Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е


алқоңыр Халық әні Орындаған Жүсіпбек Елебеков алқоңыр



Pdf көрінісі
бет52/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   65
алқоңыр
Халық әні
Орындаған Жүсіпбек Елебеков
алқоңыр
Еркем-ай дәнекерсің айнадағы, 
Шашақсың жалаулатқан найзадағы. 
Жаралған бозжорғадай ырғалаңдап, 
Бейуақыт сейілге шық, жайна дағы. 
Қайырмасы: 
Ахау, ахау, 
Алқоңырдай, 
Ән салсаң, ей, бозбала, 
Дәл осылай. 
Жазайын ақ қағазға тізілдіріп, 
Еркеме сөз сөйлейін үзілдіріп. 
Отырсаң оңаша үйде маслихатпен, 
Шіркіннің екі көзін сүзілдіріп. 
Қайырмасы: 
Ахау, ахау, 
Алқоңырдай, 
Ән салсаң, ей, бозбала, 
Дәл осылай. 


208
209
БалқУраЙ
Халық әні
Орындаған Жүсіпбек Елебеков
БалқУраЙ
Ай-күнім, Айман айым, денің сау ма?
Шырмалған ақ шабағым қиын ауға. 
Алыстан ат терлетіп келдім жетіп, 
Болсын деп шыбын жаным, саған сауға. 
Қайырмасы: 
Қару-жарақ тағынып, 
Айрылдым деп не ғылып. 
Айман-айым, жұлдызым
Жаңа таптым сағынып. 
Кешіктім, көп отырдым тас қамауда, 
Қапамен дәурен өтті күн санауда. 
Жеткенім осы болды, кешірерсің, 
Салайын тон тонауды, жан талауға
Қайырмасы: 
Қару-жарақ тағынып, 
Айрылдым деп не ғылып. 
Айман-айым, жұлдызым, 
Жаңа таптым сағынып. 


210
211
Дегенде бес қарагер, бес қарагер, 
Бес жүзік, бес білезік, бес тана бер. 
Берсең бер, бермесең қой соларыңды
Жан сәулем, қайда жүрсең еске ала жүр. 
Өкшесі етігіңнің айнала жез, 
Көзіңнен айналайын дөңгелек көз. 
Екеуміз екі ауылдың баласы едік, 
Қаңбақтай-ау жел аударған болдық қой кез. 
БЕсқарагЕр
Халық әні
Орындаған Жүсіпбек Елебеков
Көшкенде жылқы айдаймын аламенен
Аулыңа барушы едім даламенен. 
Түскенде сен есіме, беу қарағым, 
Сағынып сарғаямын санаменен. 
Көзімнің қарасындай сәулем едің
Көңлімнің қуанышы, дәурені едің, 
Келмейді келсем кеткім еш қасыңнан, 
Басымды не сиқырмен әуреледің. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет