Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Блум таксономиясының білу, түсіну деңгейін талдаңыз, етістіктер қатарын топтастырыңыз



бет47/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   93
Байланысты:
Ба дарламасы мазм нын т сіндірі із. Халы аралы зерттеу ба дарла (1)

44. Блум таксономиясының білу, түсіну деңгейін талдаңыз, етістіктер қатарын топтастырыңыз.
Блум таксономиясы — 1956 жылы американдық психолог Бенджамин Блум (1913—1999) ұсынған танымдық өрістегі 6 педагогикалық мақсаттар таксономиясы.
Білу. Бұл категория нақты фактілерден толық теорияға дейін еске сақтау мен оқыған материалды еске түсіру. Осы деңгейге жеткені туралы оқушының нақты іс-әрекеті: -терминдерді, нақты фактілерді, негізгі түсінікті, ереже мен ұстанымды, әдісі мен орындау түрін еске түсіру. Етістіктер: еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелеу, ұсыну, табу.
Түсіну. Түсінудің көрсеткіші - материалды бір формадан екінші формаға өзгертіп көрсету, материалды түсіндіру, қысқаша баяндау (интерпретациясы), құбылыс пен оқиғаның әрі қарай барысы туралы ой болуы мүмкін. Осы деңгейге жеткені туралы оқушының нақты іс-әрекеті: - фактіні, ережені, ұстанымды түсіндіру; - мәтінмен берілген материалды математикалық шартты белгіге өзгерту; - бар мәліметтен келешекте туындайтын болжамды ойды сипаттау. Етістіктер: қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарту, мойындау, қайта қарау, түсіндіру, әңгімелеу,айқындау.
45. Рефлексия және рефлексиялық есепті түсіндіріңіз.
Көрнекті ғалымдар Ш.А.Амонашвили, В.И. Загвязинский т.б. педагогикалық рефлексияны жаңаша ойлау стиліне жатқызады. В.А. Кан-Калик, А.В.Мурдик, т.б. маманның педагогикалық әрекетке дайындығының құрамына даралық, шығармашылық, авторлық ізденістер мен қатар жетілген педагогикалық рефлексияны да жатқызады. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы» .
Педагогикалық рефлексия – тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту қызметіне қойылған рефлексия; ол мұғалімнің рефлексиялық және рефлексия жасауы, сонымен қатар оқушылардың рефлексиялық ойлауын тәрбиелеу қабілеті, рефлексиялық білімінің негізінде арнайы құрал, әдіс, тәсілдер көмегімен рефлексиялық тұлғаны қалыптастыру үдерісін басқару біліктілігі. Педагогикалық рефлексия бес деңгейде болады: Бірінші деңгей. Өзін-өзі танудың рефлексиясы (мұғалім өзі туралы). Екінші деңгей. Басқаны тану туралы рефлексия (мұғалім оқушыны таниды). Үшінші деңгей. Даму механизмдері туралы рефлексия (оқушының). Төртінші деңгей. Дамудың әдістері мен тәсілдері туралы рефлексия (оқушының). Бесінші деңгей. Рефлексияның даму әдістері мен тәсілдері туралы рефлексия (оқушының). Рефлексияның тиімділігі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет