Мұғалім
|
Білім алушы
|
Білім алушы оқытудың қай сатысында? Олар білім алуда неге талпынады? Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек?
|
Мен оқытудың қай сатысында тұрмын? Нәтижеге қалай қол жеткіземін? Кемшіліктерімді жою үшін не істеуім қажет?
|
Қажет болған жағдайда кері байланыс ауызша, жазбаша, графикалық немесе кез келген басқа түрде берілуі мүмкін. Аталған үдеріс құжаттаманы қажет етпейді.
27. Дидактикалық әдістер мен критериалды бағалау сабақтастығын айтыңыз.
Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдықформаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Дидактика ғылым ретінде төмендегідей мәселелерді қарастырады: Не үшін оқытамыз (оқыту мен білім берудің мақсаты)? Кімді оқытамыз(оқыту субьектілері)? Оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту принциптері)? Неге оқытамыз (білім беру , оқыту мазмұны)? Оқытуды қалай ұйымдастырамыз (оқытуды ұйымдастыру формасы)? Оқытуға қандай құралдар қажет (оқулықтар , оқу құралдары , компьютерлік бағдарламалар , дидактикалық бағдарламалар және т.б.)? Оқыту нәтижесінде неге қол жеткіземіз (оқыту нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер мен өлшемдер )? Оқыту нәтижелерін қалай бақылауға және бағалауға болады(оқыту нәтижелерін бақылау, бағалау әдістері)?
Дидактиканың негізгі категориялары –білім беру, оқыту, сабақ жүргізу, оқу , оқыту принциптері және мұның құрамды бөлімдеріне тиесілі міндеттері , мазмұны , түрлері әдістері , құралдары оқытудың нәтижелі түрде жүзеге асуына негіз болып табылады. Дидактика – үнемі дамып, өркендеп отыратын сала. Ол оқушылардың ғылыми білімдер мен дағдыларды меңгеруіне , шығармашылық қабілеттерін , дүниетанымын және адамгершілік – этикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыруға , оқу танымдық қызметін ұйымдастыру жолдары . Дидактиканың міндеті: «нені оқыту» және «қалай оқыту керек» (Я.А. Каменский бойынша) – деген сұрақтарға дәлелді жауаптар беру. Сондықтан да дидактиканың қарастыратын негізгі мәселелері: оқыту процесінің мәні мен оның заңдылықтарын ашу; оқытудың білімділік мазмұнын анықтау; оқытудың негізгі қағидалары, яғни принциптерін белілеу; оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтап, олардың түрлерін жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |