Байланысты: Ба дарламасы мазм нын т сіндірі із. Халы аралы зерттеу ба дарла (1)
48. Сыни тұрғыдан ойлаудың құралдары - Алты қалпақ әдісін түсіндіріңіз. Балалардың ойлау қабілетін дамытуда алты ойшыл қалпақ әдісін кең пайдаланады. Оның авторы американдық профессор Эдвард де Боно. Осы әдісті пайдалану кезінде мына жайттар болуы тиіс. Әркім ойлану керек және ойларын айтады; ойлау дағдысының дамуының бірі; Тым күрделі жағдайларды қарапайым жағдайлармен алмастыру керек; Жоспарлы және сатылы әрекет болу керек; Затты зерттеу қажет және сөз таластырмау керек; Менің пікірім әрқашан дұрыс демей, керісінше пайдалы ұсыныстар жасау керек. Басты міндет оны көре білу; Біз көрмей тұрған, бірақ көруге міндетті ететін шешімдер мен идеялар болуы керек.
Балалардың өзі ойлау қабілеттерінің ерекшеліктерін жақсырақ түсінуін, ойлау бейнелерін бақылаудың және мәселенің шешу кезінде ойлау үрдісін тиімді пайдалану мақсатында ойда қойылған міндеттермен нақтырақ байланыстыруға үйрету. Алты ойлау қалпақтарын қарапайым және практикалық әдіс. Ол практикалық ойлаумен байланысты. Негізгі үш қиындықты жеңуге мүмкіндік береді: Эмоциалар; Шарасыздық; Түсінбестік. Әдіс ойлауды алты типке немесе тәртіпке бөлуге жол береді, олардың әрбіреулеріне түрлі түсті қалпақ сәйкес келеді. Бөлу арқылы әрбір тәртіп тиімдірек пайдаланады, жалпы ойлау үрдісі бір нүктеге топталып, тұрақты болады. Алты қалпақты қолдану жоспары: 1. Әдіс принциптері мен қолдануды үйрену, бұл ережелерді есте сақтап, пайдалануды үйренуге және оларды саналы түрде тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. 2. Осыдан кейін нақты проблемаларды шешу кезінде ойлау бейнесін түсіну, бақылау және бейімдеу үшін белгіленген "ойлау тәртіптерін" қолдану. 3. Өзіміздің ойлау әдісімізді тек анықтау үшін қалпақты киіп, шешіп, ауыстырып, біз сол қалпақ көрсететін нақты рөлді өзіміз атқарамыз.
Алты қалпақтар әдісі – ойлау кезінде белгілі бір принципті пайдалану: кенеттен ойлаудың түрлі аспектілеріне бөлек-бөлек назар аударуды үйрену талпынысы. Нәтижесінде осы әр түрлі аспектілердің үйлесімділігі толық көлемде ойлатады. Алты ойлау қалпақтары бағалау және талдамалық ойлауды толықтыра түсетін шығармашылық және құрылымдық ойлау үшін арналады.