Оқушы портфолиосын дайындау технологиясы 1.Оқушыларды ынталандыру: аттестациядан өтуге немесе қызметтік өсуге қажетті материалдар екендігі, қосымша сыйақы төлеу немесе мадақтау үшін сенімді негіз бола алатындығы.
2.Портфель типін анықтау: жинақтаудың мақсатты бағыттылығын күшейту үшін мақсаты, мазмұны бойынша портфель типін анықтау, жекелеген жағдайлар мен арнайы мақсаттарда аралас типін алуға болатындығы. .
3.Өткізу мерзімі мен сипатын анықтау: жыл соңында өткізу немесе белгілі бір уақыт сайын көрсетіп отыру.
4.Бөлімдер санын белгілеу: жұмыс жоспарына сай міндетті және таңдауы бойынша алынатын бөлімдер саны жетеуден көп болмауы керектігі.
5.Бағалау критерийлерін дайындау: міндетті бөлімдердің көпшілігі талқылауға жатпайтындығы мен қалғандарының бірлесе жасалатындығы
Оқушы портфолиосының мазмұны
Жылдық жұмыс жоспары мен жылдық жұмыс есебі.
Бақылау-тексеру және тест жұмыстарының қорытындылары.
Топтық және ұжымдық жұмыс қорытындылары.
Өзекті мәселелер мен кәсіби шығармашылық тапсырмалардың шешімдері.
Ұжымдық және жеке ғылыми-әдістемелік жобалар.
Жазбаша шығармашылық жұмыстар (рефераттар мен эсселер).
Аудио және бейнематериалдар, фотосуреттер.
Жалпылау материалдары (сызбалар мен кестелер, графиктер мен диаграммалар).
Сауалнамалар мен сұқбаттасулар және оларды өңдеу қорытындылары.
Берілген қосымша тапсырмалар.
Бақылау күнделіктері мен өзіндік ой-толғаныстар.
Жасалған баяндамалар мен жарық көрген мақалаларының көшірмелері.
Дайындаған әдістемелік нұсқаулары мен дидактикалық жинақтарының қысқаша аннотациялары мен рецензиялары.
Сабақ жоспарлары мен енген сабақтарға талдау жұмыстары.
Өзіндік зерттеу-сынақ жұмыстарының аралық қорытындылары мен түпкі нәтижелері.
Портфолио авторының жетістіктерін айғақтайтын құжаттар (мақтау қағаздары мен сертификаттар, анықтамалар мен дипломдар).