«Түркі əлемі», №3-4, 2010 жыл
Шəрбану БЕЙСЕНОВА
ҒАЛЫМДЫҚ ТҰЛҒАСЫ
Біздің қатарымыздың үлкен құрметке лайық адамының бірі Алма еді
ғой. Иə, филология ғылымының докторы, профессор Алма Мү тə ліп қы-
зы Қыраубаеваның қазақ ғылымындағы өмірі кім-кімге өнеге.
Алма студенттік шақта əңгіме жазатын. Тырнақалды туындылары
жарияланып та жүрді. Алайда Алма жоғары курсқа келгенде өзінің зерт-
теу ші лік қабілетін анық танытты. Ұстазы Бейсембай Кенжебаевтың
же тек ші лі гі мен студенттердің ғылыми конференцияларында баяндама
жасай бастады.
Университетті бітірген соң ол ғылым жолын таңдады. Сол жолда
ұзақ жыл тұрлаулы еңбек етті. Университетті 1970 жылы бітіргеннен ке-
йін қазақ əдебиеті кафедрасына аспирантураға қалдырылды. 1974 жылы
қазақ əдебиетінің ежелгі нұсқалары бойынша кандидаттық диссертация
272
қорғады. Алманың педагогтік еңбек жолы да осы жылдан басталады.
Ол алғаш өзі бітірген факультетке ассистент болып орналасып, содан
профессорға дейінгі басқыштардан өтті.
Алма 1997 жылы қазақ əдебиетінің көне Шығыспен ежелгі байла-
ныстары жөнінде докторлық жұмысын қорғады. Ол жоғары мектеп сту-
денттеріне арнап оқулықтар жазды, шəкірт тəрбиеледі. Оның саналы ғұ-
мы ры табанды, қажырлы еңбектен тұрады десек, артық айтқандық емес.
Ол осы ғылыми жұмыстың бəрін отбасындағы əйелдің өмірі таусылмай-
тын, мəпелеп өсіріп отырған үш баласының тəрбиесімен ұш тас ты рып
ат қа ра білді. Оның бір ерекшелігі осында еді. Тұрмыстың да, тағ дыр дың
да сынына мойымай, ғылымдағы алға қойған мақсатына қарай ең бек те-
не біл ді, еңбектене берді.
Бір қалада тұрғанмен, тіршілік ауанымен ұзақ кездеспей кететін ке зі-
міз де жоқ емес-ті. Сондай бір ұзақ көріспеген жылдардан кейін Алма-
ны бірде университетте көрдім. Оның сол шақтағы кескіні маған қат ты
əсер етті. Табиғатында Алма еті тығыз, тығыршықтай қыз болатын. Сол
көргенімде қатты ысылып, жүдеген екен.
«Алма-ау, саған не болған?» – дегенімде: «Операция жасаттым», –
деді. Сосын өзіне тəн оптимистік жігермен: «Артық нəрселерді сылдыр-
тып алдырып тастадым ғой», – деп күліп қойды. Бірақ сол күл кі сін де
қан ша ма қиналыстың ізі жатты?! Тұрмыста көрген түрлі ауырт па лы ғы-
ның көлеңкесін байқауға болар еді...
...Тағдыр жолы біздерді Астанада қайта тоғыстырды. Бұл 2000 жыл-
дың жазы болатын. Астанаға Алма көшіп келіпті деген хабарды ес ті-
дім. Соның алдында Алманың кітабын шығарып беру жөнінде минис-
трлік басшыларының атына жолдаған өтініш-хаты маған тапсырылған
еді. Мына хабарды естісімен бір жағы Алмаға амандасайын, бір жағы
қолжазбасының жағдайын білейін деп Еуразия университетіне іздеп
бардым. Барсам, менің алдымда ғана Алма лекциясын аяқтап кетіп қал-
ған екен. Кафедраның қыздарынан телефонын алып, жұмысқа келдім.
Телефонмен сөйлестік. Жаңа жерге, жаңа ортаға келгендегі Ал ма ның
көңіл күйі өте жақсы көрінді. Ол ғылымдағы ұзақ жылғы ең бе гі нің
же мі сі н дей жинақталғанын, соны үзіп-жұлмай тұтас шығарғысы ке-
летінін айтты. Оған сөз бар ма? Қолжазбаңды əкеліп таста дегеніміз-
де, Алматыға бір шаруамен баратынын, одан ары Түркістан қаласының
тойына қатынасатынын айтып, содан оралған соң, қолжазбасын өзі жү-
йе леп, əкеліп беретін болды. Осылай келісілген соң күзге қарай кездесе-
тін болып тарқастық...
Арада бірер ай өткенде Алма ауырып, ауруханада жатыр екен деген
тосын хабар естідік. Ауырған адам, тəйірі, жазылмай ма? Үйіне шы ғып,
өзіне-өзі келген соң барып қайтармын деп түйіп қойғанмын. Уақыт жыл-
жып өтіп жатты. Бірге қызмет істейтін қызметтес қыздарынан «Алма
273
жұмысқа шықты ма?» деп сұрастырып едік, науқасының күрделі болып
тұрғанын айтып қиналыс білдірді.
Көңілін сұрауға үйіне арнайы іздеп бардым. Бұл уақытта Алманы
ауру меңдеген кезі екен. Сонда да өзін сергек ұстауға тырысып отырды.
Ауруы жайлы не қамығу, не уайым, не реніш табын қабағынан бай қат па-
ды. Үйінде анасы бар екен. Əр нəрсені əңгімелеп біраз отырдық. Сосын
əңгіме қолжазбаға қарай ойысты:
– Ежелгі əдебиетті көптен айналдырып жүрмін ғой. Жеке-жеке əр
жылдары шығып та жүр. Бірақ соның бəрінің басын біріктіріп, үлкен сү-
йек ті еңбек етіп, хрестоматиялық мəтіндерімен қосып шығарсам деген
бір арманым бар еді, – деп бір тоқтады. Үнінде кімді болса да тебірен-
терлік өмірге деген үлкен құштарлық жатты.
– Шығарасың əлі, Алмажан, оған біз қолымыздан келгенше кө мек те-
се міз, – деп бəйек болдық. Ол əнтек езу тартты. Сол күні қол жаз ба сы-
ның ал дың ғы бөлігінің дискеттегі нұсқасын тағы біраз материалдарын
алып кеттім. Келесі жолы қалған бөлігін өзі қарап шыққан соң алатын
болып келістік.
Жұмысқа алып келіп, Алманың өзінің шəкірті, Еуразия уни вер си те ті-
нің жас мұғалімі Жанат Əскербекқызын шақырып, компьютерге теріл-
ген дискетін ашып, қолжазбасымен жұмыс істеуді бастадық. Ал ма ның
«қо сың дар» деп берген блоктарын орын-орнына қойып, өзіне апарып
көр се тіп отырдым. Бұл 2001 жылдың қаңтар айының ортасы болатын.
Келесі бір барғанымда Алманың үлкен ұлы Ұлар келін əкеліп, беташар
тойы болып жатыр екен. Үйде Еуразия университетінің біраз педагог-
оқы ту шы ла ры, бірге оқыған достарынан Алдан, Жұмагүл, Əшірбек, Мү-
ни ра бар екен. Той тарқап, кісі саябырлаған шақта Алманың да кө ңі лі
жай лан ған дай еді. «Үйдің иесі келді» ғой деп, көңілін демеп отыр ған дай
кө рін ді. Қолжазбасының таза қағазға шығарылған нұсқасын көр сет тім.
Өзі қарап шықты. Соңғы бөлігіне кіретін еңбектерін берді. Материал-
дарды іріктеп-сұрыптау кезінде Əшірбек те бірге болған.
Алманың оқулық пен хрестоматиялық мəтіндерді біріктіріп шы ғар-
сам деген ойына Əшкең қосыла қоймады. Екеуін біріктіргенде кітап
кө ле мі ұлғайып кетіп, ертең баспаның жоспарда көрсетілген көлеміне
сыймай, ретсіз қысқаруға ұшырайтынын айтып, хрестоматиялық мə тін-
дер ді «Өнер» баспасынан бөлек шығаруды өзі мойнына жүктеп, қол жаз-
ба ның сол бөлігін бөлек алды.
Мен ежелгі əдебиетке байланысты зерттеу материалдарын жеке ал-
дым. Қолжазбасының бұлай жіктелгеніне Алманың өзі де ықтиярлы
болды.
Қолжазбаның біз алған бөлігі «Ежелгі дəуір əдебиеті» деген атпен
2001 жылы Астанадағы «Елорда» баспасынан оқулық ретінде жеке кі-
тап болып шықты. Өкініштісі, Алма оны көре алған жоқ. Бірақ Алманың
274
арманы орындалды ғой деген ойдамын. Оның ежелгі дəуір əдебиетіне қа-
тыс ты жинаған хрестоматиялық дүниелері де биыл «Өнер» баспасынан
«Сақ əңгімелері», «Сұлтан Бейбарыс», «Тарғытай, Ширақ батыр» деген
атпен жеке-жеке суретті кітапшалар болып шыға бастады. Осылай оның
ең бек те рі ғылыми айналымға еніп, кеңінен тарап жатыр. Ұрпақтар игі лі-
гі не айналуда.
Жұмат ТІЛЕПОВ
ЕҢБЕГІ ЕРЛІККЕ ТЕҢ КҮРЕСКЕР АЛМА
Тəуелсіздіктің алғашқы жылдары. Сол уақыттарда тек Алматы мен
Астанада ғана емес, республиканың ел тығыз қоныстанған көптеген елді
мекендерінде жекеменшік жоғары оқу орындары мен орта білім беретін
арнайы мектептер бірінен соң бірі ашылып жатты. Оларды өмірге кел-
тіріп жатқан азаматтардың кəсіби мамандық дəрежелері де, ойға алған
түп кі мақсаттары да əрқилы болатын. Бірақ, негізінен, солардың дені
мынау қарбалас тұстың кім озып, кім қалады дейтіндей кезінде өздерінің
азды-көпті қаржысы мен іскерлік мүмкіндіктерін сынап көруге тəуекел
ет кен дер дің санатына жататын-ды. Олардың іштерінде кейбір бұрыннан
байланыстары барырақтары өздерінің қолдау көрсетіп демейтін жана-
шырларына иек сүйеп, додаға түсіп жүрсе, енді біреулері сырткөзге «бақ
шаба ма, бап шаба ма» деп тыраштанады. Қалай болғанда да, солардың
қай-қайсысы да көпшілік қауымның қолына бұрын оңайлықпен түспей
жүр ген «таңсық» мамандықтарға мүдделі жандарды тезірек арманына
жет кі зіп, қолдарына дипломдарын ұстауды мақсат етті. Мұның өзі, түп-
теп келгенде, тек жоғары білім алушы жастарды ғана емес, ілгеріректе
сондай мамандықты меңгергендерді көріп, «шіркін, менің де перзентім
осындай болса ғой» деп, көксеген ата-аналарды да «риза етудің қамы»
болатын.
Əлбетте, жоғары білімді мамандар даярланатын жоғары оқу орын да-
ры ның тиісті білім саласын игеруге қабілетті мектеп шəкіртін оқытып
шы ға ру аса игілікті шаруа екенін тек санаулы адамдар ғана емес, жал-
пы көп ші лік тің өзі де жақсы біледі. Əйтсе де сол дайындалып жатқан
көп ұза май өн ді ріс басқартатын, тіптен ел тізгінін ұстататын келешек
аза мат та ры мыз дың кісілік келбеті, азаматтық дəрежесі, ұлты, Отанына
дегендегі сезімі қан дай, солардың дені ертеңгі күні өз басын ғана күйт-
теп, өзінен өзгеге жақ сы лы ғы ауыспайтын дүмбілез кеуде, дүмше жандар
болып, капитализм за ма ны ның басты мақсаты – тек ғана өзіңді жарылқау
деп түсінетіндер болмау үшін қандай тəрбие керек дейтін мə се ле ні жан-
жақ ты ойланып, еңбек етіп жатқан мектеп ұжымдары бар ма дегенде,
осы ған жауап беру ілгеріде де, қазірде де оңай емес. Міне, осындай жай-
275
ды ойлаған кезде нар тұлғалы азаматтар тартар жүкке өз ар қа сын тос қан
көрнекті ғалым, филология ғы лым да ры ның докторы, профессор Алма
Мү тə ліп қызы Қыраубаеваның сонау 1993 жылы ашқан Гу ма ни тар лық қа-
зақ мəдениеті мектеп-лицейінің ғиб рат ты жайы ең алдымен еске тү се ді.
Алма Мүтəліпқызы замандасымыз аталмыш мектеп-лицейін ашу ба-
рысында, осы жүйедегі білім берудің негізгі бағыт-бағдарына респуб-
лика ұстаздарының назарын аудару үшін «Егемен Қазақстаннан» бас-
тап, еліміздің негізгі газет-журналдарына жиырмадан астам ма қа ла лар
жариялатты. «Жаным садаға» (1995), «Ежелгі əдебиет» (1996) атты кі-
таптарын «Жалын», «Əл-Фараби» баспаларынан бастыртып шы ғарт ты.
«Сенім» атты бағдарламаның жобасын 1996 жылы «Қазақстан мек те бі»
журналына бастыртты. Сол материалдардың мəні мен мазмұны ха лық-
тың талқысына түсті. Республика мектептерінің тағдырына ар нал ған
келелі жиын-конференцияларда ұстаздар тарапынан қолдау тауып жат-
ты. Еліміздің жекелеген өңірінде осы идеяны негізге ала отырып, бі лім
беретін мектептер жұмыс жасай бастады. Сондай бағытта өмір ке шіп
жатқан республиканың батысындағы бір мектептің тағдырынан ме нің
де хабардарлығым бар-ды.
Бір жолы маған сондай мектептің басшысы Ордалы Мұқанов дей тін
азамат хабарласты. Өзін сонау бала кезінен білетінмін. Тұщықұдық атты
елді мекендегі, бүгінде халық ақыны Сəттіғұл Жанғабылов есімімен
аталатын жанындағы интернатта бірер жыл тəрбиеленгенбіз. Мектеп-
тен кейін Атыраудағы педогогикалық институттың физика-математика
факультетін үздік бітіріп, көп жылдардан бері ұстаздық етіп келе жат қан
белгілі маман. Ара-тұра ауылдық кеңестің төрағасы секілді қыз мет тер
атқарғаны болмаса, негізінен, сол өзі өмірге келген өңірдің мектептерін-
де директор болып істейтін-ді. Өзі жаңалыққа жаны құмар, ізденімпаз,
баяғы атақты ақын Қашаған Күржіманұлы атасы секілді, не болса да
көзі жетіп тұрған жайды кесіп айтатын нағыз ердің сойы болып ер жет-
ті деп еститінмін. Сол жігіт, міне, Алматыға келіпті. Негізгі шаруасы –
Алма Мүтəліпқызымен тілдесу, ыңғайына қарай өзі басшылық ететін
мектепке шақыру. Бірақ бұл шақыру, қазекеңнің «елге келіп, жер көріп,
ағайынды аралап, арқа-жарқа болып тынығып қайтыңыз» дейтін тіле-
гінен гөрі басқаша шақырыс. Бұл – ұрпақ тəрбиелеп жатқан, сол ұр пақ-
тың келешегі үшін ақ тер, көк тер болып еңбектеніп жүрген ұстаздар
қо сы ны ның тың-тынысты, озат үлгідегі қазақ мектебінің негізін өмір ге
əкеліп отырған жанды орталарына ала отырып, армансыз ақыл да су дың
шақырысы. Бұл – келешек қазақ қауымының көкірек көзімен елестете
алатын Алма Мүтəліпқызының білім, тəрбие беру үлгісінен қа пы сыз үй-
ре ну дің қамындағы шақырыс. Ал Алма Ордалы айтқан сол шақыруға
келісімін беріпті. Соған Ордалы шексіз қуанышты. Өзінің Алманың
өмір жолынан, атқарған қызметтерінен менен гөрі біліңкірейтіні сөй ле-
276
ген сөзінен көрініп тұр. Сонда да болса ол менен оның мінезін, шы ғар-
ма шы лық ізденістерінің бағытын сұрайды. Оған мен не айтам? Бая ғы-
да университетте қатар оқығандығымызды, менің одан бір курс ілгері
оқы ған ды ғым ды өзі де біліп отыр. Ибалы, биязы, сыпайы адам екенін,
көп ізденетіндігін, Жамбыл сынды ұлы жыршының келіні екенін ай-
там. Осы кезде Ордалым маған: «Əй, сен маған, Алма биязы, сыпайы
деп сипақтатпа! Сыпайы адам біздің ауылымызда да біраз бар. Алманы
Алма етіп отырған оның мінезінің бір ерекшелігі, өжеттігі болуға тиіс.
Сен маған білсең, соны айт!» – дейді. Мен қонағымның бұл қылығына
ептеп таңданғандай болып, оның бетіне қараймын. Ол болса жай кез дің
өзін де ар жағынан жігер оты маздап тұратын көкшіл көзін маған қа дай
қа рап қалған. Тіптен ар жағында ептеп ашудың да сесі бар.
Менің есіме сонау бір алыс жылдардағы университетте жыл сайын
өте тін студенттердің ғылыми конференциясының көмескі бір көрінісі
түс ті. Алма онда екінші курста оқиды. Түске дейінгі отырыс. Қазір дəл
жадымда жоқ, əлденендей тақырыпта ол баяндама жасады. Ұмытпасам,
Өз бек стан нан келген бір ересектеу студент оның қозғап отырған мə се ле-
сі не ескерту жасады ма, сын айтты ма, сондай бір жағдай болды. Алма
мəжіліс басқарып отырған ұстазымыздан ұлықтап сұрап, сыртқа шы ғып
кетті де, көп ұзамай, екінші қабаттағы кітапханамыздан В.В. Бар тольд-
тың кітабын əкеліп, сөз сұрап алып, ара-тұра қолындағы ұлы оқы мыс ты-
ның еңбегін ашып жіберіп, əлгі қонақпен біраз айтысқа түсті. Қар сы ла-
сы да біраз уəж айтқан болып еді, біздің Алма қонақ студенттің ая ғын
бастырмай қойды. Тілектес болып отырғандығымыздан да шығар, əй те-
уір, бізге сол жолы Алма қарсыласынан биік болып көрінді де, «Жа рай-
сың, Алма», – деп қол соғып жібердік. Біздің бұл қылығымызды тү сін-
ген əрі өзге республикадан келген қонақ студенттердің көңіліне кір бең
түспесін деп ойлаған жиналыс төріндегі профессор Темірғали Нұр та-
зин ұстазымыз көсіле сөйлеп, əлденендей мəз болып, екіжақты бі тім ге
шақырғандай болғаны бар-ды.
Мен сол жолы Ордалыға осыны айттым. Байқайым, қонағым əл гін де-
гі дей емес, байсал тауып байырқаған сияқты.
Шынында да, адамға мінез, соның ішінде өжеттілік керек-ақ қой. Бі-
рақ елдің мүддесіне қызмет ететін келелі іске басшылық жасау үшін тек
бір ғана мінез аздық етеді. Оған жаныңның шақпағын ұрып, өзіңді тұ тан-
ды ра тын жігерлілікке қоса ересен өнеге-үлгі аларлық ортаның тəр бие сі
керек.
Асау уақыттың тертесіне жегіліп омырауына күш түскен, құй қыл жи
құбылып тұрған тіршіліктің тізгінімен алысып жүріп күн кешкен, біз дің
алдымыздағы сандаған буынның оймен жүдеп, оймен түлеп, өмір сүр ге-
ні хақ. Ұлы күрестер солардан қалған. Бірақ ізденістің бəрі сəтті, бəрі
нəтижелі бола бермеген. Талай тарлан тарығып, талай жампоз жа быр қа-
277
ған замандар өткен. Соларды білетін, кеудесінде оты бар небір жі гер лі
жандардың өзі қаралай жасымаса да, үнемі қайсарлық танытып, үне мі
тəуекелдің жел қайығына мінуге батылдықтары жете бермеген. Өйт ке ні
арғы дəуірлерді айтпағанда, бергі XVIII–XX ғасырлардың жыл да рын да-
ғы қазақ ұлысы əманда іздегенін тауып, ойлағанын орындай алар лық
іргесі берік іргелі жұрттардың санатында бола бермеген. Өз үйін де
отырып, өз жерінде жүріп, өзгеге жалтақтаумен тірлік кешіп, өгей сіт-
кен өмірдің өңезін жалап күн кешкен тұстары аз болмаған. Батыры бір
оқ тық болды. Ойшылы сол ойлылығынан жапа шекті. Шешен тілдер
күр ме ліп, ұлтжанды ұланы ұрда-жық есерсоқтың қолынан жантəсілім
тауып жатты. Ақынын азғын деп, ғалымын залым деп «дəлелдеп» жаза-
лау үс тем жұрт «саясаткерлеріне» қисынсыз болса да қиын болған жоқ.
Бұ рын табиғат апаты мен індет ауруынан басқадан сескенбейтін серке
жұрт өз билігі, өз тізгінінен айырылып қалғаннан кейін күресіп те мəн
таба алмады, айтысып та ажары кірмеді.
Аузына қақпақ жабылып, басына тоқпақ төнумен тұрды. Жылдар
жылжып, жымысқы саясат зеңбірегін қолында ұстап отырған ұс тын-
тұлғалар алмасқанымен, бұратаналарға деген бұрынғы пейілінен ке йін-
гі ле рі де алжасқан жоқ. Жыл мезгілі өзгеріп, қыс артынан көк тем келіп,
«қар дың басын қар алып, ханның басын хан алып» жатса да, бұ ра та на-
лар ға дегенде баяғы тоң қабақ, томырық мінез өзгермей қой ды. Əйтсе
де ұлттың өмірі жеке тұлғаның өміріндей емес. Жеке адамды ұстанған
пі кі рі нен айнытуға болады. Өлтіруде оңай. Бірақ жекені жазалағандай,
тұ тас ұлттың үнін өшіру қиын. Белгілі бір уақытқа қорқытып-үркітіп
үрей лен ді ру ге болғанмен, миллиондаған жанды жаппай табанға салып,
бү кіл арман-мақсатынан түбегейлі безіндіру оңай емес.
Марқұм Алма Қыраубева замандасымыз өзіміз секілді «ком му низм-
нің нұрлы келешегіне» аршындай қадамдап өмір сүрген «кемелденген
социализмнің» тұсында есейіп, ер жетті. Сырттай коммунистік сая сат-
қа жан-тəнімен қызмет етіп жүрген сияқты болғанмен, шын мə нін де
өгейлікте өмір кешіп жүргендерін айқын да анық түйсініп, іштей кі жі-
ніп жүретін саналы жандардың сезімдерін қапысыз сезініп, тірлік кеш ті.
Оның үстіне, ғылыми жетекшісі революцияға лейінгі дəуірде-ақ талай
абырой, атаққа ие болған шығыстанушы, түркітанушы ға лым дар мен пі-
кір лес профессор Бейсембай Кенжебаев ақсақал болатын. Ал зерттеу
объектісі əдебиетіміздің ежелгі дəуірі еді.
Əдебиеттің ежелгі дəуірін зерттеу, бұл, түптеп келгенде, бүтін бір
ұлт пен ұлыстың өткенін тануға бастайтын жолға түсумен бірдей жай
болатын. Ал аталмыш кезеңнің əдебиетін тісі батып зерттеген адамның
өзі сол құндылықтарды өмірге келтірген жандардың ұрпағынан болса,
онда ол сонау арғы ата-бабаларының арадағы бірнеше жүз жыл дық тар-
ды баса-көктеп өтіп, бүгінгі жер басып жүргендерге жолданған сəлем-
278
аманатының үнінен айрықша рухқа бөленер еді. Шын ма ғы на сын да ғы
кісіліктің басты атрибуты ұждандылық пен ізгіліктің сол замандарда да
адамзат баласы үшін ең өзекті мəселе болғанына көзі жетер еді. Ынсап-
сыз ашкөздік пен жəдігөй жауыздықтың тамырына балта шабу үшін өмі-
рін сарп еткен жандардың тағдырына үңіле отырып, ұрпақ мəселесіне
те рең ой жүгіртер еді. Белгілі бір дəуірде үстемдік құрып жүрген эт нос-
тар дың жаратушының ерекше мейірімімен өмірге келтірілгендігінің
ар қа сын да емес, сандаған буынның сол қауымды көркейту жолындағы
кү ре сі нің нəтижесінде ілгері шығып тұрғандығына ден қояр еді. Бұл
жайлы Алма Мүтəліпқызы замандасымыздың бəрімізден де көбірек, бə-
рі міз ден де тереңірек ойлағанында күмəн жоқ. Ол «Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқиық», – дейтін Ыбырай атасы аштыртқан мектептердің
де, оның алдында Жəңгір хан өмірге келтірген оқу орнының да өнеге-үл-
гі сі мен нəтижесін ғана емес, сонау əрісі Афина мен араб білімпаздарын
өмірге келтірген білім шаңырақтарының да, кеңестік дəуірдің жалпы
білім беретін оқу орындарының да басты ерекшеліктерін зердесінен
өткізіп барып, саналы да жігерлі ұл мен қыз тəрбиелейтін ұлттық мек-
теп тің бағдарламасын жасап, мектеп ашты. «Бізде басқалардың тəр бие-
сі өзімізден артық көрінетін бір кембағалдық əдет бар. Басқа ел дің тə-
жі ри бе сін тұтастай енгізу жақсылыққа əкелмейді. Оның ішінде ұлт тық
құндылықтарға қабысатынын ғана пайдалануымыз керектігін ескере
бермейміз... Оқулықтарымыздың мазмұнының жаңа буынға арналып жа-
ңа ра бастауы – қуанарлық жай. Алайда оқулық көлемін қанша қам пайт-
қан мен, ұлттық тəрбиені толық қамти алмайды. Ол қосымша бағ дар ла ма-
лар мен толығуы тиіс. Бастауыштан бастап ертегі аңыздар, ұлт тық əдеп,
Қазақ елінің арғы-бергі тарихынан қызықты оқиғалар, ұлт тұл ға ла ры,
ежелгі əдебиет, ислам əдебиетінен мағлұматтар содан алынуы тиіс. Ұл
тəрбиесі мен қыз тəрбиесінің ерекшеліктерін ескере отырып, бастауыш-
тан мектеп бітіргенге дейінгі ұрпақтар тəрбиесін халық тəрбиесінің не-
гі зін де жүргізу лəзім. Мектептің бағыт-бағдары, мазмұны түгел қазақ
рухында болуы қажет», – деп жазды ол сол тұста.
Шынында, көптеген жандар өзінің перзентіне ұлттық тəрбие беруге
құмар-ақ. Өйткені əрбір естияр ұлт өкілі берісі əулетінің, əрісі бүкіл хал-
қы ның сандаған ғасырлар бойы ата-бабаларының еңбегі арқылы қа лып-
тас қан елдік құлықтан қай кезде де айырылып қалмауға мүдделі. Бі рақ
дегдарлардың өзіне де сол ойлаған ойын жүзеге асырудың жолы тіп тен
де оңай емес. Оңай болмайтыны, сондай ұлттық тəрбиені жас өс пі рім
ұрпақтың бойына қапысыз сіңіріп тəрбиелейтін мектептің бағыт-бағ да-
рын түсініп, оның өмірге келуіне жанашыр билік иелерін табу қиын.
Көзі қарақты жанға жарты ғасырдың ішінде бір-бірінен елеулі айыр ма-
шы лы ғы бар, берісі үш буынның өсіп шығатыны оп-оңай-ақ аңғарылса,
тұр мы сы жайлы жайбасар сана иесінің көбісі осы жайды ескеруге кел-
279
генде енжарлығымен ерекшеленеді. Ал енжарлық бел алып тұрған кезде
ел дік мүдденің белі майысты дей беріңіз.
Осының бəрін көре жүріп, біле жүріп, марқұм Алма Қыраубаева за-
мандасымыз 1993 жылы Алматы маңындағы Қарасай ауданының Жан-
досов атындағы ауылынан Гуманитарлық қазақ мəдениеті мектебін
ашты. Жанындағы серіктері де өзі секілді қазақ ұлысының ары мен абы-
ройы үшін аянбай еңбек етуге білегін сыбана кіріскен, өз тұрғысында
кі лең жанкештілер болатын. Оқу бағдарламасында əр сыныптың өзіне
сəй кес дағдылы пəндермен қоса, «Əлемтану», «Елтану», «Əдеп», «Ис-
лам мəдениеті», «Ежелгі əдебиет», «Қыз əдебі» секілді жаңа сабақтар
кір гі зіл ген. Ал ұстаздар қауымы мектеп табалдырығын жаңа аттаған шə-
кір ті нен бастап, жоғары сынып оқушыларының қай-қайсысының бол-
сын, жан-дүниесін қапысыз түсінер сырлас досындай бола отырып, сер-
гек мінезді, сезімтал, батыл да байсалды азаматты тəрбиелеп шығаруды
мақ сат етіп қойғандығымен ерекшеленетін. Шəкірт атаулының дү ние та-
ны мын, өмірге деген құштарлығын, ұлтына деген сүйіспеншілігі мен
мақтанышын қалыптастыру үшін оларға қазақ мəдениетін жүйелі түр-
де оқыта отырып, əрқайсысының бойына адамға деген əдептілік пен
са быр лы лық ты, қанағатшылдық пен намысқойлықты ұялатуға жан са-
лып бағыпты. Бұл мəселелердің қай-қайсысын да Алма марқұм өзі нің
оқырмандары назарына ұсынылған күнделік дəптерінде ашық-ақ жаз-
ған. Ол тіптен осынау аса қиыншылықпен ашылған Жандосов ауы лын да-
ғы Гуманитарлық қазақ мектебіне ілтипатпен қараған жандар мен ақыр
аяғы мектепке қыста жылу бердірте алмаған қолында билігі бар лар дың
бі ра зы ның қылығын жауып жасырмастан анық көрсеткен. Күн дер дің
күнінде осы жылусыз мектепте оқыған шəкірттерінің аурулы болып қал-
ма уы нан сақтанған ұжымның өз қолдарымен ашқан мектебін амалсыз-
дан өз қолдарымен жапқанын да қынжыла баяндаған.
Бірақ жаратылысынан жігерлі, ақын жанды, əрі əнші, əрі ғалым, ғы-
лым докторы, профессор Алма Мүтəліпқызы өзі бастап, өмірге келтір-
ген ұлттық тəрбиенің негізінде өмір кешіп жатқан сонау қияндағы Маң-
ғыс тау облысының Тұщықұдық елді мекеніндегі Сəттіғұл Жанғабылов
атын да ғы мектепке Ордалы Мұқановтың шақыртуымен барған сапарын
өзі нің жол жазбаларында да, кейін содан алған əсерін Алматыға келіп,
біз дер ге айтқанда да соншалықты бір сүйіспеншілікпен баяндағандары
күні бүгінгідей есімізде.
Алма Мүтəліпқызы – аз өмір сүрсе де, көп шаруалар тындырып кет-
кен азамат. Ғылымда өзінің терең таным-түсінігімен еліне кеңінен мə-
лім болды. Қазақ əдебиетінің ежелгі дəуірін зерттеді. Филология ғы лы-
мы ның докторы дəрежесіне жетті. Бір кезде өзі білім алған Əл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Астанадағы Л.Гумилев атын-
да ғы университеттің профессоры болды. Алдынан мыңдаған шəкірттер
280
өтті. Бəріне де үлгі тұтар ұстаз бола білді. Көптеген əріптестерінен бір
ерекшелігі – ол сол жас буынның көбінің жанын ұғар жанашыр жа қы ны,
сырлас досына айналды. Бұл жайлар өзінің жазған кітаптары, замандас-
тары мен шəкірттері жарыққа шығарған «Алма апай» атты жинақта жан-
жақ ты баяндалған. Өзі ұлы Жамбыл ауылына келін бола жүріп, Жəкең
атасы туралы, оның келіндері мен немерелерінің естеліктерін ғана емес,
сол өңірдің өнерлі жандарының əуезді əуендерін өзі үйреніп, үнтаспаға
тү сі ріп, елге жеткізді. Ата-анадан, келген жеріндегі абысын-ажын, ене-
лерінен, өз замандастарынан көрген, аңғарған, оқып ойға қалған тəрбие-
тə лім мəселелеріне тереңнен ой жүгірте отырып, қазақ ұлтының келе-
шегі – жас ұрпақтың тəрбиесін жетілдіру мəселесін күн тəртібіне қоя
білді. Соның негізінде ұлт мүддесін жеке адамның өзімшілдік ние ті нен
жо ға ры қоюға мүдделі болатын ұрпақтар шыңдайтын мектептің үл гі-
сін өмір ге келтіруге мұрындық болды. Мектеп ашты. Шын мəнісінде,
бұл ер лік ті талап ететін еңбектің үлгісі еді. Алманың осы қасиеті оның
сан қыр лы талантының бір қыры ғана емес, елдің мақсат-мүддесін ой-
лай бі ле тін ақылмандығының басты көрсеткіші болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |