МӘМС енгізу тағы бір айқын ӛзгеріске – денсаулық сақтаудың қаржы
қаражаттарының мемлекеттік қазынашылық жүйеден шығуына алып келеді. Бір жағынан,
бұл денсаулық сақтау қызметтерін неғұрлым иілімді және тиімді қаржыландыру үшін
мүмкіндіктер ашады, ал екінші жағынан, жүйе қатысушыларының МӘМС қаражатын
ұтымды пайдалануға деген жауапкершілігін арттырады.
Түрлі медициналық қызметтің ӛнім берушілерімен ӛзара қарым-қатынастағы анық
және айқын тарифтік және келісім-шарттық саясат МӘМС-дың тиімді қызметінің негізіне
айналады.
Пациенттердің мүддесіне сай медициналық қызметтердің кешенділігі мен
сабақтастығын қамтамасыз ету үшін амбулаториялық деңгейде ынталандырушы
компонентімен бірге жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі, біріккен қызметтердің
амбулаториялық тарификаторы (кешенді немесе байланысқан тарифтер) дамитын болады.
ММК саласында неғұрлым кең таралған патологиялар мен оларды диагностикалау
және емдеу стандарттарының негізінде әралуан қызметтерлі кешенді (байланыстырылған)
тарифтерге біріктіру негізінде амбулаториялық тарификатор жетілдірілетін болады.
Сырқаттарды басқарудың ендірілетін тұжырымдамасының шеңберінде кей жағдайда
тарифтер медициналық кӛмек кӛрсетудің барлық деңгейлерін: МСАК-тен стационарлық
емдеуге және кейінгі оңалтуға дейін біріктіретін болады.
Стационарлық деңгейде біртіндеп тарифтерді есептеудің халықаралық әдістемесіне
ӛтумен клиникалық-шығындық топтардың негізінде тарифтер де жетілідірілетін болады.
шығындарды оңтайландыру мақсатымен қымбат ММБ-ды тарифтер құрылымынан
шығарып тастаумен оларды орталықтандырылған сатып алу енгізілетін болады.
Кезең кезеңімен, шығыстарды есепке алуды ақпараттандырудың және электрондық
сырқат тарихтарын енгізудің негізінде шығындарды мониторингтеу жүйесі (құрылымдық
бӛлімшелер бойынша), ал 2020 жылға қарай – амбулаториялық және стационарлық
ұйымдарда шығындарды есепке алудың тұлғаландырылған жүйесі енгізілетін болады. Бұл
іс жүзіндегі шығындар негізінде тариф саясатының айқындығы мен тиімділігін
айтарлықтай кӛтеруге мүмкіндік береді.
МӘМС қызметін кӛрсетуге қатысатын денсаулық сақтау субъектілерінің қаржылық
тұрақтылығын арттыру мақсатымен, медициналық қызметтердің тарифтеріне кезең
кезеңімен амортизациялық алымдар бойынша шығыстар, қаржылық қызметтер құны
(лизинг, қарызға қаржыландыру) және жекелеген жағдайларда, капиталдық шығындар мен
пайда түсіруі қосылатын болады. Бұл жеке меншік инвестициялар тарту және мемлекеттік-
жеке меншік әріптестікті (МЖӘ) дамыту үшін сектордың тартымдылығын кӛтереді.
5.5.3. Жергілікті атқарушы органдардың денсаулықты сақтау және нығайтудағы
рӛлін кӛтеру.
Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру үдерістері, жергілікті атқарушы
органдардың (бұдан әрі – ЖАО) рӛлін кӛтеру жергілікті мемлекеттік басқару органдарының
халық денсаулығын сақтау және нығайту мәселелерін шешуге қатысуымен тығыз
байланысты.
Осыған орай ЖАО-мен бірге мыналар зерделеніп, анықталатын болады:
22
жергілікті атқарушы органдар деңгейіндегі халық денсаулығын сақтау және нығайту
саласындағы ӛңірлік басымдықтар және жергілікті әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру
үшін қосымша қаржыландыру кӛздері;
қоршаған орта факторлары мен мінез-құлықтық қауіптердің халық денсаулығына
зиянды әсерін профилактикалау және тӛмендетуге бағытталған кешенді шараларды іске
асыру бойынша сектораралық ӛзара тиімді іс-қимылды дамытудағы ЖАО рӛлі мен
міндеттемелері;
ӛңірлік денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға мұқтаждықтар, соның ішінде
капиталдық
инвестициялардағы
мемлекеттік
коммуналдық
денсаулық
сақтау
нысандарының мұқтаждықтары;
Республикалық бюджетте қаралған қаражаттан басқа (нысаналы трансферттер),
жергілікті бюджеттерде денсаулық сақтау нысандарының желілерін дамытуға және күтіп
ұстауға жеткілікті қаражатты жоспарлау және бӛлу, соның ішінде МЖӘ тетіктері бойынша;
ӛңірлік денсаулық сақтау жүйелерінің адами ресурстарға мұқтаждықтары, сондай-ақ
жоғары және орта білімі бар медицина қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау үшін
ЖАО ортақ жауапкершілігі тетіктерін әзірлеу және іске асыру;
тиісті қаржыландыру кӛздерімен жергілікті деңгейде денсаулық сақтау
қызметкерлерін қолдау үшін әлеуметтік, қаржылық және материалдық стимулдар енгізу;
кейін барлық аумақтық республикалық және ӛңірлік денсаулық сақтау
құрылымдарының қатысуымен, ӛңірлік деңгейде корпоративтік басқару жүйесін енгізе
отырып, саланы басқарудағы жергілікті атқарушы органдардың үйлестіруші рӛлін күшейту;
ведомстволық бағыныстылығы мен қаржыландыру кӛздеріне қарамастан, ӛңірдің
халық денсаулығы кӛрсеткіштері үшін ӛңірлік құрылымдардың ортақ жауапкершілігін
орнату;
барабар қаржыландырумен және мүлтіксіз орындаумен осы мемлекеттік
бағдарламаға сәйкес денсаулық сақтауды дамытудың ӛңірлі бағдарламаларын қабылдауды
қамтамасыз ету;
олардың кәсіби құзыретіне, жұмыс тәжірибесіне, басқарудағы практикалық
дағдыларына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының менеджерлерін – бірінші басшыларын
тағайындаудың міндетті, айқын қағидаларын ендіру;
шешуші, бақылау-қадағалау функцияларын орталық уәкілетті органнан жергілікті
атқарушыға қарай одан әрі орталықсыздандыру, ӛкілеттіліктердің қайталануын болдырмау.
5.6. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА АДАМИ РЕСУРСТАРДЫ
БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ.
5.6.1. Адами ресурстарды стратегиялық басқару.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі еңбек нарығын мемлекеттік реттеу медцина
қызметкерлерін сапалы дайындау және халықтың мұқтаждықтарына сәйкес барабар бӛлу
мақсатымен
адами
ресурстарды
басқару
жӛніндегі
бірыңғай
саясаттар
мен
бағдарламаларды әзірлеу және іске асыруға құрылатын болады.
Денсаулық сақтау жүйесінің орнықты дамуын қамтамыз ету мақсатымен саланың
адами ресурстарын стратегиялық басқару (АРБ) жүзеге асырылады. Бұл АРБ
бағдарламаларын саланы дамытудың стратегиялық мақсаттарымен: қоғамдық денсаулық
сақтауды дамытумен, МСАК басымдығының негізінде денсаулық сақтауды халықтың
мұқтаждықтары жанына интеграциялаумен және тұтас денсаулық сақтау жүйесінің
тиімділігін кӛтерумен сәйкестендірді кӛздейді.
АРБ негізгі мақсаттары болып мыналар анықталуы тиіс:
қажетті адами ресурстардың болуы (қолжетімділігі);
қызметкерлердің тиісінше құзыреті;
адами ресурстардың тұрғындардың сұрауларына ілтипаттылығы;
23
адами ресурстардың ӛнімділігі.
Осы қағидаларға сәйкес ұлттық, ӛңірлік және корпоративтік АРБ саясаттары мен
бағдарламалары әзірленіп, енгізілетін болады. Олар басқарудың келесі кезеңдеріне
негізделген:
1. Адами ресурстарға қажеттілікті жоспарлау.
Тұрақты негізде саланың адами ресурстармен сандық және сапалық қамтамасыз
етілуіне талдау, саладағы еңбек нарығын талдау және бағалау жүргізілетін болады.
Кейін денсаулық сақтаудың тиісті деңгейлеріндегі АР-ға жалпы мұқтаждық, сондай-
ақ салаының, ӛңірдің, ұйымның даму стратегиясына сәйкес қажет етілетін мамандықтар
мен біліктіліктердің құрылымы (дәрігерлер, мейіргерлер, кіші медициналық персонал,
әкімшілік қызметкерлер, медициналық инженерлер және т.с.с.) анықталатын болады.
Бұл ретте акценттер ескірген штаттық нормативтер мен стандарттарды қолдану
қажеттілігінен қолданылатын технологияларға, стандартталған операциялық емшараларға
және пациенттің қажеттіліктеріне сәйкес адами ресурстар мен еңбек шығындарын иілімді
жоспарлау мүмкіндігіне қарай ауысатын болады.
Жалпы алғанда, орта медицицналық персоналдың білімі мен қайта даярлау
стандарттарының ӛзгерістеріне сәйкес олардың құзыреттерін кезең кезеңімен кеңейту
жүзеге асырылатын болады.
Қажетті дағдылардың ең тӛменгі кӛлемін міндетті меңгеруді қоса алғанда,
техникалық және кіші медициналық персонал даярлығы мен құзыреттерінің ең тӛменгі
деңгейіне қойылатын анық талаптар жасалатын болады.
2. Қызметкерлер рекрутингі.
Кезең кезеңімен кадрларды, ең алдымен – басшылық буынның, басқару және
қаржылық аппараттың қызметкерлерін конкурстық және алқалы негізде іздеу мен іріктеу
қағидасы енгізілетін болады.
3. Еңбек өнімділігін арттыру:
Медициналық ұйымдарда, әсіресе, жас мамандар үшін, бейімдеу және менторлық
(шефтік) қағидалары мен тетіктері әзірленетін болады.
Нарық қағидаларын ескере отырып денсаулық сақтау қызметкерлерін уәждеу және
еңбегіне ақы тӛлеу, тариф түзілуі, нәтижеліліктің нысаналы кӛрсеткіштерін қол жеткізуге
бағыттану кезіндегі еңбек шығындарының құнын барабар бағалау, денсаулық сақтау жүйесі
қызметкерлерін, әсіресе, ауылдық жерлердегі жас мамандарды, әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну тетіктері жетілдірілетін болады.
Материалдық емес уәждеу ретінде, сондай-ақ әртүрлі тетіктер: жұмыс беруші
есебінен оқу мүмкіндігін беру, үздіксіз карьералық және кәсіби ӛсуді қамтамасыз ету
белсенді түрде қолданылатын болады.
Денсаулық сақтау жүйесі мамандарын үздіксіз кәсіби оқыту жүйесі жетілдіріліп,
дамытылады. Ол ұйымның стратегиялық даму мақсаттарымен интеграцияланып, барабар
қаржыландырумен қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта медицина қызметкерлерінің
құзыреттерін тәуелсіз бағалау жүйесімен ӛзара тығыз байланыста үздіксіз кәсіби білім алу
стандарттары әзірленетін болады.
4. Көші-қон, қайта бейіндеу.
АР тұрақты түрде мониторингтеу, болжау және жоспарлау негізінде қажетті
мамандықтар мен қызметтер бойынша кадрларды қайта бейіндеу және қайта бӛлуді
мемлекеттік қолдау, соның ішінде жаға құзыреттерге тегін үйрету шаралары, басқа да
материалдық және материалдық емес ынталандыру шаралары іске асырылатын болады.
Жергілікті
және
ӛңірлік
еңбек
ресурстары
нарықтарындағы
медицина
қызметкерлерінің кӛші-қонын басқару тетіктері енгізіледі.
Ӛңірлік және жаһандық экономикалық интеграция үдерістерін ескере отырып
денсаулық сақтау саласындағы отандық еңбек нарығына шетелдік жұмысшы күшін тарту
24
қағидалары мен тәртібі, соның ішінде жіті тапшы мамандықтар бойынша шетелдік
мамандар тартуды жеңілдету шаралары жетілдірілетін болады.
5. Денсаулықты нығайту, қауіпсіздік және зейнеткерлікке шығу.
Медицина қызметкерлерінің жағымды және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз
ету жӛніндегі шаралар кешені, сондай-ақ зейнет жасына жеткен медицина қызметкерлерін
әлеуметтік қолдау және интеграциялау шаралары әзірленеді.
6. Мониторинг және болжау.
Денсаулық сақтау саласындағы еңбек нарығы мен адами ресурстар дамуын тиімді
мониторингтеу және болжауды қамтамасыз ету мақсатымен міндеттерінің аясы кең (адами
ресурстарға мониторинг жасау, қажеттіліктерді болжау және кадр дайындауды жоспарлау,
кадрларды басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізу және т.б) институционалдық негіз
ретінде Денсаулық сақтау саласы кадрлық ресурстарының ұлттық обсерваториясын одан
әрі дамыту қамтамасыз етіледі.
5.6.2. Медициналық білім беруді жаңғырту.
Денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық ресурстарын үздіксіз кәсіби дамыту
жүйесінің негізі Ұлттық біліктіліктер шеңбері болмақ. Ол мыналарды кӛздейді:
1)
халықаралық тәжірибеге сәйкес медициналық және фармацевтикалық
мамандықтар тізбесін оңтайландыру және денсаулық сақтау саласының кадрлық
ресурстары бойынша статистиканы қалыптастыру қағидалары мен тетіктерін қайта
қарау;
2)
азаматтарды медициналық және фармацевтикалық білім беру
ұйымдарына іріктеу және қабылдау саясатын жетілдіру, соның ішінде талапкерлерді
психометриялық тестілеуді енгізу негізінде;
3)
медициналық және фармацевтикалық білім берудің барлық
деңгейлерінде мемлекеттік стандарттарды жаңарту;
4)
түлектер мен жұмыс істеп жатқан мамандардың біліктілік деңгейлерін
регламенттейтін денсаулық сақтау саласындағы кәсіби стандарттарды әзірлеу.
Медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын жетілдіру
практикалық денсаулық сақтау ұйымының, дәрігерлер қауымдастығының, ғылыми
ұйымдардың тікелей қатысуымен әзірленген кәсіби стандарттарға негізделетін болады.
Түлектердің теориялық білімі мен практикалық дағдыларының деңгейін бағалау
үшін кәсіби стандарттар мен үздік халықаралық тәжірибеге негізделген құзыреттерді
тәуелсіз бағалау жүйесі енгізілетін болады.
Медициналық және мейіргерлік білім беруді одан әрі дамыту клиникалық тәжірибе,
медициналық білім мен ғылыми қызметтің үштұғырында құрылуы тиіс, ол:
стратегиялық міндеттер мен мақсаттардың біртұтастығы негізінде академиялық және
ӛндірістік үдерістерді тиімді басқаруды;
заманауи білім мен шынайы практикалық дағдылар алудың негізінде сапалы
медициналық білім беруді;
озық технологиялар мен ғылыми әзірленімдерге қолжетімділік негізінде
медициналық кӛмек сапасын тұрақты кӛтеруді;
нәтижелерін дереу тәжрибелік денсаулық сақтауға транферттеумен ӛзекті ғылыми
зерттеулер жүргізу үшін кең клиникалық және зертханалық базаларды;
ресурстарды интеграциялау және бірлесіп пайдаланудың негізінде жүйелердің
қаржылық тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.
Осы мақсатта медициналық қызметтер мен кадр даярлаудың толық циклы қағидасы
бойынша ғылыми ұйымдардың, медициналық ЖОО-ның, стационарлық және
амбулаториялық ұйымдардың функционалдық (консорциумдар) және ұйымдастырушылық
25
(холдингтер) бірігуінің негізінде интеграцияланған академиялық медицина орталықтарын
(универитеттік клиникаларды) дамыту тұжырымдамасы әзірленетін болады.
Бұл ретте білім беру және ғылыми ізденістер үдерістеріне уәждемелі түрде
практиканың үздік мамандары тартылып, ғылыми қызметкерлер мен оқытушылар
практикалық жұмыс жасау және клиникалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігін алады. Бұл
дәрігерлік кадрларды (дәрігер, оқытушы, ғалым- бәрі бір тұлғада) ұтымды пайдалануға,
кадрларды жоғары материалдық және кәсіби уәждеуді қамтамасыз етуге және мүмкіндік
береді және қазіргі күні әлемдік денсаулық сақтаудағы кәсіби дамудың үздік стандарты
болып табылатын медициналық кадрларды ғылыми-педагогикалық карьералық ламыту
үлгісін қалыптастырады.
Бұдан басқа, еліміздің ӛңірлерінде тәжірибелік медицина мен ғылыми зерттеулерді
дамыту ынталандырылатын болады, ол елімізде іске асырылған, облыстық медициналық
ұйымдардың инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсарту
жӛніндегі инвестициялық бағдарламалардың қисынды жалғасы болмақ.
Медициналық білім беруді әрі қарай дамытудың міндетті шарты - он-лайн сервистер,
кітапханалар, дәрісханалар, студенттер мен оқытушы құрамның жеке электрондық
аккаунттарын құрумен толық ақпараттандыру болады.
Қайта даярлау және біліктілік арттру үшін ЖОО орналасқан жерлерде ұзақ уақыт
болу мүмкіндігі жоқ, ӛңірлердегі мамандар үшін білім беру жүйесінде қашықтықтан оқыту
технологиялары ендіріледі.
2020 жылға қарай медициналық білім беру стандарттары, соның ішінде
студенттердің ғылыми және клиникалық тәжірибеде білім мен дағдылар алу және ұстап
тұруға қажетті деңгейде жаппай міндетті түрде ағылшын тілін меңгеруі мақсатымен, қайта
қаралады және жаңартылатын болады.
Профессорлық-оқытушылық құрамның әлеуетін арттыру үшін, Назарбаев
университеті Жоғары білім беру мектебінің тәжірибесін пайдаланудың негізінде,
медициналық және фармацевтикалық ЖОО оқытушыларының құзыреттерінің үлгісі және
біліктілік арттыру бағдарламасы енгізіледі.
Білім беру үдерісіне шетелдік оқытушыларды тарту тәжірибесі жалғасын табады.
Медициналық ЖОО автономдығын кеңейту, университет инфрақұрылымын салу
және қайта жаңғырту кезінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту, корпоративтік
басқарудың үздік қағидаларын енгізу жӛніндегі шаралар білім берудегі басқарудың
тиімділігін арттырудың негізіне айналады.
Бүздік халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары (2018 жылға қарай), техникалық
және кәсіби, жоғары оқу орындарынан кейінгі (2020 жылға қарай) медициналық және
фармацевтикалық білім беру ұйымдары мен бағдарламаларын аккредиттеу жүргізілетін
болады.
5.7. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕ МЕНШІК ӘРІПТЕСТІК, ИННОВАЦИЯЛАР МЕН
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
ИНФРАҚҦРЫЛЫМЫН ОДАН ӘРІ ДАМЫТУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.
5.7.1. Денсаулық сақтау ҧйымдарының желісін дамыту.
Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі реформалау халықтың қолжетімді, толыққанды,
сапалы медициналық қызметтерге мұқтаждығына иілімді жауап беретін инфрақұрылымды
қалыптастыруға негізделетін болады.
Бұл ретте, негізгі назар ауруханалық секторда тиімсіз пайдаланылатын ресурстарды
босатуға және қайта бӛлуге бӛлінетін болады, ол мынаны кӛздейді:
1) стандарттау негізінде емдік-диагностикалық үдерістерді оңтайландыру, МСАК
және басқа қызметтерді (оңалту, паллиативтік кӛмек және т.б) ұйымдастыруда
26
ауруханалардың тиімсіз жұмыс істейтін нысандарының, филиалдарының және
бӛлімшелерінің менеджменті мен трансформациясын жақсарту.
Географиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты жабыла
алмайтын стационарлар бойынша оңтайландыру ӛткізу және қажетті қаржылық құралдарды
қолданумен жеке шешім қабылданады. Мүмкіндіктердің бірі капиталдық сипаттағы
(амортизация) шығындар және эксплуатациялық (тұрақты) шығындар нысанның
жүктемелік қуатын қарамай ӛтелген кезде, «қолжетімділік үшін тӛлем» тұжырымдамасы
негізіндегі қадам болмақ. Осы мақсатта тариф саясаты мен әдіснамасы қайта қаралады.
Дербес аумақтық стационар ұстау экономикалық тұрғыдан дұрыс болмайтын, халық
саны аз (20-25 мың адамға дейін), алшақ орналасқан аудандарда шағын стационарлар
ашумен бірге МСАК нысандары ұйымдастырылатын болады.
Осылайша, жергілікті халықтың денсаулығын сақтауда желінің қатал стандарттары
мен нормативтерін қолданудан алшақтау керек.
2) жоғары білікті мамандар мен күрделі технологиялық жабдықтарды қажет етпейтін
кейбір медициналық қызметтерді кӛрсетуді орталықсыздандыру. Пациенттің тұрғылықты
жеруне жақынырақ орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарында сондай технологияларды
трансферттеу және тиісті медициналық кӛмек кӛрсету қажет.
3) ауданаралық, облыстық және республикалық деңгейлерде мамандандырылған
орталықтар құрумен, күрделі технологияларды және жоғары білікті арнайы мамандардың
құзыреттерін қажет ететін денсаулық сақтау қызметтерін орталықтандыру. Бұл ретте
жоғары мамандандырылған кӛмек кӛрсететін және бейіндік бағыттар бойынша денсаулық
сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіретін ұйымдардың рӛлі мен жауапкершілігін
арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады.
Осы мақсатпен клиникаларды медициналық кӛмектің белгілі бір түрлерін
(деңгейлерін) беруге аккредиттеу әдіснамасы пысықталып, енгізілетін болады.
Дайындалмаған ұйымдарда сапасыз қызмет кӛрсету қаупін, сондай-ақ тӛмен тұрған
деңгейдегі стационарда немесе күндізгі стационарда емдеуге болатын, күрделі емес
патологиясы
бар
пациенттердің
артық
санымен
жоғары
мамандандырылған
стационарлардың шамадан тыс жүктеме алуы қаупін тӛмендетеді. Пациенттер ағындарын
неғұрлым тиімді басқару үшін, стационарларды бірнеше мамандану деңгейі бойынша
аккредиттеу әдістемесі әзірленеді.
Бұл шараларды іске асыру ем қарқындылығына қарай тӛсек қорын саралау және
басқаруды және, тиісінше, амбулаториялық, стационарды алмастыратын, стационарлық
және жоғары мамандандырылған медициналық кӛмектің жұмыла дамуын қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді.
Стратегиялық даму мақсаттарының, халықаралық денсаулық сақтау нысандарын
жоспарлау, жобалау, салу, жарақтандыру стандарттары мен медициналық қызмет сапасын
қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарын бейімдеудің негізінде денсаулық сақтау
жүйесінің біртұтас инфрақұрылымын дамытуға қажеттілікті айқындау жӛніндегі жұмыс
жалғасатын болады.
Ӛңірлер мен медициналық кӛмек кӛрсету деңгейлерінің шегінде инфрақұрылымды
дамытудың бірыңғай перспективалы жоспары әзірленіп, бекітіледі (Мастер-жоспары).
Біртұтас құрылымға сай болатын, денсаулық сақтау ұйымдарының желісі, жоспарланып
отырған қайта құрылымдау (ашылу, бірігу, жабылу, қайта бейінделу) жӛніндегі ақпаратты,
нысандарға қажеттілікті (қосымша нысандар салу және айырбастау) кӛрсететін ӛңірлердің
жеке перспективалық жоспарлары денсаулық сақтауды ресурстық дамытудың негізіне
айналады. Олардың негізінде ӛңірлердің ерекшеліктері мен халықтың медициналық
кӛмектің нақты түрлеріне қажеттілігін ескеретін ұйымдар желісінің жаңартылған нормативі
жасақталатын болады.
27
Мастер-жоспардың негізінде, ең алдымен, жеке инвестицияларды ынталандыру және
тарту, МЖӘ басымдықпен дамыту негізінде денсаулық сақтау желісін инвестициялық
жоспарлау және дамыту жүзеге асырылатын болады.
Мемлекеттік инвестициялар концессия мен МЖӘ қолдану шектелген, МЖӘ-ті
дамытудың экономикалық тиімділігі жоқ салаларда, сондай-ақ саланың дамуы үшін
стратегиялық мәні бар секторларда (ана саулығы, туберкулез, АИТВ және т.с.с) денсаулық
сақтау желісін дамытуға жоспарланатын және бағытталатын болады.
МЖӘ тетіктері бойынша, соның ішінде мемлекеттік меншік нысандарын
сенмігерлікпен басқаруға беру, жекешелендіру, нысандарды концессия үлгісі бойынша салу
немесе жӛндеу негізінде, іске асыру үшін нысандардың анық тізбесі қалыптастырылады.
Бұл ретте тӛмендегілерді кӛздейтін МЖӘ-тің түрлі нысандары іске асырылатын
болады:
жеке меншік медицина ұйымдарының ТМККК және МӘМС қызметтерін, соның
ішінде жоғары мамандандырылған кӛмек кӛрсету бойынша қызметтерді, ұсынуға қатысуын
кеңейту, ол кезек күтуді қысқартуға, медициналық кӛмектің қолжетімділігі мен сапасын
кӛтеруге мүмкіндік береді. Бұл ретте, мемлекеттік қызмет берушілер үшін де, жекелер үшін
де тең экономикалық жағдай жасалатын болады;
медициналық және медициналық емес (зертханалар, радиологиялық қызмет, тазалау,
тамақтану, материалдық және материалдық емес құндылықтарды сатып алу, медициналық
техниканы күтіп ұстау және т.б) қызметтердің белгілі бір түрлерін аутсорсингке беру;
республикалық және жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарын жеке меншік
компаниялардың, соның ішінде шетелдік компаниялардың, басқаруына беру;
мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жекешелендіру. Кӛрсетілетін қызметтері
бәсекелес ортаға берілетін ұйымдардың тізбесі жаңартылатын болады;
денсаулық сақтау нысандарын салуға жеке инвестициялар тарту.
Бағдарлама шеңберінде МЖӘ келісім-шарттық түрлерін қолдану арқылы МСАК
желілерін кеңейту бойынша жоба әзірленетін болады (жеке инвестициялар тартумен МСАК
нысандарын салу, жӛндеу, жарақтандыру, пайдалану, МСАК нысандарын сенімгерлікпен
басқаруға беру, МСАК нысандарын ұйымдастыру үшін жеке меншік компанияларға және
жеке практикамен айналысатын дәрігерлерге мемлекеттік мүлікті жалға беру);
медициналық техниканың және зертханалық қызметтің тиімді жұмыс жасауын
қамтамасыз ету үшін жеке компанияларды тарту.
ЭЫДҰ стандарттарының (архитектуралық, инженерлік, технологиялық және тб.)
негізінде денсаулық сақтау инфрақұрылымы стандарттарының жаңа жүйесі, сондай-ақ
ресурсты үнемдеу, денсаулық сақтау нысандарының энергетикалық тиімділігі мен
экологиялығы (sustainability) саласындағы стандарттарды кешенді әзірлеу және енгізу
жүзеге асырылатын болады.
Медициналық индустрия нарықтарының жаһандануы, Қазақстанның ӛңірлік және
жаһандық экономикалық одақтарға (Кеден Одағы, ЕӘК, ШЫҰ және т.б) интеграциясы
жағдайында еліміз бен ӛңірдің денсаулық сақтау макроэкономикасын дамыту жӛніндегі
болжамдар мен ұсынымдар әзірленеді және сараптамалық зерттеулер жүргізіледі.
Еңбек нарықтарының бірігуі жағдайында саланың кадр персоналын нығайту
бойынша нақты ұсыныстар, медициналық қызметтердің импортын, атап айтқанда, еліміздің
шекаралас ӛңірлерінде шектеу шаралары жасалатын болады.
Отандық денсаулық сақтау ұйымдарымен медициналық туризмді және медициналық
қызметтердің экспортын дамыту бойынша мемлекеттік қолдау шаралары мен
бағдарламалар әзірленетін болады.
ҚР-дағы дәрілік препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
жабдықтар ӛндірісін одан әрі мемлекеттік қолдау, ынталандыру және орналастыру
бойынша талдау жасалып, ұсынымдар әзірленеді.
|