Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев



Pdf көрінісі
бет47/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53

Мəнет БЕЙСЕНОВА

ҚАЙРАН, АЛМА...

Филология  ғылымдарының  докторы,  профессор,  түркітанушы  ға-

лым Алма Қыраубаева жер басып жүргенінде биыл 60 жасқа толар еді. 

Түр кі та ну  ғылымы  саласындағы  ерен  еңбегімен  қатар,  ол  Қа зақ стан да 

ұлт тық  мектептің  негізін  қалыптастыру  ісіне  де  атсалысқан  болатын. 

Жастарымыз,  оның  ішінде  қыз  балаларымыз  батыстық  үр діс ке  ерек-



466

ше  мойын  бұрып  бара  жатқан  қазіргідей  азғындығы  молдау  тү сіп  жат-

қан заманда жастарға ұлттық рух қалыптастыру жолында қызмет еткен 

дара тұлғаларды көбірек насихаттау керек деп ойлаймын. Жастар өз  де -

рі  не ұлы тұтар тұлғаларды Батыс немесе орыстан емес, өзіміздің ту ған 

топырағымыздан тапса игі болар еді. Тұрмыс тауқыметінің басым бөлігі 

əлі де əйелдердің нəзік иығына түсіп тұрғанына қарамастан, бү гін гі таңда, 

біздің ойымызша, қазақ қыздарының арасынан шыққан тұл ға лар ды өнеге 

етіп  көрсету  жағы  кемшіндеу  соғып  жатқан  сияқты.  Қыз да ры мыз дың 

кейбірінің  қазақ  халқының  тарихында  болмаған  аз ғын дық тар ға  баруы 

олардың «өгей» мəдениеттердің жетегінде кетіп, ұлт тық рухқа уызында 

жарып өспегендігінен болар. Сол олқылықтың орнын толтыруға аздаған 

үлес қосу мақсатымен қыздарымызға үлгі етуге тұ рар лық шоқтығы биік 

тұлға – Алма Мүтəліпқызы туралы бір үзік сыр шерт пек ші міз. Халқының 

туын биіктетер тұлғалардың дүниеге бірден келе салмайтынын, «Болатын 

баланың иығы бесіктен шығып жатады» де мек ші, олардың өз замандаста-

ры арасында жас шағынан-ақ ерекшеленетінін айтқымыз келді.

...1966 жылдың қоңыр күзі еді. Қарақалпақстаннан туған елге келіп, 

ҚазМУ-ге оқуға түсіп, көңілім көтеріліп жүрген кез еді. Əсіресе сол күні 

студенттікке  қабылдауға  арналған  кешті  жүргізіп,  бір  шалқыған  едім. 

Бірақ сол кеш сахнаға шығып, əн салуымның да соңы болды.

Ол кездері қиыр жайлап, шет қонып жүрген елдің бəрі қазақ əн де рін 

сирек еститін. Қарақалпақ радиосынан анда-санда Ғарифолла Құр ман-

ға лиев тің, Еркін Садақбаеваның т.б. əндерін беретін. Сондықтан біз бір-

лі-жарым болмаса, жөнді қазақша əндер естімейтін едік. Жəне оны қыз 

бала айтатын немесе ер адам айтатын əндер деп бөліп қарамайтын едік 

(ме нің ойымша, бұл мəселе əлі күнге дейін де шешімін тапқан жоқ. Та-

лай əнші апа-сіңлілеріміздің əлі де «Баласы Қошқарбайдың Шашубай-

мын» деген сияқты əндерді орындап жүргендігін естіп жүрміз).

...Содан аталмыш кешті біршама тəуір жүргізіп, арасында бір-екі қа-

зақ ша, қарақалпақша əндер айтып, аяқ жағына қарай қызып кетіп, Елу-

бай Өмірзақовтың «Нақ-Нақ» əнін Ғарекеңнің (Ғ.Құрманғалиев) стилі-

мен айта бастағанымда бүлдіргенімді білдім. Иін тіресіп тұрған студент-

жастар залдан шығып кете бастады. Мен əнді айтып болғанымда, залда 

аз ғана адам қалды. Олардың өзі де бір-екі жерлестерім мен бірлі-жарым 

қыз балалар еді. Сонымен кеш өз-өзінен аяқталып, бір шетте мұ ңа йың-

қы рап тұр едім, қасыма шашы толқынды, көздері ойлы, қа ра то ры, толық 

денелі бір қыз келді де:

– Кешті жақсы-ақ жүргізіп едің, аяқ жағында осы өлеңді айтқаның 

бекер болды. Дегенмен ренжіме. Менің атым – Алма, екінші курста оқи-

мын, – деді. 

Менің ару, зерек Алмамен таныстығым осылай басталып еді. Əн салу 

тарихым  сонымен  аяқталса  да,  Алмамен  кездестірген  сол  күнге  риза-


467

мын.  Сол  кезден  бастап,  өзім  құралыптастардың  ішінен  менің  өмі рі ме 

ерекше  əсер  еткен  Алма  болды.  Студент  кезінің  алғашқы  жылдарында 

бі раз толықтау болса да, ол бізге ерекше сұлу болып көрінетін. Жалпы, 

сұлулық адамның ішкі дүниесінен туындауы керек қой. Кейде бір көр  ген -

де əдемі болып көрінетін жандардың біраздан соң қасында отыра алмай 

кететін кездерің де болады. Алманың адамды өзіне баурап алатын ерек-

ше қабілеттері мен қасиеттері мол еді. Жатақханада бірге тұр ған ке зі міз ді 

қайсыбірін айтып тауысарсың, небір қабілеттерінің куə ге рі бол  дық қой. 

Талай кештерде əн салып, бөлме ішін думанға бөлеп, Роза Бағ  ла  но  ва  дан 

бастап сол кездегі əншілердің барлығын айнытпай қай та лап, ішек-сілеміз-

ді қатыратын. Ғылыммен де айналысады, өлең жазады, əн салады, домбы-

ра тартады... Білмейтінімізді барлығымыз да Алмадан сұ  рау  шы едік...

Бірде  Алма  екеуміз  бөлмеде  «кезекші»  болып,  Никольск  базарына, 

азық-түлік  дүкеніне  барып  қалдық.  Өткен  ғасырдың 60-жылдарының 

со ңын да Алматыда орыстардың мерейі үстем еді. Көшеде, дүкенде, жо-

лаушылар көліктерінде болсын, орыс əйелдері қазақ жастарына тиісіп, 

«олай тұр, бұлай тұр» деп жүргізбейтін. Азық-түлік алып жатқанымызда 

дү кен ші орыс əйелі ешбір күнəсіз Алмаға бір ауырлау сөз айтып салды. 

Бас қа біреу болса, не балдыр-батпақтап əлгі əйелмен ұрыса женелер еді, 

не үндемей тұра берер еді. Ал Алма болса: «Не грубите, пожалуйста» 

деп əлгі əйелдің үнін өшірді. Ол жас кезінен-ақ өзі жағасында туып-өс-

кен Сырдың мінезіндей, бұйығы да терең иірімді мінезімен айналасын 

тəр бие леп  жүретін.  Реті  келген  жерлерде, «жаман  орысшаммен»  орыс 

əйел дер мен ұрыса кетуге оң иығымды беріп тұратын маған да бұл жайт 

са бақ болып еді. 

Алма кісінің кемшілігін бетіне баспай, айналасындағылардың бар лы-

ғы на да түсіністікпен қараушы еді. Кейін ойлансам, əсіресе менің шет 

жерден, басқа ортадан келгенімді ойша ескеріп жүреді екен. Жастық шақ 

бір  та  лай адамда олқы-толқы сөйлетеді ғой, сондай «айтып салғыштың» 

бірі мен едім. Бір күні дастарқанның басында ауылдағы жеңгелерім айта 

бе ре тін ерсілеу бір мақалды айтып салдым. Өзіміз бір бөлмеде алты қыз 

едік, басқалар күлген болды. «Алмаға қалай əсер етті екен» деп, бетіне 

қа рап едім, болар-болмас қабағын шытынды да, үндемеді. Қыз дар та мақ-

та нып болып, орындарынан тұрып кеткеннен кейін мені оңа ша лап:

– Жаңағыдай мақалды енді айтпашы, – деді.

1968  жылы  Ташкентте  өткен  түркітаным  мəселелеріне  байланысты 

сим по зиум ға  Алма  ҚазМУ  студенттері  атынан  өкіл  ретінде  қатысып 

қайт ты.  Себебі  ол  сол  жылдары  университеттегі  М.Əуезов  атындағы 

атаулы  стипендияның  иегері  еді.  Басқамыз  қыдырып  қайтқанымызға 

мəз болып, ештеңе байқамай қайтып келер ме едік? Ал ол болса екі-үш 

күн дік сол симпозиумнан біраз ойлар түйіп қайтқан екен:

– Біз орыс халқына еліктеп, өте қоңырқай киінеді екенбіз. Ташкентте 

болған күндерімде мен осыған көз жеткіздім. Шығыстық үрдісті ұс та-



468

нып, өзбектің қыздары ашық түсті киімдер киеді екен. Құдай қыз етіп 

жа рат қан соң, қыз бола білуіміз керек қой. Мен осы уақытқа дейін бұған 

мəн бермеген екенмін. Мінеки, көрдіңдер ме, құлағыма қандай сырға та-

ғып отырғанымды? Сендерге де осындай сырға əкелдім, – деп ромашка 

гүлі тəрізді құлаққа қыстырып қоятын бір-бір сырғадан бөлмелес қыз-

дар ға үлестірді. Содан кейін маған қарап:

– Қарақалпақстаннан келген бір жігітпен таныстым, – деп күлді.

– Онда маған жеңге болатын болыпсың ғой, – дедім мен де əзілдеп.

Қарақалпақстан демекші, арада бірер жыл өткен соң ол:

–  Төртінші  курсқа  келіп  қалдың,  енді  жұмыс  жайлы  ойлануың  ке-

рек, – деп маған ой салды. Осы ойдың жетегімен мен сол кезде Қа ра-

қал пақ мемлекеттік университетінде проректор болып жұмыс істейтін, 

адал ды ғы мен ел арасында аты шыққан белгілі тарихшы ағамыз У.Шə ле-

ке нов ке бармақшы екенімді айтқанымда:

– Мəнет, сенің үлкен кісілердің алдында суырылып сөйлеп кететінің 

бар. Олай етпе, қысқа түрде: «Аға, жұмыс жөнінен келіп едім» деп, сөзін 

тосып сөйле, – деп үлгі беріп еді-ау!

1971 жылы М.Қашқари сөздігі туралы дипломдық жұмысымды жа-

зып аяқтаған соң, Алмаға апарып көрсеттім. Алма ол кезде аспирантура-

да оқитын. Уақытының тығыздығына қарамай, жұмысты оқып шығып:

–  Ғылымда  біз  əлі  қорытынды  пікір  айтатын  кезге  жеткен  жоқпыз, 

сондықтан пікір айтқан кезде «біздің ойымызша», «мүмкіндігінше» де-

ген  сөздерді  көбірек  қолданғаның  дұрыс  болады, – деп,  жас  та  болса 

ғылымдағы пайымдылыққа жол көрсетіп еді.

Жас жағынан аздаған ғана айырмашылығы болса да, өзінен бір курс 

төмен оқығандықтан ба, əлде менің арсы-гүрсілеу мінезімнен бе, өзінен 

мені кіші санаушы еді. Кейде тіпті «Сендер əлі баласыңдар ғой» деп те 

қоятын.

«Ойлы  адамға  қызық  жоқ  бұл  жалғанда»  деп  ұлы  Абай  айтқандай, 



сон ша лық ты зерек, терең ойдың иесі болса да, асыл Алманың тағдыры 

же ңіл болмады. Əлде Алма есімді жандардың тағдыры мұңдылау бола 

ма  екен?  Төңкеріс  кезінде  қазақтың  көшін  бастаған  Алма  Оразбаева 

сынды халқымыздың біртуар қызының да тағдыры қиын болғанын бір 

жерден оқығаным бар-ды...

Алманың рухынан, балаларынан кешірім өтіне отырып, оның жеке 

өмі рі не байланысты бір-екі жайды еске алсам да деймін...

Алма өзімен курстас Үміт жəне Гүлнəзия есімді екі қызбен айырыл-

мас дос болып еді. 1970 жылы Үміт (Тоқмағамбетова) кенеттен қайтыс 

болып, марқұмның қырық күндік азасына Үміттің жұбайы біраз жақын-

жуығын  сол  кездегі  «Алматы»  ресторанының  банкет  залына  жинады. 

Алдында «Алма бір жігітпен жүріп жүр екен» деп естігенмін. Сол еске 

алу ға Тілепалды (Жамбыл) да келді. Ақындарға «асау лық керек аздаған» 


469

деп Қадыр ағамыз айтқандай, асаулау мінезді жігіт екен. Оның үстіне 

ішін де асауландыра түсетін «суы» да бар ма, қай дам, желпініңкіреп сөй-

леп  отырды.  Алдындағы  əңгіменің  салқыны  да  шы ғар,  Алманы  оған 

тең  көрмей,  іштей  шамалы  қызғаныңқырап  отырған  жа йым  бар  еді. 

Неге  ашуланғанын  қайдам,  бір  кезде  Тілепалды  үстелді  жұ  ды  рық  пен 

қо йып кеп қалды. Өзім де соның жанына отырып қалған екен мін, селк 

ете түстім. «Адамның кейбір кездері» (Абай) дегендей-ақ, адам əр түр лі 

қа лып та бола беретін де шығар, дегенмен сол кезден бастап мен Ті леп-

ал дыны жек көріп кеттім. Біраз тосындау сөздер айтып отырды да, бір 

кезде орнынан тұрып жүре берді. Сол кезде қайран, ару Алма да Ті леп ал-

ды ның соңынан кетті...

Ертеңіне сол кездегі ТЮЗ-ға (Балалар мен жасөспірімдер театры) дос 

қыздарыммен киноға барсам, ажары солғындау, шаршаңқы Алма жал-

ғыз өзі жүр екен. Жоғарыда аты аталған құрбыларынан бөлек жүре қой-

мау шы еді, сəл таңырқап қалдық.

– Тілепалдымен ренжісіп қалдым. Уақыт өтпей қойды. Қазір екі се-

анстан шықтым. Енді үшінші сеансқа кірмекші болып тұрмын, – деді.

Сол кезде мен шыдамай кетіп:

–  Алма,  мен  өз  ойымша  саған  бүкіл  Алматы,  Қазақстаннан  тең  ке-

лер жігіт таба алмай, саған лайық жігіт Москва мен Ленинградтан оқып 

келетін шығар деп жүргенімде, сен сол сияқты бір «жындыға» қор бо ла-

сың ба? – деп айтып салдым. Алмаға ауыр тигенін білдім.

– Бауыр басып қалдым, – деді де, бұрылып жүре берді.

Араға біраз жыл салып, бұрынғы бастаған ғылыми жұмысымды жал-

ғас тыр мақ шы болып, Шымкенттен Алматыға, ҚазМУ-ге бардым. Ал ма-

ға «ғылыми жұмысыма жетекші бол» деп жабыстым. Сəл қиналса да, ол 

жетекші болуға келісті. Ғылыми кеңестің шешімін шығарғаннан ке йін 

ол мені Жандосов елді мекеніндегі үйіне алып кетті. Үйіне барып, мəре-

сəре  болып,  балаларына  Жəкеңнің  (Жамбыл)  термелерін  айтқызып, 

Алма өзі де əн салып, Хакім Лұқпан айтқандай, «мың жасадық». Қамыр 

жа йып, етке нан салды. Тамақ дайын болған кезде, мені орнымнан тұр-

ғыз бай қолыма құманмен су құйды. Сол кезде мен: 

– Ғылыми жетекшім қолыма су құйып жатыр, менде арман жоқ қой, – 

деп күлдім. Алма жымия күлімсіреді (P.S. кейін Алманың өз өті ні ші бо-

йынша ғылыми жетекшім проф. Ə.Құрышжанов болып қайта бекітілді).

Қайран. Алма, соншалықты білімдар бола тұра ерекше кішіпейіл еді 

ғой. 


Сол күні таң атқанша əңгімелесіп, сыр ақтарыстық. Мен бір кездері 

Тілепалдыға байланысты көңіліне тиіп, қатты сөз айтқанымды еске тү сі-

ріп, Алмадан кешірім сұрағандай болып едім:

– Жоқ, сен сол жолы өте дұрыс айтқан екенсің. Алғаш көңіліме алсам 

да, сенің сол сөздеріңнің дұрыстығына кейін көзім жетті ғой. Ол, шы-

нында да, менің қадіріме жеткен жоқ, – деді.



470

Алманы еске алсам, өзіме іштей риза болатын бір жайт –1997 жыл-

ғы Ал ма ның елу жылдық мерейтойында той бастағаным. Алма анасын 

«жеңеше» деуші еді. Той қыза түскен бір шақта жеңешеміз елдің салты 

бойынша бірнеше жерден «тойбастар» рəсімінің жоралғыларын əкеліп 

қойды. Асаба: «Араларында той бастайтын кім бар?» деп бірнеше рет 

қай та ла ға ны мен, ешкім суырылып шыға қоймады. Сол кезде мен: «Ал-

ма ның тойында айтпаған өлеңді қайда айтамын?» деп іштей ойладым 

да, той бастадым. Алма ерекше риза болып, бетімнен сүйді. Сол кеште 

Алманы соңғы рет көруім екенін білсек-ші?!

Алманың анасы сол күні ерекше көңіл күйде болып, тойдың басынан 

аяғына дейін би билеумен жүрді. Алма бір кезде маған:

– Ана жаққа барып аяқкиім ауыстырып келейікші, мына туфлидің өк-

ше сі биік, аяғым шыдамай бара жатыр. Жеңешемдердің сүйегі асыл ғой, 

қан ша билесе де, шаршамай жүргенін қарашы, – деді.

Асыл сүйектілік Алмаға əкесі Мүтəліп аға мен жеңгемізден бе ріл ген 

болатын. Қазаққа айтыскер ақын ретінде танымал əкесі туралы ол əр кез 

мақтанышпен айтушы еді. Өзінің Тілепалдыдан көңілінің қатты қа луын 

да əкесін ақырғы сапарға шығарып салуымен байланыстыратын. 

 – Ол ең болмаса əкем қайтыс болғанда баруға да жарамады ғой. Сон-

дық  тан одан көңілім қара жердей болып қалды. Əкем де туған-туыс қан-

нан бөлектеу, өмірде жалғыз жүріп, дүниеден өтіп еді. Мен де сол тағ-

дыр ды қайталайтын шығармын, – деп айтқаны бар-ды.

Жоқ, олай емес. Алма, сен өмірден жалғыз жүріп өткен жоқсың. Со-

ңың да перзенттерің, бауырларың, достарың, қаншама шəкірттерің бар. 

Со лар дың жүрек түкпірінде сен мəңгі өмір сүрудесің!

Былтыр  күзде  қатты  ауырып,  соңы  əлдеқалай  болар  екен  деп  біраз 

уа йым да дым.  Сол  кезде  «Алма  да  өмірден  өтті  ғой.  Жаным  Алманың 

жанынан аяулы емес шығар» деп өзіме-өзім басу айттым. Аяулы Алма, 

се нің өмірден мезгілсіз өткеннің талай жанға өлімді мойындатты.

Өзің көп зерттеген ескі түркі ескерткіштерінде, оның ішінде «Қор-

қыт ата кітабындағы»:

«Келімді-кетімді дүние,

Аяғы – өлімді дүние», – 

деген сөздер осы мұнлы ойларымыздың түйіні болар, Алмажан! 

Жанымгүл КАМАЛҚЫЗЫ 

 

 



 

 

 



ЕЛЕСІ ЕСІМНЕН ШЫҚПАЙДЫ

Қазақ əдебиеттану ғылымында ерекше орны бар ғалым, филология 

ғылымдарының докторы, профессор Алмагүл Қыраубаева Əб ді мү тə ліп-


471

қы зы мен ғылыми жұмысыма байланысты таныстым. Егемендік ал ға ны-

мыз дың жаршысындай, жұртты таңдандырып ежелгі Түркістан қа ла сын-

да университет ашылғаны белгілі. Бірге жұмыс істейтін орыс əде бие ті нің 

мұғалімі, орыс ұлтының өкілі: «Түркістанда университет ашыл мақ шы 

екен, жындануға жақындаған шығар, Түркістанда университет...», – деп 

сақылдап күліп тұр екен. Қалай қасына жетіп барғанымды біл мей мін: 

«Неге күлесіз, Түркістанның тарихын, біздің өткенімізді білсеңіз, бұ лай 

күлмес едіңіз, ол Москваның аты да, заты да жоқ ғасырларда мə де ниет 

орталығы  болған  гүлденген  қала  болатын,  университет  дəрежесіндегі 

қан ша ма медреселер жұмыс істеген, ғажайып кітапханасы болған, де-

мек, ел басқарып отырған азаматтар сол тарихымызды білетін өте бі лім-

ді жандар, сіз айтқандай, жындану емес», – дедім. 

– Онда сол университетке барып жұмыс істерсіз, – деп мырс етті. 

– Иə, жұмыс істеймін, – дедім мен де қасарысып. Сол сөзімді періш-

телер қолдап кеткен сияқты. Ойламаған жерден сол университетке жұ-

мыс қа орналастым. Енді ғылыми дəреже алу қажеттілікке айналды. Бір 

кездердегі арманыма жол ашылғандай болды. Сол кезде кафедра мең ге-

ру ші сі, профессор М.Мырзахметов ұсынған тақырыппен біраз деректер 

ақ тар дым. М.Əуезов «кітаби ақындар» деп атаған ерекше шоғыр араб-

ша сауатты ақындар мұраларын қарастырып, Ташкенттегі, Ал ма ты да ғы 

кітапханалардың  сирек  кездесетін  кітаптар  бөлімінде  біраз  жүр дім. 

Білерім – төте жазуды оқи алу ғана. Тақырыбым тым қомақты, əлі ғы лы-

ми ізденуге дағдысы жоқ адам емеспін бе, əйтеуір, тап қа ным ды оқи бе-

ремін. Қай жерінен ұстарымды білмейтін сияқтымын. 1997 жылы Түр-

кіс тан ға келіп, дəріс оқып жүрген белгілі ғалым Р.Бердібайға өз та қы ры-

бым ды,  жинаған  материалдарымды  көрсетіп,  кеңес  беруін  сұрандым. 

«Бі раз нəрсе жинап, осы салаға қанығыңқырап қалыпсың ғой. Мен бұл 

са ла ның маманы емеспін, дегенмен кандидаттық жұмысқа нақты та қы-

рып дұрыс болады. Ғылыми жұмысқа кіретін есік – тақырыптың нақ ты-

лы ғы. Кілтің жоқ, жабық үйді айналып жүргендей күйде екенсің. Ме нің 

ке ңе сім ді  тыңдасаң,  осы  ақындардың  ішінен  Ақылбек  бин  Сабалды 

жеке тақырып етіп ал. Соны тірілтсең, əрі ғылымға бір тұлғаны қо са-

сың, өзің де ғылыми дəреже қорғайсың. Ал бұл салада саған жетекші 

болатын – тек қана Алма Қыраубаева. Сен сол кісіні іздеп бар да, ақыл-

дас», – деді. Мекемтас ағай келіп еді, ол кісіге де осы ойларын айтып: 

«Адастырмай анық жолға салайық, талабы бар жан көрінеді, обал жа са-

ма йық», – деді. Сол кісілердің жөн сілтеуімен Алматыға Алма апайды 

іздеп келдім. Жазғы демалыс уақыты болатын. Алма апай университет 

қа ла шы ғын да ғы  жатақханадағы  екі  бөлмелі  үйде  тұрып  жатыр  екен. 

Келген жұмысымды айттым. Бетіме сынай қарап тұрды да: «Рахаң ғы-

лым ға бейімі жоқ адамды маған жұмсамайды ғой, онда осы тақырыппен 

жұ мыс істей бер, хабарласып тұр», – деді. Көңілім толыңқырамай, маған 


472

еш  көмек  бермегендей,  бір  түрлі  жайсыз  сезіммен  қоштасқаным  рас. 

Ака де мия ның кітапханасына барып, сондағы сирек кітаптар бө лі мін де гі 

А.Са бал ұлы ның кітаптарын конспектілеуге кірістім. Қазандағы Аға йын-

ды Каримовтер баспасынан революциядан бұрын араб шрифімен басы-

лып шыққан он жеті кітап бар екен. Соларды түгел оқып, үш кі та бын 

тү гел кириллицаға аударып көшіріп алып, қалғанын қажетті жерлерінен 

үзін ді  алып,  əбден  қалжырай  шаршап  Түркістанға  қайттым.  Бұ рын ғы 

жи на ған материалдарым бар, əкелгендерім бар, диссертациямды жазуға 

отырдым.  Қытайда  қазақша  шығып  тұратын  «Мұра»  журналының  екі 

нө мі рін де А.Сабалұлының «Сəтбек», «Қырық уəзір» қиссасы жа рия лан-

ған екен, сол кезде бізде аспирант болып жүрген жігіт өтінішім бойын-

ша əкеліп берді. Сөйтіп, жұмысымды жазып, бір жылдан кейін апайға 

тағы келдім. Апай «Қазақфильм» ықшамауданынан үш бөлмелі үй алып, 

сонда тұрып жатыр екен. Үйіне іздеп бардым. Балалары қазір аурухана-

да жатқанын айтты. Адресін алып, соған бардым. «Жұмысыңды қалдыр, 

оқып көрейін», – деді. Екі күннен кейін тағы бардым. Барсам, менің жаз-

ба ла рым ның жартысы – үстел үстінде, жартысы – қолында, өзі тө сек те 

кө зін жұмып жатыр екен. Емделіп жатқан адамның мазасын ал ға ным ды 

түсіндім. «Сенің уақытыңды алмайын деп оқып едім, мыналар ұйық та-

тын дəрі бере ме қалай, бір түрлі жиі ұйқым келетін болып жүргені», – 

деп  ақтала  сөйледі.  Ауыр  науқастың  айналдыра  бастаған  кезі  болар, 

сірə... Менің қасымда кенже ұлым Əнуар болатын. «Апайдан ыңғайсыз 

болады, сен сыртта отыра тұр», – деп қанша өтінсем де: «Сенің апайыңды 

көр гім келеді», – деп көнбеген болатын. Жұмысымды оқуға бергенім-

мен қоймай, баламды жетектеп келгеніме ыңғайсызданып: «Далада күте 

тұр десем болмай, апайыңды көремін деп келді, – деп, баламды нұсқадым. 

Апай балама жалт қарап: «Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі бол-

мас баланың кісіменен не ісі бар?» деген емес пе? Апайыңды көремін 

десе, кісі болайын дегені ғой», – деп тұрып келіп баламның маңдайынан 

сүйді. Мен де сөз мағынасын бір кісідей түсінемін деп жүрсем де, дəл 

мына сөздің сонша терең мағынасы барлығына сол жерде ғана тү сін ген-

дей болдым. Аңтарылып, қарап қалыппын. «Жұмысыңды аяқтапсың, со-

пы лық ілім туралы біраз ойлар айтқан екенсің. Идрис Шахтың «Суфизм» 

кі та бын оқып, содан да керек мəлімет алуың керек. Күзде кафедраға тал-

қы лау ға алып кел. Қазір барып кандидаттық минимум тапсыруға рұқ сат 

алып кет, басқа оқу орнынан келгендер аздап ақша төлейді, сонысын да 

бітіріп кет», – деді. Қуанышым қойныма сыймай, үлкен олжалы жандай 

көңілім тасып қайттым. Күзде жұмысымды алып тағы келдім. Кафедра 

мү ше ле рі не оқытып, талқылайтын уақытта хабарлайтынын айтып, жұ-

мы сым ды алып қалды. Арада бір ай уақыт өткенде, қазан айында, ка-

федра талқылауынан өтуге келдім. Апайдың үйіне түстім. Қасыма үлкен 

ұлым Дінисламды ертіп келдім. Үйінде ортаншы ұлы Ұлан мен кіші ұлы 

Бағ лан бар екен, сабақтарына кетейін деп жатыр екен. Дінислам апайдың 



473

ұл да ры мен танысып, бірден тіл табысып кетті. Ол кісінің балалары да 

келген жанды жатсынбайтындай кішіпейіл екен. Апай менің жұмысымды 

кі тап етіп бастыруымды өтінді. Өзі отырып сол кітаптың алғы сөзін жа-

зып  берді.  Өкінішке  орай,  бұл  тапсырмасын  əлі  орындаған  жоқпын. 

Апай дың өз қолымен жазған алғы сөзі əлі өзімде сақтаулы. Əрине, кі-

тапты шы ғар та мын деп ойлаймын. Апай өз кабинетінде отырып, менің 

жұ мы сым ды қайталай оқи отырып, кітапқа алғы сөз жазуға кірісті. Ка-

бинеті əрі өзінің жатын бөлмесі болып есептелетін бөлме қонақ бөлмеден 

ішке  қарай  өтеді  екен.  Есігі  ашық  тұрды.  Апай  өз  өмірінде  менің  көз 

алдымда  осы  қалпында  сақталып  қалды.  Бұл  өмірді  тастап  кеткеніне 

сенбейтіндеймін. Сол қалпы, кітап сөресінің қасына қойылған үстелінде 

əл де бір бітпей қалған шаруаларын істеп отырғандай болып елестейді... 

Кешке қарай балалары жинала бастады. Апай тез орнынан тұрып, ұл да-

рын ерекше ықыласпен қарсы алып, есігін өзі ашып отырды. Кешкі асқа 

отыр ған да да, ұлдарын жұмсамады. Өзі асты дастарқанға қойып, ұл да-

ры ның өз орындарына отырғанын күтті. Үлкен ұлы Ұлар – төрге, одан 

ке йін – ортаншы ұлы, өз қасына кенжесі Бағлан отырды. Ас үстінде ал-

дымен үлкен ұлының бүгінгі күнгі шаруасының қалай болғанын сұ рас-

тыр ды. Ұлдары ол кезде университетте оқитын студент болатын. Апай 

өз балаларына үлкен бір қызметтегі ересек адамдарға көрсетілетін құр-

мет пен, ілтипатпен ас ұсынып отырды. Ұлдарынан да үлкен азаматтардың 

əң гі ме сі мен ісін күтетінін танытты. Ерекше тағылымды жанның от ба-

сын да ғы ілтипаты да өнеге алуға тұрарлық екеніне көзім жетті. Ертеңіне 

тал қы лау ға бардық. Кафедра мүшелері апаймен жарасымды əзілдесіп, 

жылы сөйлесіп отырды. «Қызыңыз еш сыр бермейді ғой, өзің қор ғай тын-

дай толқып отырсың», – деп маған да тиісіп қояды. «Толқығанда, не іс-

темекпін, сонша жыл сарыла ізденген нəрселерім, жазған əр сөйлеміме 

де йін есімде емес пе? Түгел айтып шығуға дайынмын. Тек басқа нəрселер 

сұ ра ма са ңыз дар болғаны», – деп іштей ғана жауаптасып қоямын. Дауы-

сымды шығарып сөйлейтін еш рет жоқ. Қорғауға киюге ниет қылып ал-

ған костюмімді де əзілмен іліп кетіп жатыр. Жымидым да қойдым. Апай-

ға қарасам, шынымен, толқып отырғанын байқадым. Əлде жұмыста кем-

ші лік тер болды ма екен деген күдікті ой келіп қалды. Онда неге маған 

айт па ған? Бір кезде сол кезде кафедраны басқарып отырған, профессор 

Тұр сын бек Кəкішев ағай келді де, мəжілісті бірден бастап кетті. Ешбір 

стан дарт қа  сыймайтын,  өзі  таныған  ақиқатты  ғана  пір  тұтатын  ғалым 

аға мыз  жиналысты  да  шартты  ережелерге  салмай  еркін  өткізді. «Мен 

бір жақсы жұмысты, тамаша біткен жұмысты оқып келдім», – деп баста-

ды ол кісі сөзін. «Кітапханадан шаршап келіп едім, Алманың өтінішімен 

мына жұмысты ықылассыз қолыма алғаным рас. Жұмыс шаршағанымды 

ұмыт ты рып,  рақатқа  батырды.  Мен  рақаттана  оқып  шықтым», – деді. 

Ба қыт тан басым айналып жүре бердім. Мені сөйлеттірген де жоқ. «Ақыл-

бек  бин  Сабалдың  өзіне  лайық  іздеушісі  табылыпты», – деп  аяқ та ды. 



474

Одан кейін сөз алғандар біраз кемшіліктерге тоқталды. Оларды жазып 

алып, берілген сұрақтарға жауап бердім. Талқылаудан абыроймен өт тім. 

«ҚазПИ-ді бітіргендердің де ішінен осындай ғалым шығады екен-ау», – 

деп  Тұрсынбек  ағай  əзілдеп  қояды.  Бұл  əзіл  емес  қой.  Бізді  ға лым 

болмайсыңдар, тек ауылға барып мұғалім боласыңдар, – деп оқыт қа ны 

есіме түсті. Тіпті ағаммен бірге энергетика институтында оқитын жі гіт-

тің: «Қазақ тілін бітіріп, кімге сабақ беремін деп жүрсің?» – деп күл ге ні 

есіме түсті. Жалындаған арманымызды таптап, сағымызды сын дыр ған 

отарлық кезеңнің қорлығы есіме түсіп, ширығып кеттім...

Бірақ  мен  Алматыда  емес,  Түркістанда  қорғадым.  Р.Бердібай 

Қ.А.  Ясауи  атындағы  университет  жанынан  қазақ  əдебиеті  мен  фольк-

лордан кан ди дат тық ғылыми дəреже қорғайтын ғылыми кеңес ашты да, 

мен сол кеңестің бірінші қорғаушысы болдым. Қазақ əдебиеттануы мен 

фольклорын  зерттеуші  біраз  белді  ғалымдар,  профессорлар  Р.Бер ді бай-

дың  шақыртуымен  Түркістандағы  кеңеске  мүше  болуға  келісім  бер ді. 

Алматыдан – Б.Əбілқасымов,  Ш.Ыбыраев,  Қызылордадан – Б.Кə рі бо-

зов,  Ақ тө бе ден – Ə.Молдаханов,  Шымкенттен  К.Сыз ды қов  т.б.  ғы лым 

докторлары  келді.  Түркістанның  өзінде  М.Мыр зах ме тов,  Т.Есем бе ков, 

Қ.Ер гө бек сынды ғылым докторлары болатын. Ке ңес тің төрағасы – Р.Бер-

ді бай. Бұл Түркістан үшін ерекше бір дəуір болды. Сонша ға лым дар дың 

Түр кіс тан ға жиналуы – ерекше рухани серпіліс еді. Түр кіс тан да ғы лы ми 

орта қалыптасты. Баяғы əріптесіммен іштей тағы бір егесіп ал ған дай мын. 

Университеттің залында ине шаншар жер болмады. Балконда да орын жоқ. 

Біраз адамдар тұрып тұрды. Сол кездегі университет президенті академик 

М.Жұрыновтың өзі келіп, кеңесті ашты, ға лым дар ға ал ғ ыс айтты. Сонда 

Алма апай қорғалып жатқан бірінші ең бек тің ғы лы ми жетекшісі ретінде 

сол кеңеске қатысып еді. Бəріне еркелеп, наз данып, ерекше бір құлпырып 

жүргені  көз  алдымнан,  сірə,  кетер  ме?.. «Ұлы  бардың  қуаты  бар,  қызы 

бардың  шуағы  бар»  деген  емес  пе,  мен  қы  зым  ды  ертіп,  кеңестеріңізге 

шуақ болып шашылғалы келдім», – деді жымиып, қарасам, шындығында, 

кеңес мүшелігінде бірде-бір əйел ға лым жоқ екен. Мен апаймен көп ашы-

лып сөйлесе қоймағанмын. Жас ал шақ  ты  ғы мыз онша болмаса да, ондай 

еркіндікке бармаппын. Бұл ме нің апайды ерекше құрметтегенім болар, ол 

кісі менен де сыр тартып, жеке өмі рім ді сұрастырған емес. Бірақ кеңесте 

сөйлеп тұрғанда, маған мі нез де ме бергенінде таңғалдым. Əсіресе «Тон тік 

десең, ойланбай тон тігіп бере алатындай ерекше қабілетті», – дегенінде 

күліп жібердім. Себебі кез келген киімді тоқып та, тігіп те кие беретінмін, 

бірақ оны апайға еш қа шан айтқан емеспін жəне қызметтестерім де оны 

біле бермейтін. Апай дың адам жанын терең танитынына тəнті болдым. 

Келер жазда апай мемлекеттік емтихан төрайымы болып келді. Одан 

бұ рын да, одан кейін де талай ғалымдар келіп, мемлекеттік емтиханда 

болып жүрдік. Бірақ апай келген жыл бір ерекше болды, ол күндер қа зақ 

мəдениеті пен ғылымының мерекесі сияқтанып өтті. Апай келген бойы 



475

Р.Бер ді бай дың үйіне кіріп сəлем берген екен. Зада апай телефонмен ха-

барласып: «Алмаға қонақасы беріп жатырмын, сен де кел», – деді. Дас-

тар қан басында біраз университет ғалымдары жəне тарих, шы ғыс та ну 

кафедраларына емтихан төрағасы болып келген ғалымдар бас қосты. Ра-

хаң ның дастарқаны қашанда ғылым мен қоғамның өзекті мəселелерін 

қоз ғай тын келелі жиын іспетті болатыны белгілі. Қоғамдағы жастар тəр-

бие сі, ғылымдағы өзекті мəселелер қозғалып кетті. Рахаң жанында тұр-

ған домбырасын алып: «Ауылдың алтыауызынан құтылып қояйық», – 

деп жымиды. Бірнеше күй тартып, Зада апай екеуі қосылып, əн салды. 

Қо нақ та рын осылай дəмінен де қымбат өнерлерімен сыйлап алып: «Енді 

қо нақ кə де сұраймыз», – деп отырғандарды бір серпілтіп тастады. Ағай 

домбыраны Алма апайға ұсынды. Зада апай: «Айналайын, дауысыңды 

са ғын дық», – деді  ерекше  мейіріммен.  Алма  апай  домбыраны  алып, 

қа зақ тың  классикалық  əндерін  төгілдірді.  Ешкімге  ұқсамайтын  майда 

қо ңыр даусымен сызылтып мың бұралған əндерді нəшіне келтіре орын-

дады. Мен бұрын естімеген «Боз орамал» əнін де салды. Қырғызша да 

əн орындалды. Əрқайсысының шығу тарихынан қысқа əңгімелеп отыр-

ды.  Рахаң  ырзалығын  білдіріп,  алғыс  айтты. «Гəккуді»  айтшы», – деп 

өтінді. Апай оны орындамайтынын айтып еді, Рахаң кəдімгідей рен жіп 

қалды  да,  домбыраны  қолына  алып, «Гəккуді»  тарта  бастады.  Апай 

ағайдың  алдында  кəдімгідей  қысылып: «Қап,  бұл  əнді  салмаған  екен-

мін, дағдыланбаған соң, айтуға ыңғайсызданып отырғаным, – деп ұс таз 

алдындағы шəкірттей күй кешті. Əнге деген соншалықты жа уап ты лы-

ғын  да  танытты.  Рахаң: «Гəккуді»  сағынып  жүрмін», – деді  күрсініп. 

Үл кен  жүректі  жанның  сағынышы  мені  қатты  ойға  қалдырды.  Ға жап 

өнер туындысын сағыну, əнді сағыну, ұлттық рухты сағыну! Əнді бірге 

салып, ғылымды бірге жасасқан, ұлтқа бірге арашашы болып қатар жүр-

ген азаматтарды да, жалынды жастығын да сағыну бар еді бұл сөзде. Рах-

ман құл  аға  домбыраны  апайға  қайта  ұсынды.  Апай  енді  Жам был дың, 

Ке нен нің əндерін орындады. Бір қызық жері, басқа ғалымдар да өнер-

ден құр ала қан емес екен. Тарихшы ғалым күй тартты, Асқар əн салды. 

Дас тар қан жай тамақтану емес, үлкен өнер кешіне айналды. Қа за қы мə-

де ниет тің үлгісі көрініс тапты. Ұлы мəдениет тағы бір рет өз қасиетін 

көр сет ті.  Рахманқұл  аға: «Дауысың  бабында  екен,  бұзылмай  тұрғанда 

жазып қой, репертуарың да мол екен, кейінге керек қой!» – деп еді Алма 

апай ға. «Иə, жаздырайын деп жүрмін», – деген еді апай жымиып. Жаз-

дырды ма екен, өнерге іңкəр жанның үні сақталды ма екен?.. Сол күнгі 

тамаша өнер кеші əсер еткен болу керек, апайды кешкі асқа қонақасыға 

ша қы ру шы лар көбейді. Апай бізді де ілестіріп барады. Дастарқандағы 

дəм ге емес, апайдың əнінен тоят аламыз. Əдебиеттегі əртүрлі мəселелер, 

ұлт тық  тəрбие  туралы  əңгіме  көп  айтылады.  Ол  кезде  топтар  өте  көп 

болатын.  Апаймен  осылай  бір  айдай  бірге  болдық.  Бір  күні  апай  елге 

концерт бергісі келетінін айтты. Алдымен Шымкент қаласында концер-



476

ті өтті. Концерт Түркістандағы университеттің акт залында өтетін бол-

ды. Ұйым дас ты ру жұмыстарын жүргізіп, жүгіріп жүрміз. Университет 

оқы ту шы ла ры, студенттер, біраз хабарланған тұрғындар жиналып, зал 

толды. Апай концерттік бағдарламасын екіге бөліпті. Бірінші бөлімі – ха-

лық əндері, екінші бөлімі Жамбыл əндері екен. Жамбылдай ақынның ке-

лі ні болған қасиетті жан, ата алдындағы ерекше ықыласын да көпке та-

ныта алды... Көп алдында Жамбылтану курсын жүргізгендей əсер етті. 

Елі не  еркелеген  ару  қызы  сол  күндері  бойжасағандай  екен-ау.  Келер 

жылы  қайтып  орала  алмайтынын  білді  ме  екен,  əлде  ақылды  жанның 

нə зік жүрегі сезді ме екен?!. Сахнада ерекше назданып, еркелеп, күліп, 

күл ді ріп, мың бұралған əсем əнімен жүректерді тербелтіп еді. 

– Бəріміз өнерімізді көрсетуге міндеттіміз, солай ма? – деді жай раң дап. 

– Иə, – дедік шулап. 

–  Олай  болса,  ғылымның  ғана  профессоры  емес,  қазақ  өнерінің  де 

білгірі Рахманқұл ағаны сахнаға шақырамын, – деді. Бағдарламада мұн-

дай нəрсе жоқ болатын. Не болар екен деп күдіктене ойландым. Жоқ, 

ерке  қарындасының  меселін  қайтармай,  Р.Бердібай  сахнаға  көтерілді. 

Апай домбырасын ұсынды. Аға екі күй тартып берді. Сол кезде Түр кіс-

тан ға дəріс оқуға келіп жатқан академик Хайдари да концертке келген 

болатын. Апай енді сахнаға сол кісіні шақырды. Ол кісі риясыз кү ліп 

сах на ға шықты да: «Мен сен сияқты əн сала алмаймын, Рахманқұл сияқ-

ты күй де тартпаймын», – деді. «Қандай өнеріңіз бар?» – деп апай қай та-

лай сұрады. Академик рақаттана күліп алды да: «Мен етік тіге алатын 

едім», – деді. Бəріміз риза болып қол соқтық. Концерт бір жарым са ғат-

қа созылды. Соңынан естелік суретке түстік. Біз ол күндерді қа зір тек 

сағына еске алып жүрміз...

Бір күнгі демалысымызда Жүйнекті көруге шықтық. Ахмет Иү гі не ки 

өз  жырына  қосқан  Жүйнек  қаласының  орны  болып  үлкен  төбе  жатыр. 

Апай сол төбені айналып, ойланып жүрді. Көшкен елдің жұртымен тіл-

дескендей күй кешті. Не ойланғанын айтқан жоқ. Біраздан соң: «Ежел гі 

Қар нақ қаласының орнын көрейік, ескі медресе бар ғой онда», – деді. Ер-

теде ғылымы мен мəдениеті гүлденген қала болған, бұл күндегі Қар нақ 

аулына келдік. Көне тарих сырын ішіне бүккен бірнеше төбе жатыр ауыл 

ортасында.  Қарнақтағы  медресеге  бардық.  Ішін  аралап  көре  ал ма дық. 

Шə кірт тер  тұратын  хұжраларды  (шағын  бөлмелерді)  ғана  көре  ал дық. 

Мед ре се нің алдында неше жылдық екенін білмеймін, үлкен тұт аға шы 

тұр екен. Жемісі пісіп, бармақтай-бармақтай тəтті тұт балбырап тұр. 

– Шортанбайлар, қонаққа келгенде Мəшһүр Жүсіп атамыз дəм тат қан 

ба екен, – деген ой келді тұтқа қарап тұрып. Тұттан бəріміз ауыз ти дік. 

Апай да дəм татты. Апай бұл жерлерді аралағанда бір түрлі ауыр ойда 

жүрді. Байыппен қарап, əлдебір жоғалтқан нəрсесін іздеген жандай ай-

на ла ға қарай берді. Іштей бабалар рухымен сырласып жүргені болар деп 

ойладым. Қасиетті топырақтан дертіне дауа сұрады ма екен, бабалар сал-



477

ған мəңгілік соқпаққа түсетінін ойланды ма екен?.. Құсшы ата елді ме-

кенін қақ бөліп ағып жатқан өзенге келгенде, машинаны тоқтатып, біраз 

аял да дық. Апай өзенге келіп жағалауында тағы да біраз үнсіз отырды. 

Бір кезде қолымен өзен суын алып беті-қолын жуды, тағы да үнсіз өзен 

суы ның ағынын тексергендей қарап отырды. Сол өзен жағалауы, апай 

отырып  жуынған  жер  əлі  сол  қалпы,  өткен  сайын  (сол  жолмен  күнде 

өте мін) үстінде ақ футболка, басына ақ шыт орамал байлаған Алма апай 

сол  жағалауда  əлі  отырғандай  елес  береді.  Кейде  өз  ойыма  өзім  сеніп 

қал ған дай, мойнымды бұрып сол елесті іздеймін... Кештетіп қайттық та, 

тағы да бір үйде қонақта болдық. Алма апай күні бойғы ауыр ойдан сер-

пілгендей, домбырасын қолына алып, жылы жымиып алып əнін бастап 

кетті. Тағы да əндер, ойлы əңгімелер, естеліктер айтылды. Бірақ жү ре-

гін де гі құпия сырды ашпайтынын ұғындым. Оны кейін мемуар етіп жа-

затын болар деп ойлағанмын. Бір нəрсеге қатты өкінемін. Сонда оңаша 

қо нақ үй де гі бөлмесіне барып отырып, сырласа алмадым. Ішіне бүккен 

көп сырларының аз бөлігі болса да айтылар еді ғой... Бір жылға жетпей 

Алма апайдың фəни дүниені қалдырып кететінін қайдан білейін, «опа-

сыз жалған» деген бабалар айтқан сөзді ғана қайталайсың ғой мұндайда, 

опасыз жалған, сен кімге опа бергенсің?!. Апай кештетіп жұмыс жазып 

жүр ді ғой. Ежелгі дəуір мəтіндерінен балабақша бүлдіршіндеріне арнап 

кі тап жазуды жоспарлап, соны компьютерге бастырып жүрді. Апай ком-

пьютерге жазуға дағдыланбады. Барлығын өз қолымен жазатын. Қазір 

ғой бəріміз компьютерге отыра қалатынымыз. Қолыма қалам алмасам, 

еш нəрсе жаза алмаймын, – дейтін күліп, «компьютерге жазбайсыз ба?» 

дегенде. Жұмыс арасында сол кітапты бітіруге асықты. Кейіннен кітап 

дү ке ні нен сонда жазып жүрген мəтіндерімен шыққан суретті кітапша-

сын сатып алып, немереме сыйладым. Апайдың жүрек жылуы сақталған 

кі тап ша маған ерекше ыстық көрінді...

Алма апайдың тағы бір аманаты болды. Өзі бағдарлама жасап, ұлт-

тық  тəрбие  беру  мектебін  ашқаны  белгілі. «Атырауда  бір  мектеп  осы 

бағ дар ла ма мен оқытып жатыр», – деген болатын. Сол мектептерді бү кіл 

Қа зақ стан бойынша таратуды армандап еді. Жандосовта ашқан мек те бі-

нің ұстанымдарын айтып, сендіре оқыта алсақ, білім алмайтын шə  кірт 

болмайтынына сенетін. «Сол бағдарламамен оқытатын бір сынып ашып 

көр сең дер ші,  жақсы  нəтиже  беріп  жатса,  ұлғайтып  алып  ке те сің дер 

ғой», – деген болатын. 

–  Келесі  жылы  бағдарламаңызды  əкеліңіз,  сатып  аламыз  да,  аша-

мыз, – деп  едім.  Ол  аманат  та  қозғаусыз  жатыр.  Оған  мүмкіндік  бола 

ма, білмеймін, жүрек түкпірінде өтелмеген парыз боп кете бере ме, кім 

біл сін?.. Бірақ бұл – тек Алма апай үшін емес, ұлттық білім мен тəрбие 

үшін, яғни ұлт болашағы үшін маңызды нəрсе, оны ұғына аламыз ба?.. 

Бір күні телеарнадан Алма апайдың ортаншы ұлы осы бағдарлама тура-

лы айтып жатқанын естідім, бірақ оны іске асыруға мол қаржы қажет бол-



478

ған дық тан, хабарласа алмадым. Бұл туралы ойлансам, жас кезімізде оқы-

ған М.Горькийдің «Кісі есігінде» романының «– Алеша, байып кетсең 

не істер едің? – «Көп қылып кітап сатып алар едім...» деген эпиграфы 

көз  алдыма  келеді.  Айналама  мен  де: «Байып  кетсем,  Алма  апайдың 

бағ дар ла ма сы мен  оқытатын  ұлттық  мектеп  ашар  едім», – деп  əзілдеп 

қоя мын.  Алма  апайдың  аманаты  бір  маған  емес,  көпке  аманат  сияқты 

болады. Кейде іштей сырласып қоямын. Ерекше қабілетті, есті жанның 

елесі есімнен шықпайды... Биыл Алма апайдың бақилық болғанына да 

он жыл өтіпті. Ызғарлы ақпан айында суық хабарды естігенбіз. Артында 

өл мес мұрасы қалды дегенмен де, сондай асыл жандар ұмытылмас үшін 

еске  түсіріп  отыру  қалғандар  үшін  парыз  болып  саналатындықтан,  аз 

күнде есте қалғандарын қағазға түсірдім. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет