Қазақстан Республикасында
орта білім мазмұнын жаңарту аясында
қазақ тілінде оқытатын мектептердің қазақ тілі
мұғалімдерінің біліктілігін арттыру
бағдарламасы
Мұғалімге арналған бағдарлама
Бірінші басылым
Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығының
Əдістемелік кеңесі ұсынған
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015
Барлық құқықтар қорғалған. Осы басылымды кез келген түрінде жəне кез келген
құралдармен, фотокөшірмені жəне кез келген электронды нұсқаны қоса алғанда, авторлық
құқық берушінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе
таратуға тыйым салынады.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ........................................................................................................................................... 3
Қазақстандағы білім беру бағдарламасын реформалаудың алғышарттары........................... 6
Білім беру бағдарламаларын жаңартудың басымдықтары ………………………………..... 7
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тіліне шолу ….................................................. 9
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің оқу бағдарламасын əзірлеу ............... 12
Қазақ тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқытуда қолданылатын оқыту тəсілдері...14
Қазақ тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқытуды критериалды бағалау..................23
Бағдарламаға шолу ..................................................................................................................... 25
Бағдарламаның құрылымы ......................................................................................................... 26
Оқу жоспары ................................................................................................................................ 27
Сабақ кестесі................................................................................................................................ 30
Пайдаланылған əдебиет .............................................................................................................. 31
Қосымша əдебиет ........................................................................................................................ 34
3
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде
оқытатын мектептердің қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын (бұдан
əрі – Бағдарлама) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік
орталығы (бұдан əрі – ПШО) Кембридждің Халықаралық емтихан кеңесімен бірлесе отырып
əзірлеген. Бұл Бағдарлама республикада орта білім мазмұнын жаңарту аясында қайта
қаралған оқу бағдарламаларын мектептерге енгізуге септігін тигізеді. «Мұғалімге арналған
бағдарлама» əдістемелік құралы Бағдарлама аясында шығарылатын оқу-əдістемелік
кешеннің бір бөлігі болып табылады. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пəнінің
білім беру бағдарламасын əзірлеу жəне іске асыруға қатысты толық мəліметті «Мұғалімге
арналған бағдарлама» əдістемелік құралынан табуға болады.
Бұл біліктілікті арттыру курсының жалпы мақсаты оқытудың жаңа əдіс-тəсілдерін
енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын
жаңарту бағдарламасымен таныстыру болып табылады. Бағдарлама аясындағы оқыту
қарастырылып отырған оқу бағдарламасының Қазақстандағы білім беру жүйесін
реформалауға айтарлықтай үлес қосуына мүмкіндік береді. Оқу бағдарламасында білім беру
саласындағы өзгерістердің төменде келтірілген шарттары мен алғышарттары
қарастырылады:
- Білім берудегі халықаралық үрдістер;
- Оқу бағдарламасын құрудың теориясы;
- Оқыту тəсілдерін енгізуге негіз болатын теориялық алғышарттар.
4
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН РЕФОРМАЛАУДЫҢ
АЛҒЫШАРТТАРЫ
«Адамзатқа жəне қоғамға орасан зор проблемалар əкелетін жаһандану мен
жаңғыртудың əсерінен айналадағы əлем түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Мектептер
оқушыларды түрлі мəдениет өкілдерімен əріптестік қарым-қатынас жасауды, алуан түрлі
идеяларды, перспективалар мен құндылықтарды ескеруді, адамдар өздерінің алуан
түрлілігіне қарамастан, технологиялардың көмегімен кеңістік пен уақыт кедергілерін жеңе
отырып, бір-біріне сенім білдіруін жəне əріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін əлемде,
адамдардың өмірі ұлттық шекаралар аумағынан тыс мəселелерге байланысты болатын
əлемде өмір сүруге жəне жұмыс істеуге дайындауы керек. Жиырма бірінші ғасырдың
мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста жəне азаматтық ұстанымында өзгелермен
ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық жəне жаһандық пікір
алуандығының шынайылығын ұғынатын өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға
көмектесуі керек».
Андреас Шлейхер, Білім беру жəне кəсіби дайындау басқармасы директорының жəне
ЭЫДҰ Бас хатшысының білім беру саясаты бойынша арнайы кеңесшісі міндеттерін
атқарушы (2014).
«Қазақстанның орта мектептеріндегі оқыту өз дəрежесіне сай тиімді деп айтуға
келмейді. TIMSS жəне PISA деректері қазақстандық орта мектеп жүйесінің теориялық
білім беруде жəне оқушыларды есте сақтау, талдау жасау жəне ақпарат алумен қамтамасыз
етуде айтарлықтай тиімді екенін көрсетті. Бұл оқушылардың жоғары ойлау деңгейіндегі
дағдыларын меңгеру жəне қолдану мүмкіндіктерін, мəселен, математикадағы шешімін
табу жəне пайымдау алгоритмі немесе оқу барысында мəтіндерді талдау жəне бағалау
сияқты мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін салыстырмалы түрде əлсіз болып табылады».
Ұлттық білім беру саясатына шолу: Қазақстандағы орта білім беру, ЭЫДҰ
(Милованович, 2014)
Білім беру бағдарламасына өзгерістер енгізу не үшін қажет?
Жоғарыда келтірілген тұжырымдар Қазақстандағы оқу бағдарламаларын өзгертудің
қажеттілігін нақтылай түседі. Технологиялар, коммуникациялар мен ғылым салалардағы
мұндай елеулі өзгерістер əлемдік экономикаға жəне жиырма бірінші ғасырда табысты болу
үшін əрбір азаматқа қажетті білім мен дағдыға терең əсерін тигізуде. Қарқынды жаһандану,
сондай-ақ, ұлттық экономикаға да ықпал етуде жəне қазіргі уақытта экономикалық дамуды
қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық бəсекелестік артты. Женевадағы (2006)
Халықаралық еңбек ұйымының баяндамасы мұның жеке азаматтар үшін маңыздылығын
көрсетті: «... көлік жəне коммуникация саласындағы елеулі жетістіктермен қатар, сауда мен
капитал ағымын ырықтандыру: өз еңбегінің жемісін сату үшін əлемдік нарықта өзара
бəсекелестіктегі жұмысшылар мен жұмыс берушілердің саны күннен-күнге артып келе
жатқандығын көрсетеді» (VII б.). Жаһандану тек жұмыс орындарына əсер етіп қана қоймай,
сонымен қатар, қолжетімді жұмыс түрлеріне жəне сəйкесінше, жұмыс табу үшін қажетті
білім мен дағдыға да əсері артып келеді. Гриффин жəне басқа авторлардың (2012) айтуы
бойынша: «...экономикасы дамыған елдерде өнеркəсіптік өндірістен ақпараттық қызмет
көрсету жəне байланыс қызметін көрсетуге ауысып жатқаны айтарлықтай байқалды» (17-б.).
Білім беру жүйесін жаңартуға арналған бұл экономикалық дəлелдерге қоса, қазіргі жиырма
бірінші ғасырда басқа да негіздер бар: байланысқа бейімділікті арттыру; əлеуметтік
өзгерістер; ауа райының өзгеруімен байланысты мəселелер; бүкіл əлемдегі халықтың
қарқынды өсуі; заманауи əлеммен өзара табысты байланысу үшін қажетті жəне келешек
күннің əлемімен өзара байланысу үшін қажетті дағдыларды қазіргі таңдағы мектеп
жасөспірімдері талап ететін шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі.
Білім беру елдердің бəсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді əрі
5
ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. Көптеген авторлар, соның ішінде Виллем Те
Вельде (2005) жаһанданудың қазіргі кезеңінде жоғары сапалы білімнің қажеттілігі туралы өз
пікірлерін айтты. Қазіргі таңда экономикалық өсу жəне азаматтардың əл-ауқаты үшін
білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл əлем мойындауда. Моршед М. басқа
авторлармен бірлестікте (2010) жоғарыда аталған мəселерді шешу мақсатында өзгерістерге
бейім жүйелердің саны артып отырғанын атап, білім беруді реформалаудың қарқынды артып
келе жатқанын 2005 жылы айтып өтті.
Бүкіл əлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы
мəселе қайта қаралуда. Осы мəселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені
оқыту керек?» жəне «Оқытудың тиімді əдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар
туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен жəне оқу бағдарламасын жүзеге асыруда
пайдаланылатын педагогикалық əдістемелермен тығыз байланысты.
Барлық оқушылар өздері өмір сүретін əлемде жұмыс істеуге дайын болуы өте
маңызды. Оқушылар күн сайын БАҚ жəне түрлі технологиялар арқылы орасан зор
ақпараттармен танысатындықтан, тыңдау, сөйлеу, оқу жəне жазу мүмкіндіктері оқушыларды
барған сайын артып келе жатқан жаһандану жағдайындағы қоғамда қарым-қатынас жасауға
дайындайды. Бірінші кезектегі жəне негізгі тіл болып табылатын қазақ тілінде сапалы білім
алу оқушылардың өздерінің ойлары мен эмоциясын басқаларға жеткізе алу үшін еркін
оқуына жəне жазуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқу жəне тыңдау арқылы басқалар
да олармен қарым-қатынас жасай алады.
Сондай-ақ, оқушылар оқу арқылы мəдени, эмоционалдық, интеллектуалдық,
əлеуметтік жəне рухани жағынан даму мүмкіндігіне ие болады. Оқу оқушылардың жаңа
білімді меңгеруіне де, сондай-ақ алған білімін əрі қарай дамытуына да мүмкіндік береді.
Барлық тілдік дағдылар қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін айтарлықтай маңызды
болып табылады.
Қазақстанда қазіргі кезде жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейдегі
ұлттық мəнмəтіндегі жұмыстар жүргізілуде. Оқу бағдарламаларының, бағалаудың,
оқулықтардың жəне педагогиканың ұлттық стандарттарымен байланысты өзекті білім беру
құндылықтары мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы жетістіктерін арттыруды,
сондай-ақ инновациялар мен озық тəжірибелерге қол жеткізу үшін, ұлттық сəйкестікті
мектеп бағдарламасы арқылы растау мен іске асыру үшін жəне барынша ауқымды
халықаралық тəжірибемен өзара əрекеттесу үшін қажетті дағдыларды дамытуды қамтиды.
Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін
қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
Қазақ тілін үйрену бағдарламасының аясында оқылым, жазылым, айтылым,
тыңдалым дағдыларын дамыту нəтижесінде оқушылар алған білімдері мен үйренген
дағдыларын кез келген орта жағдайында бəсекеге қабілетті болуға, қарым-қатынас
үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін білім алады.
6
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖАҢАРТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ
Табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет
деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты еске сақтап, алған
білімдерін ұғынуын, түсінуін жəне əртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дəл
осылай қолдану оқушыларға ХХІ ғасырдың дағдысы деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды
құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді.
ХХІ ғасырдың дағдысы деген ұғымның бірнеше анықтамасы бар. Өндірістен қол
үзбей оқу бағдарламасының бір бөлігі ретінде Экономикалық ынтымақтастық жəне даму
ұйымы (ЭЫДҰ) Құзыреттерді анықтау жəне іріктеу жобасының шеңберінде жасаған
құрылымды пайдаланады. Бұл жерде құзырет «жай ғана білім мен дағдыдан анағұрлым
жоғары мəнге ие. Ол белгілі бір мəнмəтіндердегі психологиялық ресурстарды (оның ішінде
дағдылар мен өмірлік ұстанымдарды) жұмылдырады жəне соған сүйене отырып күрделі
міндеттерді қанағаттандыру мүмкіндіктерін қамтиды. Мысалы, тиімді қарым-қатынас құру
қабілеті жеке адамның тіл білуіне, ақпараттық технологиялар саласындағы тəжірибелік
дағдыларына жəне оның өзгелермен қарым-қатынас құра алуына сүйенетін құзырет болып
табылады».
НЗМ ДББҰ (2011) оқу бағдарламаларын əзірлеу барысында оқушылардың бойында
қалыптастыру қажет рухани құндылықтар мен дағдылардың тізімін құрды:
Рухани құндылықтар
Дағдылар
•
шығармашылық
жəне
сын
тұрғысынан ойлау
• коммуникативтік қабілеттер
•
өзгелердің
мəдениетіне
жəне
көзқарастарына құрметпен қарау
• жауапкершілік
•
денсаулық,
достық
жəне
айналадағыларға қамқорлық көрсету
• өмір бойы оқуға дайын болу
• сын тұрғысынан ойлау
• білімді шығармашылық тұрғысынан
қабылдау қабілеті
• мəселелерді шешу қабілеті
• ғылыми-зерттеу дағдылары
• коммуникативтік дағдылар (тілдік
дағдыларды қоса)
• жеке жəне топпен жұмыс жасай алу
қабілеті
• АКТ саласындағы дағдылар
Пəннің оқу бағдарламасында жоғарыда келтірілген құндылықтар мен дағдылар ескеріліп, пəн
бойынша білім деңгейі, дағдылар мен құзыреттіліктер қарастырылады. Жоғарыда аталған
құндылықтар мен дағдылар қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің оқу
бағдарламасында белгіленген, пəннің оқу бағдарламасы стандартты оқу жоспарының негізі
болып табылады.
«Бүкіл əлемде зерттеулер оқу бағдарламалары мен бағалау стандарттарының оқыту
үдерісіндегі күтілетін нəтижелерді тұжырымдауда маңызды рөл атқаратынын анықтады».
Гриффин жəне басқа авторлар (2012)
Гриффин жəне басқа авторлар (2012) оқу бағдарламаларын реформалау барысында
стандарттарды тұжырымдауға бағытталған білім беру реформалары барынша анық əрі айқын
бола түскенін айтады. Англия, Германия, Норвегия, Сингапур жəне Австралия сияқты
елдерде оқу бағдарламаларына қосымша жолдама құжаттамалар əзірлеу нəтижесінде
мұғалімдер мен оқушылар үшін нақты күтілетін нəтижелер белгіленген. Бұл əдісті
Қазақстанның барлық мектептерінде күтілетін нəтижелерді белгілеу үшін пайдаланылады.
Оқушылардың нені білуі жəне істей алуы керектігін анықтаудағы мұндай нақтылық бүкіл
7
Қазақстан бойынша күтілетін тұрақты жоғары нəтижелерді қамтамасыз етуге көмектеседі
жəне мұғалімдерге оқу бағдарламасын тиімді орындау үдерісін жеңілдетеді.
Оқу бағдарламаларының теңестірілуі
Жоғары көрсеткіштерге жеткен білім беру жүйелеріне талдау жасау оқу
бағдарламасының «теңестірілуі» елдегі білім беру стандарттарын жетілдіру үшін аса
маңызды болып табылады (Шмидт жəне Прават, 2006). Оқу бағдарламалары мəнмəтінінде
«теңестіру» оқу жоспарын бекіту үшін қажетті жəне өзара жақсарту үшін бірлескен жұмыста
қолданылатын барлық компоненттерді қамтиды (Оутс, 2010). Демек, оқу бағдарламасының
мазмұны, педагогикалық əдістеме жəне бағалау тəсілдері бір мақсатқа жұмылдырылуы тиіс
(Роуч и др., 2008).
Бұл төмендегі сызбада көрсетілген:
Бұл оқу бағдарламалары мен бағалау модельдері белгіленген жүйелік деңгейге ғана
емес, əрбір сыныптағы жұмысқа да қатысты болып табылады. Мұғалімдер өздерінің оқыту
қызметі оқу бағдарламасының іске асырылуына қолдау көрсететініне, ал бағалау
оқушыларға қажетті ақпаратты жеткізуге жəне олардың жетістіктеріне қолдау көрсетуге
көмектесетініне сенімді болуы керек. Сонымен қатар, мұғалімдер үшін тиімді оқытудың
түйінді үш компонентінің – оқу бағдарламасы, педагогикалық əдістеме мен бағалау
жүйесінің маңыздылығына назар аударылады.
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілін оқытудың мақсаты пəннің оқу
бағдарламасында белгіленеді (оқу жоспарының негізгі құжаты). Оқу жоспары мен кəсіби
оқытудағы ұсынылған шаралар мен жаттығулар арқылы оқушылардың алға қойған
мақсатына жетуіне көмектесу үшін мұғалімдердің қажетті тəсілдерді қолдануы
ынталандырылады. Кешенді бағалау стратегиясы оқушылардың оқыту мақсатына қатысты
ілгерілеуі мен білімінің артуын анықтауға арналған қосымша əдістерді пайдаланады.
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пəнінің мұғалімдерін оқытуға арналған
бұл əдістемелік құралдың мазмұны мен құрылымына төмендегі бөлімдерде түсінік беріледі.
8
Оларда оқу жоспарына сəйкес реттілікпен пəнге шолу жасалып, сондай-ақ теориялық
негіздемелерді қамтитын бөлімдер ұсынылады.
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің оқу бағдарламасын əзірлеу;
Қазақ тілін оқытуда қолданылатын педагогикалық тəсілдер;
Қазақ тілін оқытуда критериалды бағалауды қолдану.
9
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫТАТЫН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ШОЛУ
Қазақ тілі Қазақстандағы мемлекеттік тіл жəне ол барлық қазақстандықтарды
біріктіретіндіктен, ұлттық бірліктің басты факторы болып табылады. Қазақ тілі – уақыт
ағымынан алынған адамдардың өмірлік тəжірибесін көрсететін аса бай тіл. Қазақ тілінде
оқытатын мектептердегі қазақ тілі оқушылардың ана тілі болғандықтан, көптеген басқа
пəндерді оқытудың құралы ретінде қолданылады, сондықтан ол оқу жоспарында өзекті орын
алады.
Қазақстандықтардың өзара түсіністік кепілі мемлекеттік тілді құрметтеу жəне елдегі
ұлтарарлық қатынасты нығайту болып табылады. Қазақ тілін түсіну мен сөйлей білу білім
мен ойлаудың жоғары деңгейіндеі жаңашыл таңдау, талдау қабілеті бар ұрпақты жетілдіруге
ықпал етеді, адами құндылықтар мен əртүрлі шынайы өмірлік жағдайларға бейімделіп,
мəселелерді шешуде өзін көрсетуге дайын жəне адамдарды анықтаудың маңыздылығы
(Қазақ тілінде оқытатын мектептерге арналған қазақ тілінің оқу бағдарламасы, 5-11
сыныптар).
Білім беру бағдарламасын реформалаудың алғышарттары
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пəні бойынша білім беру мазмұнының
жаңартылуы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Президент Жарлығына сəйкес қолға
алынған (ҚР Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығы). Бұл Бағдарлама
қазақ тілі өмірдің барлық салаларында көшбасшы болады деген бағдармен қатар қазақ тілі
сияқты жоғары деңгейде орыс тілі мен ағылшын тілін де үйренумен айналысатын жастарға
бағытталған. Осы үш тілді бірдей жоғары деңгейде үйрену үшін еліміздегі білім беру
бағдарламасын жаңартуға бағытталған бірлескен күш-жігер қажет.
Еліміздің түрлі өңірлеріндегі қазақстандық оқушылардың тілдерді меңгеру деңгейі бір-
бірінен ерекшеленеді (негізінен, екі тілді меңгеруде – қазақ жəне орыс тілдерін). Оқу
жоспарын дайындау барысында соңғы жылдардағы тілдік үрдістер, оның ішінде «бүкіл Орта
Азия республикалары арасында Қазақстан анағұрлым орыстанған» (Дэйв 2003, Матускивисц
дəйектемелері, 2010) кеңестік кезеңмен салыстырғанда, 1989 жылдан бастап «қазақ тілінің
ықпал ету саласының анағұрлым кеңеюі» (Фирман, 2006) фактілері де ескерілді. «Қазақстан
облыстарының
демографиялық
жəне
лингвистикалық
құрамындағы
үлкен
айырмашылықтарға» (Фирман, 2006) қатысты жаңартылған білім беру бағдарламасын ұсыну
үшін қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі жəне орыс тілінде оқытатын
мектептердегі қазақ тілі бағдарламалары кез келген басқа мақсаттарға бағытталған үміттерді
ақтай отырып, оқушыларға бағытталуы тиіс. Пəн бойынша оқу бағдарламалары (мысалы,
Пиагет, 1967) жас үйренушілерді олардың нені білетіні, не істей алатыны жəне оларда
қалыптасқан сол дағдылардың сындарлы мазмұны ретінде қарастыратын сындарлылық
теориясына құрылады. Əрбір тіл үшін нақты бір сыныптағы жəне сыныптардың арасындағы
алға ілгерілеу оқушының өздігінен істей алатыны мен дамыта оқытудың жəне мұғалімдердің
көмегімен неге қол жеткізе алатыны арасындағы айырмашылықты көрсететін жақын арадағы
даму аймағы тұжырымдамасын ескереді (Выготский, Вуд жəне басқа авторлар, 1976), Оның
мəні оқыту мен үйретудің қажеттілігі оқушының өзіндегі бар білімі мен тəжірибесімен
байланыста болуы керек. Сондықтан да мұғалімдер оқушы оқытудың əр кезеңінде көрсететін
тілдік құзыреттілігінің тұтас ауқымын ескеруі қажет.
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі жəне орыс тілінде оқытатын
мектептердегі орыс тілі бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларын əзірлеуде оқу
жоспарларының екі тіл үшін ұқсас, барабар мазмұнда дайындалуы ескерілді. Бұл белгілі бір
тілді оқыту үдерісін айрықшалауға, жекелеуге жол бермейді. Бұл мəселе «Еуропадағы тілдік
білім беру саясатын дамыту бойынша нұсқаулық» тақырыбы аясында Еуропа Кеңесінде
талқыланған (2007). Мұғалімдердің 11-12-сыныптарға арналған жаңартылған оқу
бағдарламасына енгізілген екі тілді қалай оқыту керектігін білген пайдалы (сондай-ақ,
10
оқушылар сөйлей алатын басқа тілді білу де). Соның нəтижесінде олар үйренушілердің бір-
бірімен құзыреттіліктерімен алмасу мүмкіндігін барынша жақсарта алады. Көптілділікке
басымдық беру басқа пəндерді оқытуда да аса маңызды, сондықтан оқытудың мұндай тəсілі
өте пайдалы болып табылады. Жаңартылған барлық құжаттардың жалпы құрылымы оқытуда
басқа оқу бағдарламаларымен танысуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, жаңартылған оқу бағдарламалары оқытудың бір тілден екінші тілге
көшуіне көмектесе отырып бар құзыреттіліктерін кеңейтеді (мысалы, мəтінді оқи білу).
Төменде «тілдік жүйелілік» мақсатында жасалған жаңартылған оқу жоспарынан табуға
болатын сипаттамалар берілген:
тілді оқыту мақсатының ауқымын нақты айқындау;
тілді оқыту (тілдік қызмет түрлерінің атауы) мен сипаттауда (тұжырымдамалар мен
жіктелімі) қолданылатын терминдерді біршама реттеу;
бағалау əдістерін реттеу («Еуропадағы тілдік білім беру саясатын дамыту бойынша
нұсқаулықтан»).
Білім беру саласында үш тілді тең дəрежеде дамытуға қолдау көрсету бұдан былайғы
қолдау осы мəселені мектептер қалай қабылдайды жəне қалай іске асырып жатыр соған
қатысты орын алады. Олар тиімді педагогиканы «тілдік шараларды қуатты қолдау немесе
оқушылардың тілді үйренуге тəн дағдыларын дамытуға көмек беретін» үш тілде оқыту үшін
қолайлы орта туғызатын қуатты қолдау ретінде түсінеді.
Оқылым, жазылым, айтылым жəне тыңдалым дағдыларына оқушылардың жас
ерекшеліктері мен оқыту деңгейінің ықпалымен қатар барлық тілдік оқу бағдарламалары да
мұғалімдерге сыни ойлау дағдыларын дамыту, нақты тапсырмаларды жəне қызметтің барлық
түрін орындау, білімнің көпқырлы болуына жəне оларды қолдануға құрметпен қарауды
қалыптастыру сияқты аспектілерді ескеруге көмектеседі. Сөйтіп, олар оқушылар ақпарат пен
білімді енжар қабылдап қана қоймай, белсенді түрде оқи алатын «оқушылар үшін тиімді оқу
ортасын қалыптастыру үшін тамаша іргетас құрады» (Бейкер жəне т.б. 2014).
Достарыңызбен бөлісу: |