Балалардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктері:
Ұтқырлық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу, үзілді кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою; дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға емес, себепке негізделу.
Сыңаржақтылықтың болмауы: барлық қорытындыларды бағалау; болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық болуға ұмтылу.
Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау;балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екеендігін немесе артықшылығын мойындау.
Тәртіп: тиянақты,нақты және жан-жақты болу.
Сыни тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы тиіс:сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек; оқушыларға ойланып-толғануға,ойын ашық айтуға рұқсат беру керек; әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау; үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау; кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды елемеуге тырысу; оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлеллді, дәйекті болуын талап ету; сыни тұрғыда ойлуды бағалау.
Сабақтарымды сыни тұрғыдан ойлау әдістерін пайдалана отырып өткізудің нәтижесі төмендегідей: сабақ жан-жақты өтеді;-оқушылардың пәнге қызығушылығы артады; сабақты қабылдау, тыңдау,есту,оқу,жазу және ойын білдіру деңгейі жоғары; өз бетінше шешім қабылдайды.
Сыни тұрғысынан ойлау жүйесімен жұмыс істейтін мұғалімдерге қойылар талаптар: сабақты түрлендіре білуі; оқушы алдында еркін сөйлеуі; өзіне деген сенімділік; өз ойын жинақтап ,жеткізе білу; шығармашылықпен жұмысістей алуы.