Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е


«Жас қазақ» қазақ сср-інің халық әртісі Жүсіпбек Елебековке және «Жас



Pdf көрінісі
бет49/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65
«Жас қазақ»
қазақ сср-інің халық әртісі Жүсіпбек Елебековке және «Жас 
қазақ» әнінің авторы марқұм рамазан Елебаевқа
1
Сағынышы қам көңілмен ұласып,
Күз аспаны бірде күңгірт, бірде ашық.
Бір жас қазақ отыр окоп ішінде,
Домбырамен – серігімен сырласып.
Сағынғаны – Сарыарқаның өлкесі,
Сағынғаны – сұлу, кербез еркесі.
Сағынғаны –Торғай өзен толқыны,
Сағынғаны – Баянтаудың өркеші.
Батқан кезде тұңғиыққа жоғалып,
Табылмаған, ұғылмаған әні анық.
Әлі тылсым, әлі бұлдыр қоңыр саз,
Қайта келді екі ішекке оралып...
2
Сағынышы қам көңілмен ұласып,
Күз аспаны бірде күңгірт, бірде ашық.
Бір жас қазақ отыр окоп ішінде
Әнші ағасы – Жүсіпбекпен сырласып.
Кең көсілер менде қанша шама бар?
Көңіл күйін елім өзі бағалар.
Кеудесіне домбыраны қондыр да,
Бір балаңның сәлемі деп ала бар...
Сөзі қандай, өзі қандай сүйкімді!
Шертер еді-ау көкей сырын мың түрлі!
Шабуылға кете барды жас қазақ,
Жақсы ағаның көзіне жас іркілді.
3
Ал, Жүсеке, 
«Жас қазақты» басташы,
Ал, жігіттер,
әнші ағаны қосташы.
Өлмес өнер, ұмытылмас есімін,
Ердің даңқын бір көтеріп тасташы!
Елестесін «кең дала қар жамылған»
Өтсін сонау отты жылдар алдыңнан.
Өз әніндей сүйе білген өз елін
Шықсын алға батыр қазақ балдырған.
Мұзафар Әлімбаев 


196
197
БЕЙнЕ Бір БҰлақ сУы
Мінеки, аспанды өрлеп, бұлтты жарып,
Жеткендей күшті дауыс күнге барып.
Таң ата шырылдаған бозторғайша,
Түрлентіп күн шашырай әнге салып.
Біресе тамылжиды жазғы таңдай,
Бейне бір бұлақ суы – мейірің қанғай.
Біресе қиялыңды қытықтаған,
Кешкі бір көз ұялтып жаққан шамдай.
Тау кезіп бұлттан өтер күнмен ойнап,
Әдемі ән салады құлақта ойнап.
Біресе елестейді жасыл жайлау,
Құлпырып жатқан жота гүл-гүл жайнап.
Көтерсе шыңда қыран байланғандай,
Қайырса шақыруға айналғандай.
Жүректі шымшып алып үзіп жейді,
Дегені, беу, шіркін-ау, Қанатталды-ай!
Насыр Ноғаев
қаДірлі ЖүсЕКЕ!
Сен әдемі алпыс деген жастасың,
Өнеріңмен қатарыңнан асқасың
Әсет,
Естай,
Ақан,
Біржан,
Әміре,
Әншілердің іздерін сен басқансың.
Ес білгелі еліңменен біргесің,
Күні кеше жау түргенде іргесін,
Домбыраңды көкке сермеп, ән шырқап,
Жауынгер боп жанған отқа кіргенсің.
Ашық көңіл, таза жүрек, әсем саз,
Есіткенде еріткендей ерке наз.
Қалауыңды өзің тауып халқыңнан,
Сол табыстан мәңгі танба, өнерпаз.
Құттықтаса ел қуанып жамырап,
Сарыарқадан ақ домбыраң аңырап.
Әдемі әнің алты әлемге жайылса–
Оған ортақ осы қара шаңырақ! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет