Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Қалыптастырушы бағалаудың шарттарын, жүру этаптарын мысалдармен түсіндіріңіз



бет29/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   93
25. Қалыптастырушы бағалаудың шарттарын, жүру этаптарын мысалдармен түсіндіріңіз.
Қалыптастырушы бағалаудың мынандай ерекшеліктерін атау қажет:

  • Әр сабақта үздіксіз қолданылады;

  • Мұғалім де, оқушы да оған ынталы болады, өйткені ол екеуінің қатысуымен жүзеге асырылып, екеуіне де ыңғайлы әрі пайдалы;

  • Қалыптастырушы, уәждеуші, ынталандырушы, талаптандырушы мазмұнда болады: мұғалім әр оқушыны қолдайды, мақтайды, қолпаштайды, көмектеседі, ұсынады, бағыт-бағдар сілтейді, әр оқушының үлгерімін жақсартуға мүдделі болады;

  • Оқушының мықты жақтары мен кемшіліктерін айқындап, оқуды жақсартуға бағытталған кері байланыс түрінде;

  • Мұғалім оқушының оқу мақсаттарына қалай жол салғандығын бақылау мүмкіндігіне ие болады;

  • Оқушылар өзінің үйренуіне белсенді қатыса алады: олар өзінің (және өзге оқушылардың) оқу әрекеттерін бақылау және талдау, өзін-өзі және (өзге оқушыларды) бағалау мүмкіндігін алады;

  • Баға қойылмайды, бағалау қорытындылары бойынша ешқандай әкімшілік шаралары қолданылмайды;

  • Оқушылардың оқу әрекеттерін бақылау баға қою үшін емес кері байланыс беру үшін жасалынады;

  • Оқу мақсаттарының негізінде құрастырылған критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады;

  • Критерийлер нақты түрде құрастырылып, бәріне де түсінікті және ыңғайлы болады – әр оқушы жетістікке жету үшін не жасау керектігін және оның қалай бағаланатындығын айқын біледі;

  • Жетістіктердің өсуі мен дамуына тікелей ықпал жасайды;

  • Оқушының білімі басқа оқушылардың жетістіктерімен салыстырылмайды: «ең дұрыс бәсеке – өзіңмен өзің бәсекелесу» қағидасына сәйкес оқушының кешегі білімімен ғана салыстырылады.

Қалыптастырушы бағалаудың шарттары:

  • Оқушылардың оқу мақсаттарын біліп, түсінуі керек.

  • Оқушылармен тиімді кері байланыс орнату қажет.

  • Оқушылардың үйрену үдерісіне белсенді түрде қатысуы шарт.

  • Оқушылардың бағалау критерийлерін біліп, түсінуі қажет.

  • Оқушыларда өз жұмыстарын талдау (рефлексия) мүмкіндігі мен білігі болуы керек.

  • Бағалаудың нәтижелерін ескере отырып, оқытуға өзгерістер енгізіп, оны жақсартып отыру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет