Қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау ережелерімен;
Оқу орнының материалды-техникалық қамтылуымен.
Толықтай педагогикалық үдеріске қатысу: - класс жетекшісінің немесе куратордың жұмыс жоспарына сәйкес студенттердің тәрбиелеу шараларына;
- оқытушының нақты сабаққа дидактикалық материалдарды жинастыруға;
- сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге;
- оқу сабақтарының жоспарын дайындауға және сабақтан тыс шараларға;
- оқу сабақтарын талдаудың сызбасымен және құрылымымен таныстыру; педагогикалық пәндер бойынша ақпараттарды өзіндік алу мақсатында студенттердің мүмкіндіктерін кеңейту ретінде.
Тәжірибе тарауларының орындалу нұсқаулары: Практиканың өтетін алдында студент бағдарламанны мұқият оқып білу керек, сонымен қатар тәжірибе жетекшінің берілген арнайы тәжірибелік нұсқауларды орындауға дайын болу керек. Педагогикалық практиканың негізі бойынша студент- практикант пен практика жетекшісі екеуінің нақты педагогикалық тәжірибеге арналған жоспар құрылу керек.
Бірінші аптасынан бастап студент білім беру мекемесімен, оның педагогтармен, топпен- сыныппен танысуы болады, яғни үйреншілік кезеңі басталады. Үйреншілік кезеңі эмоционалды- психологиялық қарбаластықпен өтуі мүмкін. Бұл жаңа ортаға келіп, таныс емес адамдармен қарым- қатынасуы. Практиканың бірінші күннен-ақ бастап келген білім беру мекеменің ұйымдастыру ережелермен жақынрақ танысуы қажет. Оның ішінде практиканттың сырт бейнесі, сабақтан қалмауы, білім беру ережелерін сақтау, өзін- өзі мәдениетті ұстауы. Осы кезде бұрын өткен (ІІ-ІІІ курста) тәжірибені қолдануы керек. Сынып ішінде дұрыс қарым- қатынас орнатқаннан кейін білм беру мен тәрбиелеу жағынан жетестіктерге жетуге болады. Сондықтан 1 аптасынан бастап сынып балаларман әңгімелесу арқылы дұрыс қарым- қатынасты орнату, басқа сабақтарға қатысу арқылы бақылау жұмыстарын жүргізу.
1 аптаның аяғында тәжірибе жұмысының жеке жоспары құрылу керек. Бұл жоспар курстың білім беруіне сай болу тиісті. Арнайы курс бойынша нақты тақырыптарды шешіп, олардың сағат санын, пән олардың ерекшелігін анықтау. Курс бойынша студент пен білім беру мекеменің психологы берілетін сабақтардың тақырыптарын, мерзімін, уақытын анықтау керек. Аталған барлық мағлұматтар студенттің тәжірибе жеке жоспарына кіру керек.
Педагогикалық тәжірибенің жеке жоспарының үлгісі:
Жоспарланған жұмыс түрлері (сабақтар, тыс сабақтар, психолог манның нұсқауы бойынша жүргізілетін жұмыс)
Келесі негізгі жағдай- жеке жоспарының құрылуы. Жеке жоспарды құрған кезде белгілеген мерзімі бойынша аудиториядан тыс шаралардың өтілуін талқылауы жатады. Аудиториядан тыс шаралардың ішіне әртүрлі психологиялық тренингтерді, психологиялық викториналар, т.б. түрлерін ұсынуға болады. Егер тәжірибелікті бір уақытта бір неше студент өтсе, сонда олардың білімдерін бірігуі арқылы психология пәні бойынша олимпиадаларды, «психология пәннің апталығы» өткізуге болады.
Сонымен қатар педагогикалық тәжірибенің жеке жоспарында жұмыстың негізгі түрлерін (сабақ, сабақтан тыс шаралар) және жұмыстың ағымды түрлерін (әдіскер мен мұғалімнен ақыл- кеңес алу, оқушылармен әңгімелесу) кіргізу керек.
Апта сайын университеттің әдіскер мен оқытушының кеңес сабақтарына қатысады. Бұл кеңестерде практика бойынша пайда болған қиындықтардың талдауы мен саралауы, олардан жеңіп шығатын жолдарын қарастыру, келешекте өткізетін сабақтардың, сабақтан тыс шараларының жоспарларын құрастыру. Әдіскердің кеңесі үйрететін, дамытатын, бақылайтын қызметін атқарады.
Өзінің бірінші сабағын студент оның басталуына 4 күн кем қалмайтын уақытта дайындау керек. Дайындықты берілген ұсыныстар бойынша өткізілуі қажет: тақырыптық жоспарлау (мұғаліммен бірге дайындалу керек, сабақ сайын әрқарай құрастыруды студент өзбетінше жүргізу керек), сабаққа дайындылық жүргізу (оқулықтарды, қажетті, қосымша әдебиетті оқу, практикалық тапсырмаларды, арнайы сұрақтарды қарастыру, сабақ жоспарын құрастыру), сабақ жоспарын мекеменің психологтың бекітуі, қажет болса сабақ жоспарының түзетуі.
Практика бойынша студент кем дегенде 4 сағат (академиялық) өткізу керек. Тәжірибелік күнделігінде күн сайын өзінің куні бойы істеген жұмысының қысқаша мәліметтер жазылу керек. Өткізген жұмысының негізгісі ғана жазылуы қажет.