Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет51/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65
ЖүсЕКЕңнің ДомБырасы
Сағынышым жас боп көзге толды да,
Қол созып ем күмбір етті домбыра:
Жүсекеңнің қоңыр үні жеткендей,
Неге көптен келмей кеттің орныма?!
Қолыма алып жағдайына қанықтым,
Қарлығыңқы үн шығарды жарықтық:
«Кеуіп бара жатқандаймын қаңырап,
Қолдың жылы табын аңсап жабықтым!»
Көкірекке қысып тұрып шанағын,
Пернелерін басып-басып қарадым.
Еске түсті Жүсекеңнің алдында,
Тәй-тәй басқан балалығым, талабым.
Ұсталмаса қалады екен қаңырап,
Алқымымды өксік қысты аңырап.
Күйлеп едім, кетті жайнап бар ғалам,
Қайран дана, қайран қара шаңырақ!
Ақын Асқар Егеубаев


202
ЖүсіпБЕК ЕлЕБЕКоВТің шӘКірТТЕрі
(1965 жылдан бері өнерпаздар тәрбиелей бастаған 
эстрада-цирк студиясынан 1967 жылы ашылған 
Жүсіпбек Елебековтің класы бойынша бітіріп шыққан әншілер)
1. Жәнібек Кәрменов
2. Қайрат Байбосынов
3. Кенжағали Тәшкенов
4. Алма Кенжебаева
5. Берген Елубаев
6. Әкімхан Базаргелдиев
7. Санақ Әбеуов 
8. Жұмабек Қамбаров
9. Болатқазы Еркежанов
10. Мұратбек Жүнісбеков
11. Ғалым Мұхамедин
12. Тұрсынғазы Рахымов
13. Мырзахмет Мүкәмалов
14. Нұргүл Әбдімәкімова
15. Әнуза Нүксінханова
16. Мара Есмұханова
17. Қадиша Мұқаева
18. Хасен Төпеев
19. Келденбай Өлмесеков
20. Алтын Иманбаева
21. Амангелді Жекенов
22. Мәкен Мұқышева
23. Райхан Тергенбаева
24. Жанат Дүйсекеев
25. Клара Жаналиева
26. Алмахан Кенжебекова
27. Дүйсенбі (? тегі анықталмады)
ноталар


204
205
аққҰм
Халық әні
Орындаған Жүсіпбек Елебеков
аққҰм
Аққұмның бір қызы бар Іңкәр атты, 
Сөзі бар алуа шекер балдан тәтті. 
Адамның өзім көрген абзалы екен, 
Айтайын өлең қылып перизатты. 
Көзімнің жанарындай сәулем едің
Көңлімнің қуанышты дәурені едің. 
Келмейді келсем кеткім еш қасыңнан, 
Басымды не сиқырмен әуреледің?! 


206
207


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет