Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет30/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65
Өнерге құлаш ұрып бала жастан,
Тарихын бұл үш жүздің етіп дастан.
Баласы Толыбай сыншы Қожаберген,
Бой ұрған ерлік іске әуел бастан
60
.
Мәшһүр Жүсіп мұрасының бұл күнде он үш томы қолымызда. Осы- 
ның ішінде не жоқ дейсіз? Халқымыздың өткені мен өшкеніне
байланысты талай сырлар осы он үш томдық мұрада тұнып тұр. Ел 
есінен, халық жадынан өшіп кеткен қаншама елеулі есімдермен осы
томдар арқылы қайта қауыштық. Тек, Мәшһүр атаның бұл еңбектерінде 
«Даналар» өлеңі түгілі Қожаберген мен Сегіз сері деген бір ауыз сөз
жоқ. Мұны Мәшһүрдің «Мес» жинағын толық зерттеген ғалымдар да
растайды. Немесе Сұлтанмахмұт Торайғыров шығарды дейтін:
59
Мұхтар Мағауин. Мен (роман-эссе). – Алматы, 1998. – 344-б.
60
Социал Жұмабаев. Қожаберген жырау ( шығармалар жинағы). – Петропавл. – 162-б.


118
119
Керейде Қожаберген, Сегіз өткен,
Қазақтың шежіресін жыр ғып шерткен.
Үш жүзге өлеңменен үндеу тастап,
Олар да бірлік үшін еңбек еткен
61
, –
«өлеңінің» де ақынның ешбір жинағында жоқтығы Сұлтанмахмұт 
шығармашылығымен етене таныс оқырманға мәлім. Оның үстіне мы-
нандай шалдыр-шатпақты Сұлтанмахмұт жазды дегенге кім сенеді? 
«Қожабергентанушылардың» тағы бір куәлікке тартатын адамы – 
халқымыздың қас батыры Бауыржан Момышұлы. Баукең бүй деген 
көрінеді: «Керей Қожаберген жыраудай бұрынғы-соңды өмір сүрген 
ақындарының бірде-біреуі қазақ жұрты жерінің көлемін, шекарасын 
айқындап берген емес. Ол кісінің «Елім-ай» жыры – әскери дастан! 
Бала кезімізде оны әншілердің аузынан талай естіп едім. Шіркін-ай, сол 
әскери дастан қайда бар екен?» Бұл күнде Бауыржан Момышұлының
отыз томдық шығармалар жинағы жарық көргені белгілі. Бір кереметі
сол отыз томдықтың бірде-біріне Баукеңнің әлгі пікірі кірмей қалған. 
Б.Момышұлы шығармаларын зертеушілер де «Баукең ондай пікірді 
ешқай жерде айтқан да, жазған да емес», – деп зар қағады. «Қожа-
бергентанушылардың» осындай шексіз бейбастақтығы, түк қысылмас-
тан алаш ардақтыларының аузына еш жауапкершіліксіз, оп-оңай сөз
сала салатыны жан түршіктіреді. Бұдан Қожаберген мен Сегіз сері бар 
бола қалмайды ғой.
Осы жерде оқырманның көңілінде дық қалдырмас үшін ағартушы, пе-
дагог Ыбырай Алтынсариннің Қожаберген жырау туралы мәліметін қаз-
қалпында бергенді жөн көрдік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет