ЭЫДҰ елдерінің кӛршілігінде жалпы ІЖӚ кӛлеміндегі зерттеулер мен
әзірленімдерге жұмсалатын ішкі шығындардың үлесі шамамен 3%-ды құрайды.
Қазақстанда, ҒЗТКӘ қаржыландыру кӛлемінің 2000 жылдан бастап 5 есеге ӛскеніне
қарамастан, ішкі шығындардың үлесі республикамыздың ІЖӚ-нің 0,26%-н құрады.
Сондай-ақ дамыған елдерде жеке меншік сектордың ғылыми зерттеулерге
шығыстары (60-70%) мемлекеттік шығындардан асып түсетінін айтып ӛту керек.
Қазақстанда әзірге ҒЗТКӘ қаржыландырудың мемлекеттік секторының рӛлі басым болатын
инверсиялық құрылым сақталып отыр.
6. Денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың жоғары деңгейі және бірлескен
қағидасы.
ЭЫДҰ елдері бойынша денсаулық сақтауға жалпы шығыстар, орташа алғанда, 8%-ды
құрайды.
Денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс жасауының тиімділігін қамтамасыз ету үшін ДДҰ
дамыған мемлекеттерде бюджеттік қаржыландыру кезінде ІЖӚ-нің ең тӛменгі қажетті 6—
8% үлкендігін және дамушы елдерде ІЖӚ-нің кемінде 5%-н бӛлуді ұсынады. Жоғарыда
кӛрсетілгендей, Қазақстанның шығыстарының үлесі - небәрі 3,8%.
7. Денсаулық сақтау саласына жұмсалатын жеке шығыстардың төмен деңгейі.
ЭЫДҰ елдерінде медициналық қызмет алуға жеке шығыстардың үлес салмағы 19,6%-
ды; ЕО - 16,3%-ды құрайды. Қаржыландырудың ӛсуіне және медициналық қызметке ақы
тӛлеудің озық әдістерін енгізуге қарамастан, бұл кӛрсеткіш Қазақстанда 2014 жылы
денсаулық сақтау саласына бӛлінген жалпы шығыстардың 35,4%-н құрады, ДДҰ
тұжырымы бойынша, халықтың медициналық қызмет кӛрсетуге шығыстарының 20%-дан
8
асатын деңгейі денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықсыздығының және халық үшін
жоғары қауіптіліктің белгісі болып табылады.
ТМККК болған кезде жеке шығыстардың айтарлықтай кӛлемін сақтап қалу жүйеге
жолданатын қаражаттың тапшылығынан хабар береді.
Қаржыландырудың жеткіліксіздігі және медициналық қызметке ақы тӛлеудің жаңа
әдістерінің шығындары ресурстар мен мейлінше білікті мамандардың алғашқы буыннан
(МСАК) стационарға, ал стационарларда – кӛбіне ЖММК кӛрсететін бӛлімшелерге «кері
ағуына» алып келді.
8. Дамыған ақпараттық жүйе.
Денсаулық сақтаудың әлемдік даму беталысы IT-технологиялардың дамуымен тығыз
байланысты. ЭЫҰД елдерінде дәрігер мен пациент арасындағы ӛзара қарым-қатынасты
айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік беретін жаңа коммуникативтік технологияларды
ендірудің белсенді үдерісі жүріп жатыр. Смарт-медицинаны дамыту сала дамуының басты
трендіне айналып отыр.
Қазақстанда, салаға заманауи ақпараттық технологияларды енгізу саласындағы едәуір
ілгерілеуге, бірқатар порталдар жасауға, компьютерлік техникамен қамтамасыз етуді
жақсартуға қарамастан, әзірленген және енгізілген веб-қосымшалар тек денсаулық сақтау
жүйесін қаржыландыру мен басқарудың жекелеген мәселелерін шешуге ғана бағытталған.
Қолданыста бар дерекқорлар біріктірілмеген, ол денсаулық сақтаудың әртүрлі деңгейлері
мен қызметінің интеграциясы мен сабақтастығына кедергі жасайды.
Саладағы компьютерленген жұмыс орындарының үлесі тӛмен күйінде қалып отыр.
2010 жылы БАДСЖ енгізу бойынша пилоттық ӛңірлерде бұл кӛрсеткіш: Ақмола облысы –
84%; Астана қаласы – 68%; Алматы қаласы – 36%-ды құрады. 2014 жылы жұмыс
орындарының саны 87 729-ды құрады, оның ішінде ақпараттық технологиялармен
жарақтандырылғаны – 57 537, осылайша, орташа жарақтандырылу 65,58%-ды құрады – яки
медицина қызметкерлерінің үштен бірінің жұмыс орнында компьютерге қолжетімділігі
жоқ.
Жоғарыда кӛрсетілген мәселелердің салдары ретінде кӛрсетілетін қызметтің сапасы
жеткіліксіз болып қалып отыр.
Осы айтылғандарға орай, біздің еліміз бен ЭЫДҰ елдерінің денсаулық сақтау жүйесі
арасындағы айырмашылықтарды ескере отырып, осы Мембағдарламада денсаулық сақтау
деңгейінің ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін саланы үдемелі
дамыту негізін қалау кӛзделіп отыр, ол үшін республика экономикасы барлық қажетті
ресурсқа ие.
Мҥмкіндіктер:
мемлекеттің ең жоғары деңгейдегі саяси қолдауы және алынған әлеуметтік
міндеттемелерді орындау кепілдігі;
экономиканың тұрақтылығы және ел ІЖӚ-нің ӛсімі;
әлемдік медицина және фармацевтика ғылымының дамуы, елімізге трансферттеу
мүмкіндігімен ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерінің пайда болуы;
Бүкіләлемдік банк пен басқа да халықаралық қаржы институттарының
инвестициялық қолдауы;
денсаулық сақтау саласындағы басқарудың жаңа халықаралық технологияларына
еркін қолжетімділік;
денсаулық сақтау секторында ақпараттық технологиялардың қажетті негізінің
болуы.
Қауіптер:
созылмалы сырқаттардың ӛсуі және жаңа, бұрын белгілі болмаған аурулардың пайда
болуы;
жаһандық экономикалық ахуалдың одан әрі нашарлауы;
9
ел аумағында аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарының болуы және
санитариялық-эпидемиологиялық қызмет рӛлінің әлсіреуі;
тек бюджет қаражаты есебінен жабылмайтын, денсаулық сақтауға жұмсалатын
шығындардың ӛсуі, формалды емес және жеке тӛлемдердің жоғары деңгейі;
халықтың тамақтану сапасының мәселелері және аурулардың профилактикасы мен
саламатты ӛмір салтын ұстануға қатысты нигилизм.
4. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ,
НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ КӚРСЕТКІШТЕРІ
Мақсаты:
Мемлекетіміздің әлеуметтік әл-ауқаты мен экономикалық ӛркендеуінің негізі ретінде
азаматтардың денсаулығын қорғаудың тиімді және орнықты жүйесін дамытуды
қамтамасыз ету
Міндеттері:
1.Санитариялық әл-ауқатты қамтамасыз ету, қауіп факторларын профилактикалау,
дұрыс тамақтануды насихаттау және саламатты ӛмір салтын ынталандырудың негізінде
халық денсаулығын нығайту.
2. Интеграцияланған, пациентке бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің негізінде
медициналық қызметтердің қолжетімділігін, толықтығы мен сапасын қамтамасыз ету
3. Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, оның тиімділігін, қаржылық
тұрақтылығын қамтамасыз ету
4. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу арқылы мемлекеттің,
жұмыс берушінің және азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген денсаулық
сақтауды қаржыландыру жүйесін құру.
Қойылған міндеттерге қол жеткізу келесі нысаналы индикаторлармен ӛлшенетін
болады:
Нысаналы
индикаторлар
Ӛлшем
бірлігі
2014
(факт)
2015
(баға)
2016
2017
2018
2019
2020
Күтілетін ӛмір сүру
ұзақтығын ұлғайту
Жас саны
71
71,4
71,8
72,2
72,6
72,77
73
Ана
ӛлім-жітімінің
2009 жылғы деңгейден
3 есеге тӛмендеуі
100 мың тірі
туылғандарға
шаққанда
12,4
11,8
11,2
10,6
10,1
10
9,7
Сәби
ӛлім-жітімінің
2009 жылғы деңгейден
2 есеге тӛмендеуі
100 мың тірі
туылғандарға
шаққанда
11,2
10,6
10,1
9,6
9,1
9,05
9,03
Жалпы ӛлім-жітімнің
2009 жылғы деңгейден
30%-ға тӛмендеуі
1000
тұрғынға
7,65
7,35
7,1
6,9
6,7
6,5
6,3
10
5.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ, ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА
ҚОЛ ЖЕТКIЗУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТИIСТI ШАРАЛАР
Іске асырудың негізгі бағыттары:
5.1. Халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту;
5.2. МСАК-ті жаңғырту және басымдықпен дамытудың негізіндде барлық денсаулық сақтау
қызметтерін пациент мұқтаждықтары айналасына интеграциялау;
5.3. Медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету;
5.4. Ұлттық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саясатын іске асыру;
5.5. Ниеттестікті ендірудің негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және оның
қаржылық тұрақтылығын арттыру;
5.6. Денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру;
5.7. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, инновациялар мен қазіргі заманғы ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың негізінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан
әрі дамытуды қамтамасыз ету;
5.1.
ХАЛЫҚ
ДЕНСАУЛЫҒЫН
САУҚТАУДЫҢ
НЕГІЗІ
РЕТІНДЕ
ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУ
5.1.1. Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды санитариялық және
эпидемиологиялық қадағалау функцияларын интеграциялау жолымен қоғамдық денсаулық
сақтау қызметін құру, саламатты тамақтануды насихаттау және саламатты ӛмір салтын
ынталандыру.
Халық денсаулығын нығайту және қорғау тек тиісті стратегияларды дамытуды және
тіршілік етудің әртүрлі секторларындағы ресурстарды жұмылдыруды ғана емес,
мемлекеттің, жұртшылықтың және халықтың осы бағыттағы қызметін интеграциялауды
қамтамасыз ету үшін орнықты және тиімді институционалдық негіз жасауды талап етеді.
Үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі
дамытудың негізі санитариялық-эпидемиологиялық қызметті және саламатты ӛмір салтын
қалыптастыру қызметінің интеграциясы және тамақтануды ұтымды етудің негізінде
қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін (ҚДСЖ) құру болмақ.
ҚДСЖ негізгі функциялары мыналар болмақ:
халықтың хабардар болуын және оны қоршаған ортаның әртүрлі факторларының,
дұрыс емес тамақтанудың және мінез-құлықтық қауіптердің зиянды әсерін
профилактикалау және тӛмендету жӛніндегі іс-шараларға тартуды арттыру;
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мен инфекциялық және негізгі
әлеуметтік мәні бар инфекциялық емес ауруларды, соның ішінде психикалық саулықтың
бұзылыстары мен жарақаттанушылықты бақылауды қамтитын мониторингті қамтамасыз
ету;
ел халықының денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған сектораралық ӛзара
іс-қимылды қамтамасыз ету, үйлестіру және кеңейту;
денсаулықты қорғау және эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнаманың
және басқа да құқықтық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету;
популяциялық (ұлттық) және ӛңірлік деңгейлерде аурулардың дамуын ұзақ
мерзімдік үлгілеу және болжаудың халықаралық жүйелерін енгізу.
11
Қызмет халықты ӛмір бойына гигиеналық және эпидемияға қарсы дағдыларға
үйрету үшін білім беру алаңы және санитариялық заңнаманың талаптарына сәйкес кіші
және орта бизнесті зерделеу және жүргізу жӛніндегі консультативтік-ұйымдастырушылық
орталық болады.
ҚДСЖ қызметі МСАК, тиісті ғылыми-зерттеу ұйымдары және бағдарламаларымен
тығыз байланыста болады.
ҚДСЖ қызметінің маңызды мақсаттарының бірі тамақтануды ұтымды ету мен
саламатты ӛмір салтын ынталандыру, санитариялық, репродуктивті және дене мәдениетін
дамыту, дұрыс тамақтануды насихаттаудың негізінде халықтың ӛз денсаулығы үшін
жауапкершілігін арттыру болмақ. Бұл азаматтарды ақпараттандыру және ағарту,
персоналдық денсаулық және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерінде олардың
мүмкіндіктерін кеңейту жӛніндегі іс-шаралармен қамтамасыз етіледі.
Бұл үшін мінез-құ лықтық психология және экономика саласындағы ғылыми
негізделген әзірленімдердің негізінде, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары мен заманауи
әлеуметтік медиа-ресурстар мен желілерді белсенді түрде тарта отырып, әлеуметтік
маркетингтің инновациялық технологиялары ендірілетін болады.
Бұл ретте ИЕА-мен күрес ИЕА профилактикасы және олармен күрес жӛніндегі 2013-
2020 жылдарға арналған Жаһандық іс-қимыл жоспарына, Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының (ДДҰ) Шеңберлік конвенциясы мен Шылым шегуге қарсы күрес жӛніндегі
еуропалық стратегияға, ДДҰ тағам ӛнімдері мен тамақтану саласындағы 2015–2020
жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына сәйкес халықаралық апробацияланған
технологиялардың негізінде жүргізілетін болады.
ҚДСЖ екінші маңызды міндеті санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мен
бақылаудың тиімділігін арттыру, аса қауіпті инфекциялардың, туберкулездің,
АИТВ/ЖИТС-ның таралауына қарсы күресу және салдарларын азайту бойынша әрі
қарайғы шараларды іске асыру болмақ. Мониторланатын инфекциялардың тізбесін қайта
қарау және инфекциялық емес сырқаттардың тізбесін айқындау эпидемиологиялық ахуалды
ескере отырып, тұрақты негізде жүргізілетін болады.
ДДҰ
ұсынымдарына
сәйкес
еліміздегі
бала
және
ересек
халықтың
иммунопрофилактикасы жӛніндегі бүкіл жұмысты ұйымдастыру және үйлестірудің
негізінде инфекциялық ауруларды профилактикалау мәселелеріне айрықша назар
аударылатын болады
.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тағы бір міндеті әлем елдеріндегі қайта
туындайтын аса қауіпті инфекцияларға перманентті мониторинг жасау және елімізге аса
қауіпті инфекциялар мен қауіпті жүктердің әкелінуіне және таралуына жол бермеуге
бағытталған, республика шекаралары мен аумағын санитариялық қорғау жӛніндегі іс-
шараларды қамтамасыз ету болып табылады.
Жалпы тамақтану қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, ҚДСЖ мектепке дейінгі
және орта оқу орындарындағы бала және жасӛспірім тұрғындардың тамақтану сапасына
ерекше бақылау жасауды жүзеге асыратын болады.
Халықтың санитариялық, эпидемиологиялық, радиациялық және химиялық
қауіпсіздігінің ақпараттық және реттеуші негіздері қамтамасыз етіледі.
Сонымен бірге, қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі орташа мерзімдік кезеңде халық
денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған сектораралық ӛзара іс-қимылдың
институционалдық негізі болады.
5.1.2.
Адам денсаулығының әлеуметтік детерминанттарының әсеріне бағытталған
сектораралық ӛзара іс-қимылды дамыту
12
Сектораралық ӛзара іс-қимыл аурулардың туындауының қауіп факторларын
тӛмендетуді нысанаға алып, мыналарға бағытталған кешенді шараларды қарастырады:
халықтың сауаттылық деңгейін, соның ішінде саламатты ӛмір салтын жүргізу және
қалыптастыру мәселелеріндегі сауаттылық деңгейін кӛтеру;
алкогольді, шылымды, есірткі және психотроптық заттарды тұтынуды тӛмендету;
салауатты теңгерілген тамақтану;
дене шынықтырумен және спортпен ұдайы шұғылданушылар санының ӛсуі;
жол-кӛлік оқиғаларын тӛмендету;
білім беру және денсаулық сақтау жүйесіне психологиялық қызметтерді енгізумен
қауіпсіз балалық шақ, кәмелетке толу және егделікті қамтамасыз ету;
қауіпсіз еңбек және тұрмыс жағдайларын жасау;
халықтың ауруға шалдығу жағдайына және оларды тӛмендету бойынша іс-шаралар
әзірлеуге ықпалына жасалатын мониторинг деректерін ескере отырып, ауаның, судың және
топырақтың ластануын азайту, шу деңгейін тӛмендету.
Сектораралық ӛзара іс-қимылды дамыту шеңберінде басқарудың барлық
деңгейлерінде, соның ішінде осы Мембағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін басқа да
мемлекеттік және салалық бағдарламалармен, ӛңірлер мен салалардың стратегиялық даму
жоспарларымен интеграциясы арқылы, халық денсаулығын қорғау мен нығайтудың
келісілген саясатын жүргізу қамтамасыз етілетін болады.
Мемлекеттік органдарды, азаматтық қоғамды, бизнесті және жұмыс берушілерді,
бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникацияларды, ғылыми және білім беру
институттарын кең ауқымда қатыстырудың негізінде, халық денсаулығын сақтауға
бағытталған сектораралық және ведомствоаралық ӛзара іс-қимыл іс-шараларын жоспарлау,
қаржыландыру, іске асыру және мониторингтеудің тиімді әдістері әзірленетін және
ендірілетін болады.
Басқа секторлармен бірлескен жұмыстың шеңберінде халық денсаулығына ықпал
ететін қауіп факторларын мониторингтеу мен басқарудың біртұтас ведомствоаралық жүйесі
құрылады.
Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, денсаулықты
нығайту жӛніндегі бағдарламаларды іске асыру үшін халықпен, әсіресе, жастармен,
ұйымдасқан ұжымдармен, білім беру мекемелерімен ӛзара іс-қимыл жасау тетіктерін
енгізуді кӛздейтін, әлеуметтік жұмылдыру бойынша кешенді шаралар әзірленетін және іске
асырылатын болады.
Сектораралық ӛзара іс-қимылдың басым міндеті ана мен баланы қорғау бойынша
кешенді шараларды іске асыру, соның ішінде балалар жарақаттанушылығын тӛмендету;
балалар мен жастардың менталдық және репродуктивті денсаулығын нығайту болады.
Сектораралық ӛзара іс-қимылдың шеңберінде халықты қолжетімді, сапалы және
қауіпсіз тұрғын үймен, толыққанды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерімен
(сумен қамтамасыз ету және су шығару, канализация, тұрмыстық қалдықтары жою, жылу
және энергиямен қамтамасыз ету және т.б) қамсыздандыруға бағытталған кешенді
шараларды іске асыруды қамтамасыз ету қажет.
Қоршаған орта факторларының халық денсаулығына зиянды әсерін тӛмендетуге
бағытталған іс-шараларды іске асыру, соның ішінде ауаның, топырақтың және табиғи су
қоймаларының ластануымен күрес жалғастырылады.
ҚДСЖ МСАК ұйымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен және жұмыс
берушілермен бірлесіп, адамның жұмыс орнындағы денсаулығын қорғау, қазіргі заманғы
стандарттар мен озық технологиялар трансфертінің негізінде кәсіптік сырқаттармен күресу,
кәсіптік патология кезінде медициналық кӛмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру
жӛніндегі кешенді тәсілдерді әзірлейтін және енгізетін болады.
13
Сектораралық ӛзара іс-қимылдың ең маңызды міндеттерінің бірі тәни белсенділік
пен спортпен айналысуды насихаттауды ынталандыруды қоса алғанда, ұтымды тамақтану,
саламатты және қауіпсіз ӛмір салтын ұстану үшін жағдай және әділ мүмкіндіктер жасау
болмақ.
5.2. МСАК-ТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ БАСЫМДЫҚПЕН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІНДДЕ
БАРЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТТЕРІН ПАЦИЕНТТІҢ
МҦҚТАЖДЫҚТАРЫ АЙНАЛАСЫНА ИНТЕГРАЦИЯЛАУ.
5.2.1.МСАК-ті жаңғырту және басымдықпен дамыту
МСАК-ті одан әрі дамыту алғашқы буындағы әмбебап, интеграцияланған, әлеуметтік
бағытталған, қолжетімді және ұйымдасқан кӛмекті қалыптастыруға бағытталған шараларды
тереңдетуді кӛздейді.
Алғашқы медициналық кӛмектің әмбебаптығы қызмет кӛрсетудің отбасылық
қағидасына кезең кезеңімен ӛтудің есебінен қамтамасыз етілетін болады. Қызмет
кӛрсетудің отбасылық қағидасы ағзаның әрбір жастық кезеңдегі ерекшеліктерін ескере
отырып, профилактикаға баса назар аударумен, ӛмір бойына адамның денсаулығына
бақылау жасауды кӛздейді.
Отбасылық қызмет кӛрсету қағидасын бірінші кезеңде (2020 жылға дейін), нақты
ӛңірдің кадрлық жарақтандырылуына қарай, жалпы тәжірибе дәрігерлері (ЖТД)
және/немесе қазір жұмыс істеп жатқан учаскелік дәрігерлерден (терапевтер, педиатрлар,
гинекологтар) тұратын жасақталған мульти-тәртіптік командалар жүзеге асыратын болады.
жалпы тәжірибе дәрігерлерімен қамсыздандырылу мен олардың құзыреттерінің ӛсу
шамасына қарай, олар мульти-тәртіптік командаларды алмастыратын болады.
Әрі қарай даму үдерісінде – ЖТД тек емханалардың ғана емес, стационарлардың да
бейінді мамандары үшін емдеу үдерісінің үйлестірушілері болады.
Сонымен бірге, кадрлық жарақтандырылуы жеткілікті, халық кӛп қоныстанған
ӛңірлерде терапевтік және педиатрлық учаскелерді сақтап қалу мүмкіндігі қаралатын
болады.
Медициналық кӛмек кӛрсетудің сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатымен МСАК-
тің денсаулық сақтаудың басқа да деңгейлерімен және қызметтерімен толық
интеграциялануы қамтамасыз етілетін болады. мәселен, МСАК мамандары бейінді
мамандардың қызметтерін қоса алғанда, медициналық кӛмек кӛрсетуді, стационарға
жолдауды үйлестіретін болады, сондай-ақ саланың барлық қызметтерінің медициналық
кӛмекті уақтылы және толық кӛрсетуіне мониторинг жүргізеді және қажет кезінде
пациенттердің мүддесін білдіруші және қорғаушы рӛлінде болады. ЖТД, ауруды
профилактикалауды, диагностикалауды, емдеуді, оңалтуды және, қажеттілігіне қарай,
паллиативтік кӛмек пен күтім жасауды (бағдарлау) қоса алғанда, пациенттерге үздіксіз
бақылау жүргізеді.
Мамандандырылған және бейінді амбулаториялық қызметтер (соның ішінде
психиатриялық, наркологиялық, туберкулезге қарсы, онкологиялық және т.б) жұмысының
МСАК ұйымдарымен тығыз ӛзара байланысы жүзеге асырылатын болады. оны іске асыру
үшін медициналық кӛмек кӛрсету және оның сабақтастығын қамтамасыз етудің тиісті
стандарттары, қағидалары мен тәртібі, сондай-ақ оны қаржыландыру әдістері (мысалы,
медициналық кӛмектің кейбір түрлеріне байланыстырылған тарифтер) әзірленетін және
енгізілетін болады.
Барлық деңгейде диагностикалаудың, емдеудің, оңалтудың және пациенттерге күтім
жасаудың бірыңғай хаттамаларын, МСАК қызметкерлерінің орталық үйлестірушілік
рӛлінің негізінде бірыңғай мониторингтеу мен қаржыландыру тетіктерін қолдануды
білдіретін кейбір созылмалы ауруларды интеграцияланған басқару қағидасы енгізілетін
болады.
14
МСАК-тің әлеуметтік бағытталуы МСАК, әлеуметтік қорғау және қоғамдық
денсаулық сақтау қызметтерінің жұмысын интеграциялау, бірінші буын мамандарын халық
денсаулығын сақтау жӛніндегі сектораралық ӛзара іс-қимыл шеңберіндегі іс-шараларға
белсенді түрде тарту есебінен қамтамасыз етілмек.
Қызметтердің барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін ӛңірлердегі
демографиялық, географиялық және инфрақұрылымдық жағдайларды ескере отырып
МСАК ұйымдарының желісі дамитын болады.
Халықтың тұрғылықты орнына барынша жақындатылған, кіші және шағын ұйым
нысанына басымдық берілетін болады.
Бұл мақсатта:
- алғашқы медициналық кӛмек кӛрсету саласындағы жеке меншік секторды, кіші және
орта бизнесті дамытуға мемлекеттік қолдау кӛрсетілетін болады;
- МСАК нысандарын салуды, қызмет бейіні тұрақты сақталған жағдайда кейін
жекешелендіру мүмкіндігімен мемлекеттік нысандарды сенімгерлікпен басқаруға беруді
қамтитын мемлекеттік –жеке меншік әріптестік (МЖӘ) тетігі дамитын болады.
МСАК нысандарын дамыту халықты медициналық кӛмекпен қамтамасыз ету
нормативтеріне сәйкес, халықты қолжетімді әлеуметтік және жалға берілетін тұрғын үймен
қамтамасыз ету жӛніндегі бағдарламаларда инфрақұрылымның міндетті нысандары ретінде
қарастырылатын болады.
Қолжетімді медициналық кӛмек ЖТД қызметтерінің қолжетімділігін арттыру арқылы
МСАК қызметтерін азаматтардың тұрғылықты жеріне барынша жақындатуды кӛздейді:
орташа алғанда, 1 ЖТД-не уақыт ӛте келе 1,5-нан 1,8 мыңға дейін тіркелген тұрғыннан
келетін болады.
Ауыл халқына МСАК қолжетімділігіне мыналар:
ауылдық жерлерде мемлекеттік медицина ұйымдарының желісін дамытудың
стандарттарын әзірлеу және енгізу кезінде иілімділік, жеке қадам жасау;
тиісті материалдық ынталандырумен, ауылдағы дәрігерлік және орта медициналық
персоналдың функционалын кеңейту;
ауылдық денсаулық сақтауда ұтқыр (кӛліктік) және ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды (АКТ) әрі қарай дамыту;
online режимінде жоғары тұрған буын мамандарының кӛмегімен диагностикалау
жүргізу мен емді анықтауға мүмкіндік беретін телемедицинаны жаппай енгізу арқылы
қосымша қолдау кӛрсетілетін болады.
МСАК қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін қызметтерді қаржыландыру
және МСАК қызметкерлеріне еңбекақы тӛлеу жүйесін жетілдіру жалғастырылатын болады.
Денсаулық
сақтау
жүйесінде
МСАК-тің
басымдығын,
тиімділігін
және
тартымдылығын қамтамасыз ету үшін МСАК-тің кадр әлеуетін жетілдіру жӛніндегі жұмыс,
лауазымдық нұсқаулықтар мен біліктілік талаптарын оңтайландыру жүргізілетін болады.
Пациентті әрі қарай бақылаудың кешенді тәсілін қамтамасыз ететін жалпы дәрігерлік
тәжірибе жүйесіне кезең кезеңімен ӛту жүзеге асырылатын болады. ЖТД санын үлкейту
есебінен МСАК қызметтерінің қолжетімділігі артатын болады.
Жоғары білімнің жаңа мемлекеттік стандарттары бойынша ЖТД даярлау қазіргі
заманғы білімге, тәжірибелік, коммуникативтік дағдыларға және командада жұмыс істеу
икеміне ие, кең бейінді мамандарды қалыптастырудың негізін қалайды.
Қазіргі учаскелік терапевтер мен педиатрларды қосымша кәсіби білім беру
шеңберінде қайта даярлау ЖТД тапшылығын ішінара жауып тұр.
Пациенттерді бақылау, созылмалы ауруларды басқару, сондай-ақ пациенттерге
үйлерінде қызмет кӛрсету бойынша кей функциялар кезең кезеңімен арнайы дайындалған
жалпы тәжірибе мейіргеріне берілетін болады.
Орта медициналық қызметкерлерді (бұдан әрі – ОМҚ) оқыту МСАК басымдығын,
оның кӛпфункционалдығын және әмбебаптығын ескере отырып жүргізіледі, ол денсаулық
15
сақтаудың басқа секторларына қарағанда, ОМҚ-дің кӛбірек дербестігін талап етеді. ОМҚ
оқыту стандарттары да әзірленген кәсіби стандарттарға сәйкестендіріледі. Білім беру
бағдарламаларын аккредиттеу мамандар даярлау сапасын қамтамасыз етеді.
МСАК-ке мамандар тарту мақсатымен қызметкерлерді әлеуметтік қолдау жүйесі
құрылады, соның ішінде ауылдық денсаулық сақтау мамандары үшін әлеуметтік пакеттің
құрамы мен үлкендігі қайта қаралатын болады.
МСАК-тің орнықты дамуын, оның тұтастығы мен тартымдылығын арттыруды
қамтамасыз ету үшін а мбулаториялық деңгейде қамтамасыз етілетін дәрілік заттардың
тізбесі кезең кезеңімен кеңейтілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |