Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет59/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65
ақылБаЙДың Әні 
Ақылбай Абайұлы
Орындаған Жүсіпбек Елебеков
ақ қаЙың 
Шашубай Қошқарбайұлы
Орындаған Жүсіпбек Елебеков


252
253
ақ қаЙың
Ақ қайың, қызыл қайың, сырлы қайың
Баласы Қошқарбайдың Шашубаймын.
Қолға алып домбырамен ән салғанда,
Болсам да малға кедей, тілге баймын.
Қайырмасы: 
Ақ қайың жалған-ай
Өттің дәурен-ай. 
Халқымның арасында
Кештім сайран-ай. 
Ақ қайың, қызыл қайың, сырлы қайың, 
Баласы Қошқарбайдың Шашубаймын. 
Өлеңнің бір-екі ауыз арқасында 
Дабылдап атағымды елге жайдым. 
Қайырмасы: 
Ақ қайың жалған-ай, 
Өттің дәурен-ай. 
Халқымның арасында, 
Кештім сайран-ай. 
ЖаЙқоңыр 
Естай Беркімбайұлы
Орындаған Жүсіпбек Елебеков


254
255
ЖаЙқоңыр
Ертістің арғы жағы – Арғанаты, 
Әншінің домбырасы – қолғанаты. 
Жағалап қара Ертісті Естай ақын
Деп салған «Жайқоңырға» – әннің аты. 
Әуелі бұл шіркінді бастау қиын, 
Екінші көптің сөзін тастау қиын. 
Төрт сөзің түгелімен келмеген соң, 
Барқырап топ ішінде қақсау қиын. 
Басында Шұбартаудың Бозқараған, 
Сол таудан дария көшіп су тараған. 
Жақсы қыз, сері жігіт бәрі сонда
Япырмай, неге келдім сол арадан. 
Басында Шұбартаудың боз бетеге, 
Бақанас, Байқошқарға жер жете ме. 
Тағдырдың талқысынан кезіп жүрмін, 
Әйтпесе туған жерден ер кете ме. 
Бозқараған 
Уәйіс Шондыбайұлы
Орындаған Жүсіпбек Елебеков


256
257
қарқаралы 
Мәди
Орындаған Жүсіпбек Елебеков
қарқаралы
Атыңнан айналайын Қарқаралы
Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады. 
Сайыңнан саяқ құрлы сая таппай, 
Мен бір жан қашып жүрген арқадағы. 
Немене көрген қызық көрмегендей, 
Жас дәурен жауар бұлттай өрлегендей. 
Жігіттік көк семсердің жүзі емес пе, 
Қайрап ап қалың жауға сермегендей. 
Қонғаны аулымның Талды-ау деймін, 
Жағалай ел жайлауға барды-ау деймін. 
Кір жуып, кіндік кескен, қайран жерлер, 
Артымда, Үшқарам-ай, қалды-ау деймін. 
Басында Үшқараның балғын едім, 
Көкорай сазға біткен шалғын едім. 
Екінің бірі болсам арман емес, 
Бәпиден жалғыз туған Мәди едім. 
Ішінде абақтының біз жатамыз
Көңілді құмалақпен жұбатамыз. 
Алыстан іздеп келген ағайынға. 
Тесіктен алақандай тіл қатамыз. 


258
259
 
Сұрасаң руымды Қаракесек, 
Досым аз, дұшпаным көп қылған өсек. 
Үстінде құс мамықтың жатушы едім, 
Бұл күнде қу қарағай болды-ау төсек. 
Міндім де Қаракөкпен жылыстадым, 
Бардым да Қараөткелге жыл қыстадым. 
Науқасым жанға батып жатқан кезде
Болмады жаны ашитын туысқаным. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет