Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев



Pdf көрінісі
бет26/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53

Мұхтар МАҒАУИН

ҒАСЫРЛАР МҰРАСЫ

V–XV ғасырлар аралығындағы мыңжылдық ұзақ дəуір ішінде түрік 

ті лін де жасалған толып жатқан ескерткіштер туыстас түрік ха лық та ры-

ның бəріне бірдей ортақ мəдени мұра екендігі – көптен белгілі ақиқат. 

Алайда біз көне түрік ескерткіштерінің қазақ əдебиетіне қатысы бар ма, 

жоқ па дейтін мəнсіз талас төңірегінде көп уақытымызды өткізіп ал дық. 

Осының  нəтижесінде  көне  жəдігерлерді  зерттеу  саласында  өзі міз бен 

туыстас түрік халықтарынан, оның ішінде татар, өзбек ғалымдарынан 

көш  кейін  қалдық.  Қазақ  əдебиетшілері  көне  түрік  əдеби  мұраларын 

зерттеуге соңғы он жыл ішінде ғана ден қойды. Кеш бастағандықтан əрі 

сылбыр бастағандықтан күні бүгінге дейін ауыз толтырып айтарлық ша-

руа тындырғамыз жоқ. Міне, сол себепті де жас зерттеуші Алма Қы рау-

бае ва ның жұртшылық назарына ұсынып отырған «Қыссас Рабғузи» мен 

«Мұ хаб бат-наманың» идеялық-көркемдік ерекшеліктері» атты ғы лы ми 

ең бе гі мейлінше құптауға лайық.

Көне мұраларды зерттеу саласында дұрыс бағытта отырған Қа зақ уни-

вер си те ті нің қазақ əдебиеті кафедрасының көңіліне келмесін, жас зерт-

теу ші нің  алдына  тым  үлкен  міндет  қойылған.  Совет  түркологиясында 

бір ша ма  зерттелген,  Алтын  Орда  дəуіріндегі  ең  елеулі  туындылардың 

бірі – «Мұхаббат-наманы» былай қойғанда, Рабғузидың «Қиссас-ұл-əн-

бия» атты еңбегінің өзі – бір кандидаттық диссертацияға жетерлік жүк. 

Тіп ті докторлық диссертацияға десек қателеспейміз. Сірə, бұл – біз дің 

əлі де тереңге бойламай, көне ескерткіштерді сырттай сипаттаудан асып 

кете алмай жүргеніміздің əсері болса керек. Алайда жас зерттеуші өзі-

нің алдына қо йыл ған міндетті абыроймен атқарып шыққан: үстірт маз-

мұн дау  дə ре же сін де гі  компиляция  емес,  толыққанды  ғылыми  еңбек 

ұсынған.

Зерттеу үш тараудан тұрады.

Бір жағынан кіріспе міндетін атқаратын «Дəуір жəне əдебиет» атты 

ал ғаш қы тарауда ХII–ХIV ғасырлардағы тарихи жағдайға қысқаша шолу 

жасалады, қазіргі Орта Азия, Қазақстан өлкесін мекендеген түрік ха лық-

та ры ның  мəдени  өмірі  сыпатталады.  Автор  түрік  халықтарының  орта 

ға сыр лар да ғы əдеби, мəдени ахуалын бүкілəлемдік ци ви ли за ция ның да-

муынан тысқары қарастырмайды, оның құрамдас бөліктерінің бірі деп 

санайды.


263

Бұдан ары Əлидің «Қисса Иусуф», Құтбаның «Хұсрау уа Шырын», 

Сəйф Сараидің «Гүлстан би-т-түрки», «Махмұд бин Əлидің «Нахдж-ул-

Фарадис»  сияқты  шығармалары  туралы  арнайы  сөз  болған.  Бұл  ретте 

жас зерттеушінің өз тақырыбына қатысты əдебиетті жақсы білетіні, бұ-

рын ғы-соңғы филологтер мен тарихшылар еңбектерімен етене та ныс ты-

ғы аңғарылады.

Тек бір ескертпе, қазақ тілінде жазып отырған авторымыз көптеген 

кісі есімдерін, топонимикалық жəне басқадай атауларды орыс тіліндегі 

жазылуынша береді. Урус хан – қазақшасы Орыс хан, Азак – Азақ, Су-

дак – Су дақ, Булгар – Бұлғар, Акча-Кермен – Ақча Кермен, Мубарак-ход-

жа – Мү бə рак қожа, Турция – Түркия, халиф – халифа, суре – сүре болуы 

керек. Кейде қазақша баламасы бар терминдер орысша қолданылыпты. 

Мысалы: клинопись жазулар – сына жазулар, версия – нұсқа т.т. Автор 

мың жылдан бері ана тілімізде қалыптасқан Еділ деген атауға аузы бар-

май, үнемі Волга деп жазады. Мұның бəрі ұсақ-түйек емес.

Еңбектің ең қомақты, ғылыми жағынан құнды бөлімі – «Қиссас-үл-

əн бия ға» арналған екінші тарау.

«Қиссас-үл-əнбия» – Алтын Орда дəуірінде туған нəзира əде биет тің 

ішіндегі ең көлемдісі жəне əдеби мəні тұрғысынан алғанда ең елеу  лі  ле -

рі  нің бірі. Шығарма «Пайғамбарлар туралы əңгімелер» атал ға ны мен, 

оның  шын  мазмұны-мəні  діни  ұғымдармен  ғана  шектеліп  қал май ды. 

Мұ сыл ман  əулие-əнбиелері  саналатын  Қызыр,  Ибраһим,  Ыс хақ,  Мұ-

ха мед туралы, жердің, көктің, адамның жаратылуы туралы діни аңыз-

дар мен бір ге Лұқман хакім, Ескендір Зұлқарнайын, Дəуіт, Сү  лей  мен, 

Жү сіп туралы əпсана, ғибрат əңгімелер, көркем хикаялар жи  нақ  тал  ған 

«Қис сас-үл-əнбия»  əлденеше  ғасырлар  бойы  түріктілдес  мұ  сыл  ман 

ха  лық  та ры ның  рухани  өміріне  елеулі  əсер  етті.  Олардың  əде бие ті не 

ық пал жасады. Сондықтан да А.Қыраубаеваның Рабғузи шы ғар ма сын 

«тұ тас бір дə уір əдебиетінің хрестоматиясы, құнды мұра» деп бағалауы 

əб ден орынды.

«Қиссас-үл-əнбия» – авторының өзі қисса деп атаған алпыс шақты 

үл кен ді-кішілі əңгіме-хикаяттардан құралған. Зерттеуші бұларды та қы-

рып тық, идеялық, мазмұндық сыпаттарына орай екі топқа бөледі: 1. Та-

би ғат, дүние құбылыстары, адамның пайда болу заңдылығы жа йын да ғы 

философиялық-фантастикалық мифтік əңгімелер; 2. Дінді таратушылар, 

халифтар, тарихи адамдар жайлы деректі, дерексіз аңыз-қиссалар, ауыз 

əдебиетінің көркем үлгілері, өлеңдер».

Рабғузи шығармасындағы ең басты əңгімелер, міне, осы үлгі бойын-

ша жіктеледі. Қай топтағы əңгімелерді болмасын талдау үшін үлкен бі-

лім дар лық керек десек, А.Қыраубаева талап деңгейінен табылған. Діни 

аңыздар  жөнінде  сөз  болғанда  оның  ислам,  христиан,  иудей  діндері 

тө ңі ре гін дегі  ғылыми  еңбектермен  жақсы  таныстығы  аңғарылады.  Ал 


264

дү нияуи əңгімелер сөз болғанда жас зерттеушінің революцияға де йін гі 

қа зақ əдебиетін жете танығаны, көршілес түрік халықтарының əде бие-

ті нен де жақсы хабардар екені көрінеді. Осының нəтижесінде жас зерт-

теуші ««Қис сас-үл-əнбия» туралы құнды ғылыми пікірлер айта ал ған. 

А.Қы рау бае ва ның  əсіресе  Жүсіп-Зылиха,  Ескендір  Зұлқарнайын,  Лұқ-

ман хакім туралы əңгімелер төңірегіндегі ойлары назар аударарлық. Жас 

ға лым  бұл  аңыздарды  қазақ  əдебиетінің  даму  процесімен  байланыста 

тек се ре ді. Рабғузи шығармасының революциядан бұрын қазақ арасына 

ке ңі нен тарауына себеп болған жайттар жан-жақты сөз етіледі, дə йек-

ті  дə лел де не ді.  А.Қыраубаева ««Қиссас-үл-əнбия»  сюжетіне  жа зыл ған 

Жү  сіп  бек Шайхұлисламұлының, Құлмұхамед Байғұлұлының, Тұр ма ғам-

бет тің шығармаларына да нақты тоқталады, олардың əдеби мəнін ай қын-

дай ды.


Екінші тараудың құндылығы – оның көне түрік əдебиетіндегі елеулі 

ескерткіштердің бірі – Рабғузи шығармасын əдеби жағынан қа рас тыр-

ған тұңғыш көлемді зерттеу екендігінде.

Бірер  ескертпе:  А.Қыраубаева  Рабғузи  шығармасының  аты  «Қисса 

Раб ғу зи» деп есептейтін зерттеушілердің пікірін ұстанады.

Жəне өз тарапынан: «Шығарманың шын аты «Рабғузи қиссасы» бол-

са, кейін «Пайғамбарлар қиссасы» болып өзгертілген. Бұл, сөз жоқ, дін-

дар лар дың кітаптың діни жағын баса айту мақсатынан туған», – дегенді 

айтады. Бұл пікірдің алғашқы бөлігі күмəнді, екінші бөлігі қате. Қа рас ты-

ры лып отырған шығарманың түп төркіні – əулие-əнбиелер туралы араб 

тіліндегі  əңгімелер  жинағында  жатыр.  Егер  Рабғузи  шығармасы  тү рік 

тіліндегі  осы  тақылеттес  жалғыз  туынды  болса,  араб,  парсы  тілдерін-

де  осы  мазмұндас  жинақтар  ондап  саналады.  Олардың  бəрінің  де  аты 

«Қиссас-үл-əнбия». Мəселен, Мұзаммед Хувайзидің «Қиссас-үл-əн бия-

сы», Абд-ал-Латиф Бирджандидің «Қиссас-үл-əнбиясы», Ахмед Мүн ші-

нің «Қиссас-үл-əнбиясы», Исхақ бин Ибрахим Нишапуридің «Қис сас-

үл-əнбиясы» т.т., т.б. Оның үстіне Рабғузи шығармасын революциядан 

бұ рын əлденеше мəрте бастырған (1859, 1881, 1899, 1914) Н.И. Иль мин-

ский дің мұсылман болмағанын еске алайық.

Екінші – Рабғузи шығармасының жазылған уақыты. Қазір «Қиссас-

үл-əнбия» – хижраның 710, яғни 1310 жылы жазылды деп есептеледі. 

П.М. Мелиоранскийдің айтуынша, «Қиссас-үл-əнбияның» ең көне қол-

жаз ба ла рын да  осы  сан  көрсетілген.  Алайда  Ильминский  басылымда-

рында  «Тарих  хижраның  секіз  иуз  тақызынчы  йылында  бұ  қисса  иа-

зылды» деген сөздер бар («Қиссас-үл-əнбия», Қазан, 1914, 5-б.), Бұл – 

1406–1407 жылдарға сəйкес келеді. Айырма тура бір ғасырға та қау. Бұл 

мəселе анығына жете тексеруді қажет етеді.

Еңбектің  соңғы,  үшінші  тарауы  Хорезмидің  «Мұхаббат-намасына» 

ар нал ған. Зерттеушінің бұл шығарманы таңдап алуының басты себебі – 


265

поэ ма ның қыпшақ-оғыз тілінде əрі қазіргі қазақ жерінде жа зыл ған ды-

ғын да.

«Қамұғын Сыр яқасында бітідім», – дейді Хорезми. Осы орайда бел-



гілі совет түркологі Əмір Нəжіп: «Бұл тамаша шығарманың Сыр да рия-

ның төменгі аңғарында, яғни қазіргі Қазақстан жерінде дүниеге келуі – 

Ақ Орданың мəйегі болған бұл өңірдегі мəдени өрлеу Ахмед Ясауиден 

соңғы  дəуірде  де  тоқталмағанын,  оның  гүлденіп,  биік  өреге  жеткенін 

көрсетеді. «Мұхаббат-наманың» ғажайып ақындық лұғаты бұл ке зең де 

осы өңірде əдеби тіл біржола қалыптасып, сөз өнері үлкен та быс тар ға 

жеткенін куəландырады, – деп жазған еді.

«Мұхаббат-нама» – совет  түркологиясында  біршама  танылған  шы-

ғар ма. Бұл ретте əсіресе Хорезми туындысын бастырып шығарған, ол 

туралы түбегейлі зерттеулер жариялаған Əмір Нəжіп еңбегі атап ай ту ға 

тұрарлық.  А.Қыраубаева  да  өз  жұмысын  «Мұхаббат-наманың»  Нə жіп 

1961  жылы  бастырған  нұсқасына  сүйене  отырып  жүргізген.  Поэ ма ға 

қатысты дерек, мəліметтердің біразы осы Нəжіп зерттеулерінен алын-

ға ны көрінеді. Алайда А.Қыраубаева өзіне дейінгі пікірлердің кө лең ке-

сін де қалмаған. Дербес зерттеу ұсынған. «Мұхаббат-наманың» өзін дік 

сыпаты  мен  озық  белгілері,  образ  жасау  тəсілдері,  идеялық-көр кем дік 

қасиеттері ашып көрсетілген. Көне шығарманың қазақтың төл əде бие ті-

не қатысын айқындайтын нақты мысалдар келтіріледі.

Жас ғалымның «Мұхаббат-наманы» қазіргі қазақ тіліне қотарған ең-

бе гі де көңілге қонымды.

Тұтастай алғанда, А.Қыраубаеваның «Қиссас Рабғузи» мен «Мұ хаб-

бат-наманың» идеялық-көркемдік ерекшеліктері» атты жұмысы ғы лы ми 

зерттеулерге қойылар биік талап өресінен шыққан демекпіз.

1974 ж.

Серік МАҚПЫРҰЛЫ

ҰМЫТЫЛМАЙТЫН ДАРА ТҰЛҒА

Қадірлі замандас, көрнекті əдебиеттанушы ғалым, парасатты педагог 

Алма Қыраубайқызы жаратылысынан ерекше жан болатын. Өзі ара лас-

қан, қызмет еткен ортасына – білім берген ұстаздарына да, қатар қа нат тас 

əріп тес те рі не де, шəкірттеріне де бірдей сыйлы, адамгершілік болмысы 

жо ға ры парасат иесі екенін біздер, басқа жоғары оқу орын да рын да ғы əріп-

тес замандастары да, қарым-қатынаста болмасақ та, жақсы сезінетінбіз.

Біздер – ол ҚазМУ-да, мен ҚазПИ-де қатар оқыдық. Кейінірек қа лып-

тас қан замандастық-əріптестік сыйластығымыздың негізі сонау 60-жыл-

дар да ғы  бəрімізге  қымбат,  қайталанбас  студенттік  кезеңнен  басталған 

еді. 


266

1966 жылдың көктемінде Абай атындағы ҚазПИ-дің филология фа-

куль те ті нің І курсында оқып жүрген біздің топты С.М. Киров атындағы 

(қа зір гі Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) Қазақ мемле-

кеттік уни вер си те тін де гі курстастарымыз өздеріне кездесуге шақырды. 

Кездесуге негізгі себепші болған жайт, ұмытпасам, жазушы Ө.Қанахиннің 

ал дың ғы  жылы  жарық  көріп,  көпшіліктің  қызығушылығын  туғызған 

«Маз дақ» атты повесін талқылау. Біз, 25 студент, бір-ақ топ болатынбыз. 

Барымызды  киіп,  бақанымызды  ұстап  дегендей  қыздарымыз,  ұл да ры-

мыз бар – бəріміз қаздай тізіліп, трамвайға мініп, ҚазМУ-ге алып-ұшып 

жеттік. Кездесу Виноградов (қазірігі Қарасай батыр) көшесіндегі уни вер-

си тет тің студенттік кафесінде өтті. Бізде кафе жоқ, бұл да бір жаңалық 

болды тосын. 

Кездесудің барлық жай-жапсары есімде қалмапты. ҚазПИ сту дент те рі 

атынан пікірталасқа қатысып, повесть, оның кейіпкері (Маздақ) жайлы 

сөйлеп, кездесуге шақырғандары үшін рақмет айтқаным ғана есімде. 

Кездесуге  ұйытқы  болғандар  қатарында  сəл  кейінірек, 70-жыл дар-

дың басында-ақ сыншылық талантымен жарқ етіп көрінген Сағат Əшім-

баев (марқұм), көрнекті ақын замандасымыз, ҚР Мемлекеттік сый лы ғы-

ның  иегері,  қазіргі  Қазақстан  Жазушылар  одағы  ұйымының  төр аға сы 

Нұрлан  Оразалин,  Алма  Қыраубаева  (студенттік  шақтағы  фамилиясы 

осындай), белгілі талантты сыншы, «Алаш» халықаралық сый лы ғы ның 

иегері Сайлаубек Жұмабеков (марқұм) т.б. болатын. Бұл студенттік топ-

ты таланттар тобы десек те орынды болмақ. Айтып өткеніміздей, бұл 

топтан  кейін  əдебиет  пен  ғылым,  баспасөз  салалары  бойынша  еліміз-

ге танымал көптеген қайраткерлердің шыққаны белгілі. Олар біздің де 

мақтаныш ететін замандастарымыз. 

Бұл қызықты, ұмытылмас кездесу екі жоғары оқу орнының студент-

терін таныстырып қана қойған жоқ, табыстырды, достастырды да. Сол 

кездесуден бастау алған достық, сыйластық сезіміміз күні бүгінге дейін 

жалғасып келеді. 

Танысу-сыйласуымыз  достыққа  айналды  дегенім  де  аз,  себебі  сол 

жас тық кешінде казгулік бір замандасымыз Мырзабектің қырағы көзі 

біз дің топтың еліктің лағындай бір қызына түсіп, ол таныстық көп ұза-

май екеуінің шынайы махаббатына ұласып, бір жылдан соң Мырзабек 

пен  Еңлігіміз  шаңырақ  көтерді.  Сөйтіп,  кездесу  себепші  болып,  уни-

верситетке бір аяулы қызымызды ұзатып, ҚазПИ, ҚазМУ құда болып, 

еке уі нің тойын дүбірлетіп өткізгеніміз бар-ды. Алмамен бірінші таны-

суымыз осы кездесу сəтінде болса, екінші дидарласуымыз той думаны 

кезінде.


Институтты  тамамдап,  аспирантураны  аяқтаған  соң, 1972 жылдың 

кү зін де мен өзім білім алған қара шаңырақтың қазақ əдебиеті кафедра-

сында оқытушылық, яғни ұстаздық дастанымды бастадым. Семинар са-


267

бақ та рын жəне С.Мұқанов шығармашылығы бойынша арнайы семинар 

жүргіземін, сондай-ақ бірер жыл бұрын ашылған дайындық бө лі мін де 

са бақ беремін. 

Алмамен сол дүбірлі, ұмытылмас студент шақтағы кездесу-танысу-

дан  соң  жүздесуім 7–8 жыл  өткен  соң,  ұмытпасам, 1974 жылы  болуы 

керек. Сол жылы Шет тілдер институтында дайындық бөлімдерінде қа-

зақ тілі мен əдебиетін оқыту мəселелеріне арналған Республикалық əдіс-

те ме лік конференция өткізілді.

Бұл  шақта  Алма  да  аспирантураны  бітіріп,  Қазақ  университетінің 

профессоры Т.Кəкішев басқаратын мəртебелі қазақ əдебиеті тарихы ка-

федрасында оқытушылық қызметте, студенттерге де, дайындық бөлімі 

тың дау шы ла ры на да сабақ береді екен. 

Дайындық  бөлімдерінің  ашылғанына  көп  болса 2–3 жыл,  оқулық, 

оқу  құ рал да ры,  əдістемелік  құралдар  əлі  жоқ,  яғни  шешімін  таппаған 

мə се ле лер баршылық.

Конференцияға республикамыздың бірсыпыра қалаларындағы жо ға-

ры оқу орындары дайындық бөлімдерінде сабақ беретін біраз оқы ту шы 

жиналды.  Бəріміздің  де  бірер  жылдық,  азды-көпті  тəжірибеміз,  ойға 

түйгеніміз бар, соларды ортаға салмақшымыз. Алманың баяндамасы да, 

байыпты сөзі, байсалды қалпы да бəрімізге ұнады. ҚазПИ-ден кон фе рен-

ция ға қатысқан екеуміз, бірі маған студенттік кезеңде сабақ берген ұс та-

зым, аға оқытушы Зəрифа Оспанова (марқұм), екіншісі – мен. 

Апай, тегінде, екінің бірін қапелімде ұната қоймайтын, көпті көр ген, 

салиқалы кісі, тəрбиелі педагог. Алма ол кісіге бірден ұнады. Алма баян-

дама жасап тұрғанда да, одан кейін де апай:

– Мына қыздың байыптылығы, биязы мінезі қандай тамаша, сөзі қан-

дай орынды! – деп сүйсінумен болды. Үзілісте апай Алманы шақырып 

алып танысып, ризашылығын білдірді. Біз Алма екеуміз 60-жыл дар да ғы 

ҚазМУ-дегі кездесуді еске алдық. 

Өмір өзі қызық қой. Теледидардан көрген бір жағдай менің Ал ма-

мен  жақынырақ  танысып,  замандастық,  əріптестік  тұрғыда  кеңірек 

араласуыма да себепші болды. 70-жылдардың аяғы 80-жылдардың бас 

кезінде елімізде ақындар айтысын ұйымдастыру, өткізу қайта жандана 

бас та ға ны, екі облыс ақындарының, қыз бен жігіт айтыстарының өт кі зі-

ліп, оларды теледидардан жұртшылыққа көрсетіп, дəстүрлі өнерімізді 

насихаттау ісінің қызу өрістей бастағаны баршамыздың есімізде болар. 

Осындай  бір  кезекті  шараны – Алматы  қаласында  өткен  Қызылорда 

облысы мен Талдықорған облысы ақындарының айтысын теледидар-

дан тамашалап отырғанбыз. Экраннан айтысқа қатысушыларды шола 

көр сет кен  кезде  Қызылорда  ақындарының  арасынан  ұлттық  камзол 

киген, басында үкілі бөркі бар, қолына домбыра ұстаған Алманы көзім 

шалып қал ды. «Бұл қалай, мүмкін, бір айтыс ақыны келмей қалып, Ал-


268

маны  өті ніп,  соның  орнына  қосқан  болар»  деп  ойладым.  Оның  суы-

рыпсалма ақын ды ғы, əншілігінен бейхабар болатынмын. Айтыс қызу, 

əдемі өтті. 

Бірер айлардан соң ғой деймін, бір кездесіп қалғанда Алмадан:

– Өткенде айтыстан өзіңізді көрдік. Біздің облыс ақындарының то-

бында неғып жүрсіз? – деп əзілді-шынды сұрадым.

Алма:


– Біздің облыс дегеніңіз қай облыс? – деп қарсы сұрақ қойды.

Мен:


– Біздің облыс дегенім – Қызылорда ғой, – дедім.

Сөйтсем,  Алма – жерлесім,  Сырдария  ауданының  тумасы,  айтысқа 

қа тыс қан Мүтəліп ақсақал болса, əкесі екен. Бір айтыс ақыны себеппен 

келе  алмай  қалып,  айтысты  ұйымдастырушылар,  Мүтəліп  ақ са қал ды, 

Алманы қолқалап қатыстырған екен...

Біраз  жылдардан  бері  азды-көпті  таныс,  сыйлас  замандас,  əріптес 

бола жү ріп жерлес екенімізді білмеппіз. Ол кездегі тəрбие де солай еді 

ғой.


Кім-кім де ұлтын қадірлейді, ұлтының əдет-салтын аялауға тырыса-

ды ғой. Десек те, замандастарымыздың ішінде бұл ретте де Алма Қы рау-

бай қы зы – өзінің ұлтжандылығымен бəрімізден де ерекше тұлға екен-

дігін  жарқын  іс-əрекетімен  дəлелдей  білген  жан.  Алмамен  азды-көпті 

ара лас қан, сөйлескен, бірге қызмет атқарған əріптестері оның жүрек қа-

зы на сы – ақыл-парасатынан нəр алған, дəрістерін тыңдаған шəкірттері 

Қы рау бай қы зы ның тұла бойы тұнып тұрған ұлттық қасиет, мінез екенін 

сү йіс пен ші лік пен айтады. 

Тəуелсіздік  таңы  атысымен,  Алма  көңілінде  көптен  пісіп-жетілген 

бір арманды ойын іске асыруға бар күш-жігерін аямай жұмсады. Кедер-

гілер, түсінбестіктер де көп болды. Бірақ Алма қайыспады. ҚазМУ-дегі 

абзал  ұстаз  ағаларының,  шын  жанашыр  достарының,  əріптестерінің 

қол да уымен  республикамызда  алғашқы  болып  ұлттық  тəрбие  беретін 

мектеп ашып, оның қыруар жұмыстарының басы-қасында жүрді. Бір жа-

ғы нан университеттегі дəрісі, семинар сабақтары тағы бар. Сүйікті ісі-

мен барынша етене айналысу үшін балаларын алып, мектеп орналасқан 

ауыл ға қоныс аударды. Мектептің барлық оқу-тəрбие жұмыстарын ха-

лық тық, ұлттық озық үрдістерге сай құрып жүргізуге аянбай тер төкті. 

Аз  ғана  уақыттың  ішінде  оқушы  мен  оқушы,  шəкірт  пен  ұстаз,  ұстаз 

бен ұстаз арасында жаңаша бір адамгершілік-психологиялық қатынас, 

ахуал орнай бастаған. Балаларға бұрынғы зеку, қатты сөйлеу, жазалау, 

«екілік» баға қою т.б. ескі педагогикалық ұстанымдарға тыйым са лын-

ған. Тіпті ер баланы «мырза», қыз баланы «бикеш» деп, ұлттық үрдіс 

салтына сай ұлықтай сөйлеу де шəкіттердің психологиясына, олардың 

тəр ті бі мен үлгеріміне, өзгелермен қарым-қатынасына оңды əсер еткені, 


269

ата-аналардың ризашылығы тағы басқа да өз еңбегінің алғашқы жеміс-

тері жайлы Алманың біздің отбасымызды үйіне қонаққа шақырып, дас-

тар қан үстінде толғана отырып əңгімелегені əлі есімде. Сол сəтте бізге 

Алмадан бақытты, арманын аялаған ұстаз жоқтай көрінген. Əттең, бі лім 

мен тəрбие берудің бірден-бір дұрыс бағытының іргесін қалаған игі лік ті 

іс қоғам тарапынан, тиісті басшы органдар тарапынан қолдау, қам қор-

лық таба алмады. Аз ғана уақыт ішінде ата-аналар алғысына, шə кірт тер 

сүйіспеншілігіне  бөленген  алғашқы  ұлттық  тəрбие  мектебі  жабылып 

қалды. Ұлттық мектептер ашу ендігі жас буынды ұзақ жылдар то та ли-

тар лық қоғам идеологиясынан туындаған, ұлттық үрдістерден ада, қасаң 

тəр бие қыспағынан құтқарудың жанкешті, қиын, бірақ бірден-бір амалы 

екеніне Алманың ертерек көзі жетіп, сенімі қалыптасып еді. Алманың 

бұл ісін қазақтың қайсар қызының ерлігі, ұлтжандылығының белгісі, тə-

уел сіз дік ке қол жеткізсек те, тəрбие тізгінін бұрынғы таптаурын та ным-

ның қолына беріп қойған, əлі содан ада-күде арыла алмай келе жатқан 

жайбасарлау қалпымызды қамшылау деп түсінуіміз де керек шығар. Ал-

ма ның өзі бастап, белгілі бір себептермен жалғаса алмаған бұл игілік-

ті ісі бүгінде ақ шағала арман күйінде қалып отырғаны ащы да болса, 

шын дық. Білім саласы тəуелсіздіктің он тоғыз жылында қаншама «ре-

формаларды» бастан кешірді, «сынақтың» əлі аяқталар түрі жоқ. Қазақ 

мектебі, ондағы оқу-тəрбие жұмыстары, ұлт болашағы жайлы, шыны-

мен, ойланатын болсақ, Алма ашқан ұлттық мектеп дəстүрін қайта жал-

ғас ты руы мыз керек-ақ!

Алма ұлттық мектеп ашумен қатар, 90-жылдары өзінің ұлттық бі лім 

ошағы, оның болашағы, ұлттық тəрбие ұстындары қандай болу ке рек ті-

гі жайлы ұстаздық ақжарма ойларымен – өзекті мақалалары, педа гог тік 

толғаныстарымен республикалық баспасөз беттерінде көпшілікпен жиі 

ой бөлісіп, көсемсөзші ретінде де халыққа жақсы танылды. 

90-жылдардың  екінші  жартысында  ұстаздың  тəрбие  мəселелеріне 

ар нал ған ой-толғаныстары бірнеше кітап («Жаным садаға» т.б.) болып 

жа рық та көрді. 

1998 жылы Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың жарлығымен «Халық бірлігі, 

ұлттық  тарих  жылы»  деп  аталды  да,  осыған  орай  Білім  жəне  ғы лым 

министрлігінің органы – «Қазақстан жоғары мектебі» – «Высшая шко-

ла Казахстана» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы ұжы мы 

(мен осы журнал ашылған 1995 жылдан бері бас редактордың орынбаса-

ры қызметін атқарып келемін) халықтық тəрбие мен озық салт-дəс түр ле-

рі міз ді, төл тарихымызды ардақтайтын, насихаттайтын жаңа қо сым ша 

журнал ашу жайлы шешімге келіп, нəтижесінде «Ұлт та ғы лы мы» атты 

этнопедагогикалық  бағыттағы  басылым  жарық  көрген  еді.  Ал ма ның 

ұлттық тəрбие мəселесін көтеріп жүргенінен жақсы хабардар мен оны-

мен хабарласып, осындай бағыттағы журнал шығатын бол ға нын айтып, 


270

ма қа ла жазуын сұрағанымда оның өзгеше қуанғаны есімде. «Ұлт та ғы-

лы мы»  журналының 1998–2000 жылдардағы  нөмірлерінде  Ал ма ның 

ұлт тық тəрбие мəселелеріне арнаған өзекті де өткір, байыппен жа зыл-

ған мақалалары жиі жарияланды. Ол мақалалар көкейімізде бар, бірақ 

көп тен көмулі жатқан көмбенің бетін батыл ашып, ендігі оқыту, өнеге 

беру ісін ұлттық тəрбие арнасында жүргізудің зəру қажеттілігі мен ұлан-

асыр мүм кін дік те рін ұлт болашағына самарқау қарай алмайтын зиялы, 

ұлт жан ды  жан,  ұстаз  ғалым  ретінде  білгірлікпен  байыптаған,  оқыған 

адамды ізгілікті идеяларымен, ұлттық дəстүрлерге деген шынайы құр-

ме ті мен баурап алатын ұстаздық ұлы жүректің толғаныстары, сырлары 

болатын. Сон дық тан да Алманың бұл мақалалары, педагогикалық тол ға-

ныс қа толы тəрбие хақындағы кітаптары кезінде үлкен қы зы ғу шы лық 

туғызды десек, артық айтқандық емес. 

Алма осындай ізгілікті ой-идеяларын оқушыларға арнап жазған оқу-

лық та рын да да əсерлі жалғастырды. Оның «Ежелгі əдебиет» атты мек-

теп  оқушыларына  арналған  оқулығы 1995 жылы  «Сорос-Қазақстан» 

қоры  Білім  министрлігімен  жариялаған  гуманитарлық  пəндер  бойын-

ша оқулықтар мен оқу құралдарына жариялаған ашық конкурстың бəй-

ге сі не  ие  болды.  Іле  басылып,  жарық  көріп,  жаңаша  мазмұнымен  əр 

оқушының көңілінде түркі халықтарының ортақ тарихы мен сөз өне рі-

не, ұлт тарихының бастауларына деген ерекше құрмет пен сезімді оят қа-

ны күмəнсіз. Белгілі əдебиетші, тілші, ғалымдар М.Серғалиев, Ж.Дə де-

баев тар мен бірге Алманың бұл еңбегін əділ бағалаған сарапшы топтың 

құ ра мын да болғанымды мақтаныш көремін. 

90-жылдардың  орта  тұсында  Білім  министрлігі  жалпы  білім  бере-

тін  мектептерге  арналған  жаңа  буын  оқулықтарға  конкурс  жариялап, 

авторлар  құрамын  қатаң  сұрыптаудан  өткізді.  Ы.Алтынсарин  атын да-

ғы Педагогикалық ғылымдар институты қазақ тілі мен əдебиетін оқы-

ту  зертханасының  меңгерушісі,  педагогика  ғылымдарының  кандидаты 

К.Құр ман бае ва екеуміз VIII сынып оқулығына авторлар болып бекітіл-

дік.  Академик  С.Қирабаевтың  жетекшілігімен  бір  топ  əдіскер  ғалым-

педагогтер орта мектептің V–XI сыныптарына арналған қазақ тілі мен 

əде бие ті нің жаңа бағдарламасын да даярладық. 

Бағдарлама  бойынша VIII сынып  оқулығының I бөлімі  түгелдей 

ежелгі дəуір жəне түркі халықтарына ортақ əдебиет үлгілеріне арналуы 

керек. Көп ойланып жатпай-ақ есіме бірден Алма замандасым түсті. Бұл 

Алма Қыраубайқызының ежелгі дəуір əдебиеті жəне одан бергі ке зең-

дер де гі  əдебиет  тарихының  білгір  зерттеушісі,  маманы  ретінде  əде би, 

ғылыми жұртшылыққа кеңінен танылған шағы болатын. 

Білікті, тəжірибелі ұстаз ретінде білім мен тəрбие берудің өзекті мə-

се ле ле рін көтерген мақалалары, кітаптары өз алдына бір төбе. Алмаға 

телефон соғып, мəн-жайды бірлесіп оқулық жазу жайлы ұсынысымды 


271

айт қа ным да,  ол  көп  ойланбай  немесе  əлдекімдер  секілді  əлдеқандай 

бола  қалмай,  ұсынысты  бірден  қабылдады.  Ертеңіне  Білім  академия-

сында,  Гүлтастың  кабинетінде  үшеуміз  отырып  ақылдасып,  жазатын 

тарау, бөлімдерді межеледік.

Алма көп ұзатпай-ақ тиесілі бөлімді өзіне тəн ұқыптылықпен жа зып, 

бастырып  əкеп  берді.  Ежелгі  дəуір  əдебиетінің  нағыз  маманы,  мек теп 

əдістемесін де жақсы білетіні, өткен тарихқа, ата-бабаларға деген пер-

зенттік  ізеті,  оқулықты  күнде  пайдаланатын  шəкірт  балаларға  деген 

ұстаздық  ілтипаты  күрделі  кезеңдер  материалдарын  ретімен  жү  йе  леп 

беріп, ғылыми əрі ұғымды тілмен байыптауынан, сұ рақ-тапсырма лар ды 

шəкірттерді  қызықтырып,  ойланатындай  танымдық,  шы ғар ма шы лық 

сипатта беруінен де аңғарылып тұрады. 

Алма  оқулығымыздың  алғашқы  басылымын  көрді,  қуанды.  Одан 

бері де оқулық 2–3 рет қайта басылып, мектеп оқушыларына білім мен 

тəр бие беру ісіне өз үлесін қосып келеді. Əрине, оқулықтың ретті-ретсіз 

сынға ұшыраған жағдайы да бар. Ол сынның артық-кемін кезінде кө зі қа-

рақ ты оқырмандар, əсіресе орта мектептің əдебиетші ұстаздары жақсы 

айыра алды деп айта аламын. Бұл мəселеге қатысты Алманың талантты 

шə кірт те рі нің  бірі,  белгілі  əдебиеттанушы  ғалым,  профессор  Өмір хан 

Əб ди ман ұлы (негізінен, Алма жазған «Ежелгі дəуір əдебиеті» бө лі мі не 

қа тыс ты болса да) кезінде орынды пікір (қараңыз: Алма апай: естелік-

тер. Алматы, 2007. 85-96 беттер) айта білді. 

Алма  есімі – замандастарының  көңілінде  ұмытылмай  сақталатын 

дара тұлға. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет