Дидактикалық принциптер: Жай және күрделі Көрнекілігі Коммуникативті бағдары Жүйелілігі
Белсенділігі Даралап оқыту Білімділігі Жеке дара оқыту
14. Диалогтік оқытудың мәні және сипатын талдаңыз. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. Диалогтық оқыту ұжымдық (мұғалім мен бала бірігіп тапсырманы орындайды) және өзара білім алмасуға жағдай туғызатын (мұғалімдер мен балалар бір-бірін тыңдап, идеялармен бөліседі және балама көзқарасты қарастырады) және қолдаушы (балалар қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізіп, бір-біріне өзара түсінікке жетулеріне көмектеседі) оқыту тәсілі болып табылады.
Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды орын алады.
Сұрақтардың түрлері: төмен деңгейдегі, жоғарғы деңгейдегі.
Сұрақ қою техникасы
Түрткі болу: сұрақты қарапайым етіп қою, өткенді пысықтау.
Сынақтан өту: толық жауап беруге, ойын толық айтуға итермелейді."Сіз мысал келтіре аласыз ба? "деген сұрақтармен бағыттайды
Қайта бағыттау - сұрақты басқа оқушыларға бағыттайды."Көмектесе алатындарың бар ма?" деген сұрақ қойылады.
Диалогтік оқыту нәтижесі: Пікірлерді зерттеуге талпынады; Оқушылар орынды сұрақ қояды; Қызығушылық танытады; Дәлелдер іздейді; Оқу үдерісінен ләззәт алады; Өзгенің пікірін өзгертуге дайын болады; Жаңа білімдерімен бөлісуде белсенділік танытады.
Диалогтік оқыту ұстанымдары
Танымдық ұстаным: егер әр адам «Жаңа түсінік бірлескен жұмыс нәтижесінде ғана қалыптасады» деген қағиданы ұстанса, онда ол әрқашан да өзінің идеялары мен туындаған сұрақтарын басқаларға жеткізіп, оларды талқылауға дайын болады.
Психологиялық алаңдамаушылық: Диалог барысында әр адамның ойлары мен идеяларының, пікірлері мен көзқарастары мұқият тыңдалып, олардың сенімсіздік және күлкіден қорғалатынын білсе, онда ол өзін қарым-қатынастың тең дәрежелі екендігін сезінеді.
Қызығу: әр адам диалогін қызық екенін түсіну керек. Диалог барысында әр адам өзін басты кейіпкер ретінде сезінеді. Сондай-ақ диалог интербелсенді әдістерді қолдануды арқылы диалогке қатысушылардың пікірлерін ортаға салып, талқыға салады. Осылайша диалог тиімді әрі нәтижелі болып, қатысушылардың танымдық мүдделеріне сәйкес келеді.
«Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою» әдісінің негізгі мақсаты – бір-бірімен ой бөлісу арқылы өз білімдерін жетілдіру жұмысымен айналысу. Жаттығу барысында оқушылар кез келген сұрақ қоя отырып, менде осы тақырып бойынша қандай ойлар мен ұстанымдар бар? Бұл жұмыс мен және менің құрбыларым үшін қаншалықты маңызды? т.б. сұрақтарға жауап бере отыра қандай мәселелерді игергенін, игеру жолында қандай қиындықтар туындады, оларды қалай мен шешу керекпін? деген сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде жекелей ой қозғап өзара ой бөлісу арқылы тілдік қарым-қатынас орнатады. Сондай –ақ осы жұмыс арқылы оқушыларды өздігінен, жұппен және ұжыммен жұмыс атқаруға үлкен септігін тигізіп, жұмысқа белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Постер құрып, оны қорғау арқылы диалогке қатысушылардың мысалы, сөйлеуші әрбір сөзін түсінікті етіп, мәнерімен сөйлеу, дұрыс сұрақ қоя білу, ал тыңдаушы – айтуға мүмкіндік беру, жақсы тыңдаушы бола білу керектігі мен шыдамдылықпен таныту керектігін жайында түсініп, ой қозғауға жетелейді. Диалогтік оқыту барысында әңгімелесудің оқу-танымдық, тілдік-дамытушылық, әлеуметтік-бағдарлаушы міндеттері қамтылуы маңызды болып табылады. Диалогтік оқыту – мұғалімнің жан-жақты жұмысын талап етеді.