5.7.2. Медициналық жабдықтың жарақтандырылу және пайдалану тиімділігін
кӛтеру
Денсаулық сақтау ұйымдарымен медициналық техниканы жарақтандыру, пайдалану
және қалпына келтірудің тиімді жүйесін құру келесі кешенді шараларды ӛткізуді кӛздейді.
1) медициналық техникаға, жӛндеуге және техникалық қызмет кӛрсетуге
қажеттіліктерді жоспарлау жүйесін жетілдіру. Ол мыналарды:
медициналық техникамен жарақтандыру стандарттарын әзірлеу және енгізуді;
медициналық техниканың оңтайлы үлгісін таңдаудың бірыңғай әдістемесін және
медициналық техникаға, жӛндеумен техникалық қызмет кӛрсетуге баға қалыптастыру
әдіснамасын әзірлеу және енгізуді;
бағасын, тиісті мемлекеттік стандарттарға сәйкес техникалық сипаттамаларын,
мүмкін болатын барлық жиынтықтарын кӛрсете отырып, бүкіл тіркелген медициналық
техниканың дерекқорын (анықтамалық жүйесін) құруды қамтиды.
2) мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктіі негізінде бірыңғай дистрибьютер арқылы
орталықтандырылған сатып алу жолымен денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық
жабдықпен жарақтандыру бағдарламаларын әзірлеу.
Бұл мақсатта сатып алынатын медициналық жабдықтың техникалық ерекшеліктерін
медициналық ұйымдардың ӛздері анықтайтын болады.
Бұл ретте медициналық жабдықты сатып алу және лизингтеу функциясын жүзеге
асыратын ұйым тиісті қызметтер нарығында конкурстық жолмен анықталатын болады. бұл
ретте қажетті инфрақұрылым: сатып алу үшін электрондық алаң, логистикалық және
сервистік орталықтар құрылатын болады. Инвестициялық және эксплуатациялық
шығындарды ӛтеу уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте жүргізілетін болады.
3) медициналық техника алудың лизингтік жүйесін танымал ету. Бұл ретте
ӛндірушіден лизинг шартының әрекет ету мерзімі ӛткен бойда кері сатып алу (қалдық құны
бойынша) шартымен сатып алуды кӛздейтін «buyback» қағидасы бойынша жұмыс істейтін
тетікке басымдық берілетін болады.
4) МЖӘ негізінде орталықтандырылған медициналық сервистік қызмет пен
медициналық ұйымдармен ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасау негізінде медициналық
жабдықтың жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ететін техникалық мамандардың
(сервистік инженерлердің) үздіксіз дипломнан кейінгі білім беру орталығын құру.
5) денсаулық сақтау ұйымдарын ресурсты үнемдеуге ынталандыру және уәждеу
жүйесін қалыптастыру. Бұл мақсатта шығындарды ӛтеу үшін тарифке амортизациялық
шығыстарды қоса отырып, медициналық қызметке тарифті анықтау әдістемесі қайта
қаралатын болады;
6) техникалық ЖОО-на негізгі білімі бар, медициналық жабдықтарды күтіп ұстау
жӛнінлегі медициналық техниктерді даярлауға мемлекеттік тапсырыс орналастырылатын
болады., емдеу ұйымдарына медициналық техника бойынша сервистік қызметкерлердің
штаттық бірлігі енгізілетін болады.
Бұл ретте негізгі қаражатты тиімді басқаруға бағытталған бірыңғай амортизациялық
саясат әзірленіп, енгізілетін болады. Ол кейін негізгі қаражаттың жаңартылуына қайта
инвестициялау, соның ішінде лизингтік тетік арқылы, мақсатымен тиісті тарифтік
тӛлемдерді аккумуляциялау үшін, медициналық ұйымдарда амортизациялық қорлар құруды
кӛздемек.
Бұдан басқа, мемлекет тарапынан медициналық техника сатып алуды ұзақ мерзімді
жоспарлау тетігі енгізіліп, отандық ӛндірушілердің медициналық техникасын жеткізуге
ұзақ мерзімді шарттар жасау тәжірибесі дамытылатын болады.
5.7.3. Инновацияларды және медицина ғылымын дамыту.
29
Қазақстан Республикасында биомедицина саласының инновациялық әлеуетін ұзақ
мерзімді дамытуды қамтамасыз ету мақсатымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық
дамуының стратегиялық мақсаттарының негізінде саланы ғылыми-техникалық дамытудың
“InnovativeHealth: Vision - 2030” ұзақ мерзімді жоспарын әзірлеу қажет. Бұл құжаттың
шеңберінде жаһандық және ӛңірлік факторларды ескере отырып, ұзақмерзімдік кезеңге
халық денсаулығын сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің мақсаттары,
басымдықтары мен міндеттері анықталатын болады.
Сонымен бірге, осы Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде халықтың
саулығын сақтау және нығайту бойынша қойылған стратегиялық мақсаттардың негізінде
2020 жылға дейінгі кезеңге медицина ғылымын дамытудың басым бағыттары анықталатын
болады.
Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтің басым бағыттары негізгі аурулар мен
сыртқы ортаның зиянды әсерлерін, соның ішінде неғұрлым кең таралған инфекциялық емес
және инфекциялық ауруларды болдырмау және салдарларын жоюдың пәрменді әдістерін
іздеумен байланысты болады.
Отандық медицина ғылымын дамытудың бірінші кезекті міндеті озық әлемдік
стандарттар мен тұжырымдамаларының трансфертінің негізінде оның әдістемелік
тәсілдерін жаңғырту болмақ. Осы мақсатта отандық ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен
жобаларының халықаралық бағдарламалар және жобалармен интеграциясына үлкен назар
аударылып, біздің жобаларымыздың халықаралық мультиорталықтық зерттеулер
бағдарламаларына ӛтуі мен тартылуы ынталандырылатын болады.
Командалық, жобалық ғылыми-зерттеу жұмысы қағидасы дамиды. Жеке ғылыми
зерттеулер тек неғұрлым ауқымды топтық және мультиорталықтық зерттеудің бір бӛлігі
ретінде ғана мақұлдана алады.
Авторлық құқықтар мен интеллектуалдық меншікті қорғаудың кешенді тетіктерін
одан әрі дамыту қамтамасыз етіледі. Ғылыми қызмет нәтижелерінің коммерциализациясын
қамтамасыз ету саласындағы білімді, дағдыларды және тетіктерді дамытуға ерекше назар
аударылатын болады.
Медицина
ғылымын дамытудың негізін қалайтын міндеті болып оның
интеллектуалдық әлеуетін нығайту анықталады. Осы мақсатпен дарынды зерттеушілер мен
перспективалық инновациялық идеяларды анықтау және ұзақ мерзімді қолдаудың жүйелі
шараларын қамтамасыз ету болады.
Перспективалық және бәсекеге қабілетті ғылыми-зерттеу жобаларын, соның ішінде
start-up
жобалары, инновациялық гранттар, венчурлық қаржыландыру қорлары
нысанындағы жобаларды алға жылжыту үшін, мемлекеттік қолдау, соның ішінде қаржылық
кӛмек шараларын іске асыру жалғастырылатын болады.
Стратегиялық басым бағыттар бойынша ғылыми құзыреттерді, оқытуды және
ғылыми тағылымдамаларды дамытудың орта мерзімді бағдарламасы әзірленетін болады;
ғылыми кадрламен алмасу дамытылады; ғылыми жұмыстың халықаралық стандарттарына,
соның ішінде зерттеулердің дизайны мен әдіснамасын жасауға үйретуде кӛмек, ғылыми
еңбектерді ресімдеуде кӛмек кӛрсетілетін болады.
Ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын барабар, орнықты және айқын
қаржыландыру қамтамасыз етіледі. Осы мақсатпен ғылыми ұйымдарды кезең кезеңімен
бағдарламалық-нысаналы келісім-шарттық қаржыландыру және негіздік қаржыландырудан
ғылыми-зерттеу қызметін тек гранттар негізінде қаржыландыруға кӛшу жүзеге асырылатын
болады. Бұл ретте ғылыми қызметкерлердің мүддесіне қарай қаржыландыру мен
есептіліктің анықтығы мен қарапайымдығы қамтамасыз етіледі.
Ғылыми бағдарламалар бюджеттерінің шеңберінде инновациялық және бәсекеге
қабілетті нәтижелерге қол жеткізгені үшін еңбекақы және сыйақы тӛлеудің иілімді
нысандары қарастырылатын болады.
30
Жалпы, қаржыландыруда халықаралық мультиорталықтық ғылыми жобалар,
сондай-ақ сыртқы бірлесіп қаржыландыруы бар жобалар шеңберіндегі зерттеулерге
басымдық берілетін болады.
Ғылыми-зерттеу қызметінің инфрақұрылымын нығайту, соның ішінде ғылыми
ұйымдардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жетілдіру бойынша жүйелі
шаралар әзірленеді.
Әлемдік
жетекші
елдердің
тәжірибесі
бойынша
медициналық
және
фармацевтикалық ғылымның дамуы университеттер айналасына шоғырланатын болады.
Осы мақсатпен ресурстарды (ғимараттарды, жабдықтарды, адами ресурстарды және т.б)
бірлесіп пайдалану үшін ғылыми, білім беру және медициналық ұйымдардың интеграциясы
ынталандырылатын болады.
Кадр дайындаудың тиімділігін арттыру және зерттеулер жүргізу мақсатымен
функционалдық бірлестіктер (консорциумдар, ғылыми-техникалық парктер) түріндегі,
сондай-ақ холдингтер немесе ірі ғылыми-тәжірибелік университеттер түрінде
ұйымдастырушылық бірігу жолымен ЖОО, медициналық, ғылыми ұйымдар мен
экономиканың шынайы секторы кәсіпорындары әріптестігінің заманауи нысандары
дамытылатын болады.
Сондай-ақ,
медициналық және фармацевтикалық индустрияны тартумен
медициналық және кӛп бейінді университеттер, ірі клиникалар базасында кезең кезеңімен
инновациялық биотехнологиялық парктердің құрылуы пысықталады.
Зертханаларды ұжымдық пайдалануды одан әрі дамыту, клиникаға дейінгі және
клиникалық зерттеулер жүргізу үшін ғылыми зертханалар мен базалардың материалдық-
техникалық базасын нығайту қамтамасыз етіледі.
Медициналық технологиялардың клиникалық сынақтарының орналасуын жүйелі
қолдау және ынталандыру жүзеге асырылатын болады.
Аталмыш іс-шараларды іске асыру денсаулық сақтау саласындағы отандық ғылыми
әзірленімдер мен инновациялар пулының ӛсімін қамтамасыз етуі тиіс, ол ғылыми
зерттеулердің нәтижелерін практикалық денсаулық сақтау жүйесіне кӛшірудің тиімді
жүйесін құруды және ғылым мен тәжірибе арасындағы айтарлықтай алшақтықты жоюды
талап етеді. Осы мақсатпен денсаулық сақтау мамандарының ғылыми әзірленімдері мен
инновациялық идеяларын ілгерілету және практикалық іске асырылуына жеткізу тетіктері
әзірленіп, енгізілетін болады.
5.7.4. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) дамыту.
Осы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде, жүйені пайдаланушылармен ӛзара тығыз
іс-имыл жасау негізінде бірыңғай стандарттарды, технологиялық ерекшеліктерді әзірлеу
бӛлігінде ұлттық ақпараттық денсаулық сақтау жүйесін (ҰАДСЖ) және жүйенің талап
етілетін функционалы бӛлігінде түрлі ақпараттық жүйелердің сипаттамаларын дамыту
жалғасатын болады.
Белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкес, әрі қарай денсаулық сақтау
саласындағы ММБ нарығына қол жеткізу үшін түрлі бағдарламалық ӛнімдерді ҰАДСЖ
талаптарына сәйкестікке аккредиттеу процедурасы ұйымдастырылады және енгізіледі.
Бұл ретте жеке меншік секторының қатысуын кеңейту, МЖӘ дамыту және
денсаулық сақтау нысандарын жекешелендіру шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарына
ММБ нарығында госпитальдік және басқа да медициналық ақпараттық жүйелерді еркін
таңдау ұсынылатын болады.
Халықаралық стандарттардың негізінде медициналық ақпараттық жүйелердің
бірыңғай стандартталған талаптары жасалады. Олар медициналық қызметтердің сапасы мен
қауіпсіздігін, медициналық ақпараттың құпиялылығы мен қорғалуын қамтамасыз ету
мақсатымен, сондай-ақ деректерді заңмен белгіленген кӛлемде және тәртіпте беру үшін
мемлекеттің медициналық-статистикалық жүйелерімен интеграциялау мақсатымен,
міндетті түрде барлық клиникалық ақпараттық жүйелерге қойылатын болады.
31
МЖӘ негізінде денсаулық сақтаудың жекелеген ұйымдарын, қызметтерін, ӛңірлік
жүйелерін ақпараттандыру бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру үлгісі енгізіледі.
Бұл осы салада дәстүрлі түрде болатын қауіптерді теңгеруге мүмкіндік береді, соның
ішінде тараптардың мұндай жобалардың ұзақ мерзімді және сапалы іске асырылуына
қызығушылығын қамтамасыз етеді.
Саладағы ӛндірістік үдерістерді ақпараттандырудың дәстүрлі тәсілдерімен қатар
пациент денсаулығының жай-күйін ұтқыр компьютерлер және құрылғылардың кӛмегімен
алыстан автоматтандырылған мониторингтеу; күрделі ауруларды интеграциялы бақылау
бойынша виртуалды медициналық командарлар құру және дамыту (мәселен, ағза
трансплантаттауы бар пациенттерді он-лайн мониторингтеу және бақылау) секілді
инновациялық АКТ енгізуді қолдау жүзеге асырылатын болады.
Аталмыш технологиялар жер-жерде пациенттердің стационарға жату мұқтаждығын
айтарлықтай қысқартып қана қоймай, медициналық кӛмек құрылымына, оның адами және
ӛзге де ресурстарын бӛлуге жаһандық ӛзгерістер әкеледі. Ақпараттандыру саласындағы
қолданыстағы ведомстволық ұйымдар саланың АКТ енгізуге деген күн санап ӛсіп келе
жатқан қажеттілігін қамтамасыз етуге қабілетсіз болмақ, осыған орай осы саладағы әлемдік
жетекші ӛндірушілер мен вендорларды тартумен денсаулық сақтаудың жаһандық
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қалыптасырудағы МЖӘ бағдарламасы
мен әрі қарай даму тұжырымдамасы әзірленетін болады.
6. НОРМАТИВТІК ҚҦҚЫҚТЫҚ БАЗАНЫ ЖАҢАРТУ
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу ҚР-ның кейбір нормативтік
құқықтық актілеріне ӛзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді. Бұл жұмыс үшін
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының
кодексіне, ҚР Салық кодексіне, ҚР Еңбек кодексіне және т.б ӛзгерістер мен
толықтыруларды кӛздейтін заңнамалық құжатты әзірлейтін жұмысшы топ құрылатын
болады. Бұдан басқа, МӘМС жүйесін іске асыру үшін кіші заңнамалық актілерді әзірлейтін
жұмысшы топ құрылады.
Денсаулық сақтау саласын реттейтін жаңартылған нормативтік құқықтық база
үдерістерді мемлекеттік басқару жүйесі тиімділігінің негізіне және жаңа бастамаларды сәтті
іске асырудың кепіліне айналады.
Осыған орай нормативтік құқықтық базаны реформалау мақсаттары мыналар болып
табылмақ:
азаматтардың тегін медициналық кӛмектің кепілдік берілген кӛлемін алуға
конституциялық құқықтарын іске асыруға жәрдемдесетін құқықтық шарттарды бекіту;
денсаулық сақтау саласындағы ӛзгерістерге жауап беретін нормативтік құқықтық
базаның динамикалығы мен тиімділігі.
Кӛрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін алшақтықтар (қайшылықтар),
қайталанатын, ескірген, сілтемелі нормалар мен құқықтық реттеудегі олқылықтар
жойылатын, мақсаттар мен міндеттердің ӛзгерістерін ескере отырып, сондай-ақ денсаулық
сақтау саласындағы даму мен жетістіктерге орай нормативтік құқықтық базаны уақтылы
жаңарту қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы
нормативтік құқықтық базаның келісілуі қамтамасыз етіледі.
Осы Мемлекеттік бағдарламамен кӛзделген жаңа бастамаларды заңнамалық
сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.
Медициналық кӛмек кӛрсетудің барлық кезеңдерінде халықты бағдарлау және
навигациялар жӛніндегі нормалардың жаңартылуына айрықша назар аударылатын болады.
7. МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ МОНИТОРИНГІ
32
Денсаулық сақтауды басқару жүйесін жетілдіру шеңберінде ұлттық заңнаманың
және қазіргі заманғы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес салалық
мониторингтеу, талдау және стратегиялық жоспарлаудың қолданыстағы жүйесі
жаңғыртылатын болады.
Осы Бағдарламаның іске асырылуын сапалы және толыққанды талдау және оны
түзету бойынша ұсынымдар дайындау (қажеттілігіне қарай) үшін әлемдік үздік
сарапшыларды тартумен жыл сайынғы стратегиялық талдамалық зерттеулер жүйесі
енгізілетін болады.
Бұл ретте нысаналы индикаторлар, міндеттерді іске асыру кӛрсеткіштері мен іс-
шаралардың нәтижелілігінің кӛрсеткіштері, іс-шараларды іске асыру мерзімдері,
орындаушылар арасында жауапкершілікті бӛлу, сондай-ақ мониторингтің негізгі
қағидалары мен тәртібі Бағдарламаның ӛзімен белгіленеді.
Осы Бағдарламаның шеңберінде жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша
2017 жылдан бастап мемлекеттік деңгейде шешімдер қабылдау үшін негіз болатын
Қазақстан Республикасының Ұлттық денсаулық сақтау жӛніндегі баяндамасы
жасақталатын және жыл сайын жарияланатын болады. Бұл құжатқа қосылған деректер
халықаралық әдістемелік талаптарға сай болады және денсаулық сақтау жӛніндегі ұлттық
есеп және халық денсаулығының жай-күйі мен ұлттық жүйе қызметінің нәтижелері
жӛніндегі ең сенімді ақпарат кӛзі мәртебесіне ие болады.
8. МЕМБАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ
Мембағдарламаны іске асыру 2016 – 2020 жылдарға есептелген және мыналарды
кӛздейді:
I кезең – 2016-2018 жылдар:
отбасылық тәжірибені енгізумен медициналық-санитариялық алғашқы кӛмекті
жаңғырту;
ұлттық скринингтік бағдарламаны жетілдіру, үш ауру (артериялық гипертония, қант
диабеті, жүректің созылмалы кемістігі) бойынша ауруларды басқару бағдарламаларын
енгізу.
электрондық денсаулық сақтаудың техникалық инфрақұрылымын қалыптастыру
және электронды денсаулық тӛлқұжатын енгізу;
2017 жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыруды (ӘМС) енгізу;
жаңартылған бағдарламалар бойынша медициналық, ғылыми кадрлар мен
денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау.
II кезең – 2019-2020 жылдар:
отбасылық тәжірибені одан әрі жетілдіру және МСАК-ті нығайту;
медицина ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің негізінде инфрақұрылымды дамыту;
үш негізні элементтен: мемлекет, кәсіби бірлестік және пациенттерден тұратын,
медициналық қызмет сапасын басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру.
денсаулық
сақтауды
жоғары
ғылыми
технологиялар,
генетикалық,
тұлғаландырылған, регенеративті және наномедицина бағытында дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |