Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Ішкі жиынтық бағалауда сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруды түсіндіріңіз



бет26/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   93
Байланысты:
Ба дарламасы мазм нын т сіндірі із. Халы аралы зерттеу ба дарла (1)

21. Ішкі жиынтық бағалауда сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруды түсіндіріңіз.
Сын тұрғысынан ойлау — өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балалармен пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі — критериалды бағалау жолдары. Біз бұл бағалау жолын сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы жүзеге асыра аламыз. Критериалды бағалаудың моделінің үш түрі 1.қалыптастырушы бағалау,2.ішкі жиынтық бағалау,3.сыртқы жиынтық бағалау.Бағалаудың моделінің түрлері бір-бірімен тығыз байланыста болады,атап айтсақ қалыптастырушы бағалау күнделікті пайдаланған жағдайда ішкі жиынтық бағалаудың сапасы артады. Ішкі жиынтық бағалау әр тоқсан аяғында тоқсан мақсатының жетістіктерін қорытындылауға арналған бағалау тестілеу үлгісінде өткізіледі. Сыртқы жиынтық бағалау мектептен тыс ұйымдардың тәжірибелі мамандары тарапынан құрылған тест, сынақтар арқылы жүзеге асырылады. Критериалды бағалау алдын-ала бекітілген критерилерге сүйене отырып жүзеге асырылады. Критериалды бағалауда оқушылар бағасының әділ екендіген қол жеткізе отырып өздеріне өзі баға бере алады. Оқу нәтижесіне жетуде танымдық қабілеттерін арттыру үшін және де өмірге бейімдеу үшін, алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдана алатындай, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыра отырып дағдыларын қалыптастыру. ІШКІ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ: Ішкі жиынтық бағалау әр тоқсан соңында өткізіледі. Жиынтық жұмыс – практикалық жұмысты қосқанда, әр түрлі типтегі және күрделік деңгейдегі тапсырмаларды қолданатын жазбаша жұмыс. Ішкі жиынтық бағалауға жұмыстарды дайындау бойынша ұсыныстар әзірленетін болады. Жиынтық жұмысты тексеруден кейін модерация өткізіледі.
22. Дәстүрлі бағалау мен бағалаудың жаңы түрлерінің айырмашылығын сипаттаңыз.
Дәстүрлі (нормативтік) бағалау мен өлшемдік бағалаудың арасындағы айырма салыстыруда болып табылады. Дәстүрлі бағалауда оқу жетістіктері оқушылардың басым көпшілігі жете алатын, орташа статистикалық нормамен, өлшемдік бағалауда бағалау өлшемдері түрінде берілген, белгілі бір эталонмен (оқу мақсатымен) салыстырылады.
Оқушының өз оқу іс-әрекетінің жеке ерекшеліктері туралы рефлексия мен өзіндік бағалау арқылы сезінуі оның ойлауы мен шығармашылығының дамуының маңызды құралы болып табылады. Өлшемдік бағалауды қолдану бағалау үдерісіне өзіндік бағалау жасау арқылы оқушының өзін тартуға жағдай жасайды. Жалпы алғанда, тек рефлексия ғана оқушыға өз оқу іс-әрекетінен тәжірибе жинақтауға, қойылған мәселені шешу үшін ішкі мүмкіндіктерін жұмылдыруға, өзін-өзі жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. Өз жетістіктері мен кемшіліктерін талдай отырып, оқушылар оларды жою жолдарын табады, өз жұмыстарының күшті және әлсіз жақтарын көре отырып, өзін-өзі бағалауға үйренеді, осы нәтижелерді пайымдау арқылы өзінің ары қарай алдағы уақытта жасайтын жұмыстарының бағдарламасын жасай алады.
Дұрыс ұйымдастырылған рефлексия тапсырманы табысты орындауға ықпал ететін оң ахуал тудырады. Дәстүрлі оқытуда көп кикілжің тудыратын баға ештеңені де өлшемейді, ол оқушылардың оқудағы тәртібін түзеу үшін ғана жиірек пайдаланылады, сондықтан көп оқушылар тек баға үшін оқиды. Бағалаудағы зерттеушілік амал өлшемдік бағалауды ұсына отырып, бағаның мадақтау мен жазалу құралы ретіндегі рөлін жояды. Нақты қойылған бағалау өлшемдері өзара келісілген «ойын ережесі» сияқты белгілі бір шарттарды сақтай отырып, жұмыс нәтижелерін бағалауға қажетті белгілерді дұрыс анықтауға ықпал етеді. Жақсы жасалған бағалау өлшемдері ғана оқушыларды айқын қойылған мақсаттарға жетуге, өз іс-әрекетіне баға беруге және оны түзетіп отыруға ынталандырады, сол арқылы оқытуда стресті болдырмауға жағдай жасайды. Бағалаудың екі жүйесіндегі тұжырымдамалық ерекшеліктер:

Өлшемдік бағалау: жоспарлау, оқыту және бағалау біртұтас үдеріс; бағалаудың теңгермелі стратегияларының жүйелі тізбегі пайдаланылады; өзін-өзі және өзара бағалауға оқушылар тартылады; оқушылардың оқу нәтижелерін есепке алу мен есеп берудің теңгермелі тәсілдері қолданылады; оқушылардың жауаптары бойынша оның сол сәттегі түсіну деңгейі бағаланады; тақырыппен жұмыстың өн бойында оқушылармен тұрақты және дер кезінде кері байланыс жасалады; оқушыларға бағалауды оқу нәтижелерін сипаттау мен жақсарту тәсілі ретінде қабылдауға ықпал етеді; тақырыпты оқып-үйренер алдында оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін алдын ала бағалауға мүмкіндік береді.

Дәстүрлі бағалау: жоспарлау, оқыту және бағалау бір-бірінен бөлек үдерістер; бағалаудың бір ғана құралы немесе стратегиясы пайдаланылады; бағалау тек мұғалімнің билігінде; оқушылардың оқу нәтижелерін есепке алу мен есеп берудің бір ғана тәсілі қолданылады; оқушылардың жауаптары дұрыс жауаппен салыстырылады (біледі-білмейді); тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана тексеру жүргізіледі; бағалаудың жалғыз мақсаты – қойылатын бағаны анықтау; оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін бағалау тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет