Гүлзия ПІРƏЛИЕВА
ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҰЛЫ ІСТЕР АТҚАРА АЛАДЫ
Ежелгі заман тарихшысы Плутархтың: «Жер-жаһанды кезіп, шар ла-
са ңыз, қорған-қаласыз, əдебиетсіз, өнерсіз, заңсыз, жүйесіз, қазына-
бай лық сыз бірде-бір елді көре алмассыз» дегеніндей, төл тарихсыз ел,
əсі ре се ұлт болмайды. Талай ғасырларға ұласқан тарихтың ұлы көшіне
кең-бай тақ даланы еркін иемденіп, жарты əлемді билеген қазақтың
ұлы атасы түркілер V–VІІІ ғасырларда Түрік қағанаты деген мемле-
кет құрған. Жəне ол мемлекет жай тобыр емес, əдебиеті мен өнері өс-
кен, ең озық мəдениетке қол жеткізген, оны бүкіл Еуропаға үйреткен.
Ол мемлекет ешкімге тəуелді болмаған, өз жеріне, еліне ие, өз мүддесі
мен мақсат-мұраты болған. Жəне өз мəдениетін күллі əлемге танытуға
күш салған. Оның дəлелі – Түркі дүниесінің қолбасшысы Күлтегінге
ар нал ған ескерткіштегі: «Көкте тəңірі, астында қара жер жаралғанда
екеуі нің арасында адам баласы жаралған. Адам баласының үстіне ме-
нің ата-тегім Бумын қаған, Естеми қаған келген. Олар қаған болып, дү-
ние нің төрт бұрышын алған. Дүниенің төрт бұрышы оларға қараған. Аз
ха лық ты көп қылған. Кедей халықты бай қылған, сол елдің бəрін тату
қылған, елге жақ сы лық қылған. Олар осындай ұлы қағандар еді» деген
сөздер. Бірнеше ғасыр бойы төрткүл дүниені еркін билеп, ешкімнен
именуді білмей, бостандықта өскен, тəкаппар түркі жұртынан тамыр
алған осынау ұлт тық рух біздің ұрпағымызға отаншылдық сезім сый-
лары хақ. Əлгі түр кі бабаларымыздай ата-тегімізді марапаттай білсек,
олардың ұлтын сүй ген дік тен ұлы істер атқарғанын ардақтап, бағалай
білсек, ұлтымызды ұлық тай алатын ұлы халыққа айналарымыз ақиқат.
Өкініштісі – кеңестік ке зең нен қалыптасқан құлдық психологиядан
арыла алмай, өзімізге қимаған «Ұлы» деген сөзді өзгелерге ойланбай-
ақ таңа салатынымыз бар. Тарихпен ұлт пен ұрпақтың тəрбиеленетінін
ескерсек, көне түркінің мəдени мұ ра сы мирас еткен өзіндік «Менге» ие
болып, өз өркениетімізді алдымен өзіміз мойындағанымыз абзал. Сонда
ғана өз ұлтының тарихын бі ле тін, танитын ұрпақ өсіп қалыптасады.
302
Ұлттың дамып өркендеуі – оның əрбір өкілінің ұлттық рухта қан ша-
лық ты жəне қалай тəрбиелегеніне тікелей байланысты. Олай болса, от-
басы, бала тəрбиесінен бастау алатын ұлттық тəрбиенің ұдайы жетіліп,
рухани толысуы адамзат үшін аса маңызды өлшемдер болып табылмақ.
Шынайы тарихпен тəрбиеленіп, өз еліне деген құрметі қалыптасқан
ұр пақ та өзін де, өзгені де қадірлей білетін тектіліктің деңгейі биік бол-
мақ. Біз ұлттық идеяның тамырын түркітектес халықтың тарихынан, мə-
де ние ті нен, ежелгі дəуір əдебиетінен іздегеніміз абзал.
Ұлттық идея мəселесі ежелгі дəуір əдебиетінде арнайы қа рас ты рыл-
ма са, Түркі қағанатының жұрты күндіз күлмей, түнде ұйықтамай кең-
бай тақ жерін қорғап, азаттықты аңсаған армандарын алғашқы жазба-
ларында-ақ жүрекжарды жырларымен жазып, ұрпақтарына аманат етіп
кеткені белгілі. Мұны оқырман қауым көрнекті ғалым, зерттеуші, фило-
логия ғылымдарының докторы, профессор Алма Мүтəліпқызы Қы рау-
бае ва ның «Ғасырлар мұрасы» атты еңбегінен жақсы біледі. Қазақ əде бие-
ті нің тарихын ХVІІІ ғасырдағы Бұхар жыраудан əріге алып бару үшін
тыңға түрен салып, əртүрлі ғылыми тұжырымдар айтылып жүрген қиын
кезеңде осы тың тақырыпқа ұстазы, ғұлама ғалым Бейсембай Кен же баев-
тың жетекшілігімен батыл барған Алма Қыраубаева – халқы үшін «жа-
нын садаға санаған» санаулы əрі ұлтжанды екендігін сөзімен емес, ірі
ісімен дəлелдеген ғалым. Мұндай батылдыққа тек ұлтжанды жан ғана
бара алатын еді, ол кезде. Бейсебай Кенжебаев пен Қажым Жұ ма лиев тің
арасындағы «қазақ əдебиетінің тарихын қай кезеңнен бастау керек» де-
ген ғылыми дау жүріп жатқанда көпшілік сол кездегі сая сат тың салқынан
сескеніп, сырт айналып кеткенде де ұлтжанды əрі өзі нің ұстазына адал
қыз Алма Қыраубаева қайсарлық танытып, қазақ ұл ты ның тарихы мен
əдебиетінің тамыры тереңде екендігіне шүбəсіз се ніп, сол жолда табанды
еңбек еткен еді. Ұлтын сүйген ғана ірі іс ат қа ра алатынын осылай тағы
бір дəлелдеген зерттеушінің сол кезеңдегі ең бе гі еш кетпей, ежелгі дəуір
əдебиетінің ең алғашқы парақтары жазылып, ғылыми айналымға ене бас-
тады. Сондықтан да болар, оның əр бір еңбегінде əсіресе жас ұрпаққа ар-
нап жазған оқулықтарда мынадай сөздер мен мұндалап тұрушы еді: «Сіз
қазақ деген ұлы халықтың ұр па ғы сыз. Өз халқыңның тарихын білмеуден
менсінбеу туады. Əр бала ту ған əдебиетінің тереңіне жүзіп, тұнығын
сіміріп өссе, оның жүрегінде елі не деген мақтаныш қалыптаспақ. Елі
үшін мақтанған баланың рухы жо ға ры болмақ».
Зерттеуші өз еңбектерінде түркітектес халықтардың бұдан 2500 жыл
бұрын 26 əріптен тұратын өз əліпбиі болғанын, түркілердің V–VІІІ ға-
сыр лар да Түрік қағанаты деген мемлекеті болғанын, сол кезеңде өмір
сүр ген Білге қаған мен Тоныкөк бабамыздың «еліміз қайтсе тə уел сіз
болады деп, күндіз отырмағанын, түнде ұйықтамағанын» мақ та ныш пен
айтып, дəріптеп отырған.
303
ХІІІ–ХІV ғасырларда түркі тілінде сөйлейтін көптеген ежелгі тайпалар
аралас өмір сүргендіктен олар жазып қалдырған əдеби ес керт кіш тер қа зір-
гі түркітілдес халықтардың ортақ мұрасы болып есептелгені белгілі.
«Көне дүние қандай жағдайда болмасын, келешек ұрпақтар үшін аса
қызықты дəуір болып қала береді, өйткені ол барлық кейінгі же тіс тік тер-
дің негізін жасаған» деген Ф.Энгельстің сөзіне сүйенсек, шынында да,
қай ұлттың болмасын тарихы кешеден емес, көнеден басталуы ақи қат
еді. Алайда біз кеңестік кезеңде соны батыл айта алмадық. Тек ежелгі
дəуір əдебиетін зерттеп, тарихтың тың беттерін ашқан санаулы ға лым да-
ры мыз ғана қазақтың тарихы көне дəуірден басталатынын нақ ты əдеби
жəдігерлер арқылы дəлелдеді. Олар Бейсембай Кен же баев тың ғы лы ми
жобасын жалғастырушы шəкірттері ұлтжанды ғалымдар Мұх тар Ма ға-
уин, Мырзатай Жолдасбеков, Алма Қыраубаева т.б. болды.
Біз бүгін Алма Қыраубаеваның «Ғасырлар мұрасы» атты еңбегіне тоқ-
тал мақ пыз. Оның бірінші тарауы «Уақыт бедері» деп аталады. Мұн да
Орталық Азия, Оңтүстік Сібір, Орта Азия, Каспий, төменгі Еділ жа ға ла-
уын да ежелден өмір сүріп келген түркі халықтарының қоғамдық тір ші лі-
гін де, тарихында ХІІІ–ХІV ғасырда үлкен əлеуметтік өзгеріс бол ға нын,
оларды Шыңғысхан басқарған татар-моңғол шапқыншылары басып
алып билегенін жəне Алтын Орда мемлекеті құрылғанын айта ке ліп,
ХІІІ ғасырдың басында моңғол тайпаларының бірінен шыққан Есү хей
ұлы Темүжин (1155–1227) көп жасақ жинап, көп жерді ба ғын ды рып ал-
ға нын, оны елдің «Шыңғысхан» деп атауын, ол туралы толық деректер
«Құ пия шежіреде» айтылатынын нақты деректер арқылы жазады.
Дешті Қыпшақтың қалаларында сауда, өнеркəсіп, олардың өнім де рін
өң деу ге арналған құралдарды жасайтын, металл өнімдерін жасайтын
шеберханалар болғанын, тігіншілік бұйымдар, жібек мата, алтын-күміс,
ыдыс-аяқтар сатылғанын, тері өңдеп, қару-жарақ дайындалғанын аса
бір мақтаныш сезіммен тізбелеп айтады. Кеңестік кезеңде екі-ақ пайыз
сауаты бар, жабайы, ешқандай қаласы не өркениеті жоқ деп өктемсіген
өз ге лерге мынадай бай əрі мол мəдениеттен мағлұматы бар көне мұ ра-
лар ды ғылыми тұрғыдан бұлтартпастай айғақ ретінде алға тартады.
Бұлардың бəрі төл тарихтың шындығын ашпай, жабулы қазан кү йін де
қалдырғысы келген шовинистік көзқарастағы ғалымдардың шамына ти-
генімен, шарасыздық танытуына себеп болғаны белгілі. Бүкіл бір ұлт тың
намысына тиетін кемсітуді кешірмеген ғалым одан əрі де тарихи дерек-
терді алға тартып, түркі жұртының еш елден кем емес өзіндік тарихы,
мəдениеті, əдебиеті, көнеден келе жатқан қалалары, өнеркəсібі, эконо-
микасы, өнері т.б. бар екендігін дəлелдейді. Оның бірден-бір дəлелі:
«Бұрын бұл бейбіт, еркін ел еді,
Білімділер мекен еткен жер еді.
304
Мұнан «Нығаяны» жазған ақын шыққан,
Мұнан «Қидаяны» жеңілдеткен ғалым шыққан,
Егер бізге қайта туған нəсіп болса,
Біз осы Сығанақта ғана туар едік», –
деп сол оқиғаларды бейнелеп, тарихта қалдырған көне жазбалар. Ға лым
одан əрмен де тарихи деректерді тереңдете түседі. Алтын Орданың ба-
тыс өлкесі мен Қытай, Моңғолия арасында созылып жатқан сауда ке руен-
де рі нің жолында салынған Сайрам, Сүткент, Үлкент, Жент, Баршынкент
қалалары болғанын, Отырарда керамика, қолөнер бұйымдары жа сал ға-
нын, қазба кезінде табылған 16 түрлі қолдан жасалған ыдыстардың ою-
өр не гі таза, сапасы жоғары болып шыққанын жазады. Жаңа құ ры лыс,
ме шіт-медреселер салынғанын, археологиялық зерттеу кезінде əде мі
үй лер дің қалдығы табылғанын соншалықты мақтанышпен марапаттай,
сүй сі не жазады. Ежелгі əдеби мұраның əрбір сөзінің мазмұны мен мəнін
мұ қият түсініп, аударуға, ондағы əрбір ойдың салмағын сол күйінде ке-
йінгі ұрпаққа жеткізуге тырысқаны танылады. Өз ұлтын сүйген ғалым
əр бір заттық детальдарды дəріптеп, ұлтының ұлылығын ұлықтай оты-
рып, ұрпақ санасына отансүйгіштік, ұлттық идеяның дəнін себеді.
Ұлттық өнер мен ғылымның алғашқы негізін жасаған ұлы ба ба ла-
ры мыз дың мəдени мұраларын мұқият зерттеп, насихаттау арқылы жас
ұрпақтың бойына мақтаныш сезім сыйлау өз ұлтын сүйген əрбір ұл-
қыздың міндеті болса керек. Айталық, мұндай сезімді атақты акаде-
мик, ұлттық археология ғылымының негізін салушы ғұлама ғалым Əл-
кей Марғұланның «Ежелгі жыр-аңыздар» атты еңбегінен де табамыз:
«Тарихтың көрсетуі бойынша, оғыздардың ең көркем қаласының біре-
уі – Баршынкент. Бұл қалада даңқты Алпамыс батырдың жұбайы Бар-
шын сұлу (Гүлбаршын), ХІІІ ғасырдың орта кезінде жасаған атақты
ға лым əрі ақын Хисам-ед-дин Баршынлығы тұрған. Бұл – Қорқыт пен
Əбу на сыр əл-Фарабидің соңын ала Сыр бойынан шыққан атақты да-
на лар дың бірі. Ол өзінің тамаша шығармаларын үш тілде (түрік, араб,
парсы) жазып, кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырды. Хисам-ед-дин – Ал-
ма лық-Же ті су дан шыққан атақты ғалым Жамал Каршидың досы. 1270
жылы Жамал Қарши Баршынкентті көру үшін Сыр бойына келіп, көп уа-
қыт Хисам-ед-динде қонақ болады. Жамал Сыр бойын мекендейтін Оғыз
тайпаларымен танысып, олардың қоныстанған жері Баршынкент пен
Жент қаласының арасы бар екенін анықтайды. Оғыз тайпаларынан қал-
ған қалалардың əлеуметтік, тарихи, мəдени маңызына тоқталып, оларды
Ба ла са ғұн, Алмалық, Қашғар, Самарканд, Ташкент қалаларымен салыс-
тырады» (Алматы. 1985,190-б). Əйгілі ғалым Əлкей Марғұлан мұ ра ғат-
тар да ғы құнды тарихи құжаттарды келтіре отырып, қазақ топырағының
тасасында тарихы талай ғасырға кететін көне қалалардың бар екендігін,
305
оны өзге жұрттардың озық ойлы өкілдері келіп, зерттегенін, өз де рі нің
көргендері мен көңілге түйгендерін жол жазбаларында жазып қал дыр-
ға нын кеңестік кезеңнің өзінде ғылыми айналымға ендірген. Кезінде
ай ғай лап, ұрандалмаса да, бұл деректер мен ғылыми мəліметтер ұлттық
сезімді оятып, елі, жері, ұлттық құндылықтары үшін мақ та на алатындай
ақпаратты тастап кеткені аян. Кеңестік кезеңде кеңінен на си хат тал ма ған
бұл құнды еңбектермен сол ежелгі дəуір əдебиетін, көне тарихи, мəдени
мұраларды зерттеп жүрген азғана шоғыр ғалымдар таныс болғаны белгі-
лі. Жəне олардың бəрі мол тиражбен жарияланбай, мүмкіндігінше сыртқа
білдірмеу т.б. сияқты саясатты ұстанды. Алайда Қазақ елі егемендікке
ие болған ХХ ғасырдың соңғы ширегінде, 2004 жылы қолға алынған
«Мəдени мұра» атты мемлекеттік бағдарлама аясында бұрынғы таралы-
мы аз құнды зерттеу еңбектер, өзіміздегі жəне өзге елдердегі көне жаз-
балар мен мұрағаттық қолжазбалар тəуелсіз ой-сана арқылы сараланып,
ұлттық құндылықтар қатарына қосылып жатыр. Бұл ұлттық жоба көмескі
тартқан кешегінің бар асылдары мен жə ді гер ле рі мен Алаш жұртын
қайта қауыштырумен қатар, əлем хал қы ның біз дің ұлт жайындағы та-
ным-түсінігін кеңейтуде де көп еңбек етуде. 7 жыл дық тəжірибесі бар
жоба негізінде археологиялық зерттеу жұ мыс та ры жүргізіліп, қазақтың
кең-байтақ даласы табиғи байлыққа ғана емес, жерасты мұрағатқа да
мол көрінеді. 100-ге жуық жерасты көне қа ла лар дың орны табылуы –
көшпенділер атанған Алаш жұртының қан ша лық ты өркениетті екендігін
кеш те болса əлемге əйгілейді. Мұның бəрі – қа зақ тың рухын көтеретін,
ұлттық идеологияға ұйытқы бола алатын құн ды деректер.
Олай болса тағы да тарихқа жүгінейік. Пейілі мен жері кең қазақ,
шын мəнінде, топырағының асты мен үсті де байлыққа толы қасиетті ел
ғой. Кіндік Азияда орналасқан дарқан даладағы байлық кезінде тіс те ген-
нің аузында, ұстағанның қолында, əсіресе қазақтың қазба бай лық та ры,
қолөнерлері, асыл бұйымдары Ұлы Жібек жолындағы ел дер дің кө пес те-
рін де кеткені де аян. Өйткені Алтын Орда мемлекетінің эко но ми ка лық
мə де ни дəрежесі, ең алдымен, саудаға байланысты болды. Осы орайда
орта ғасыр мұраларын зерттеуші ғалым, атақты түрколог В.В. Бар тольд:
«Моң ғо лия империясының құрылуына Моңғолия мен Қы тай ара сын да-
ғы сауда қатынасын қол астында ұстаған мұсылман сау да гер ле рі нің қыз-
ме ті əсер етті», – деген болатын (Бартольд В.В. Сочинения. Том ІІІ. – М.,
1965, стр. 230).
Шындығында, сауда сол кезеңдегі барлық қарым-қатынастың, мə де-
ни өрлеудің, экономикалық, əлеуметтік, тұрмыстық өсудің, өр кен деу дің
дə не ке рі болды. Мəселен, Орта Азия тарихы үшін таптырмайтын естелік
жазбалар қалдырған 1246 жылы Қарақорымдағы Күйік ханға барған папа
ІV Иннокентийдің елшісі Плано Карпини,1255 жылы Моңғолияда бол-
ған Лю до вик тің елшісі Рубрук, сондай-ақ Ибн Батута, Цегалоттидің т.б.
306
Алтын Ордаға келгендегі жазбалары талай ғалымдарды тамсандырып,
зерттеулеріне нысана болды. Солардың естеліктері арқылы қазақ дала-
сында қан ша ма тарихи қалалар болғандығын, өркениет болғандығын,
кеу де сі ояу, ғы лым ға саясатсыз таза қарайтын көзіқарақты елдер мойын-
дай бастады.
Орта Азияны мекендеген халықтар ертеден-ақ көршілес елдермен дип-
ло ма тия лық қарым-қатынас жасап тұрған еді. Бұл байланыс Алтын Орда
дəуірінде одан да əрмен дамып, Византия, Иран, Русь, Египет, Персия т.б.
елдермен тығыз байланыс жасалып, сауда қызған, мəдени-əде би алмасу-
лар болған еді. Бұл кезеңде жер жүзіндегі мəдениетте Қайта өр леу (Ре-
нессанс) бағыты үстемдік алып, елдер арасындағы мəдени байланыстар
нығайған сəттері болды. Оған ХІІІ–ХІV ғасырлардағы түркі əде бие ті нің
өсуі, оның ірі өкілдері əл-Фараби, Сағди, Фирдоуси, Низами, Юсуф Хас
Хаджип, Ахмед Ясауи т.б. сынды дəуір ғұламаларының ең бек те рі куə.
Х ғасырдағы Шығыс Ренессансы Орта Азиядағы Қайта өрлеуге бет-
бұ рыс жасап, əл-Фарабидай дананы дайындады. Əл-Фараби көне грек
философтары мен математиктерінің еңбектерін аудара отырып, қазақ да-
ласына даналықтың дəнін шашты, ғылым əкелді, өнерді өрістеруге өріс
ашты, барлық ғылым саласына жарқын жол ашып берді. Атап айтар бол-
сақ, араб, парсы, грек тілдерін еркін меңгерген ол Аристотельдің «Ка-
тегориялар», «Метафизика», «Герменевтика», «Риторика», «Поэтика»,
«Аналитика», Евклидтің 1 жəне 5-інші кітаптарына, Порфирийдің «Фи-
ло со фия ға кіріспе» атты кітабына, Птоломейдің «Алмагесіне» тү сі нік-
те ме жазып, грек ойшылдарының философиялық пікірлерін дамытып,
Орта Азияға таратты. Алма Қыраубаева осы ұлы тұлғалардың ең бек те-
рін, халық үшін жасаған зор пайдасын талдау арқылы олардың ұлтқа
жа са ған ұлы істерін насихаттайды. Оның əрбір ғылыми жетістіктерінің
астарында «елім қайтсе еркін болады, еркін болу үшін, ел билеп, өзгеге
үс тем дік жүргізбеу үшін ұлтымыздың əрбір ұрпағы білімді болса, еш-
кімді басындырмаймыз деген ұлы ой, ұлы мұрат жатқанын айқын бай-
қай мыз. Ұлттық рухты ұрпаққа есейгенде емес, бесігінде беру керек
екендігін Ана ретінде де, ғалым ретінде жақсы сезінген ол кезінде ба-
ла бақ ша да ғы бүлдіршіндерге арнап тəрбиелік-танымдық кітап жазсам
деп армандауы, арнайы гуманитарлық білім беретін мектеп ашуы (Қас-
ке лең нен), сөйтіп, өзінің ұлттық жобасын ұсынып, тəрбиенің, білімнің
ұлт тық құндылықтарын насихаттап, қысқа өмірінің бəрін осы бағытқа
ар на ға ны мəлім. Оның əрбір еңбегінің əрбір жолынан ұлттық идео ло гия-
ның иісі аңқып тұратын еді.
Əл-Фарабидің философия, музыка, астрономия, математика, линг-
вистика, поэзия т.б. жайлы еңбектерінің Ренессанстың дəуірлеген кезін-
де көне грек ғылымына шөліркеген Батыс елдерінің өзі антиканы оқу
үшін ең алдымен əл-Фарабидің арабша аудармалары мен түсініктерін
307
оқу арқылы ғана игере алатынын айтуының өзі ішкі бір түйсікпен, ғы лы-
ми болжаммен, ұлтжандылық сезіммен ұлы өркениет біздің түркі мə де-
ние тін де қалыптасып, сонан соң Еуропаға бет алғанын болжатады. Осы
ойды айтудың өзі ол кезде қаншама батылдықты керек етсе, сон ша лық-
ты мақ та ныш ты, ішкі рухани тірек, қуатты айқындайды.
Тағы бір жерде: ол да (Фарабидің ізбасар шəкірті – Əбу Əли ибн Си-
наны айтып отыр. – Г.П.) Евклид, Птоломей шығармалары арқылы гео-
метрияны, астрономияны оқып, грек дəрігерлері Гиппократ, Галендер
арқылы медицина сырына үңіледі. Фараби түсініктемелері бойынша
Аристотельді талдайды.
Ибн Сина еңбектері Шығыс пен Батысқа түгел жайылып, ғылым та-
рихына үлкен үлес қосқан», – (13 б.) деп түркіден шыққан тұңғыш ғұ-
ла ма лар дың əр саладағы еңбектерін талдау арқылы ұлттық ғы лым ның
бастауларына барып, дала өркениетінің еш елден кем емес, керісінше,
іл ге рі екендігін қайталап еске салып отырады. Шығыс Ренессансының
ХV ғасырдағы көрнекті өкілдерінің, Əлішер Науаи, Əбурайхан Биру-
ни т.б. шығармаларын талдай отырып, түркінің мəдени дүниесі туралы
тың ойлар, жаңа пайымдаулар, ғылыми тұжырымдарын алға тартады.
Мə се лен, «Ренессанс мəдениетінің негізгі сипаты: адам ақыл-ойының
діни догмадан қашып, еркіндікке ұмтылуы, гуманистік көзқарасқа ке-
луі, табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты түсінуге ұмтылыс,
ғы лым мен өнердің дамуы, қарапайым халық тілін құрметтеу, оларға тү-
сі нік ті тілде шығармалар жазу еді. Италияда – Данте, шығыста Науаи ха-
лық тың қарапайым тілінде трактаттар жазып, өздері сол тілде əдеби мұ-
ра лар қалдырған», – деген сөздерінде қаншама қарапайым болса да, аса
құн ды ой, парасатты пайымдау, ұлтжандылық сезім жатыр. Шынында
да, сіздің жазғаныңыз өз ұлтыңызға қызмет етпесе, халқыңызға, ондай
ең бек тен елге келіп-кетер не бар дейсіз. Алма Мүтəліпқызы өмірде, ғы-
лым да қандай қарапайым болса, жазған еңбектері де, қолданған ғылыми
терминдері де, теориялық тұжырымдары да көпке түсінікті болып,
ұлт тың рухани дүниесіне көзі тірісінде-ақ айнала білген. Өзінің бүкіл
саналы ғұмырын өткізген Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ-
ситетінде ұстаздық етумен бірге жауапкершілігі ауыр ғылыми жолды
қа тар алып жүріп, студент жастардың ең сүйікті ұстазы бақытына ие
бол ған бірден-бір ғалым əрі ұстаз осы Алма Қыраубаева десек артық
айт қан дық емес. Ол кісі жөнінде не аға ұрпақ, не өз замандастары, оның
алдынан білім алғандар мен еңбектері арқылы ұстаз тұтқан көпшілік
оқыр ман аузынан не бір жазған естеліктерінен тек жылы сөзден, шы-
найы махаббаттан өзге өрескел бірде-бір сөз есту мүмкін емес. Аз ғана
ғұ мы рын да осыншалық сүйіспеншілікке, өзіне деген үлкен ілтипат, құр-
мет жинап кеткен ғалымның өзі тек ізгіліктен, парасаттылықтан, та би ғи-
лық тан, тазалыққа тұнып тұр десек те артық кетпейміз. Бұл қасиеттің
308
бəрі ғалымның өз ұлтына адал қызметі мен оның келешегіне деген ұлт-
жан ды лық қызметінің нəтижесі болса керек. Адамды нұрландыратын да,
қа сын да ғы лар ға қадірін арттыратын да оның ішкі ойының тазалығы мен
ұл ты на, жанында жүрген жандарға жасаған рухани əсері болса керек.
Италия Ренессансын зерттеген ғалым А.К. Дживгелов: «Қайта өр леу
мəдениетінің лабораториясы – қала... Қайта өрлеу идеясына қала мə де-
ние ті ғана тұғыр бола алады. Сондықтан Қайта өрлеуді өзі өскен ортасы-
нан, қаладан бөліп алуға болмайды. Қайта өрлеуді тек қана идея лар дың
эволюциясымен тексеріп, ал оны тудырған қоғамдық себеп-салдарды
қалдырып қоюға болмайды», – деген сөзіне сүйенсек, дала өр ке ние тін
дамытуда қала мəдениетінің алар орны ерекше (Дживгелов А.К. Начало
итальянского Возрождения. – К.М.,1925, стр. 7). Сол қала мə де ние ті нің
ХІV ғасырда Алтын Орда мемлекетінде болғандығын, оның əде биет, сəу-
лет, өнер т.б. салалардың жан-жақты дамуына əсері бол ған ды ғын, түр кі
халықтарының өзінше өркениетті игеріп, өсіп-жетілуіне жағ дай жа са ға-
нын айта келіп ғалым: «Мəдениет пен əдебиет те сол мемлекет тік тіл де
жасалды. Оны жасаушылар – ежелден сол жерді мекендеген түр кі ха лық-
та ры», – деп атап көрсетіп, өз түйінін жасайды (16-бет).
Ал «Аударма-нəзира əдебиет» деген екінші тарауында «Рабғузи қис-
са ла ры на» тоқтала отырып, ХІІІ–ХІV ғасырда туған шығармалардың
бір қа та ры аудармаға жақындау болса, бір парасы нəзираға жақын деген
ойды айтады. Жəне сол ғасырдағы түркітектес халықтардың əде бие тін-
де гі негізгі бағыттың басты мақсаты «...өткенге назар салу, өз за ма нын-
да ғы тірлік-тынысына ұқсас жауапты өткен ойшылдар мен ұлы лар дың
шығармаларынан тауып, соларды өз тілінде қайта сөйлетуге ұм ты лыс,
кейде одан да асырып жазып, айрықша талант биігін танытуға талап-
тану еді. Мұндай ағымның бел алуына бір кезде əл-Фараби ден қой ған
Қайта өрлеудің сол дəуірде жер жүзі мəдениетіне жайылып жатуы ора-
сан əсерін тигізді» (А.Қыраубаева. 17-б.).
Зерттеуші сол кездің өзінде-ақ Шығыс мəдениетінің биік болғанын,
оның ірі өкілдерінің еңбектері тек түркітектес халықтардың ғана
емес, бүкіл Батыс, əлем өркениетіне өзіндік үлес қосып, ортақ рухани
жетістіктерге жеткендігін үлкен құрмет, ұлттық құндылық ретінде қа-
рап, дəріптей білген. Бір дəуір əдебиетінің жинағы, хрестоматиясы, бір
ұлт тың, түркітектес халықтардың рухани мұрасы, əмбебап құндылығы
бола білген «Рабғузи қиссаларын» жанрлық, көркемдік, мағыналық
тұр ғы дан талдай отырып, бірнеше ұлттың ұрпақтарын талай ғасырлар
бойы рухани байлыққа баулып, əсемдікке, адалдыққа, тазалыққа, білім-
ге құштарлыққа тəрбиелей білген мұра ретінде марапаттайды. Бұл мұ ра-
ның ескі көшірме қолжазбалары талай ғалымдардың назарын аударып,
ғы лы ми факт ретінде қызығушылығын тудырған туынды ретінде талай
ізденістерге түрткі болғанын, оның Лондондағы Британия музейінің
309
кітапханасында, Ленинградтағы М.Е. Салтыков-Щедрин атындағы көп-
ші лік кітапханасында сақталғанын, оны 1859 жылы белгілі түрколог
Н.И. Ильминский тауып, Императорлық Қазан университетінің баспа-
ханасынан шығарып, ғылыми айналымға ендірген. Өзі миссионерлік
пи ғыл да ғы ғалым болса да, мұндай əлемге əйгілі əдеби құндылықтың
тарихи мəнін жоғары бағалауға, мойындауға мəжбүр болған. Ғылыми
дерек ретінде осыларды негізге алған зерттеуші Алма Мүтəліпқызы бұл
ес керт кіш тің қазақ əдебиеттану ғылымында бірінші рет 1967 жылы про-
фессор Б.Кенжебаевтың басшылығымен филология факультеттерінің
студенттеріне арналып шыққан «Ертедегі əдебиет нұсқалары» атты
хрестоматиясына енгізілгенін, оның кейін Ғ.Айдаров, Ə.Құ рыш жа нов,
М.То ма нов тың «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» (1971) де-
ген оқулықтарында ескерткіштің жазылу тарихы, əртүрлі кө шір ме ле рі
жайында бірқатар мəліметтер берілгенін мақтанышпен айтады.
Рабғузидың «Қиссалар жинағындағы» əрбір діни əңгімелердің сю-
жетіне тоқталып, оларды баяндау арқылы көркемдігіне, жазылу стиліне
талдау жасаған ғалым түп тамыры Қорқыт, Асан Қайғы заманында жат-
қан шежіре-шешендік мектебі, жыраулық өнер, сонау V–VІІІ ға сыр лар-
да ғы айшықты ажарлы сөздер, образды бейнелеулердің бастауы деп осы
көне дəуір жəдігерлерін жатқызады. Оларды нақты, көркем шы ғар ма-
да ғы үзінділер арқылы ғылыми тұрғыдан талдап, дəлелдейді. Көне əде-
биет те гі ұлттық идеяның ұлттық рухымызды тəрбиелеудегі мəні зор.
Ел ішіндегі көзі ашық, сауатты кісілердің ежелгі əдеби кітаптарды,
ес ті ген əңгімелерін өз ортасына таратып, насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа
жет кі зіп отыруды міндеті санаған. Осы тұрғыда ғалым былай дейді: «Ха-
лық көзі, халық даналығы əр уақытта асылды ғана таңдап ала біледі.
Кө ңіл ге қонбайтын, бұл дүниенің шындығынан көңілді адастырып, дү-
ния уи шын рақат, шын қызықтан безіндіретін нəрселер толқын бетінде-
гі əлсіз көпіршіктер тəрізді қалып қойса, жарқыраған асыл меруерттер
тұң ғиық түбіне шөгіп, мың құбылған күйінде көз жауын тартып, ха лық
кəдесіне жарамақ» (57 б.).
Шындығына келгенде, автор айтып отырғандай, ешқандай саясатқа
көн бей тін, заман ағымына ілеспейтін нағыз ұлттық идея, ұлттық мүд-
де мен мақсат осы ұлттық құндылықтарда жатыр емес пе? Талай ға сыр-
лар бойы халық санасында, ұрпақтар ұғымындағы ұлттық құн ды лық тар
ғана ұлттық идеологияның шартын бұзбай ел есінде қалады. Солай бола
да береді. Қай халықтың, ұлттың болмасын ұлттық идеясы да, мақ сат-
мүддесі де осы ұлттық рухани құндылықтарында жатыр. Ұлттың тілі,
тарихы, ділі, мəдениеті, өнері, салт-дəстүрі жоғалған кезде ғана ұлт тық
идея да ұлтта жоғалары хақ.
Ендеше, ежелгі əдебиеттің сол ұлт əдебиеті үшін тереңге тамырын
жай ған бəйтерек екендігі бабадан балаға мирас болып келе жатқан дəс-
310
түр жалғастығы екендігі аян. Ғалым осы орайдағы ойын былай жеткізеді:
«...ХV ғасырға дейін басқа да түркітектес ру-тайпалардың ортақ оша ғын-
да болған ежелгі жазба əдебиетіміздің дəстүрі ХV ғасырдан кейін қай да
кетті, сақталды ма болмаса алыстағы архаизмге айналып, кейінгі ұлт-
тық төл əдебиетімізге өгей болып қалды ма? Бұл мəселелердің егжей-
тегжейлі зерттелуі түркі əдебиетінің қазақтың төл əдебиетімен дəс түр лі
тамырластығын дəлелдей түспек» (76 б.).
Осы мақсатты мұрат тұтқан зерттеуші қандай да қиындыққа қай-
сар лық пен өз тақырыбына деген адалдықпен алға ұмтылып, ешкімнің
жү ре гі дауаламаған ескі, ежелгі əдебиеттің аяқ баспаған ну орманына
батыл қа дам басып, талайларды таңғалдырып, ешкім оқи алмайтын
бөг де тілдерді игеріп, көне түркі тілдерінің төркініне ой жіберіп, тіл
үй ре ну ге, тылсым бейтаныс жəдігерлермен танысып, талдауға мəжбүр
болды. Табанды еңбек далаға кеткен жоқ, өз нəтижесін беріп, зерт теу-
ші нің із де ген «Ғасырлар мұрасы» ғылыми айналымға еніп, та рих тың
таптаурын тұ жы рым да рын бұзып, ұлттық ғылымға тың тү рен са лу ға
түрткі болды.
«Əдебиетіміздің тарихында ертеден қалыптасқан, халқымыздың бір
кездегі рухани сусыны ретінде мəнді қызмет атқарған осы қисса жанрын
қазіргі уақытта жалпылама шолу, жалпылама сипаттаудан гөрі тү бе гей лі
зерттеудің мезгілі жеткен сияқты. Идеялық, көркемдік сапасы жа ғы нан
уақыт сынына жарайтындарын екшеп алып, оқырмандармен табыстыр-
са, əдебиет сүйер қауымның қадірлі мүлкіне айналар еді», – деген арма-
ны, міне, бүгінде жүзеге асып, ежелгі дəуір əдебиеті білім беру жү йе сі не
де етене еніп, жас ұрпақтың санасына өз еліне, ұлттық құн ды лық та ры на
деген ұлы мақтаныш сезімдерін сыйлап, жалпы, оқырман қа уым ның ең
бір қызығып оқитын туындыларына айналғаны да осы тəуелсіздік тұсы
екендігін ескерген жөн.
Көрнекті ғалым Алма Қыраубаеваның ежелгі əдебиет үлгілерін зерт-
теу еңбектерінде орын алған негізгі көркемдік идеяның өзі ұлттық идея-
ны көксегені, соны ұлықтағаны анық.
Ескерту: Сілтемелер А.Қыраубаеваның «Ғасырлар мұрасы» (Алма-
ты, 1985. – 190 б.) еңбегінен алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |