Тест формасы: Бір жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар;Бірнеше жауаптарды таңдауды қажет ететін тапсырмалар;Сәйкестікті құру бойынша тапсырмалар;Жауапты тіркеуді талап ететін тапсырмалар(жауапты толықтырп жазу);Логикалық және алгоритмдік реттілікті құру бойынша тапсырмалар.Қазіргі оқыту үрдісінде оқыту тесті және бақылау тесті түрлері кезедеседі.
Оқыту тестінің мақсаты белгілі бір модульді не тақырыпты меңгертуге арналады, оқытушы негізгі рольді атқарады. Тапсырмалар сұрақ қою, жауап беру, есте сақтау, жазып алу, үйден ауызша қайталау, қайтадан жалпы сұрақ-жауап түрінде тексеру.Бақылау тесті осыдан кейін жүргізіледі, яғни оқушылардың тарау бойынша немесе белігіл бір тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін қажет. Бұл тесттердің тағы бір тиімділігі егер ол әр модуль-тарау сайын өтсе, оқушылардың сабаққа дайындалуын тәртіпке келтіреді. Әр тестен кейін түзету жұмысын жұргізу міндетті түрде қажет.
Тестілеудің ерекшеліктер:Оқушы өзін-өзі бақылайды, бағалайды, кемшіліктерін анықтайды.Сапалық көрсеткіштерде жақсы нәтижеге жеткізеді.Нәтижесі тікелей белгілі болады. Барлық оқушыға бірдей талап қойылады.Оқушылардың білім деңгейін білу үшін оқылған материал тегіс қамтылады.Оқушылардың білім дәрежесі әділ бағаланады, әрі оқытушының өз пікірінше ғана бағалауына жол берілмейді.
24. Интервью, рубрика арқылы бағалау түрлерінің еркшелігін айтыңыз. Бүгінгі білім беру жүйесінде критериалды бағалау зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзыреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерңн дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Рубрика – өтілген тақырып бойынша білімін бағалау критерийлері жиынтығы. Он қандай да бір тақырыпты зерттеу мақсаттарымен анықталады және мазмұндық жағынан сол рубриканы ашатын критерийлермен толықтырылады. Критерий оқыту міндеттерімен анықталады және сыныптағы оқушылардың жұмыс барысында жасайтын, соның нәтижесінде жақсы меңгеруге тиіс әр түрлі іс-әрекеттерінің тізімін құрайды. Білім алушылардың жұмыстары субъективті тұрғыдан бағаланбауы үшін жұмыстарға қойылатын талаптарды алдын-ала айқындап алу оқушылардың өз жұмысында озық үліглерге сүйеніп, қалай жазу керектігін есте ұстап, жұмыстарды сол тұрғыдан орындауына жол береді. Бұл өз кезегінде білі алушы жұмыстарының сапасын арттырады. Рубрикалар оқушылар не үшін оқитынын көрсетеді, критерийлер оқушы нені үйрену керектігін байқатады, дескрипторлар (түйінді сөз) оқушы қалай жоғары нәтижеге жете алатындығын көрсетеді. Интервью әдісі - әлеуметтік психологиялық зерттеу әдістерінің бірі. Интервью әдісінде зерттеуші (интервьюер) сыналушымен (респонденті) әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, ілтипатына зер салып отырады. Әңгіме белгілі сұрақтың айналасында, зерттеуші көздеген мақсатқа орай, арнаулы жоспар бойында жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының ниетін қас-қабағынан біле алатындай әдісқой, тәсілшіл, білгір кісі болуы қажет. Интервью жанрының тиімділігі-мәселені білікті де мазмұнды ашуға мүмкіндік береді, ақпарат құралдарының халықпен байланысын жақсартады.