып,  бір  өзі  арқалайды.  Ту ған 

елі үшін тау көтерген Толағай қыз...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет