Бағдарламасы Әдістемелік бірлестік отырысында қаралып, талқыланған


«Мағжантану» авторлық бағдарламасының мазмұны мен құрылымы



бет5/10
Дата11.04.2023
өлшемі200,12 Kb.
#81551
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
«Мағжантану» авторлық бағдарламасының мазмұны мен құрылымы:

Рет саны

Тараулар

Сағат саны

Оның ішінде

теориялық

практикалық

1

Кіріспе

1

1




2

Ақын және оның ғасыры



5

4

1

3

Ұлт рухының жаршысы



6

5

1

4

Жыр жұлдызы



6

5

1

5

Мағжан поэмалары



6

5

1

6

Мағжанның прозалық шығармасы



2

1

1

7

Мағжан аудармалары



4

3

1

8

Мағжанның ағартушылық еңбектері



2

1

1

9

Қайталау



1




1

10

Сынақ



1








Оқу – тақырыптық жоспар



Сабақ реті

Өтілетін тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе. Мағжантану курсы туралы.

1




І. Ақын және оның ғасыры



5




2

Мағжанның өмірі, отбасы жөніндегі мәліметтер.

1




3

Азаматтық, ақындық қалыптасу ортасы.

1




4

Мағжанның ақындық таланты, Абаймен шығармашылық байланысы.

1




5

Мағжанның әндері мен күйлері

1




6

Мағжан танымы – қазақ әлемі

1




ІІ. Ұлт рухының жаршысы



6




7

«Туған жерім – Сасықкөл»

1




8

«Қазағым»

1




9

«Қазақ тілі»

1




10

«Жаралы жан»

1




11

«Өткен күн»

1




12

«Ұлт мүддесін ту еткен...» шығарма

1




ІІІ. Жыр жұлдызы



6




13

«Алтын Хакім Абайға»

1




14

«Қарағым»

1




15

«Жазғы таң»

1




16

«Мен кім?»

1




17

«Анама»

1




18

«Шолпандай жарқыраған жарық жұлдыз» ойтолғау

1




ІV. Мағжан поэмалары



6




19

«Қорқыт»

1




20

«Қойлыбайдың қобызы»

1




21

«Батыр Баян»

1




22

«Жүсіп хан»

1




23

«Өтірік ертек»

1




24

«Ақын поэмаларынан алған әсерім» эссе

1




V. Мағжанның прозалық шығармасы



2




25

«Шолпанның күнәсі» әңгімесі

1




26

Әңгімені композициялық құрылымына қарай талдау

1




VІ. Мағжан аудармалары



4




27

Лермонтовтан аудармалары

1




28

М.Горькийден аудармалары

1




29

Гетеден аудармалары

1




30

Мағжан үлгі тұтып, шығармаларын аударған ақын-жазушылар туралы іздену

1




VІІ. Мағжанның ағартушылық еңбектері



2




31

«Педагогика» оқулығы туралы

1




32

Ақын туралы жазылған ой-пікірлерді жинақтау

1




VІІІ. Қайталау



2




33

Презентация жасау, жұмыстарын қорғау

1




34

Жыл бойы өткен материалды қайталау

1





«Мағжантану» курсы бойынша сабақ түрлері

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Қазақ тілі»
Сабақтың мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына
байланысты оқушылар білетін мәліметтерді тексере
отырып, өлеңдерін түсініп және мәнерлеп оқуға
көңіл бөлу, өлеңге сатылай кешенді талдау жолын
меңгерту, әдебиет теориясынан ұғымды кеңейту
Сабақтың міндеттері:

  1. Өлең мазмұнын талдауға үйренеді, идеясын танытады;

  2. Өлеңнің көркемдік ерекшелігін талдайды, әдеби теориялық ұғымдары кеңейеді;

  3. Сөйлеу мәдениетін дамыта отырып, шығармашылық ізденістерін шыңдауға ықпал етеді.



Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасады, іс-әрекеттерін талдайды.


Топтық міндет: оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір-бірін тыңдайды.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.


Сабақтың әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтері, сатылай кешенді талдау
Сабақтың көрнекілігі: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты дайындалған слайдтар, тірек сызбалар, плакаттар.
Пәнаралық байланыс: тарих


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, сабаққа ынтасын аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық. «Шаттық шеңбері»
ІІІ. Сабақ мақсаты: ақын өмірінің бір қырынан түсінік алу, поэзияларымен, «Қазақ тілі» өлеңімен танысу. Сынып оқушыларын үш топқа бөлу: І топ - «Зерттеушілер», ІІ топ – «Әдебиетшілер», ІІІ топ – «Сарапшылар».


ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
І. Ой шақыру.
1. Мағжан Жұмабаев кім?
2. Мағжанның қандай өлеңдерін білесіңдер?
3. Мағжан шығармаларында қандай мәселелерді көтереді?


І І. Топтастыру.

Мағжан

Өлеңді оқу, талдау.


ІІІ. М. Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңін таратып беремін.

1. Өлеңді мәнерлеп оқып шығу.


2. Бірнеше оқушыға қайталап оқыту.
3. Өлеңнің мазмұны туралы түсінігін қысқаша сұрау.


Сатылай кешенді талдау:


І топ «Зерттеушілер» ( Авторы, тақырыбы, жанр түрі, идеясы)

«Қазақ тілі» өлеңі.


1. Авторы: Мағжан Жұмабаев

1) 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Сасықкөл жағасында туған. 1938 жылы наурыз айында жазалау құрбаны болды.


2) Кемеңгер, ұлт ақыны, шебер аудармашы, қоғам қайраткері.

2. Тақырып. Өз қоғамындағы қазақ тілінің рөлі, қазақ елінің бодандық бұғауы.


3. Жанр түрі. Поэзия (өлең).Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.


4. Идеясы. Өлең арқылы қазақ халқының бодандықта болуы, ана тілінің кеңестік заман талабына сай әлсіреп бара жатқандығын, халқымызға тән салт-дәстүр мен ұлттық рухтың жойылып бара жатқандығын, шындық өмір көріністерімен бере отырып, ана тілінің болашағының кеңдігін меңзеу, болашаққа сеніммен қарау.




ІІ-топ. «Әдебиетшілер» Өлең құрылысына талдау

5. Шумақ. Төрт шумақты өлең (Шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді).


6.Тармақ. Әр шумақ төрт тармақтан тұрады. (Тармақ – өлеңнің әр жолы)


7. Бунақ. Күш кеміді айбынды ту құлады,


Кеше батыр бүгін қорқақ бұғады

(Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі)


8. Буын саны. Қыран құстың қос қанаты қырқылды – 11буынды


Күндей күшті күңіренген ел тынды – 11 буынды (Буын – сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты)


9. Ұйқас. Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ ардың,


Жауыз тағдыр жойды бәрін, не бардың.
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Қара өлең ұйқасы (а-а-б-а). (Ұйқас – өлең тармақтарындағы сөз астарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі)


ІІІ топ. «Сарапшылар» Әдеби теориялық ұғымдар

10. Лирикалық өлең (азаматтық лирика) Айбынды ту, ұшқыр жаны, қыран құс,жауыз тағдыр – эпитет. Эпитет (айқындау) – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.


11. Түсіндірме сөздік. Қаң суыну – (ауыс мағынада – ұмтылмау, қызықпау)


12. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні. Автор өз заманындағы өмір шындығын «Қазақ тілі» өлеңі арқылы жеткізе білген. Келер күннен үміт күтеді. Қандай қиындық болса да тіл мәңгі өлмеуі керек. Тіл өлмеген жерде ұят та өлмейді деп сеніммен қарайды... Елді, жерді, тілді сүюге шақырады.


ІV. Ой толғау. Оқушы қиялына, фантазиясына ерік беру тәсілі.

Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде «Фантазиясыз адам өмірі өңсіз, түссіз бір нәрсеге айналмақ. Мылқау өмірге үн беретін, сақау өмірге тіл беретін, жоқты бар қылатын, барды, гүлді, көрікті қыла алатын, бізді арыға аяқ басқызып, тәңірмен тілдестіретін – сол фантазия» деген болатын. Олай болса, оқушының шығармашылығымен ұштастырайық.


І топ «Зерттеушілер» тобы. Мағжан ағаға хат жазу.


ІІ топ «Әдебиетшілер» тобы. «Менің тілім» деген тақырыпқа орай ойдан өлең шығару.
ІІІ топ «Сарапшылар» тобы. «Қазақ тілі: бүгіні мен болашағы» атты тақырыпқа эссе жазу. (ҚР Президентінің Тіл туралы жолдауы)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет