Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Сыни тұрғыдан ойлауды сабақта қолдану мысалдарын айтыңыз



бет19/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   93
Байланысты:
Ба дарламасы мазм нын т сіндірі із. Халы аралы зерттеу ба дарла (1)

15. Сыни тұрғыдан ойлауды сабақта қолдану мысалдарын айтыңыз.
Сыни тұрғыдан ойлау дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс тәжірибеде қолданылады деп ойлаймыз. Сыни тұрғыдан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың ,тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Сыни тұрғысынан ойлау әдісі несімен ерекшеленеді? Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету; Сыни тұрғысынан ойлау өз пікірімен қатар өзгелердің де пікірін ескеріп, өзінікі қате екендігіне объективті түрде көз жеткізіп бас тарта білу; Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақ қоя біледі: -Мен не білемін? -Мен жаңадан нені білдім? -Білімім қаншалықты өзгерді? -Мен осы білімімді өмірде қалай пайдалана аламын?
Сыни тұрғыдан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен - орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарындағы оқушылармен байланыстырады. Алайда сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл-балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Әр сабақта оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрететін жұптық, топтық тапсырмаларды қарастыру, сонымен қатар Блум таксономиясы бойынша құрылған сұрақтар арқылы сабақтарды бекіту жұмыстарын жүргізу. Диалог арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері, зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалогтың мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттеріөрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетіндігін көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет