Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев


«Егемен Қазақстан», 2002 жыл, 1 ақпан



Pdf көрінісі
бет34/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53

«Егемен Қазақстан», 2002 жыл, 1 ақпан

Шəкура МАЙҒАРАНОВА

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ АЯУЛЫ ҚЫЗЫ АЛМА ҚЫРАУБАЕВА 

ҚАЗАҚТЫҢ БІЛІМІ МЕН ҒЫЛЫМЫНА 

ОРАСАН ЗОР ҮЛЕС ҚОСТЫ

Өткен ғасырдың бірінші жартысында қазақ зиялыларының алдында 

тұрған асқақ мақсат – қазақ тілінде оқытылатын мектеп құру, ол мектеп-

терде оқытылатын қазақ тіліндегі оқулықтарды дүниеге келтіру. 

Əрине,  бұл  мəселелердің  өз  кезеңінде  өзекті  екендігінде  дау  жоқ. 

Десе де, қазақ мектептерін ашу жолында сол заманның түрлі ағым да-

ры на қарсы тұра білу оңай болмады. Қазақ мектептері бір жерде ашыл-

са, екінші жерде жабылып жатты. Қазақ балалары екі тілді мемлекеттің 

ішінде «сеңдей соғылысқан» күй кешті. Қай тілді, қай мəдениетті бойға 

сі ңі руін білмей дал болған жағдайлар да кездесті. Озық мəдениет, озық 

тəр бие деп орыс тəрбиесіне ұмтылды, бірақ мəдениеттің, оқудың біздің 

қа зақ халқына, тұрмыс-тіршілігіне сай келе бермейтін келеңсіз тұстары 

бір те-бірте ашылып қалып жатты. 

Жиырмасыншы  ғасырдың  соңғы  он  жылдықтарында  ұлтқа  ұлттық 

мектеп қажет екендігін қазақ зиялыларының арасында алғашқының бірі 

болып көтерген Алма Қыраубайқызы еді. Кешегі Кеңес империясының 

тұ сын да айтар сөзіңізді жұтқызып, ойыңды өресінен қиған заманда-ақ 

ұлттық тəрбие, ұлттық мектеп мəселесін көтеріп жүрген Алма Қы рау-

бай қы зы на  сол  заманды  қорғаушылардың  ызалана  қарауы  да  болмай 

қалған жоқ. Алайда өткен ғасырдың 90-жылдарының бас кезінде тə уел-

сіз дік тің шашқан алғашқы нұры Алманың ұлттық мектеп туралы арма-

нына  жол  ашқандай  болды.  Бүкіл  қазақ  əдебиеті  майданында  жүрген 

аза мат тар дың қасында «Қазақтың қара қызы» атанған ғылым докторы, 

профессор Алма Қыраубайқызы – тек қана қазақтың ұлттық педагогика-

сын дамытушы, ұлттық мектеп ашу жөніндегі алғашқы мəселе көтеруші 

ғана емес, сол ұлттық мектептің қабырғасын өз қолымен қалап, өзі «Cе-

нім» атты бағдарламасын жасап, сол бағдарламаны іске асырып кеткен 

аяулы жан. Жоғарыда əңгіме болған гуманитарлық ұлттық мектеп мо-



342

делін асап, оны өмірге енгізу мақсатында Алматының түбіндегі Қа ра-

сай  батыр  ауданы  Жандосов  ауылында  мектеп  ашты.  Қарым-қа ты нас 

мəдениетін  үйрету,  кісілікке,  парасатылыққа,  салауатты  өмірге,  иман-

ды лық қа тəрбиелеумен бірге, дене мəдениеті жан тəрбиесімен бір лік те 

қарастырылды.  Мектеп – адамды  қалыптастырушы,  адамның  жанын 

жасаушы орта. Ол ұлттық сананы қалыптастыру, ұлттың жақсы қа сие-

тін бойға сіңіру. Осыған орай, Алма Қыраубайқызы ұлт мектебінің ав-

тор лық тұжырымдамасын жасағанда, жеке бір баланың мектепке кірген 

кү ні нен  бітіріп  шыққанға  дейінгі  жан  дүниесін,  болмысын,  тұлғасын 

елестетті. Осы адам кім, қандай болып шығу керек деген мəселеге ұлт-

жан ды,  иманды,  адамды  сүйетін,  мəдениетті,  білімді,  өмірге  икемді 

ру ха ни  дамыған  адам,  жалпы  алғанда,  кісілік  тұлға  деп  жауап  беруге 

болады. Кісілік тұлғаны қалыптастыру үшін не істеуіміз керек? Кісілік 

не гізі – ұлттық  мəдениетте:  тілі,  əдебиеті,  тарихы,  діні,  жазуы,  өнері, 

дү ние та ны мы, қарым-қатынасы, ойыны, спорты. Өзінің дəстүрлі мə де-

ние тін меңгере алмаған адам ылғи да кембағалдық сезімде болады. Тек 

ұлт тық мəдениетпен шектеліп қалып, əлемге қол созбаған кісі де осын-

дай қорсыну күйін бастан кешеді. Ендеше, балаға осы екеуінің де жақ сы 

жақтарын сіңіру керектігін Алма Қыраубайқызы өз тəжірибесінде пай-

далана білді. Жандосов ауылындағы Алма Қыраубайқызы ашқан ұлт тық 

мектептің жұмысы үш жыл жұртшылықтың, ата-аналардың ыс тық ықы-

ла сы на  бөленіп,  нəтижелі  еңбек  еткенімен,  қаржының  тап шы лы ғы нан 

жабылып қалды.

Бұл дүниеден ерте озған Алма Қыраубайқызының ғылымға да, бі-

лім ге де берері əлі де мол еді, оның жазған іргелі ғылыми-зерттеулері 

мен мо но гра фия лық еңбектері, мектепке арналған оқу бағ дар ла ма ла-

ры мен жаңа буын оқулықтары – соның айғағы, үлкен істердің қа рыш-

ты  қадамдары  десе  де  болғандай.  Қазақ  мəдениетінің  тарихы  біз дің 

дəуіріміздің арғы жағынан басталады. Сақ, ғұн, түрік тарихы – біз дің 

тарихымыз.  Біл ге  қа ған,  Күлтегін  жазулары, «Қорқыт  ата  кітабы», 

Фараби, Ясауи, Ба ла са ғұ ни туралы кеңес дəуіріндегі мектеп оқу лық-

та рын да ештеңе айтылмай кел ді. Алма Қыраубайқызы осыны ес ке ріп, 

төл  əдебиетіміздің  қай нар  бастауы,  елдік  мəні  бар  «Ежелгі  əде биет» 

атты оқулықты жарыққа шы ғар ды. 1995 жылы осы оқулық «Сорос-Қа-

зақ стан» қоры Қазақстан Республикасы Білім министрлігімен бір ле сіп, 

«Гуманитарлық білімді жа ңар ту» бағдарламасы аясында өт кіз ген кон-

курста жеңімпаздар қатарына енген оқулық болатын. Алма Қы рау бай-

қы зы – 8-сыныпқа арналған «Қа зақ əдебиеті» жаңа буын оқулығы ав-

тор ла ры ның бірі. Бұл оқу лық тар дың ерекшелігі, оқушылардың əдеби 

бі лім де рін əрі қарай тереңдете тү се тін жалпы түрік халықтарына ортақ 

жазба əдебиетінің бастауы – ежелгі дə уір əдебиетінің үлгілері берілді. 

Əдебиет  оқушыға  көркем  бейне  ар қы лы  əсер  етіп,  қуаныш  сыйлап, 


343

сезімін  тəрбиелеп,  байытып,  əде би  тіл де  сөй леу ге  үйретіп,  тұлға  қа-

лып тас ты ра ды. 

Алма  Қыраубайқызы 1970 жылы  Əл-Фараби  атындағы  Қазақ  мем-

лекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітіргеннен ке-

йін, барша ғұмырын ғылым мен ұстаздық жұмысқа арнады. Бұл жолда 

ол  өзін  білімді  ғалым,  білікті  ұстаз  ретінде  танытып,  жұртшылықтың 

ықы лас-ілтипатына бөлене білді. Əсіресе қазақ əдебиеті мен көркемдік 

ойы ның бастау тегіне қатысты жүргізген табанды да тыңғылықты зерт-

теулеріндегі өзіндік ой тұжырымдары мен тың пайымдаулары үшін оны 

əріп тес те рі дарынды да дара ғалым ретінде зор құрмет тұтатын. Оның 

«Ға сыр лар мұрасы» (1989), «Ежелгі дəуір əдебиеті» (1991), «Ежелгі əде-

биет» (1996), «Түркі əдебиет» т.б. жиырмаға тарта кітаптары тек қазақ 

əде бие ті нің ғана емес, иісі түркітілдес халықтар əдебиетінің тарихына қа-

тыс ты сүбелі зерттеулер болатын. Ол тек ұлттық мектеп, ұлттық тəрбие 

мə се ле сін  көтерген  педагог-ғалым  ғана  емес,  белгілі  əдебиетші,  бүкіл 

түр кі  əлеміне  танымал  тюрколог-ғалым  еді.  Алма  Қыраубайқызының 

ең бек те рі  Түркия  елінде  шығатын 30 томдық  түркі  тарихына  енген-

дігінен де хабардармыз. Біз бұл мақаламызда Алма Қыраубайқызының 

ғы  лы  ми  еңбектерінің  ішінде  тек  педагогика  жөніндегі  толғаныстарын 

бір қырынан, бөлігін ғана əңгіме еттік. Ол кісінің өмірден ерте кетуі де 

сол өмірдегі ауыртпалықтың салмағы ма деп те қаласың. Азамат кө те ре 

бер мей тін атан жүкті арқасына көтерген Алма Қыраубайқызы сынды ға-

лым ды кешегі Ы.Алтынсарин, М.Дулатов, М.Жұмабаев, А.Бай тұр сы нов 

секілді  аталарымыздың  заңды  жалғасы  іспетті,  жаңа  ғасырдағы  жаңа 

модельді  ұлттық  педагогиканың  алғашқы  өкілдерінің  бірі  екендігін 

зерттеуіміз қажет.

«Астана ақшамы», 2002 жыл

Бекболат БƏЙТІКОВ

АСЫЛ, ҚАСИЕТТІ КІСІ ЕДІ

1993 жылдың көктемінде Жандосов ауылындағы орта мектепте араб 

қар пін де  (төте  жазу)  жазуға  үйрететін  үйірме  жұмыс  істейтінін,  онда 

зиялы қауымның бір өкілі дəріс беретінін естідім. Оқушылар арасында 

Алма апайдың аңыз болып айтылып, сабағы туралы тартымды əң гі ме-

лер өрбігені сол мектепте тарихтан сабақ беріп жүрген мені елең ет кіз ді. 

Жолым түсіп, бір күні апаймен жақын таныстым, ол кісі мені үйір ме-

нің сабағына қатысуымды сұрап шақырды. Сабақ қарапайым түр де, өте 

қызықты  өтті.  Сонда  байқағаным – балалардың  əрбір  ісіне  терең  мəн 

беру мен сабырлылық еді. Жазу мен оқуды қатар меңгеріп жатқан оқу-

шы лар түрлі қызықты əңгімелерді де тыңдап, «Шалқар» газетінен үзін ді-


344

лер оқып, сондай бір керемет қызығушылықпен жұмыс істеді. Байсалды 

да  сабырлы,  биязы  үнді  апайдың  əңгімесі,  сабақ  жүргізу  мəнері  кім ді 

болса да баурап аларлықтай еді.

Сонан  біраз  күндерден  соң  апай  Зиба  екеуміздің  дастарқанымызда 

болды. Ол кісі кеткен соң адам мінезінің керемет қасиеттілігі бізді бау-

рап алды. Ұлттық университеттің доценті бола тұрып, тұла бойындағы 

қарапайымдылық пен сабырлылық, дауыс мəнеріндегі байсалдылық біз-

дің құлағымыздан, тіпті жүрегімізден бір сəт те кеткен жоқ. Төрт ба ла-

ның ата-анасы бола тұрып, əлі де болса сол кісіге еліктеуге, сол кісідей 

болуға талпындық. 

Кейін мектептен шығып, шəкірті Самал Дəрібаев екеуміз Алма апай-

дың  басшылығымен  ауылдан  ашылған  гуманитарлық  қазақ  мəдениеті 

мектеп-лицейінің іргесін қаластық. Аянбай еңбек еттік. Мектептің шар-

уа  шы  лық істерімен шапқылап кеткенде, бізге, екеуімізге, сеніп қал ды-

ра тын  еді.  Бар  ұстаздық  тəжірибемді  салып,  сөзге  қалмай  еңбек  етуге 

ұм тыл дық.

1993 жылдан ашылған лицей 1996 жылдың оқуын аяқтасымен жабы-

лып қалды. Оған əлеуметтік жағдайлар себеп болды. 

Сонда оқыған оқушылар кейіннен жан-жаққа тарап, үлгілі озат оқу-

шы лар  болды.  Мəдениет  пен  асыл  қасиеттерді  жинақтаған  азаматқа 

айналды. Ал сонда жұмыс істеген жастар қауымы бір-бірімен туысқан 

болып, əлі күнге апай салған сара жолмен адамгершілік қасиеттерді алға 

тартып араласып келеміз.

Басымыз біріккен сəтте Алма апайдың асыл қасиеттері мен өнегелі 

сөздерін еске аламыз. Арамызда болмаса да артында үлгі етерлік ісі мен 

ұлағатты сөздері есімізде мəңгі қалды.

Айналдырған үш жылдың өзінде талай елге танымал адамдармен кез-

десу өткіздік. Басы Сара Назарбаевадан бастап Өтежан Нұрғалиев, Мə-

ди на Ералиева, Сəуле Жампейісова, Тұрсынбек Кəкішев, Рахманқұл Бер-

ді баев т.б. озық ойлы кісілердің əңгімелерін тыңдап, өнеріне сусындап, 

оқу шы лар мен қатар өнеге алдық. Адамгершіліктің асыл қасиеттерін, ұс-

таз дық еңбектің қыры мен сырын тереңнен меңгердік. Өн бойымызды 

тік теп салауаттылық пен мəдениеттіліктің биік тұғырынан көрінуге ұм-

тыл дық.

Зиба бибі БƏЙТІКОВА

АЛМА БИБІ

Ауылға Алма Мүтəліпқызы келіп, мектепте балаларға араб тілін үй ре-

тіп жүр дегенді естіп, сол кісіні бір көруге ынтызар болдым. Сол сəт те 

туды. Көшеде келе жатып, алғаш рет Алма бибіні көрдім.



345

Бір көргенде-ақ, елдің айтып жүргеніндей, аса қадірлі кісі екенін бір 

бойынан бар жақсы қасиеттердің барлығын табуға болатынын айқын се-

зін дім. Ол кісі мені жатырқамады. Жөн сұрасып, бұрынғы бір танысым-

дай, туысымдай, əңгіме барысында ашық-жарқын, жайдары мінезімен 

ме нің көңілімді баурап алды. Екеуміз ұзақ сөйлестік. Өзінің ойындағы 

жоспарларын айтып, мені де сол еңбекке араласуымды қалады.

Бұл 1993 жылдың көктемі еді. Қасындағы өзінің шəкірттерімен бір ге 

жанталасып жүгіріп жүріп, ауылдағы клубтың бір шетін алып, сол жер-

ден Лицей ұжымын құрды. 

Бұл лицейдің бастамасы оңай болған жоқ. Өзімен бірге келген жас 

шə кірт те рі  Самал,  Саида,  Лəйла,  Айсұлу,  Нұрсұлтан,  Бекболат  есімді 

жастар бар ықыласымен көмектесті. Клубтың ішін тазалау, майлау, пəн 

ка би нет те рін ашу, оны жабдықтау – барлық жұмыстарда осы жандар өз 

кө ме гін аяған жоқ. 

Сол кездегі қиындықты жеңе біліп, барлық жағдайда Алма бибі шы-

дам ды лық көрсетті. Лицейдің ғұмыры 3 жыл ғана болды. Бірақ біз үшін 

өмірлікке жетер мол қазына, үлкен бақытты күндер сол еді. Алма би бі-

мен болған əр күнім, əр сағатым менің өмірімді өзгертті. Біз лицей ұжы-

мы өте тату, өте мəдениетті, өте қызықты күндерді бастан өткіздік. Біз 

əр қа шан да бірге болдық. Бір-бірімізге тіреу болдық. Қызығы-шы жығы 

аралас күндерді Алма бибімен бірге бөлістік.

Алма бибінің айтқан сөздері, бойындағы ізгілігі, жоғары мə де ниет-

ті лі гі, «ерге»  бергісіз  қайсарлығы  бізді  үнемі  қажырландырып  отыра-

тын. Алма бибінің əңгімесі, домбырамен қосылып айтқан əндері бізді 

үне мі  биікке  қарай  жетелейтін.  Сол  жылдары  жарық  жиі  өшуші  еді, 

ондайда Алма бибі шамды (свечиді) жағып, ал енді отырып жақсылап 

əң гі ме ле се йік ші  деуші  еді. «Адам  шамның  жарығынан  өзіне  қуат  жи-

найды», – дейтін.  Жарық  жанса  да,  оны  қайтадан  өшіргізіп,  шамның 

жа ры ғы мен əңгімелесейік деуші еді. Аңқылдап бір күлетін, əзілі өзіне 

жарасатын, біздерді еркелетіп, өсіріп, көтеріп отыратын кездері өте көп 

болатын. Алма бибі ешқашан дауыс көтеріп, кісі көңілін қалдырмайтын. 

Өте қанағатшыл, жоққа төзімді шыдамы мол жан еді. Бəрімізді бірдей 

кө ре тін,  əр  оқушының  жүрегіне  үңілуге  тырысатын,  көмегі  дайын, 

кең жүректі жан еді. Ұжымдағы ұстаздардың дені жастар еді. Соларға 

ақыл шы ана болды. Жігіттерге айтқан бір сөзі үнемі жадымда: «Əйел 

құ лақ пен сүйеді, сезінеді, естиді. Өздеріңе сол арқылы қайырымы мол 

болады», – деуші еді. Бұл ерлі-зайыптыларға айтқан асыл сөз, алтын қа-

зы на сы еді. 

Шіркін өмір, қандай жалған едің. Алма бибі, Сіз салған ізгі жол, өзіңіз 

ұйт қы болып көтерген шаңырақ қазір бір қауым ел болды. Үйелмелі-сү-

йел ме лі шаңырақ көтеріп, бірімізге-біріміз қамқор, бауыр-туысқан бо-

лып, Лицей ұжымы атты елге айналдық.


346

Бірақ қасымызда Сіз жоқсыз. Біз сізді сағындық, Алма бибі! Біз Сіз-

дің бейнеңізді, есіміңізді жүрегіміздің түкпірінде сақтаймыз. Сіз көр ме-

ген 60 жылдық  «мерейтойыңызды»  Сіздің  лицейіңіз  Сізді  жоқ тат пай 

еске алып өткіземіз... 

Самал ДƏРІБАЙҰЛЫ

АРМАНЫ КӨП ЕДІ ҒОЙ АЛМА АПАЙДЫҢ…

(Көрнекті ғалым-ұстаз, филология ғылымдарының докторы,

профессор Алма Қыраубаева ашқан мектеп жайлы бір үзік сыр)

Дана  қазақтың  дара  жаратылған  ғұламалар  шоғыры  сөз  өнері  мен 

саз өнерінің мөлдір бастауына қанып, қал-қадірінше елді де қандырып 

келе жатыр. Сол шоғырдың ішінде Алла тағалам ерекше жаратып, иман-

ды лық нұрын төккен, жылы шуағын мейірімімен шашуға пейілді жан 

Алма апайымыз еді. 

Адамзаттың  дыбыс  тілін  түсінгелі  бергі  талап-талпынысы – сауат 

ашу, білім алу. Даусыз нəрсе! Дауалаған жүректің дамылдағанша даң ғыл 

жол іздейтіні жəне бар, ол – Ұстаздық жол! Жолы даңғыл бол ға ны мен, 

бұ ра лаң-бұлтарыссыз да емес. Алайда Алла алдында да, адам алдында 

да дидарын ақ жапқанша сауапты іс жасатар сара жол. 

Пəни  дүниеден  ұстаздық  ұлы  көштің  керуеніне  көркем  ойларын 

көм ке ре көшкен ардақты Ана – аяулы Алма апайымыз да осы Жолдың 

жо лау шысы болатын. Көрікті ойларына көміліп, таланты мен тəліміне 

тəн ті болып рақаттана тыныстайтын күндеріміздің келте болып көрген 

түс тей келмеске кеткені тым өкінішті-ақ.

Ежелгі дəуір əдебиетінен дəріс берген Алма апайдың ұлт балаларына 

арнап жаңаша сипаттағы мектеп ашу қажеттілігі туралы ойларын уни-

верситет қабырғасында жүрген кезімізде-ақ еститінбіз. Бірақ, шыны ке-

рек, ол қандай бағытта оқытатын мектеп, онда білім алатын шəкірттер 

мен ұстаздар қандай болмақ дегенді қиялдап қана қойғанымызбен, жете 

түсінбегеніміз тағы аян. Тағдырдың сыйы болар, Алма апай мектеп ашып, 

кейбірімізді жұмысқа шақырғанда кезінде қиялдаған кейіпкеріміздің өзі-

міз боларына шексіз қуандық. 

1993 жылдың қыркүйегінде, жаңа оқу жылының қарсаңында, Ал ма-

ты ның бөктерінде орналасқан Ораз Жандосов атындағы ауылда жер гі-

лік ті жұртты ғана емес, қазақ зиялы қауымын елең еткізген елеу лі жа ңа-

лық болды. Елеулісі сол: көрнекті ғалым-ұстаз, филология ғы лым да ры-

ның кандидаты (апай бұл жылдары докторантурада болған еді. – С.Д.), 

Əл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің доценті Алма 

Қы рау бае ва осы ауылдан алаш баласына арнап ұлт мəдениеті мен əде-

бие тін тереңдете оқытатын мектеп-лицей ашты. Р.Бердібаев, Т.Кə кі шев 



347

бас та ған бір топ көрнекті ғалымдар батасын беріп, тұсауын кескен бұл 

кие лі шаңырақтың кейін Алма апайдың мектебі аталып кетуі де заң ды-

лық еді. 

Атақтан да, абыройдан да кенде емес Алма апайдың Алматыдан ар-

найы келіп, алақандай ауылдан мектеп ашудағы мақсаты не еді? Басқа 

мектептерден ерекшелігі қандай болмақ?

Сол жылдары көпшіліктің көкейінен кетпей қойған көлденең сауал 

осы болатын.

Апайдың мақсаты айқын еді. Арман – Өркениет əлеміне қазақ құ-



бы лы сы болып кіретін Азамат дайындау, қазіргі қазақ азаматының мі-

не зін  қалыптастыру.  Ұлтымыздың  асыл  қасиеттерін  бойына  сіңірген, 

за ман ға лайық тұлға қалыптастыру. Ол үшін, ең əуелі, өз-өзіне сенімді 

бала тəрбиеленуі керек.

Шілденің шіліңгір ыстығында апайдың ауыл əкімшілігінен аттай қа-

лап сұрап алған мəдениет үйін өз қолымызбен жөндеуден өткізіп, бөл-

ме лер дің көбін сыныптарға қайта лайықтап жасадық. Құрылысқа қа жет-

ті  заттармен,  мектеп  мүліктерімен  қамтамасыз  ету  ақшасына  табыла 

қой май тын алмағайып кездері оңай шаруа емес-тұғын. Апайдың талай 

мекемелер  мен  қалтасы  қаржылы  азаматтардың  алдына  баруына  тура 

кел ді. Қазақы рухы жоқтардан қажып қайтатын қайран апайымызға қол 

ұшын берер күш іздеп қиналатынбыз сол бір сəт.

Тамыздың орта шенінде осы бір қиындықтардың біразы ше шіл ген дей 

болды. Ауыл əкімшілігі мен осындағы мектептің, аудандық, об лыс тық 

оқу бөлімі мен білім жетілдіру институтының, демеушілік та ныт қан аза-

мат тар дың көмегімен мектебімізді жаңа оқу жылына ма те риал дық жа ғы-

нан да, методикалық оқу құралдарымен де жабдықтап үл гер дік. Ас қақ 

ар ман ның жетегінде жүрген ұстаздарға бұдан артық қуаныш бар ма?

Жұмысқа қабылданған ұстаздардың дені университет қабырғасынан 

жаңа шыққан жастар едік. Мұның себебі ұстазымыздың жаңаша көз қа-

рас ты жастардан іздегенінен болар. Практикада жүргенде болмаса, əлі 

оқу шы алдында толық сабақ беріп көрмеген біздер үшін сүйікті апа йы-

мыз дың қасымызда болуы қобалжыған көңілімізге медеу болатын. Əр-

бір са ба ғын сағына күтетін ұстазымызбен бірге жұмыс істеудің, оның 

ой-арманын өзімен қатар жүзеге асырудың сəттілік қана емес, сенім еке-

нін түсіндік.

«Сеніміне» (апайдың авторлық бағдарламасы осылай аталды. – С.Д.) 

серік бола алсақ, сеңнің де сетінейтінін сездік. Мектептің ішкі жүйесі 

мен жұмыс мазмұны əміршілдік қатынастарды қажет етпейтін қағидаға 

құ рыл ды. Ұстаз бен шəкірт арасындағы байланыс Адамгершілік негізді 

басшылыққа  алды.  Шəкірт  көзқарасында  біздің  тұлғамыз  білім  бе ріп, 

тəр тіп ке салушы емес, рухани өсірушіге, үйретушіге айналуымыз бұл-

жы мас заңдылық еді.


348

Адам  баласын  аялай  білетін  апай  ұстаздарға  аналық  мейіріммен  қа-

рай тын. Тəжірибеміз жетпей тығырыққа тірелгенде өзі бас болып бол ған 

жайтты талқылап, ақылын айтып, тұңғиықтан алып шыққандай болатын.

Жұмысқа қабылданған ұстаздар терең білімімен ғана емес, баланың 

рухани өсуіне басшылық жасап, оған АДАМ ретінде қадірлі болуымен 

ба ға ла на тын. «Балаға сыйлы боламын десең, баланы өзің сыйлай біл», – 

дейтін апай.

Мектеп-лицейде алғашқы кездері бала саны аздау болғанымен, ке йін 

ата-аналардың сенімі күшейді ме, көрші ауылдардан, тіпті Алматы мен 

басқа облыстардан да оқуға тілек білдірушілер көбейді. Бірақ көп оқу-

шы қабылдауға мектеп мүмкіндігі көтермейтін. Қабылданған оқу шы лар-

дың  бəрі  бірдей  мектептерінде  жақсы  оқыған  оқушылар  болды  десек 

қателескен болар едік. Керісінше, білім деңгейі төмендеу, өз ортасында 

елеусіздеу болып жүрген оқушылар көбірек келетін. Негізгі ұс та ны мы-

мыз – баланың болашағы мен мүмкіндігіне сену, сондықтан кейбір гим-

назиялар мен лицейлердегідей білімі мен тəртібіне қарап қа был дай тын 

қа таң  қағидалардың  қажеті  бола  қоймады.  Апайдың  ав тор лық  бағ дар-

ла ма сы ның түпкі мұраты да баланың рухани өсуіне бас шы лық жасап, 

кісілік, шығармашылық қабілетін дамыту болатын.

Негізгі  бағыты  «Əлем  жəне  Мен»  кеңістігіндегі  танымды  меңгеру 

бол ған дық тан, ең алдымен, ұстаз бен шəкірт арасында адамгершілік қа-

ты нас, түсіністік, мəдениетті орта жасалуы керек еді. Ал мұндай ортаны 

қалыптастыру үшін алдымен шəкірттерді бұйығылықтан құтқарып, өзі-

не деген сенімін қалыптастыру керек болды. Ішкі еркіндігі жоқ баладан 

бі лім ді лік ті талап ету əділетсіздік болар еді.

Адам баласының өзін-өзі қадірлей білуінің өзі де – үлкен мəдениет. 

Əлемдік мəдениетке жетудің баспалдағы өзіңді игеруде жатыр. Шə кірт-

тің жеке тұлға болып қалыптасуы үшін өзіне деген сенімін кү шей тіп, 

ішкі «менін» ояту қажет. Бұл үшін не істеу керек?

Бұйығылықтан құтылуды, мұғалімдер, өзімізден бастадық.

Өз  ұйғарымымызбен  шəкірттерімізді  «Қанат  мырза», «Динара  би-

кеш» деген сияқты сыйластық сөздермен атадық. Шəкірттер де ұс таз-

да ры на  «Рақым  мырза», «Алма  бибі», «Лəйлə  бике»  деп  ілтипат  етіп 

жататын. Алғашқы кезде өзімізге де тосындау болған осы қарым-қа ты-

на сы мыз кейін ұстаз бен шəкірт арасындағы сыйластық пен құрметке дə-

не кер болды. Шəкірт жүрегінде бізге, ұстаздарға ғана емес, өз-өзіне де-

ген сенім пайда болды. Шынында, осы қарапайым ғана нəрсе көбінесе 

фамилиясымен ғана аталып, азан шақырып қойған атын мұғалім тара-

пынан анда-санда бір еститін шəкірт жүрегін жылылыққа бөледі деп ай-

ту ға  болар  еді.  Бір  ерекшелігі – бұл  күндері  алды  жоғары  оқу  орнын 

аяқ тау ға жақын сол шəкірттеріміз жолай кездесіп қалсақ, бізді əлі күнге 

осылай атап жатады.



349

Бұйығылықтан  құтқаруды  би  мəдениетін  үйренумен  де  бай ла ныс-

тырдық.

Балаларды  былай  қойғанда  өзіміздің  де  бабына  келтіріп  би  билей-



тініміз шамалы. Ата-аналар тарапынан да «бесіктен белі шықпай жатып 

билеген несін алған, сабағын оқыса да жарамай ма?» деушілер табылды. 

Биге икемсіздеу кейбір мұғалімдер де «балалармен бірге қалай билейміз, 

қа рап тұрсақ қайтеді» деген ойларын білдіріп жатты. Бұл би мə де ние тін 

тү сін бе ген дік тен туған пікірталастар еді. Ақырында «балалардың, жұрт 

алдына шығып сөйлеу, билеу мəдениетін қалыптастыру үшін өзі міз дің 

ашыл ға ны мыз жөн» деген ұйғарымға келдік.

Осылайша «би кеші» де мектебіміздің əдемі дəстүрінің біріне айнал-

ды.  Классикалық  музыкадан  бастап  қазіргі  жастардың  ырғағы – бəрі 

қам тыл ды. Келе-келе алғашқы кештерде фойедегі үстелдің астына ты-

ғы лып қалып, көздері жылтырап күліп қарайтын бесінші жыл дық та ғы 

шəкірттеріміз де, биге шығуы қиямет-қайымға айналатын кейбір ұс таз-

дар да ашылып, шама-шарқынша билей бастады. Бұдан не ұттық?

Əдетте, тек 10–11-сыныптарға ғана рұқсат етілетін би кештеріне қа-

таң бақылаушы ретінде ғана тұратын мұғалімдердің (көп оқу шы лар дың 

тү сі ні гін де осылай қалыптасқан) өздерімен бірге билеуі шə кірт тер ді шат-

тық қа бөледі. Мəселе – қалай билегенімізде емес, би мəдениетін бір ге тү-

сін ге ні міз де болды. Би билеу баланың өзін сүйкімді көрсетудің тамаша 

мүмкіндігі екендігіне көзіміз жетті. 

Баланың  ішкі  мүмкіндіктерінің  терең  ашылуына  тағы  бір  жағдай 

жасалынды. Мектебімізде шəкірттер мен ұстаздар арасында терең бай-

ланыс болу үшін хат салатын жəшік ілінді. Бұл əдіс шетел пе да гог те рі-

нің тəжірибесінде бұрыннан бар. Арнайы орынға қойылған жə шік ке шə-

кірт тер ұстаздарына деген ойларын хатпен білдіруге де мүмкіндік туды. 

Алғашында  кімге  ренжіп  жүргені,  қайда  барғысы  келетіні,  сабаққа  не 

үшін дайындала алмағаны т.с.с. сияқты мазмұндағы хаттардың астын-

да қалғандай болдық. Нақты біреуіміздің атымызға келген хатқа мін дет-

ті түрде жауап жазуға тырыстық. Өз арамызда əзілдеп айтатын «Үшбу 

хаттармен» ой бөлістік, ақыл қосқандай болдық. Кейін хаттар легі сая-

быр сы ған дай болды. Хат жаза білудің де үлкен мəдениет еке нін шə кірт-

те ріміз дің түсінгендігі болар. Бұл заңдылық еді. Енді тек шə кірт тер ден 

жан сезіміне əсер еткен нəрселерді жазған хаттар алатын бол дық.

Сенімі бар шəкірт шығармашылықпен де жұмыс істеуге икемді. Оны 

дер кезінде сыртқа шығара алмаса, лап етіп жанған оттай өшіп қалуы да 

мүмкін. Қайта тұтату қиын. Жоғары сыныпқа келген оқушының бойы-

нан кішкентай кездеріндегідей талпынысты таба алмай қина ла ты ны мыз 

қазір жасырын емес. 

Сухомлинский «Бала өзін-өзі жетілдіруге икемделмесе, оны жүз мұ-

ға лім  де  тəрбиелей  алмайды»  деп  бекер  айтпаса  керек.  Мектептегі  əр 


350

оқу бөл ме сі нің алдына орналастырылған шағын тақта мен бор шə кірт-

тер дің шығармашылық шабыттарының оянуына өз үлесін қосты. Бұны 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет