Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Сыни тұрғыдан ойлаудың құралдары - Ойшылдардың шартты белгілері әдісін айтыңыз



бет54/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   93
Байланысты:
Ба дарламасы мазм нын т сіндірі із. Халы аралы зерттеу ба дарла (1)

50. Сыни тұрғыдан ойлаудың құралдары - Ойшылдардың шартты белгілері әдісін айтыңыз.
Ойшылдардың шартты белгілері. Тони Райан жасаған ойшылдардың шартты белгілері бірқатар ойлауды талап ететін тапсырмаларды орындауға оқушыларды қызықтыру және тарту үшін арнайы әзірленген жиырма шақты іс-әрекет кешені болып табылады. Бастапқы бірқатар сұрақтар немесе тапсырмалар оқушылардың талдамалық, сыни және креативтік ойлау қабілетін ашу үшін шартты белгілер ретінде ұсынылған.
• Кері өзгеріс – сөйлемде «істей алмаймын», «ешқашан» және «істемеймін» сөздерін пайдаланыңыз, мысалы, «Сіз Лондонда ешқашан таба алмайтын заттардың тізімін жасаңыз».
• Егер де – «егер де» деген сұрақты қойыңыз және олардың ойларын графикалық органайзерге жазып отырыңыз.
• Әліпби – берілген тапсырмаға қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз.
• АҚА – аббревиатура А=артық, Қ=қосу, А=алып тастау, тиісті сабақты жоспарлайды.
• Құрылым – шектеулі мөлшерді креативтілікпен пайдалануды талап ететін проблемаларды шешу жөніндегі тапсырма.
• Кемшіліктер – нақты бір пән немесе практикалық сабақ бойынша кемшіліктер тізімін жасаңыз.
• Әртүрлі пайдалану – күнделікті объектілерді әртүрлі жағдайда пайдалану тізімін жазу үшін қиялыңызды пайдаланыңыз.
• Қиыстыру – үйлеспейтін екі объектінің қасиеттерін санамалаңыз, одан кейін жаңа және жақсарған өнім жасау үшін осы қасиеттерді біріктіріңіз.
• Жөнсіздік – ауани орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз, содан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз.
51. Конструктивті диалогты ұйымдастырудың жолдарын түсіндіріңіз.
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. (Hattie, 2009)
Сындарлы оқыту өз ойын дәлелдер келтіру арқылы жеткізе алатын, өзіндік көзқарасы дамыған, өзіне сенімді, оқуға ынталы, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Сындарлы оқыту теориясы бойынша оқушылар өз білімдерін жаңа сабақта алған білімдерімен кітаптан оқыған білімдерімен астастырыла жүргізеді. Яғни оқушылар дайын білім беруді емес, қайта өздері оқу арқылы білімді игереді.
Оқушылар дайын түрде алған білімдерін уақытша ғана механикалық түрде жаттап алып, емтиханнан өтуі мүмкін. Бірақ біраз уақыт өткесін, санаға дұрыс сіңбегесін ол білім ұмтылады.
Осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін, мұғалім оқушының қабілеттері мен дағдыларын дамытуға арналған әдістерді қолдана отырып, оқушының өз ойын еркін айта алатындай жағдай жасай отырып, сабақ үрдісін тиімді ұйымдастыруы қажет. Әр оқушымен жекелей әрі топтық бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Сындарлы оқытудың қарастыратын модульдері:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: (Диалог негізінде оқыту мен оқу тәсілі оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. «Қалай оқу керектігін үйрену» немесе метасана тәсілі оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.)
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: (оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту)
3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. (Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек.)
4.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. (ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану және ол ақпаратты Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін жібере білу.)
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту. (Осы модуль аясында талантты және дарынды балаларды оқытуды дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсіл пайдаланылатын болады.)
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. (бұл модуль балалар дамуының оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты және де «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулімен өзара байланысты.)
7.Оқытуды басқару және көшбасшылық. (Модульдің негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет