Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Сыни тұрғыдан ойлаудың құралдары - Ойлау карталарын түсіндіріңіз



бет56/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   93
Байланысты:
Ба дарламасы мазм нын т сіндірі із. Халы аралы зерттеу ба дарла (1)

53. Сыни тұрғыдан ойлаудың құралдары - Ойлау карталарын түсіндіріңіз.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта балалардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім — әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Ойлау карталары. Әмбебап ойлау үдерісін оқытуға арналған сегіз көрнекі құралдан тұратын кешен: мәнмәтінде айқындау; сипаттау; салыстыру және қарама-қарсы қою; жіктеу; бөлік/тұтас; тізбектілік; себеп пен салдар; ұқсастықтарды пайдалану. Ойлау карталарын доктор Дэвид Айрль әзірлеген. Олар ойлаудың жалпы көрнекі тілін көрсетеді және танымдық дағдыларды егжей-тегжейлі үйрену үшін пайдаланылады, ойлау карталарын барлық оқу салаларына және бүкіл жастағы топтарға қолдануға болады.
Ойлау карталары сынақтан өткізіліп, жастарға әртүрлі ойлау үдерістерін қалай дамыту және оларды пайдалану жолдарын оқытуда тиімді болып шықты. Олар ойлау сапасын кеңейтеді және жетістікке жеткен оқушыларды қалыптастыруға септігін тигізеді. Бұдан басқа олар оқыту мен оқудың көптеген аспектілеріне елеулі әсер етеді, соның ішінде жазбалардың сапасына да ықпал етеді.
54. Блум таксономиясының қолдану, талдау деңгейін талдаңыз, етістіктер қатарын топтастырыңыз.
Қолдану. Бұл категория оқыған материалдың жаңа ситуация мен нақты жағдайда қолдану іскерлігін көрсетеді: заңды, теорияны нақты тәжірибе жағдайында қолдану; жаңа жағдайда түсінік пен принципті қолдану. Етістіктері: көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу.
Талдау. Бұл категория материалдың құрылымы анық байқалатындай, оны құрамды бөліктерге бөлу іскерлігі: бүтінді бөліктерге бөлу; олардың арасындағы өзара байланысты анықтау; бүтіннің түзілу принципін анықтау; пікір айтқанда кемшілік пен қателікті көру; факті мен салдар не нәтиже (следствия) арасындағы айырмашылықты анықтау. Етістіктері: ажырату,саралау,даулау, жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет