Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы
Ба дарламасы мазм нын т сіндірі із. Халы аралы зерттеу ба дарла (1)
Оқушылар өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады. Онда оқушылар алған білімдеріне, тапсырмаларына қорытынды жасап, пікір айтуға дағдыланады, ойын ортаға салады. Нәтижесінде оқушылар өздерін реттейді, жүйелі сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге, талдау жасауға үйренеді, сабақтың жақсы не жаман, мағыналы не мағынасыз, көңілді не көңілсіз өтуіне байланысты оқушылар эмоцияларын білдіріп отырды. Осыдан мұғалім өзіне қорытынды жасауына, өзіне баға беруіне болады. Рефлексияны әртүрлі жүзеге асыруға болады, сабақтың соңында әр тақырыптың соңында, сабақ кезеңдері арасында, тарау соңында. Ол ақырындап оқушының ішкі рефлексиясына ұласуы керек. Рефлексияның төмендегідей түрлері бар: оқу материалы мазмұнының рефлексиясы; көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы, іс-әрекет рефлексиясы. Рефлексияның бұл түрлерін жеке, топтық, жұптық түрде өткізуге болады. Ауызша рефлексия: Ауызша рефлексияның мақсаты өз көзқарасын басқа адамдардың пікірімен сәйкестендіру. Ауызша рефлексия жасау әдістердің ішінде (диалог, қарама-қарсы дискуссия немесе «Бірлескен ізденіс» дискуссиясы) оқушылармен жұмыс жасағанда тиімді қолданатын тәсілдердің бірі «Екіқатарлы дөңгелек үстел». Оның мақсаты - өз ойларымен топта бөлісу, басқалардың пікірлерін тыңдау және қабылдау. жүктеу/скачать 0,53 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |