Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев



Pdf көрінісі
бет32/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53

Берікхан САҒЫМБАЕВ

ХОРЕЗМИ «МАХАББАТНАМА»

XIІІ–XIV ғасырлардағы түркі əдеби нұсқаларының ішінде «Махаб-

батнама» деген шағын дастанның алатын орны ерекше. «Махаббатна-

ма» Алтынорда дəуіріндегі əдеби ескерткіштердің ең көне де көр нек ті ле-

рі нің бірінен саналады. Авторы – Хорезми. Шайырдың толық аты-жөні, 

əу ле ті, туған, өлген жерлері беймəлім. Анығы – ол Сыр бойына қоныс 

тепкен  сыңсыған  қалың  қалалардың  бірінен. «Махаббатнама»  сөзін 

біт тім мұнда, бəрін де жаздым Сырдың жағасында», – дейді автор сөз 

со ңын да.  Дастанның  біздің  заманымызға  екі  көшірмесі  жетті.  Ұйғыр 

əр пі мен жазылған нұсқасы көне саналады (1432 ж.) да, араб алфавиті-

мен  түскен  көшірмесі 1503–1509 жылдар  аясына  жатады.  Ұйғырша 

нұс қа сын белгілі ғалым А.М. Шербак 1959 жылы орыс тіліне аударып 

бастырды.  Араб  алфавитіндегі  көшірмесін  жариялаған  мəскеулік  ға-

лым – Э.Н. Наджип. Өткен жылы «Жалын» баспасынан филология ғы-

лы мы ның кандидаты Алма Қыраубаеваның аудармасында қазақ тілінде 

шық қан  «Ма хаб бат на ма ның»  негізіне  осы  Э.Н.  Наджиптің  аудармасы 

алын ған екен. Кітапшаға нұсқаның транскрипциясы, аудармасы мен ау-

дар ма шы ның кіріспе мақаласы кірген. «Алтын сандық» айдарымен бұ-

рын нан танымал болып жүрген көне мұралардың қазақ тілінде жарық 

кө руі дəс түр ге айналып, қалың оқушы қауымның да игілігіне айналуы 

құп тар лық іс деп танимыз.


320

Немат КЕЛІМБЕТОВ 

ЖАҚСЫ НЫШАН, ИГІ ҚАДАМ

(Хорезми. Махаббатнаме / 

Аударған А.Қыраубаева «Жалын» баспасы, 1985 ж.)

 

Кезінде атақ-даңқы бүкіл ұлан-ғайыр Алтын Орда мемлекетіне Хорез-



ми деген лақап атпен мəшһүр болған ақынның «Махаббатнаме» – Алтын 

Орда  дəуірі (XIII–XV ғасырлар)  поэзиясының  ең  озық  əдеби  дəс түр лі 

негізінде жазылған, сол кездегі көркемсөз туындыларының қай-қай сы сы-

нан болса да шоқтығы биік тұрған шығарма екені даусыз. Толып жат қан 

көне  мұралар  ішінен  інжу-маржандай  асылдарын  танып,  құн ды ла рын 

таңдап ала білу – жеңіл-желпі іс емес. Міне, осы тұрғыдан қа ра ған да, 

баспаның творчестволық коллективі қателеспеген. Оның үс ті не дастан-

ды  кездейсоқ  аудармашы  емес,  осы  «Махаббатнамамен»  көп тен  бері 

айналысып  келе  жатқан  зерттеуші,  филология  ғы лы мы ның  кандидаты 

А.Қыраубаева тəржіма жасаған. Əрине, мұның бəрі – құп тар лық іс. 

«Махаббатнаме» дастанына көптеген əдеби ескерткіштердің бірі ғана 

деп қарауға болмайды. Өйткені оның қазақ əдебиеті тарихынан алатын 

орны  орасан  зор.  Бұл  шығарма  қазақтардың  өз  алдына  дербес  ха лық 

ретінде қалыптасып, тарихи аренаға шығуы қарсаңында жазылған. Де-

мек, ол кезінде қазақтың жыраулар поэзиясының өмірге келуіне қа жет ті 

əдеби алғышарттардың бірі болған. 

Сонымен, «Махаббатнама»  дастаны 1853 жылы  Жəнібек  ханның 

тұ сын да,  Сырдария  бойындағы  қалалардың  бірінде  жазылған.  Бұл 

шы ғар ма ның  екі  қолжазба  нұсқасы  сақтанып  қалған.  Қазір  оның  еке-

уі де – Лондондағы Британия музейінде. Соның бірін, дəлірек айтсақ, 

1509 жылы араб əрпімен көшірілген қолжазба нұсқасын көрнекті совет 

ға лы мы Э.Н. Наджип жан-жақты зерттеп, оның түркі тіліндегі текстен 

да йын да ды, транскрипциясы мен сөздігін жасады əрі дастанды орыс ті-

лі не жолма-жол (подстрочник) еркін аударып шықты (Қараңыз: Хорез-

ми. Мухаббат-наме. М.: Изд. восточной литературы. 1961 г. Біз Хорезми 

жырларының орысшасын осы басылым бойынша алдық. – Н.К.).

А.Қыраубаева «Мухаббатнаме» дастанын осы Э.Н. Наджип жа рия ла-

ған нұсқасы бойынша қазақ тіліне тəржіма жасаған. 

Мөлдір махаббатты көкке көтере жыр еткен ғажайып дастанның бұл 

нұсқасы 946 өлең  жолынан,  яғни 473 бəйіттен  (бəйіт  екі  жолды  өлең) 

тұрады. Жігіттің қызға жазған он бір хаты шығармаға негіз болған. Сол 

он бір хаттың үшеуі ғана парсы-тəжік тілінде екен. Ал қалғанының бəрі, 

яғни жігіттің қызға жолдаған сегіз хаты ортағасырлық түркі əдеби тілін-

де жазылған. Дəлірек айтсақ, «Мухаббатнаме» дастанының негізгі тілі 

Алтын Орда қыпшақтарының тілі болып келеді. Мұнда грамматикалық 


321

жағынан да, лексикалық тұрғыдан да қыпшақ элементтері басым екені-

не көз жеткізу сонша қиын емес.

«Махаббатнаме» дастанының аудармасы шығарманың көне түркі ті-

лін де гі  транскрипциясы  мен  қазақ  тіліндегі  аудармасын  қатар  қойып, 

екеуін қоса-қабат берген. Соның нəтижесінде, оқырман дастанының түп 

нұс қа сы мен қазақша аудармасын өзара салыстыра отырып оқуға мүм-

кін дік алған. Бұл – ұтымды əдіс.

«Махаббатнаме» дастанындағы бірқатар бəйіттерден жекелеген фра-

зио ло гия лық  тіркестердің  қанатты  сөздердің  қазіргі  қазақ  тіліне  сəтті 

тəр жі ма жасалғанын атап көрсеткіміз келеді. Мəселен, түркі тілінде: 

Кім ош йел тек кечар аййамы фəши, 

Жаһанда қалса біздің армағаны – 

деген бəйіттің аудармасы: 

Фəни күндер өте шығар желдей жүйрік, 

Қалсын мұра жаһанға бізден сыйлық, – 

деп автор ойын дəлме-дəл жеткізген (28-29 беттер).

Тағы бір – екі мысал келтірейік: 

Мұхаббаттын тұғар мың түрлі асрар,

Көңұл асрарыны жан бірла асырар. 

Қазақшасы: 

Махаббаттың мың түрлі құпиясы бар, 

Жүрек оны жан шыққанша жасырар (70-71 бет) 

немесе: 


Лəтиф уы назук уа Йусуф лыкасын 

Зарафат бірлы аламда əлəмсін.

Қазақшасы:

Сымбаттысың Жүсіп жүзді, нəзіксің, 

Бір саламда сұлулардың жалауы боп қалыпсың (84-85 бет). 

Міне, осы жыр жолдарының түркі тіліндегісі мен қазақшасы өзара та-

би ғи түрде үндесіп, аудармасы едəуір сəтті шыққан. Ең бастысы – аудар-


322

машы түп нұсқадан алшақтап кетпеген, автордың бейнелі сөз тəсілін сақ-

тай білген. 

Баспаның «Алтын сандық» сериясынан бұл жинақтың жарық көруі 

жақсы нышан, игі қадам екенін атап айтқымыз келеді. 

«Қазақ əдебиеті», 1986 жыл, 15 тамыз

Берікбай САҒЫНДЫҚОВ

 

ƏДЕБИ МҰРА ЖƏНЕ ТАНЫМ БАСПАЛДАҒЫ

(А.Қыраубаева, Ғасырлар мұрасы, «Мектеп» баспасы, 1988 жыл)

Біз  филология  ғылымдарының  кандидаты  Алма  Қыраубаеваның 

«Мектеп» баспасынан шыққан «Ғасырлар мұрасы» деп аталатын еңбегін 

қы зы ға  оқып  шықтық.  Зерттеудің  бірінші  тарауы  «Уақыт  бедері»  деп 

аталыпты. ХIII–XIV ғасырларда түркі халықтары ел болып, халық болып 

қа лып та са бастады. Қазіргі ұлттардың этностық негізі де осы кезеңде 

қа лан ды. Түркі халықтарының тарихында елеулі рөл атқарған осы бір 

дə уір дің  əлеуметтік  мəдени  жағдайын,  əдебиет  саласындағы  жетістік-

терін автор аталған тарауда егжей-тегжейлі əңгімелейді. XIII–XIV ға сыр-

да ғы түркі əдебиеті бір жағынан əл-Фараби, Сағди, Фирдауси, Низами, 

Ж.Баласағұни, Ахмет Ясауи тəрізді алдыңғы дəуір ғұламаларынан жал-

ғас қан мұра болса, екінші жағынан, өз тұсындағы бүкіл дүние жүзі мə де-

ние ті нің дамуы барысымен үндесе туған əдебиет деп дұрыс қо ры тын ды 

жасайды. Шындығында, түркі əдебиетіндегі Қайта өрлеу мəселесі келе-

шекте қыруар ғылыми жұмыстарға арқау болуға тиіс.

Біздің заманымызға келіп жеткен əдеби мұралардың бірі «Қисас и Раб-

ғу зи» («Рабғузидің қиссалары») деп аталады. Мұны XIV ғасыр ғұ ла ма ла-

ры ның бірі Насреддин Рабғузи, Тоқ Бұға бектің өтініші бойынша, 1310 

жылы жазып шыққан. Ол араб-парсы əдебиеті үлгілерін өз заманына ла-

йық тап қайта жаңғыртқан. Басқаша айтқанда, бұл ескерткіш əр түр лі жанр-

да ғы шығармаларды қамтыған хрестоматия, жинақ болып табылады. 

«Аударма-нəзира  əдебиет»  деп  аталатын  екінші  тарауда  автор  осы 

ескерткішті əдеби тұрғыдан талдайды. Еңбектің методикалық жағынан 

құн ды лы ғы мынада: ғылыми шындыққа сай келе бермейтін діни тү сі нік-

тен туған əңгімелерді бір бөлек, тарихи адамдар жайлы аңыз-қис са лар-

ды бір бөлек ажыратып əңгімелейді. Олардың əрқайсыларының маз мұ-

ны мен таныстырып, жанрлық, көркемдік ерекшеліктерін əр қырынан тү-

сін ді ре ді. Əңгімелердің ғасырлар өткен сайын қалай өңделіп өзгергенін 

нанымды мысалдармен, ғылыми деректермен дəлелдейді. Ескерткіштің 

зерттелу тарихын баяндап, оның сюжеттік, композициялық табиғатын, 

сан алуан қырлары мен сырларын байыпты ашып береді. 

Кітаптың тағы бір пайдалы жағы – оқушылар ғибрат алатындай əң гі-

ме лер дің іріктеліп берілгендігі. «Мектеп» баспасы ұсынып отырған осы 


323

ең бек ті оқығанда мынадай ой келеді: «Қысас-и Рабғузи» сияқты кө лем ді 

шы ғар ма дан қазіргі өмірімізге қажетті үлгі-өнеге боларлық əң гі ме лер ді 

таңдап алып, бөлек кітап етіп құрастырса, қандай игілікті іс болар еді.

Орта ғасырларда аударма əдебиетпен қатар тыңтума əдебиет те пайда 

болды. Солардың бірі – Сырдария өзенінің жағасында жазылған Хо рез-

ми дің  «Махаббатнамасы» («Махаббат  туралы  жыр»).  Үшінші  тарау да 

осы дастан жайында əңгімеленеді. Мұнда дастанның варианттары, кө-

шір ме ле рі, зерттеушілері нақты ғылыми тұрғыдан сөз болады. Өйт ке ні 

филология  ғылымдарының  кандидаты  Алма  Қыраубаева  бұл  нұс қа ны 

тұң ғыш рет қазіргі қазақ тіліне аударып, транскрипциясымен қоса 1985 

жылы «Жалын» баспасы арқылы жеке кітапша етіп шығарған еді. Ес-

керт кіш тің тілін жете түсінгендігін Алма сол жылы-ақ оқушы жұрт шы-

лық қа танытқан болатын. 

«Ғасырлар мұрасының» жақсы жағымен қатар, кейбір кемшіліктері 

де жоқ емес. Ең алдымен, құрылымы жөнінде. Əр тарауға бір-бір та қы-

рып қойылыпты. Алайда бірнеше мəселенің бір тақырыпқа ба ғын ды ры-

лып  баяндалуы  оқушыларды  жалықтырып  жіберетіні  сөзсіз.  Мы сал ға 

«Раб ғу зи  қиссаларында»  ескерткіштің  зерттелу  тарихы,  қис са лар дың 

сю же ті мен стилі сөз етіледі. Осылардың əрқайсысына неге жеке-жеке 

та қы рып ша қоймасқа? Бұл, бір жағынан, автордың жауапкершілігін де 

арттыра түсер еді. 

Көне əдебиеттің текстерін транскрипциялау, яғни өзге бейтаныс ал-

фавиттен  өз  алфавитімізге  көшіру – күрделі  мəселе.  Əсіресе  дауысты 

дыбыстарды таңбалау даулы. Кейбір зерттеушілердің ескі мұраны – бү-

кіл  түркі  халықтарына  ортақ  мұраны  өз  ұлтына  қарай  жақындатқысы 

ке ле ті ні сыналып жүр. А.Қыраубаеваның өз еңбектерінде текстерді қа за-

қы лан ды рып транскрипциялауын құп алмаймыз.

Кітапта ұғымы ауыр, ұзақ құрылған сөйлемдер де кездесіп қалады. 

Мұны  автордың  ғана  емес,  баспа  редакторларының  да  жіберген  кем-

шілігі деп білеміз.

Қысқасы, түркі халықтарының кейінгі қалдырған əдеби, ғылыми мұ-

ра сы мол. Өкінішке орай, біз жазба нұсқалардың бірқатарын білсек, не 

дəуір бөлігін біле бермейміз. Мысалға қалың оқушы жұртшылық Ба ла-

са ғұн ның  «Қутадғу  билигін» («Құтты  білік»),  Қашғаридың  «Диван-у 

луғат-ит  туркін» («Түркі  сөздерінің  жинағы»),  тіпті  Кутбтың  «Хусрау 

уа Ширин» («Хұсырау мен Шырын»), Сейф Сараидің «Гүлстан» атты 

аудармаларын тағы басқаларды баспасөз арқылы біледі делік. Ал «Рақат 

ал-қу луб» («Жүрек рақаты») «Мұқаддимат ал-араб» («Əдебиетке кіріс-

пе»), «Хуласа» («Мазмұндама») «Маниа ал-ғұзат» («Мəмлүктердің сый-

лы ғы»), «Китаб мұқаддима» («Түсіндірме кітап»), «Китаб ат-датба» («Іс 

кітабы»), «Иршат улмумук уа ас- салатин» («Əмірлер мен сұл тан дар дың 

айтқан насихаты») сияқты толып жатқан əдеби-ғылыми ес керт кіш тер ді 


324

тек  мамандар  ғана  болмаса,  кез  келген  тілші,  əдебиетші  оқып,  тү сі не 

алмайды. Бұлар араб алфавитімен жазылған. Мұның сыртында армян, 

ұй ғыр алфавиттерімен келіп жеткен түркі жазба ескерткіштері бір төбе. 

Түр кия, Сирия, Египет сияқты елдерде жеке адамдардың кітапханасын-

да кездесетін ғылымға əзір белгісіз ескерткіштер қаншама! 

Тарихи  ескерткіштерді  іздестіріп  табуда,  зерттеп  жариялауда 

В.В. Бартольд, В.В. Радлов, С.Е. Малов, А.Зайончковский сияқты Совет 

Ода ғын да ғы жəне шетелдердегі ірі ғалымдар орасан зор еңбек етті. Көп-

те ген ескерткіштердің түп нұсқасы жарияланды, транскрипциясы, сөз ді-

гі басылды. Тілдік, əдеби тұрғыдан тексерілді. Дегенмен XIX ға сыр дың 

аяғы XX ғасырдың басындағы қарқын кейінгі кездерде едəуір толаста-

ды. Тың нан ескерткіштер іздеп табу мардымсыз дəрежеде немесе тіп тен 

тоқ тап қалды. 

Мұның басты себебі неде? Көне түркі тілі, көне түркі əдебиеті деген 

са бақ тар мектепте өтілмейді. Араб жазуынан хабары жоқ, көне түркі ті-

лін білмейтін жасөспірімдер институт яки университетке түскеннен ке-

йін ғана аталған пəндерден мағлұмат ала бастайды. Студенттер көне нұс-

қа лар туралы лекцияларды бар ынтасымен тыңдайды, ізденіп терең біл-

гі сі келетіндері де жоқ емес. Бірақ соншама еңбек еткенде олардың қан-

дай нəтижеге жетуі мүмкін? Талапкер жеткіншектер көп ұзамай-ақ бос 

еңбек еткенін түсінеді. Біріншіден, бəрі бірдей ғалым болмайды. Екін ші-

ден, өз білгенін өзгелерге үйрете алмайды, өйткені ондай пəн мектепте 

өтілмейді. Абай айтқандай, «Біреу білмес, сен білсең». Білгеніңнің бəрі 

тұл болады да шығады. 

Өткен тарихымызға, мəдениетімізге, тілімізге шын көңіл бөлетін бол-

сақ, көне түркі тілі мен көне түркі əдебиетіне де ерекше назар ау да ры лу-

ға тиіс. Жастар бұл пəндерден білім негіздерін мектептен алатын болса, 

іс оңғарылады. Бетбұрыс заманда бұған деген сеніміміз зор. 

«Ғасырлар мұрасы» – оқырмандарға ой салатын кітап. Өйткені онда 

халқымыздың асыл қазынасы туралы сыр шертіледі.

«Қазақ əдебиеті», 1989 жыл, 15 қыркүйек

КӨНЕДЕН ЖЕТКЕН АСЫЛ СӨЗ

Талай  уақыт  бойы  туған  əдебиетіміздің  бары  мен  жоғын  тек  кеңес 

дə уі рі кезінен іздеп, одан бұрынғымыз жөнінде сөз бола қалса, екі-үш ға-

сыр əрі асырудың өзін сұмдық көріп, оны да байшыл, кедейшіл деп жік-

теп тастаған тарихымыздан біртіндеп құтылып келеміз. Халқымыздың 

көне кезеңдегі жазу-сызу нұсқаларына ортақ мұрағаттарына қатысты дү-

ние лер, оқулықтар шыға бастады. Солардың бірі – жақында ғана «Ана 

тілі»  баспасынан  жарық  көрген  «Ежелгі  дəуір  əдебиеті»  атты  жоғары 

оқу орындарының студенттеріне арналған хрестоматиялық оқу құралы. 


325

Ол өткен жазда осы баспадан «Қазақ əдебиетінің тарихы» атты серия мен 

жа рық көрген алғашқы кітап – Н.Келімбетовтің «Ежелгі дəуір əде бие ті» 

оқу лы ғы на қосымша құрал ретінде шығып отыр. Кітап көне түр кі əде-

бие ті нің (VI–IX ғғ.) үлгілері – Орхон ескерткіштерінің тексі, «Қор қыт 

ата», «Оғызнама» шығармалары; ислам дəуірінің əл-Фараби, М.Қаш ға-

ри, Ж.Баласағұни, А.Ясауи сынды тұлғаларының туындылары; сондай-

ақ Алтын Орда-Қыпшақ дəуіріндегі əдебиет нұсқалары ішінара ық шам-

да лып берілген. Асыл мұраларды құрастырып, өмірбаяндық деректерді 

жаз ған – филология ғылымдарының кандидаты Алма Қыраубаева. Тара-

лымы – 19 мың дана. Бағасы – 3 сом 30 тиын.

«Ана тілі», 1992 жыл, 12 наурыз

О. МҰҚТАР

БҰЛАҚТАН БАСТАУ АЛҒАН

 

Əл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық уни вер си те ті-

нің оқытушысы, ғылымда өзіндік өрнегі бар, əдебиет тарихын зерт-

теу ші жерлесіміз Алма Қыраубайқызы «Қазақ əдебиетіндегі шы ғыс-

тық қисса-дастандардың түп-төркіні мен қалыптасуы» деген та қы-

рып та докторлық диссертация қорғады.

Жүрекжарды сүйінші хабар құлағыма тиісімен қанаттас əріп тес тер-

дің бірімен пікірлескен едім. «Ой, сіз де соны жаңалық деп, қазір екі нің 

бірі академик емес пе?» деп қарап тұр. Не дерсің, «əттең, байыбына бар-

мады-ау» деп іштен тынып, өкініш өзегімді өртеп, көңілі құрғыр бə сең-

сіп қалды. Жоқ, əріптес, қателесесіз...

Алмагүл кемел жасына, ғылымдағы дүйім əдебиетшілер мо йын да ған 

сара жетістігіне бел-белестерден, асу бермес өткелдерден өтіп келді. Бұ-

рын да ры тегімізді айту дəстүр емес-тін. Қара шаруаның ша ңы ра ғы нан 

өргенімізді мақтан тұтатынбыз. Енді бүгін заманның түзіктігі болар, зия-

лы лық пен парасат-пайым үстем жүреді. Тегіне тартып туған пер зент тің 

көш-қадамына сүйсінесіз. Мұның бəрін əспеттеп, əдемілеп, ой жеткен-

мен,  сөз  жеткізе  алмай  жатқанымыз:  Алмагүл – Сыр  еліне  аты  мə лім 

айтыскер ақын, жырау Мүтəліп Қыраубаевтың қызы. Ананың əл диі мен 

əкенің  əуезді  жыры  қатар  өрілген  шаңырақтың  тəлім-тəрбиесі  елден 

ерек-ті. Отбасында ақын, жыршы, термешілердің, жалпы, өнер ие ле рі-

нің жиі болуы үйдегі кішкентайлардың бəрін сырлы əлем тылсымына 

ын тық ты рып,  емірене  құшағына  алғандай  еді.  Оның  үстіне  Алманың 

ал ғыр лы ғы  қосылып,  Сұлутөбедегі  орта  мектепті  алтын  медальмен, 

ол кездегі республикадағы жалғыз универсиситет – ҚазМУ-дың фило-

логия  факультетін  қызыл  дипломмен  тамамдады.  Тынымсыз  ізденіп, 

жан-жақты қарманып, зерттеушілік ыждағаттылығымен көзге түскен ол 



326

аспирантурада қалдырылды. Көп ұзамай əдебиет сыны саласының көр-

нек ті өкілі Бейсембай Кенжебаевтың жетекшілік етуімен кан ди дат тық 

диссертация қорғады. 

Алма еліміздегі жоғары оқу орындарының қара шаңырағы саналатын 

университет қабырғасында ұстаздық ете жүріп, ғылыми ізденісін те рең-

де те түсті. Қаншама зерттеу еңбектеріне, монографиялары жəне пуб ли-

цис ти ка лық жинақтары жарық көрді. Олар: «Махаббатнама» (Хорезми), 

«Ға сыр лар мұрасы», «Ежелгі дəуір əдебиеті», «Жаным садаға», «Жам-

был  салған  əн  еді», «Ежелгі  əдебиет», «Шығыстық  қисса-дастандар». 

Бə рін тізбелемей-ақ қоялық, мұнан өзге де үлкенді-кішілі оннан астам 

кі тап тың авторы.

Туындылардың қайбірін алмаңыз, танымдық өресі өткеннен бүгінге 

көш түзейді. «Ежелгі əдебиетті» парақтап отырсыз, мектеп оқушыларына 

ар нал ған тұңғыш бейнелі оқулық екен. Біз, əдетте, туған əдебиетіміздің 

не гі зін Бұқар жыраудан бері таратып, көне дəуірге көз жұмып келдік. Ал 

енді  мына  жинақ  ықылым  заманнан  бастау  алып,  түркі  əлемін  көктей 

өтіп, күні кешегі данагөйлерімізге табан тірейді. Бұрынды-соңды шəкірт 

тү гіл,  зерек  ағайынның  құлағы  шала  қоймаған  əдебиетіміздің  түп-та-

мыры «Тарғытай», «Зарина», «Ширақ батыр», «Алып-Ер Тұңға», «Көк 

бөрі» аңыздарының жай-жапсары баяндалады. 

Алма докторлық белеске осындай жолдардан өтіп келді. Зерттеу бары-

сында қазақ əдебиетіндегі шығыстық қисса-дастандардың қа лып та суын 

анықтау мақсатын алдына қойып, олардың мифтік негіздерін ай қын дау, 

X–XIV ғасырдағы түрік əдебиетіндегі нəзира дəстүрімен жазылған жыр-

ларды талдау, сол кезең ақындары шығармашылығын бағдарлау, сюжет-

тік негіздеріне қарай жүйелеу, желілік іздерін табу жəне ерекшеліктерін 

түйіндеу міндетін мойнына жүктеді.

Тақырыптың  ғылыми  сонылығы  неде  дегенде  əдебиетші  ға лым дар 

қисса-дастандардың ең көне мифтік негіздерінен бастап қа рас ты ры ла ты-

нын, алғаш зерттеліп отырғанын, «Бақтиярдың қырық бұтағы» жы ры-

ның  тұңғыш  жүйеленіп  сипатталғанын  жіктеп  берді.  Сондай-ақ  ке ңес 

дə уі рін де жарияланбаған, Қазан басылымы бойынша оқылған «Қожа Ға-

фан», «Халуа Фұрыш», «Атымтай-Жомарт», «Қисса-Дандан», қолжазба 

кү йін де гі  «Беренсоздың  қиссасы», «Ер  намысы», «Гүлшат-Шеризат», 

«Бақ тияр дың зары», Пекин басылымындағы біршама қиссалар ғы лы ми 

ай на лым ға түсті, яғни зарыға күткен көпшіліктің көзайымына айналды. 

Сонымен, əдебиетіміздегі шығыстық қисса-дастандардың түп-төр кі-

ні мен қалыптасуын зерттеуге түрен салынды. Оған тұңғыш қадам жасау-

шы – ширек ғасырдан астам уақыт көз майын тауысып, іздеген, сөй тіп, 

же міс ті белестен көрінген жерлесіміз, филология ғылымдарының док-

торы Алма Қыраубайқызы. 



«Сыр бойы», 1997 жыл, 10 маусым

327

Қанипаш МƏДІБАЙ 

НƏЗИРА ДƏСТҮРІ – ƏДЕБИ ЗЕРТТЕУ

 

Жақында  «Рауан»  баспасынан  ежелгі  дəуір  əдебиетінің  белгілі 



маманы  Алма  Қыраубайқызының  «Шығыстық  қисса-дастандар» 

атты зерттеу еңбегі жарық көрді. 

Еңбекте Түрік оянушылығы дəуіріндегі (X–XVI ғасырлар, əсіресе Ал-

тын Орда əдебиетінде (XIII–XIV) көрініс тапқан нəзира дəстүрі қисса-

хикаят,  қисса-дастан  жанрын  дамытқаны,  орыс  отаршылдығы  ұлт тық 

үр діс ті бүркемелеуге көшкен XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап 

нə зи ра дəстүрінің қазақ əдебиетінде қайта жаңғырып, дамуы жайлы нақ-

ты лы шығармалар төңірегінде кеңінен сөз болды. XIX ғасырдағы ұлт-

тық  рухани  оянушылығының  елеулі  қозғаушы  күші – көркем  əде биет. 

Соның ішінде қисса-дастандар өнегелілік пен имандылықты дə ріп тей-

тін ді лі гі мен қымбат. 

Ғалым А.Қыраубайқызы сол XIX ғасырдың ортасынан бастап XX ға-

сыр басындағы қисса-дастандардың мəн-мазмұнын, қиссашыл ақын дар-

дың шығармашылығын арнайы зерттеу еңбектерінде талдап көр сет кен.

«...Олар қазақтың ежелгі жазба əдеби хикаяларын, Əли мен Раб ғу зи-

дің «Қисса – Жүсіп», «Қисса-ул əнбиаларын» оқып көрген. Низами мен 

Құтбтың «Хусырау Шырынымен» таныс, Сағди мен Сəйф Сараи «Гү-

ліста нын» естіп білген. «Мың бір түн», «Тотынама», «Шаһнама» оқи ға-

ла рын жаттап өскен ақындар еді», – деп құнды қазыналарды сол кезден 

ша йыр лар дың басты ізденіс көзі деп табады

А.Қыраубайқызы атап отырған қисса-дастандар Жүсіпбек Шайх ис-

лам  ұлы (1854–1936), Ақылбек Сабалұлы, Қашафуддин Шаһмарданұлы 

(1840–1910), Шəді Жəңгірұлы (1865–1916), Əсет Найманбайұлы (1867–

1922),  Əріп  Тəңірбергенұлы (1856–1924), Мəшһүр  Жүсіп  Көпейұлы 

(1857–1931), Ақыт Ұлымжыұлы, Кете Жүсіп Ешниязұлы (1871–1927), 

Мəу ле кей Жұмашұлы, Жүсіп Таубайұлы (1882–1916), Мансұр Бе ке жан-

ұлы (1875–1933), Ораз  молда,  молда  Мұса,  Мəделіқожа,  Тұрмағамбет 

жəне басқалар. 

Олардан қалған мұраларды жинақтай келе, ғалым түрлі дерек, мə лі-

мет тер келтірген. Сол негізде қисса-дастандарды бұрынғы белгісінен бө-

лек əлдеқайда мол екендігін айтады. Нақтылы шығармаларды атап, оны 

байыта түседі. Тың дерек, мəлімет ұсынады. 

Еңбекте  осы  уақытқа  шейін  беймəлімдеу,  қағаберістеу  қалып  келе 

жат қан бірнеше қисса-дастан, белгісіз болып келген қиссашы ақындар 

есі мі алғаш рет аталады. 

А.Қыраубаева əдебиетіміздегі бұл саланы ұшы-қиырсыз, рухани мол 

дү ние деп тұжырымдай келе, XIX–XX ғасыр басындағы əдебиеттегі қис-

са дəстүрін ғылыми негіздеудің, жүйелеудің көкейкесті мəселелерін қоз-


328

ғай ды. Əсіресе «Мың бір түн», «Тотынама», «Шаһнама» желілері жəне 

Орта Азиялық желілер деп жіктеп бөліп, тереңдей зерттейді. Сонымен 

бірге Пекинде басылған шығыстық қисса-дастандар жəне «Бақ тияр дың 

қырық бұтағы» қиссасы туралы арнайы сөз қозғайды.

Қисса-дастандардың қалыптасу жолдарын, қазақ қоғамындағы руха-

ни əсер ықпалы айқындап, аша түсуде бұл зерттеу ерекше мəнге ие. 

XIX ғасырдағы діни-ағартушылық бағыттың пəрменді арнасы бол ған 

ежелгі нəзира дəстүрінде қайта жаңғырған қисса-дастандардың жандану 

себептерінің түп төркіні отаршылдық, миссионерлік саясатта жат қа ны 

белгілі. Сол тұрғыда белгілі бір тарихи кезеңдер ол кезеңдердегі қа зақ 

əдебиеті көтерген жүк жөніндегі ұғым түсінікті кеңейте, бекіте тү су де 

аталған зерттеу өзіндік үлкен рөл атқарады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет