Бағдарламасы Әдістемелік бірлестік отырысында қаралып, талқыланған



бет8/10
Дата11.04.2023
өлшемі200,12 Kb.
#81551
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ІҮ. Сабақты бекіту.
- Поэманың көркемдік ерекшелігін анықтау.
1 топ. Теңеу. 2 топ. Метафора. 3 топ. Кейіптеу.
- Талдау, бағалау сұрақтары:
1. Бұл поэмада қандай мәселелер қозғалған?
2. Баян туралы не айтар едіңдер?
3. Егер автор болсаң, поэманы қалай аяқтар едің?


Ү. Сабақты қорыту.
«Батыр Баян» - терең психологиялық, адам жанының қалтарысын көрсете білген күрделі тарихи-эпикалық поэма. Тәуелсіздігіміз де тарихта болған елін, жерін жаудан қорғаған батырларымыздың арқасы. Сондықтан да поэмадағы мына өлең жолдарымен сабағымызды аяқтаймыз:
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.
Ел үшін жанын кешіп, жауды қуған
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.
Арқаның селі, желі, шөлі, белі
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!


ҮІ. Үйге тапсырма: Жырдан үзінді жаттау.


«Мағжантану» курсы бойынша «Мағжан танымы – қазақ әлемі» атты танымдық сабақ


Сабақтың мақсаты:
- Мағжан Жұмабаев шығармалары негізінде оқушылардың бойына ұлтжандылық, адамгершілік, инабаттылық, батылдық сынды ізгі қасиеттерді дарыту;
- Кешегі өткен ұлы бабаларымыздың істерін бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ете отырып, олардың тәлімдік-тәрбиелік ойларын оқу-тәрбие ісіне терең сіңіру.
Міндеттері:
- ақын шығармаларының халық санасын ояту мен рухын көтерудегі рөлін сезінуге мүмкіндік туғызу;
- ақын шығармаларынан алған тағылымын өмірде қолдана білуге бағыттау;
- тариха, әдеби бғыттағы білетін мәліметтерін ортаға салып ой бөлісуге, тыңдауға, түсінуге мүмкіндік жасау.


Техникалық жабдықтар мен көрнекіліктер: слайд, кітаптар көрмесі, аудио-видео құралдар, плакаттар.


Сабақтың барысы.

Мұғалім: Мағжан Жұмабаев... Осы бір есім елге таныс болғаннан бері «Мен қазақпын» деген азаматтың бір селк етпей, ішкен асын жерге қоймай, көзіне жас алып, мұңданбағаны жоқ та шығар. Басына ажал оғы таяп тұрса да айбынды ақын алған бетінен қайтпай, елінің егемендігі мен ұлтының бақытын жырлаудан тайынбай өткен.


Мағжан елін ездіктен ерлікке, қараңғылықтан білімнің биік шыңына шақырып, артына өлмес мұра, ұлы тағылымдарын өнеге етіп жазып кетті.



  • Балалар, жалпы біз Мағжанды кім деп танимыз?

ақын


азамат М ағжан аудармашы

педагог




  • Мағжан қандай ақын? Бұл сұраққа Мағжанның өз жауабын тыңдайық.

1 оқушы: «Мен кім?» өлеңі


реалист
символист лирик



сезімтал а қын Мағжан жалынды

ұлтжанды жан-жақты айбынды

Мұғалім: «Мен кім?» өлеңінде Мағжан өзінің кім екенін айтып кетті. Жалпы ұлылар өз төреліктерін тарихта өздеріне өздері берген.


Мұхтар Әуезовтің «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін... Бұдан соң Мағжанды сүйемін» деген сөзі бар. Валерий Брюсев Сағжанды «Қазақтың Пушкині» деген. Сондықтан да Мағжан мен Абай бір-бірін толықтырып тұрған сыршыл жүректі ақындар. Олар ұлтымыздың ұлы мақтаныштары!
2 оқушы: «Хакім Абайға» өлеңі
3 оқушы: Мағжан өмірі жайлы сыр (хронологиялық кесте)
Мұғалім: Балалар, енді Мағжанның ақындығы жайлы сырлассақ...
1 топқа: Өнер, білім жайында ұлы ақын жұртына өлеңмен ұран тастай алды ма?
«Қарағым», «Мен жастарға сенемін» өлеңдері оқылады.
Мұғалім: Мағжанның «Қазақ тіліне» деген жанашырлығын қандай өлеңі арқылы дәлелдей алар едіңдер?
«Қазақ тілі» өлеңі оқылады
2 топқа: Мағжанның туған жер тақырыбындағы қандай өлеңдерін білесіңдер?
«Туған жер», «Көкшетау», «Түркістан» өлеңдері оқылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет