Бағдарламасы (Ғылыми физика мамандығы) Дәрісте қарастырылатын тақырыптар



Дата26.12.2023
өлшемі19,13 Kb.
#144232
түріБағдарламасы
Байланысты:
Емтихан бағдарламасы-2022


«Атомдық және Ядролық физика» ПӘНІ БОЙЫНША емтиханға келуі мүмкін сұрақтардың БАҒДАРЛАМАСЫ
(Ғылыми физика мамандығы)
Дәрісте қарастырылатын тақырыптар:

  1. Атом ядросының ашылуы: Резерфорд тәжірибесі. Резерфорд формуласының қорытылуы. Протонның ашылуы. Нейтронның ашылуы. Резерфорд формуласы. Нысана параметрі. [1, 3-4].

  2. Атом ядросының сипаттамалары: Массалық саны, электр заряды. Өмір сүру уақыты. Ядроның радиусы, массасы, энергиясы. Массалар ақауы. Ядроның байланыс энергиясы [1, 3-4].

  3. Ядролық күштер: Ядролық күштердің қасиеттері. Ядролық потенциал. Юкава потенциалы [1, 3-4, 8].

  4. Ядроның спині және магнит моменті: Нейтронның, протонның магнит моменттері. Жұптылық. Изотоптық спин [1, 3-4, 8].

  5. Ядроның байланыс энергиясы мен массасына арналған Вайцзеккердің жартылай эмпирикалық формуласы [1-4, 8-9].

  6. Ядроның жалпылама модельдері: Тамшы моделі. Қабыршақтық модель. Кристалдық модель. Ферми-газ модельдері және т.б. [1, 3-4, 8-9].

  7. Радиоактивтілік: Альфа ыдырау. Бета ыдырау. Гамма ыдырау. Ыдырау тұрақтысы. Жартылай ыдырау заңы, уақыты, периоды [1, 3-4, 8-10].

  8. Альфа, бета, гамма ыдыраулардың негізгі тәжірибелік заңдылықтары [1, 3-4, 8-10].

  9. Ядролық реакциялар: Ядролық реакциялардың түрлері, сақталу заңдары, механизмдері. Табалдырық энергиясы [1, 3-4, 8-9].

  10. Ядроның бөлінуі: Ядролардың бөлінуінің негізгі қасиеттері. Бөлінудің алғашқы тәжірибелері.Бөліну энергиясы, механизмі. Спонтанды бөліну [6-9].

  11. Реакциялар: Тізбектік реакция. Термоядролық реакциялар. Ядролық реакторлар [6-9].

  12. Дозиметрия және ядролық нұрлардан қорғану. Радиациялық қауіпсіздік. Дозаларды өлшеу [6-9].

  13. Үдеткіштер және оның түрлері. Сызықтық үдеткіш. Шеңберлік үдеткіш. Детекторлар және олардың түрлері [6-10].

  14. Ғарыштық нұрлар. Ғарыштық нұрлардың құрамы, энергиялық спектрі [6-9].

  15. Ғарыштық нұрлардың көздері, үдетілу механизмдері [6-9].

Физика пәнін оқу нәтижесінде студенттер қабілетті болуы тиіс:
Бұл модуль табысты аяқталғаннан кейін студенттер қабілетті болуы тиіс:
1) ядролық физиканың негізгі физикалық құбылыстары мен олардың ерекшеліктерін, оларды бақылау және тәжірибелік зерттеу әдістерін менгеруі;
2) атом ядролары мен элементар бөлшектер қасиеттерін анықтаудың негізгі әдістерін үйрену;
3) ядролық физиканың негізгі заңдар мен олардың математикалық өрнектерін қорыта білу;
4) субатомдық құбылыстарды олардың маңызды ғылыми – техникалық қолданылуларын білу;
5) пәннің негізгі міндеттерін дұрыс, сапалы және сандық тұжырымдауды, физикалық шамалардың мөлшерлерін бағалауды үйрену.
6) ядролық физика заңдары негізінде жатқан іргелі тәжірибелерді түсіну; микроәлем құбылыстарын сипаттайтын негізгі әдістерді қолдану;
7) ядоның негізгі қасиеттерін біле отырып жаңа материалдарды жасай білу;
8) ядролық физика саласындағы зертханалық жұмыстарды орындауы,
9) физикалық тәжірибелер мен ғылыми зерттеулер жүргізу әдістемелерін игеру;
10) Микроәлем туралы ғылымның қазіргі белгілі заңдылықтарын, құбылыстарын білуі.
Бағалау политикасы: 1-сұрақ: 33 ұпай
2-сұрақ: 33 ұпай
3-сұрақ: 34 ұпай


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Динейхан М., Ядролық физика және Элементар бөлшектер физикасы, 1 - бөлім, 2013 ж., Алматы.


2. Динейхан М., Ядролық физика және Элементар бөлшектер физикасы, 2 - бөлім, 2014 ж., Алматы.
3. Кадыров Н. Ядролық физика негіздері. А.: Қазақуниверситеті, 2000 ж.
4. Кадыров Н. Ядролық физика. 1б. Атом ядроларының қасиеттері. Алматы, Қазақ университеті.2009 ж. 206 б.
5. Иродов И.Е. Атомная и ядерная физика. Сб. задач. М. С-П; Лань 2002 г.
6. Мухин К.Н., Экспериментальная ядерная физика т1-т2.Физика атомного ядра М.; Энергоатомиздат, 1993 г.
7. Кадыров Н. Ядролық физика. 2б. Ядролық әсерлесулер. А. Қазақуниверситеті. 2009 ж. 292 б.
8. Ракобольская И.В. Ядерная физика. Издательство МГУ, 1971.
9. Скачков С.В. и др. Сб. задач по ядерной физике. М.; Госиздат.физ. – мат. литературы, 1963 г.
10. Әбілдаев Ә.Х. «Ядролық физика негіздері» пәнінен лабораториялық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар. А.: Қазақуниверситеті, 2002 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет