260
261
шірКін-аЙ
Қуғында жас күнімнен жүрген жанмын,
Қызығын бір көре алмай атқан таңның.
Қалайша дәтің шыдап тұра аларсың,
Қысымын
көре тұра хан, сұлтанның.
Батыр боп ер атандым әуел бастан,
Бой бермей бұзықтарға бала жастан.
Бектерге берілмеске белді байлап,
Бұл күнде жалғыз жүріп қарсыласқан.
Ағайын,
асыл туған, абзал достар,
Аға-іні, құрбы-құрдас, замандастар.
Аз күнде
қайта айналып мен келермін,
Ал енді көріскенше, қош болыңдар.
Қолында Мәриямның асыл қайшы,
Қағазға Мәриям аты жазылсайшы.
Қор
қолып бір жаманмен кеткенімше,
Алдымнан қазылған көр табылсайшы.
Қайырмасы.
Дударари, дудым,
Сенің үшін тудым,
Шіркін-ай,
Дударари, дудым-ай.
Ащыкөл, Тұщыкөлдің арасы бір,
Басыңа кәмшат бөрік жарасып жүр.
Дудар-ай, келер болсаң жылдам келші,
Орныңа өңшең жаман таласып жүр.
ДУДар-аЙ
Үлебай
Орындаған Жүсіпбек Елебеков
262
263
Азаттықтың жаршысы,
ұш аспанда,
Бейбітшілік достыққа қона алсаң да.
Ақ қанатты көгершін – адам досы,
Жетсін өлең, ұраның бар жаһанға.
Қайырмасы:
Ақ көгершін аспанда,
Қырғи
бар деп жасқанба,
Шырқа шыңнан, асқарға.
Сен бақыттың жаршысы өмір құсы,
Өлеңде бар бейбітшіл халық күші,
Шарла әлемді, шарықта, шаршап қалма,
Жаз болғанша теп-тегіс өмір қысы.
ақ КӨгЕршін
Әні Садық Кәрімбаевтікі
Орындаған Жүсіпбек Елебеков
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да,
Дүниеде, сірә сендей маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да.
Сорлы асық сарғайса да, сағынса да,
Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да.
Шыдайды
риза болып жар ісіне,
Қорлық пен мазағына таңылса да.
Достарыңызбен бөлісу: