Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Балалардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктері



бет20/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   93
Балалардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктері:

Ұтқырлық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу, үзілді кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою; дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға емес, себепке негізделу.

Сыңаржақтылықтың болмауы: барлық қорытындыларды бағалау; болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық болуға ұмтылу.

Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау;балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екеендігін немесе артықшылығын мойындау.

Тәртіп: тиянақты,нақты және жан-жақты болу.

Сыни тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы тиіс: сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек; оқушыларға ойланып-толғануға,ойын ашық айтуға рұқсат беру керек; әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау; үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау; кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды елемеуге тырысу; оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлеллді, дәйекті болуын талап ету; сыни тұрғыда ойлуды бағалау.
Сабақтарымды сыни тұрғыдан ойлау әдістерін пайдалана отырып өткізудің нәтижесі төмендегідей:
сабақ жан-жақты өтеді;-оқушылардың пәнге қызығушылығы артады; сабақты қабылдау, тыңдау,есту,оқу,жазу және ойын білдіру деңгейі жоғары; өз бетінше шешім қабылдайды.
Сыни тұрғысынан ойлау жүйесімен жұмыс істейтін мұғалімдерге қойылар талаптар: сабақты түрлендіре білуі; оқушы алдында еркін сөйлеуі; өзіне деген сенімділік; өз ойын жинақтап ,жеткізе білу; шығармашылықпен жұмысістей алуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет