Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет 1927 жылында белгілі қазақ жерінің жазушысы М.Әуезов еңгізген термин.
Зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі ақындары Дулат Бабатайұлы, СүйінбайАронұлы,Шортанбай Қанайұлы, т.б.Олар патша өкіметінің отарлау саясаты қазақ халқының кері әсер еткенін,көптеген қиындықтар мен қайшылықтарды алып келгенін,заманның азғанын,ел- жұртқа береке қалмағанын,шығармаларының басты тақырыбы етіп алды. Жазушы М.Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды.Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі . Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін, ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді. Зар заман ақындарының өлеңдерінің мәні. Ресей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен сұрқия саясаты Зар заман ақындарының өлең-жырларында жан-жақты суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы Зар заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясымен үндесіп жататын өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөңкеұлының жырларынан айқын байқалады. Зар заман ақындарының ең беделді өкілдерінің бірі Мұрат Мөңкеұлы болып табылады. «Қоныстың бәрін жоғалтқан ноғайлы, қазақ надан жұрт,
бірлігінің келгісі», - деп ол тығырықтан шығар жолды білімнен іздейді. Мұрат өз заманын адамгершілік жағынан озған, отбасы қатынастарының бұзылған заманы дейді. Ол заманның бұзылуының, қайғы қасіреттің үйірілуінің себептерін іздеп, өз заманының күйіне пайымдаулар
жасайды. Дегенмен, қазақ халқы Мұраттай біртуар азаматтарының арқасында осындай қиын жағдайға қарамастан өзінің рухани мәдениетін, оның төл ерекшеліктерін сақтап қала алады. Ата қоныс мекенін, жер, суын, тұтастығын аман сақтап, кейінгі ұрпаққа қалдыра білді. Зар заман ақындары шығармаларындағы ұлттық болмысты, қазақ қадыр-қасиетті сақтап қалуға үндеген ой-пікірлер жанайқаймен, шарасыздықпен, соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Зар заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалады. Олар елдің басына түскен нәубетті ақырзаманның келгені деп ұғады. Бұл жердегі ақырзаман – ғаламдық апат, жарық дүниедегі көзге ілінген нәрсенің тып-типыл болуы, турасындағы емес, отаршылдықтың шеңгеліне мықтап түскен, ұлттың күйреуі сипатындағы ақырзаман. Зар заман ақындарының бірі адам қолымен жасалған зұлымдықтан, екіншілері діннің бұзылғандығынан деп топшылайды. Әсіресе, Шортанбай ақын шарасыздықтан дінді таяныш қылады. Елде ұрлық пен парақорлықтың , өсек пен жалақорлықтың көбейін, ұлы атасын сыйламаған , атасы батасын бермеген әлеуметтік құбылысты заманақырға теңеген Шортанбай оның себебін патша өкіметінің отарлау саясатынан іздейді. Шортанбай ақырзаманды «бүкіл адамзат ұрпағының » жойылуы деп ұқпайды. Оның ойынша , «ақырзаман »бұрынғы әдет – ғұрыптың бұзылуы адамдар арасындағы сыйластық байырмалдықтың азаюы әркімнің өз басын күйттеуі, қазақ халқының өз еркіндігінен айырылуы , орысқа бодан болуы. Хандық билікті аңсаған ақын « Жандарал ұлығың , майыр сынғаның болды », «кәпірді піріндей тілмәшті жеңгендей дуанды үйіндей көрдің », енді сені күтіп « абақты тұр қасында , қазылған қара көріндей » деп сақтандырады. Шортанбай басқа халықтың заңдары мен тұрмыс ерекшеліктерінің екінші халыққа күшпен енгізілуінің қаншалықты қатерлі екендігін түсіндіреді. Ғасырлар бойы қалыптасқан биліктің, әдеп – ғұрыптың кенеттен өзгеріске ұшырауын ол халықтың адамгершілік нормаларын бұзатын құбылыс ретінде бағалады. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын батыл айыптады, бұл жағдайдан шығудың жолдарын іздеп арпалысты. Шортанбай ақын үлкен адамгершілік мәселесін де жоғары бағалап, оның осындай қиын жағдайларға түскеніне қорғаныстан өзіміздің тұрмыс салтымыздағы төл ерекшеліктерімізді сақтап қалуға, оны бұзбауға әрекет жасайды. Шортанбай ақын қоғамдық санада болып жатқан өзгерістерді, қазақ даласына енген жаңалықтарды қазақ қауымының жаңа тұрмыс - салтына
ұмтылуын өз көзімен көрді, олардың куәсі болды. Ол өмірдің осы жағын жырлай отырып, қазақ халқының болашақ мақсат мүддесін қорғады. Зар заман ақындарының өлең-жырларында елмен қоштасу, туған жердің өткенін аңсау сарыны орын алған. Жалпы “ауа көшу”, “қонысты тастау” ұғымы көптеген халықтардың фольклорлық шығармаларына тән. Талауға түскен елден кетіп, жайлы жер, ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндік, бостандыққа ұмтылу мұраттарымен орайлас келеді. Ақындардың бірқатары жұтаған жер мен көшкен елге қайырылып сөз айтып тұрып, басқыншылық пиғыл мен зорлықшыл әрекеттерді зарлана жырға қосады. ХХ ғасырдың соңынан бастап Зар – заманның тарихи сипаты , Зар – заманның ақындарының шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері , көркемдік кестелері туралы бір қатар еңбектері жазылды. Зар – заман шығармаларының – жаңалығы мол, өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс ретінде әдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу нысанасы болып қала бермек.