Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы



бет9/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   93
Байланысты:
Ба дарламасы мазм нын т сіндірі із. Халы аралы зерттеу ба дарла (1)

Мұғалімнің бағалаудағы ролі: Мұғалім тәлімгер ретінде - кері байланысты және әр оқушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді; Мұғалім жетекші ретінде - топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру үшін диагностикалық ақпарат жинастырушы; Мұғалім есепке алу маманы ретінде - оқушылардың өсуі мен жетістіктері туралы мәліметтер жинақтаушы; Мұғалім баяндамашы ретінде - оқушылардың өсуіне қатысты ата-аналарына, оқушыларға және мектеп әкімшілігіне баяндаушы.

Оқу үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары: Оқыту мақсатымен бөлісу. Алда не күтіп тұрғанын оқушылардың білуіне көмектесу. Өзін-өзі және құрбыларын бағалау. Оқушылардың жақсарту үшін не қажет екендігіне көмек беретін пікірлермен қамтамасыз ету. Оқушылардың өздерін жетілдіре алатынына сенімділігін дамыту. Өзара бірлесіп бағалау туралы ақпаратты талдау және ойластыру.



Сонымен, дәстүрлі бағалауда бақылаудың барлық мүмкіншілігі мұғалімнің қолында болады: ол оқушы біліміндегі барлық кемшіліктер мен қателіктерді анықтап көрсетеді. Өздік жұмыстар мен бақылау жұмыстарын орындағанда көп жағдайда мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас жоғалады.
7. Оқытуды бағалау стратегиялары (өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, баға қою жөніндегі кері байланыс) бағалар жөнінде түсініктеме беруді түсіндіріңіз.
Оқушыларды бағалауға қатыстыру, өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау. Оқушылар алда тұрған мақсаттың мәнін түсініп, оған қол жеткізу үшін не істеу қаже екенін анықтау алған жағдайда ғана олар оқу мақсатына қол жеткізеді. Сондықтан оқу барысында өзін-өзі бағалаудың маңызы зор. Оқушыларының бойында өзін-өзі бағалау дағдыларын дамытуға талпынған көптеген мұғалімдердің аңғарған: бұл реттегі ең бірінші және ең күрделі мәселе – оқушыларды өз жұмысы туралы мақсат қою тұрғысынан ойлануға үйрету. Олар бұны қалай істеу керек екенін түсінгенде ғана өз жұмыстарына шолу жасай бастайды, сол арқылы оны өздері орындап, өздері бақылай алады. Құрбы-құрдастарын бағалау өзін-өзі бағалаудың маңызды бөлігі болып табылады. Құрбы-құрдастарын бағалау өте пайдалы, себебі оқушылар өз жұмысына қатысты айтылған құрбыларының пікіріне құлақ асады. Ал оны мұғалім айтқан болса, олар оқушыға сондай әсер етпеуі мүмкін. Құрбы-құрдастарымен бірге жұмыс істеу де маңызды, себебі пікір алмасу оқушы күнделікті өмірінде қолданатын тілде жүреді, сонымен қатар оқушылар мұғалімнің рөлін ойнай отырып білім алады. Оқушылар түсініктемені түсінбеген кезде, олар мұғалімнен емес, өзінің құрбысынан сұрайды. Оның үстіне, бұл тәжірибе құрбы-құрдастарын бағалау ауыртпалығын оқушыға салуға болатындығымен құнды. Сондықтан тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауда әр сабақта өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудың әдістері көрсетілді және әр сабақта түрлендіріп отырған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет