Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


LESSON STUDY-дің тарихын түсіндіріңіз



бет49/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   93
Байланысты:
Ба дарламасы мазм нын т сіндірі із. Халы аралы зерттеу ба дарла (1)

46. LESSON STUDY-дің тарихын түсіндіріңіз.
Lesson Study – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Study –ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейді. Lesson Study-дің тарихына көз жүгіртсек, бізге Жапониядан келген. АҚШ–қа бұл әдістемені «дзюгекенкью» деген жапон сөзін «Lesson Study» деп аударған Макота Йошида болды, бұл мектептегі оқуды жетілдірудегі жапондық тәсіл. Қазіргі кезде оқыту әдістемесін жетілдіру, оқушылардың бастауыш және орта мектептегі негізгі пәндер бойынша білім деңгейін арттыру, сондай-ақ тұжырымды педагогикалық тәсілдерді жасау мақсатында Жапониямен қатар Сингапур, Гонконг, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция және Канадада ойдағыдай қолданылады. Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады, бұл тәсіл 1870-ші жылдары Жапонияда тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған. Lesson Study тәсілі Макота Йошида АҚШ және Ұлыбританияда жаңа тәсілдің таныстырылымын жасағаннан кейін, Жапониядан тыс жерлерде 2007 жылдан бастап танымал бола бастады. Аталған елдердің зерттеушілері жапондық ғалымдардың халықаралық зерттеу аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас танытты. Йошида бұл жетістік Lesson Study-дің жапон мектептерінде кеңінен қолданылуынан болып отыр дегенді алға тартaды. Сондықтан қазіргі кезде Шығыс Азияның бірқатар елдерінде Lesson Study мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп жатыр. Рефлексия Lesson Study-дің құрамдас бөлшектерінің бірі болып табылады деп айтуға болады. Соған қарамастан, Lesson Study тәсілін енгізу жөніндегі қызметті кәсіби деп атау үшін белгілі қағидаттар мен тәжірибелік амал-шаралар сақталуы керек. Нақты айтқанда, Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс барысында оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Lesson Study-дің түйінді сипаты креативтілік және ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілікті оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдердің істерінен көруге болады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді. Зерттеу жүргізетін топ әдетте кемінде үш мұғалімнен тұрады, бұл тәжірибесі мен білімдері бір-біріне жайлы әсер ететін фактор болып есептеледі. Топ мұғалімдері көп жағдайда бір мектепте жұмыс істейді, бірақ тәжірибені жақсарту мақсатында бірлесе жұмыс істеу үшін басқа мектептердің мұғалімдері де тартылуы мүмкін. Кейде топты кәсіби ұйымдастыру үшін белгілі бір тәсілдерді немесе оқу бағдарламаларының аспектілерін пайдалану саласында мол жұмыс тәжірибесі бар, тиісті дайындықтан өткен мұғалімдер арнайы шақырылуы мүмкін. Зерттеу барысында барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде үдеріске тартылады. Тек бір мұғалім ғана сабақ беретіндігіне қарамастан, зерттеу үшін бүкіл топ өзіне жауапкершілік алады және оқыту мен сабаққа берілген кез келген баға жеке мұғалімге емес, тұтастай барлық топтың жұмысына қатысты беріледі. Lesson Study тәсілінің тағы бір демократиялық ерекшелігі – мұғалім зерттеу барысында жинақтаған білімімен педагог қауыммен кеңінен бөлісетіндігінде. Lesson Study тәсілін іске асыру барысы Lesson Study тәсілі бастапқы кезеңде оны бірлесіп егжей-тегжейлі жоспарлауды көздейді. Содан соң топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізеді, ал қалған мүшелері - қадағалайды. Зерттеу сабағы аяқталғаннан кейін бүкіл топ мүшелері бірден оқушылардың оқу үдерісіне қатысты барлық нәтижелерін жүйелейді және талдайды, содан кейін Lesson Study-дің анағұрлым тиімді болуын қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде алынған нәтижелерді есепке ала отырып, жұмысты бірлесе қайта жоспарлайды. Lesson study – дің басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу, топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету Lesson study – дің басты мақсаты. Lesson study – дің ерекшеліктері. Жеке оқушылардың қажеттіліктеріне қарап оқыту. Мұғалімдермен біріге отырып жұмыс істеу. Мұғалімдердің зерттеуі. Оқытудағы жаңашылдықты бағалау. Іс –әректтегі зерттеу кәсіби жұмыстың кейбір аспектілерін жақсартады. Кейс–стади- сыныптағы оқыту мен оқуды зерттеуді қарастырады. LS қағидаттары Бірлескен жоспар. LS Өткізу/қадағалау, талдау. Нәтижеде Lesson Study тәжірибелік білімді әріптестерімен бөліседі, әріптестер бір –біріне көмектеседі, оқушылардың маңызды білім алуына жағдай туады. Lesson Study тәсілі кәсіби дамудың тиімді тәсілі, мұғалімнің кәсіби қоғамдастығын құру болып табылады, бұл үдерісті жеделдетуге көмектеседі. Оқушының терең ойлануына, оқушыны тыңдау керектігін, не ойлағанын тыңдай білуге бағытталуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет