Бағдарламасы Мұғалімге арналған бағдарлама


Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің оқу бағдарламасын



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата06.03.2017
өлшемі428,12 Kb.
#7726
түріБағдарламасы
1   2   3

Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің оқу бағдарламасын 

жаңартудың мақсаты 

Қазақ  тілінде  оқытатын  мектептердегі  қазақ  тілін  оқыту  оқушылардың  тілдік 

дағдыларын  қалыптастырады,  сондықтан  да  олар  өз  ана  тілін  құрметтей,  оның  əлеуметтік 

маңызын ұғына алады. Бұдан басқа да бұл тілді дұрыс қолданып, тілдік нормаларды бұзбауға 

үйретеді, оқушылардың жатық сөйлеп, сауатты жазуды меңгеруіне мүмкіндік береді.   

Қазақ  тілінде  оқытатын  мектептердегі  қазақ  тілі  сөздік  қорды  молайтуға,  тілдік 

сауаттылықты жақсартуға ықпал етіп, басқа адамдармен еркін сөйлесуге мүмкіндік береді, 

сондай-ақ ойлануды жəне жаңа білімге ұмтылуды үйретеді. Оқушылар аудио- жəне бейне 

материалдар тыңдаған кезде өз пікірлерін білдіреді, түсінуді, оны пайдалануды, кеңейтуді, 

талдауды,  қорытынды  шығаруды,  əдеби  жəне  əдеби  емес  мəтіндерді  мақсатына  қарай 

бағалауды үйренеді.   

Аталған бағдарламаның негізгі қағидаты – коммуникативтік тəсіл арқылы оқушының 

тіл  туралы,  ұлттық  жəне  жаһандық  мəдениеттің  маңызы  туралы  түсінігін  кеңейте  отырып 

қазақ тілін табысты үйрету.  

Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілін  оқыту үдерісінде оқушылар:   

 



қазақ тілінің əлеуметтік қызметін таниды; 

 



тілдік мəдениеттің əлеуметтік мəнін түсінеді; 

 



əдеби  тілдің  лексикалық,  грамматикалық,  стилистикалық,  пунктуациялық 

нормаларын,  сондай-ақ  лексикалық  бірліктерді  дұрыс  айту  жəне  дұрыс  жазуды 

үйренеді;  

 



өз пікірін еркін, ашық білдіруге үйренеді (ауызша да, жазбаша  түрде де); 

 



нақты  жағдайларға  сəйкес  қарым-қатынас  дағдыларын  қолдана  алады  (Қазақ 

тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің бағдарламасы, 5-11 сыныптар). 

Қазақ тілінде оқытатын мектептер мен орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқыту 

мен үйрету арасындағы айырмашылық  



11 

 

Бихевористикалық  көзқарастар  бойынша,  ана  тілін  үйрену  ұқсату,  еліктеу,  тəжірибеде 



үйрену,  өзінде  бар  дағдыларды  сəтті  қолдану  арқылы  қажетті  əдеттер  мен  дағдыларды 

қалыптастыру  нəтижесінде  жүреді.  Екінші  жағынан,  өзге  тілді  үйренушілердің  ана  тілін 

үйрену  барысында  қалыптастырған  əдеттері  мен  дағдылары  болады – бұл  тілді  қабылдау 

тəсілін өзгертеді (Лайтбоун жəне Шпада, 2013).  

Лайтбоун  жəне  Шпада (2013) өз  ана  тілін  үйрену  барысында  қалыптасқан  əдеттер  мен 

дағдылар өзге тілді үйрену əдеттерімен араласып кетуі мүмкін деп алаңдаушылық білдіреді.  

Хомски  (Ричардс  пен  Роджерс, 2001) ана  тілін  баланың  ойлауының  табиғи  тілдік  модулі 

негізінде қарастырады. Балада барлық тілді басқаруға қатысты нақты қағидаттар туралы UG 

(əмбебап грамматикалар) туа біткен білімі бар. Сондықтан мұғалімнің рөлі оқушылар естіген 

немесе  пайдаланған  грамматикалық  құрылымның  əртүрлілігіне  негізделе  отырып,  тілді 

нысаналы оқыту мен үйрету арқылы əмбебап грамматиканы күшейту жəне дамыту болып 

табылады. Пəн бойынша оқу бағдарламасындағы оқытудың мақсаты оқытудың əр кезеңінде 

оқушылардан күтілетін қиындық деңгейіне назар аударады. 

Крашен өзге тілді үйрену барысында «табиғи тəртіп» бар деп болжаған, яғни грамматикалық 

құрылымды үйрену белгілі бір реттілікпен жүзеге асады. Алайда табиғи тəртіп гипотезасы 

ана  тілін  үйренуде  де,  өзге  тілді  үйренуге  қатысты  да  қолданылады,  дегенмен,  ана  тілін 

үйрену тəртібі өзге тілді үйренуден əрдайым ерекшеленіп отырады  (Лайтбоун жəне Шпада, 

2013).  


Сонымен  қатар,  Крашен  екінші  тілді  үйрену  түсінікті  ақпараттың (i+1) қолжетімділігіне 

негізделеді деп болжайды, яғни оқушылар үйренетін ақпараттар мен деректер олардың өз 

деңгейінен  үнемі  жоғары  болып,  əрдайым  ілгерілеу  болып  отыруы  тиіс  (Лайтбоун  жəне 

Шпада, 2013). 

 

 

 



 

 

 

12 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫТАТЫН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ  



ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ƏЗІРЛЕУ 

 

Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілін оқыту үш бағыт бойынша құрылған. Бұл  



бағыттар ана тілін оқытудың 4 негізгі дағдысын бейнелейді:  

 



1-бағыт: айтылым; 

 



2-бағыт: тыңдалым; 

 



3-бағыт: оқылым; 

 



4-бағыт: жазылым. 

 

Одан  əрі  негізгі  бағыттар  дағды  немесе  тақырып,  білім  немесе  түсінік  деңгейіндегі 



бөлімдерге  бөлінеді.  Бөлімдер  санат  бойынша  бөлінісін  білдіріп,  оқу  мақсаттарын 

айқындайды.  Оқу  мақсаттары  əрбір  бағыт  бойынша  ілгерілеуді  білдіріп,  мұғалімдердің 

жоспарлауына  жəне  бағалауына,  оқушылармен  алдағы  қадамдары  туралы  ойларымен 

бөлісуіне мүмкіндік береді. 

Айтылым  жəне  тыңдалым  бағыты  оқушылардың  тыңдалатын  материалдағы  ақпаратты 

түсіну жəне жауап алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді; негізгі идеяны анықтау, күрделі талдау 

жəне астыртын ойды аша білу, сондай-ақ өздерінің естігендерін бағалай білуге қабілеттілікті 

қамтамасыз етеді. 

Оқылым бағыты оқушылардың мəтіннің мазмұны мен лексикасын ұғынуға, мəтіннің өзіндік 

ерекшеліктерін  анықтауға,  əртүрлі  оқылым  стратегияларын  қолдануға,  сондай-ақ  əртүрлі 

мəтіннен қажетті ақпаратты тауып, салыстыруына мүмкіндік береді.   

 

Жазылым бағыты оқушылардың өздерінің жазуын жоспарлай білуіне, əртүрлі стильдер мен 



жанрларда жаза білулеріне; мəтіндерді салыстыруға; дұрыс грамматика мен пунктуацияны  

қолдана білуіне, сондай-ақ мəтінді өзгерту жəне түзете білу дағдыларын үйренуіне мүмкіндік 

береді. 

 

Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі бойынша оқу бағдарламасының маңызды 



қағидаты оқу бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады.  

 

 



Спиральді оқу бағдарламасы 

Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру 



үдерісі» (1960ж.)  атты  еңбегінде  қарастырылған  танымдық  теорияға  негізделеді.  Оның 

пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны 

тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. 

Брунер  адамның  танымдық  қабілеті  үнемі  жетіліп  отырады  жəне  оқу  бағдарламасы 

«спиралінің» дамуы туралы ақпарат беру үшін қолданылатын үш дискретті сатыдан тұрады 

деп тұжырымдайды:  

 

белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу); 



 

белгілік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу); 



 

таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен оқу). 



Брунердің  жұмысына  негізделген,  спираль  тəрізділік  қағидаты  бойынша  құрылған  оқу 

бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:  

 

оқушы мектептегі оқу үдерісінің барлық кезеңінде тақырыпты немесе пəнді бірнеше 



рет қайталап оқиды; 

 



əрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пəннің күрделілігі арта түседі; 

 



жаңа  тақырыпты  өту  алдыңғы  тақырыптармен  тығыз  байланысты  жəне  алдыңғы 

алынған ақпараттың мазмұны аясында қарастырылады. 

Спираль  тəрізділік  қағидаты  бойынша  құрылған  оқу  бағдарламасын  жақтаушылар  оның 


13 

 

төмендегідей басымдықтарына назар аударады:  



 

оқушы пəнді қайталап оқыған сайын ақпарат бекітіліп отырады; 



 

спираль тəрізділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы жеңіл идеялардан 



анағұрлым  күрделі  идеяларға  қисынды  жолмен  ауысуды  жүзеге  асыруға  мүмкіндік 

береді; 


 

оқушыларға  бұрын  алған  білімдерін  курстың  мақсатына  жетуде  жетістіктерге  қол 



жеткізу үшін қолдану ұсынылады.  

          Орта білім мазмұнын жаңарту аясында əзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың 

бір  сыныптан  екінші  сыныпқа  өтуі  кезінде  білімі  мен  дағдылары  қайталанып  тексеріліп 

отыратын спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы моделіне негізделген. 

Оқу үдерісінің алға ілгерілеуі айқын көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөліктер 

мен бағыттарға біріктірілген. 

          Спиральді  оқу  бағдарламасының  құрылымы 5-9-сыныптарға  арналған  оқу 

бағдарламасының оқыту мақсаты 10-11 сыныптарға арналған пəндік бағдарламалармен қатар 

қойып қарастырған кезде анық көрінеді.  

          Оқушылардың  сыныптан  сыныпқа  көшу  барысында  алға  ілгерілеуіне  орай,  олар 

өздерінің 4 тілдік  дағдыны  меңгеріп,  түсінуіне  анағұрлым  сенімді  бола  түседі.  Мысалы, 

оқушылардың спиральді оқу бағдарламасының «оқылым» бағыты бойынша алға ілгерілеуі 

айқын көрінеді, себебі білім алушылар ақпараттың ауқымын барған сайын кеңейтіп, қайта 

қарап отырады. 

 

5-сынып 

Кейіпкерлердің  əрекетінің  нəтижесінде  іске  асқан  автордың 

идеясына қатысты қорытынды шығару. 

6-сынып 

Мəтіннің əртүрлі бөлігінен немесе əртүрлі мəтіннен ақпарат алу, 

берілген тапсырманы аяқтау 

7-сынып 

Нақты  бір  көзқарасты  анықтау,  мəтіндегі  ақпарат  пен 

дəлелдеменің бірізділігін бөліп қарау 

8-сынып 

Автордың  көзқарасы  тұрғысынан  өз  пікірін,  келісімін  немесе 

келіспеушілігін нақтылау

9-сынып 

Мəтіндегі  негізгі  қорытындыны  табу  жəне  салыстыру,  нақты 

көзқарасты нақтылау 

10-сынып 

Нақты  көзқарасты  бекітіп,  негізгі  қорытындыны  табу  үшін 

мəтінді оқу  

11-сынып 

Əлемдік  əдеби шығармалардағы нақты көзқарасты  дəлелдейтін

негізгі қорытындыны салыстыру

 

 



14 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫТАТЫН МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА 



ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОҚЫТУ ТƏСІЛДЕРІ 

 

Мұғалімдердің  пайдаланатын  оқыту  əдісі  (яғни,  педагогикалық  əдістемелер) 



оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Хэтти (2011) 

білім беру шараларының оқушыларға əсерін талдау үшін жүргізілген 60 155 педагогикалық 

зерттеу  аясында 9000-нан  аса  метаталдау  əдісін  пайдаланды.  Олар  мұғалімдердің 

педагогикалық  шеберлігі  алдында  қол  жеткізген  жетістіктерден  кейін  оқушылардың  алға 

жылжуына айтарлықтай септігін тигізетінін дəйекті түрде көрсетті. Мұғалімдер пайдаланатын 

əдіс  оқудың  тиімділігіне  елеулі  əсерін  тигізеді.  Педагогикалық  əдістемелерді  жетілдірмей 

тұрып,  оқу  бағдарламасын  өзгерту  білім  беру  стандарттарына  қатысты  реформалау 

шараларының мүмкіндіктерін жəне нəтижелілігін төмендетеді. 

Білім  беру  бағдарламасының,  оқыту  тəсілдерінің  жəне  бағалаудың  қалай  құрылуы 

қажеттігінің  мысалын  Хименес-Алейхандренің  дəлелдерді  құрудың  оңтайлы  оқу  ортасына 

арналған ұсынысынан көруге болады (2008, Катчевич жəне басқа авторлар, 2011)

 

1) Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысады. Олар білімдерін бағалауы, өздері ұсынған 



қорытындыларының дəлелдерін ұсынуы жəне бір-біріне сын тұрғысынан қарауы тиіс.

 

2)  Мұғалімдер  оқушыларға  бағытталған  жəне  дəлелдерді  құру  мен  талдауға  арналған 



рөлдік модельдер ретінде əрекет ететін оқыту тəсілдерін қолданады. 

 

3) Білім беру бағдарламасы  проблемаларды шешудің тəсілдерін қамтуы тиіс.



 

4) Оқушылар мен мұғалімдер пікірлерді бағалауда білікті болуы тиіс жəне оқушылар тек 

жазбаша тестілеу бойынша ғана бағаланбауы тиіс.

 

5)  Оқушылар  өздерінің  алған  білімдерін  қолдана  алуы  жəне  білімдердің  қалай 



алынғанын талдай білуі тиіс.

 

6) Оқушылардың диалогке жəне бірлескен оқуға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс. 



 

Бұл  талдаудағы 3-тармақ  білім  беру  бағдарламаларын  əзірлеуге  қатысты.  Алдыңғы 

бөлімде талқыланғандай, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің оқу бағдарламасы 

бойынша  оқыту  мақсаты  оқушылардан  жазылым  дағдысына  қоса  айтылым,  тыңдалым, 

оқылым  дағдыларын  пайдалануды  талап  етеді.  Сондай-ақ, (4) «қазақ  тілін  оқытуда 

критериалды  бағалауды  қолдану»  тарауында  бағалау  стратегиясы  анағұрлым  толық 

қарастырылатын  болады.  Бұдан  басқа  педагогиканың  əртүрлі  аспектілері  қарастырылады: 

белсенді оқу, бірлескен оқу, тұлғаға бағдарланған оқыту əдістері.   

Педагогиканың  барлық  осы  аспектілері  сындарлы  оқыту  теориясымен  үйлеседі. 

Сындарлы оқыту тəсілдері білім берудің «дəстүрлі» əдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде 

жоғары нəтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Хэтти 2011). Сындарлы оқыту тəсілдері 

оқушылардың  алдыңғы  білімдерімен  ұштастыра  отырып,  жаңа  білім  алуы  туралы 

тұжырымдамаға  негізделеді. 

Бұл  жерде  ең  маңыздысы:  оқушылардың  алдыңғы  алған  дағдылары  жаңа  дағдыларды 

меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт 

меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі əлемде жетістікке жету 

үшін қажетті жоғарыда аталған сын тұрғысынан ойлау, рефлексия жəне басқа да аспектілерді, 

алған  білімді  қолдануына  кері  əсерін  тигізеді.  Оқушылар  білімді  толықтай  меңгеру  үшін 

ақпаратты  енжар  қабылдамай,  сабаққа  белсенді  қатысуы  керек.  Оқушылардың  алған 

білімдерімен жұмыс істеуге, оны əрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін 

қызметтермен айналысуға мүмкіндіктері болуы аса маңызды болып табылады.  

 

Тізбектелген сабақтар топтамасы 

Қазақ  тілінде  оқытатын  мектептердегі  қазақ  тілінің  əр  блогына  арналған  оқу 

жоспарлары оқылым, тыңдалым, жазылым дағдыларын жəне нақты тақырыпты зерттеу үшін 

айтылым  дағдыларын  біріктіреді.  Белсенді  жəне  аудио-бейне  тəсілдері  бар  жоспарлау  мен 

оқыту  үлгісі  осындай  оқытудың  табыстылығы  мен  жылдамдығын  нақтылады,  оның  өзінде 


15 

 

тілді грамматикалық құралдар жиынтығы емес, коммуникативтік мақсатқа қол жеткізу əдісі 



ретінде тілмен жұмыс жасайтын оқушылардың жоғары уəжі мен қарым-қатынасы байқалады 

(UKLA, 2014). Тізбектелген  сабақтар  топтамасы  оқушылардың  тіл  туралы  (метатіл)  айту 

мүмкіндігін  ұлғайту  үшін  көрсетілген,  бұл  оқылым,  айтылым,  жазылым  жəне  тыңдалым 

арқылы жақсы көрініс табады (UKLA, 2014).   

 

 

Тізбектелген  сабақтар  топтамасы  (жоғарыда  келтірілген  диаграммада  түсіндіріледі) 



негізгі  үш  идеяға  негізделеді.  Біріншісі – сапалы,  жақсы  мəтіннің  маңыздылығы  жəне 

оқушылар  өз  «дауысын»  іздеу  арқылы  оқылым  үдерісінде  шабыттана  алатыны.  Екінші – 

жазылымның барлық аспектілерін үйрету барысында мəнмəтіннің астарлы мəнін мойындау, 

нақты айтқанда, жазылым мəнмəтінсіз – тақырыпсыз, мəтінсіз немесе тəжірибесіз тиімді бола 

алмайды. Үшінші идея – жазылым үдерісі басталғанға дейін идеяны жан-жақты зерттеу мен 

дамытудың қажеттілігі, бұл оқушыларға тек «дауыс» қана емес, сонымен қатар, мазмұн мен 

ескеру қажет нəрселерді де ұсынуды қамтиды. 

 

Сондай-ақ тізбектелген сабақтар топтамасында жақсы мұғалімдер оқылым мен жазылымды 



дамыту  үшін  айтылым  мен  тыңдалымды  қолдану  мүмкіндіктерін  қарастырады.  Барлық 

оқушылар  оқу  мен  жазуды  үйренуден  бұрын  алдымен  тыңдау  мен  сөйлеуді  үйренеді.  

Сонымен  қатар,  оқушылар  əлеуметтік  өзара  əрекет  үдерісінде  жазылым  мен  оқылым 

дағдыларына қарағанда, өздерінің айтылым жəне тыңдалым дағдыларын  көбірек жетілдіреді. 

Сондықтан оқушыларға осы бағыттарда көбірек жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі:    

 



Біз идея мен жазба жұмысының жоспарын ойластыруға уақыт береміз;  

 



Біз түсіндіреміз жəне жауап беруге дейін ойларын жинақтауға мүмкіндік береміз;  

 



Біз түсінікті бекітеміз жəне нені үйренгендеріңіз туралы айтуға мүмкіндік береміз;  

 



Біз жазбаша нұсқаны алғанға дейінгі идеяға қатысты жылдам жауап аламыз;  

 



Біз мəселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік береміз.  

 

Оқыту  үдерісінде  мұғалімдер  сыныптағы  жағдай  аясында  бұл  үдерістің  маңызды,  жақсы 



ұйымдастырылуына  жағдай  жасап,  тиімді  айтылым  мен  тыңдалымды  қолдайтын  бірқатар 

стратегиялармен танысады.  



16 

 

 



Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің оқу бағдарламасы мен оқу жоспары 

аясында оқушылардың аудио-бейне материалдарға қатысты сұрақтарды тыңдап, жауап беруге 

мүмкіндіктері  бар.  Аталған  жаттығулар  тізбектелген  сабақтар  топтамасында  не  сабақты 

бастауда ынталандыратын, не мүмкіндік сияқты, не идеяны оқу немесе жазуға дейін жинақтау 

мүмкіндігі  ретінде  орны  бар.  Сондықтан  да  оқылым,  жазылым,  тыңдалым  жəне  айтылым 

дағдылары бір-бірімен өзара тығыз байланыста кешенді түрде оқытылады.  

 

Белсенді оқу 

Белсенді  оқу  оқушының  мұғалімді  енжар  тыңдап  қана  қоймай,  белсенді  жұмысқа 

тартылуын көздейтін оқыту жəне оқу əдістерінің бірі болып табылады. Қазақ тілінде оқытатын 

мектептердегі  қазақ  тілі  сабағында  топтық  жəне  жұптық  жұмыстар,  рөлдік  ойындар  мен 

дебаттар  қолданылады.  Қызметтің  мұндай  түрлері  оқушылардан  өздері  тапқан  ақпаратты 

талдау  жəне  түсіндіру  үшін  зерттеу  жəне  жоспарлау  дағдыларын  қолдануды  талап  етеді, 

басқаларды  оқыту  нəтижелері  бойынша  таныстырылымдарды,  болашақта  өз  дағдыларын 

жақсарту мақсатында басқа нəтижелерді бақылауды жəне талдауды қажет етеді.  

Оқу  үдерісі,  өзінің  табиғаты  бойынша  ойлаудан  тұруы  керек  жəне  ми  құрылымында 

өзгерістер туғызуы керек. Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу үрдісі соғұрлым 

қарқынды  жүзеге  асады.  Хэтти (2014) біздің  адам  миы  ақпаратты  өңдеп,  оны  түсінуге 

мүмкіндік  беретінін,  ал  мұғалімнің  тоқтаусыз  сөйлеуі  миға  шамадан  тыс  аса  көп  ақпарат 

«жүктемелейтіні»  жəне  ол  оқушылардың  қызығушылығын  жоғалтуға  əкеліп  соғатыны,  сол 

сəтте оқудың нəтижелілігі айтарлықтай төмендеп кететіні туралы біздің хабардар екенімізді 

сипаттайды. Ал белсенді оқу, керісінше, оқушылардың белсенді қызметпен айналысу арқылы 

мұғалім берген ақпараттың мəнін ұғынып,  алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын 

қамтамасыз  етуді  көздейді.  Хэттидің  мидың  қызметін  талдай  отырып  жүргізген  шолуы 

дағдыларды меңгерту шеберлігі тек іс жүзіндегі белсенді қызмет арқылы жүзеге асатынын, 

демек, оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді əрекет етуі керек екендігін 

көрсетеді.  

 

Қазақ  тілінде  оқытатын  мектептердегі  қазақ  тілі  бағдарламасы  аясындағы  əрбір  бөлім 



нақты тақырыпқа негізделеді. Бұл оның негізінде қазақ тілін оқытуды сыныпта зерттеушілік 

немесе  проблеманы  шешуге  бағдарланған  оқытумен  біріктіруге  мүмкіндік  береді.  Бұл – 

белсенді  оқыту  принциптерін  түсіндіретін,  өте  қуатты  педагогикалық  тəсіл.  Ол  сондай-ақ 

оқушылар  бірлесе  талқылай  алатын,  дəлелдерді  қалыптастырып,  талдай  алатын  тиімді 

мəнмəтін болып табылады (Катчиев жəне т.б. 2011). 

   


  Белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі 

  Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілін оқытудың мақсаты кез келген тілдік 

тапсырмада  төрт  тілдік  дағдыны  еркін  қолдану  болып  табылатындығына  қарамастан, 

мұғалімдердің  немқұрайлық  танытпай,  оқушыларға  «осыны  жеңуге»  мүмкіндік  беруі  аса 

маңызды. 

Выготский оқуға «əлеуметтік құбылыс» деген анықтама берді, сондықтан да оқушылар 

өздігінен  белгілі  бір  жетістіктерге  қол  жеткізген  нүктеден  өздерінің  Жақын  арадағы  даму 

аймағына дейінгі «өздерінің қамалын тұрғызады» (ЖАДА, Выготский, 1978). Оқушылар өз 

ЖАДА-сында  жұмыс  жасағанда  оған  «құрылыс  ағаштары»  ретінде  қолдау  қажет.  Мұндай 

құрылыс  ағаштары  мұғалімдер,  тəуелсіз  сарапшылар,  жұмыс  парақтары,  кітаптар  немесе 

қолдаудың басқа да түрлері ретінде болуы мүмкін. ЖАДА қағидаты – оқушы жеке оқу кезінде 

қол жеткізгенімен салыстырғанда, сабақ үстінде неғұрлым көбірек үйренуге  тырысуы керек 

(«құрылыс ағаштары»).  

Оқушылардың  жетістікке  жету  шамасына  қарай  оған  енді  мұндай  аса  қамқорлықпен 

қолдау көрсету қажет болмайды, олар енді өздігінен жұмыс істей алады. Осындай оқыту əдісін 

əрі  қарай  дамыту  үшін  мұғалімдер  бастапқыда  оқушыға  жақсы  қолдау  көрсетіп,  кейін  оны 

біртіндеп азайтып отыруы керек. Сырттан көрсетілетін қолдау нөлге жеткенде ғана оқушылар 

жоспарлы нəтижеге қол жеткіздім деп айта алады. Егер оқушыларға өзі білетін дағдыларды 



17 

 

ғана қолдануға рұқсат етілсе, олар ештеңені үйренбейді. Рата (2012) өзін тек «үйлестіруші» 



ретінде ұстайтын мұғалім мұғалім деп аталуға лайықты емес деп тұжырымдайды.      

 

Хэтти (2009) педагогикалық  тəсілдердің  метаталдауын  жүргізген.  Ол  мұғалімдер 



«үйлестіруші»  жəне  «катализатор»  болып  табылатын  тəсілдердің  əсерін  салыстырды.  Ол 

қолданған тəсілдерді салыстыру үшін, 0 – ілгерілеудің жоқ екендігін,  0,4 – ілгерілеудің бір 

жыл мерзімін жəне 1 – ілгерілеудің екі-үш жылын білдіреді. Мұғалім тек үйлестіруші рөлін 

атқарған тəсілдердің орташа əсері – 0,17, мұнымен салыстырғанда мұғалім катализатор болған 

(мəселен, кері байланысты қамтамасыз ету, оқыту шеберлігі, күрделі мақсаттар қою жəне т.б.) 

оқыту тəсілдерінің орташа əсер көрсеткіші 0,60 болған.  

Терең  зерттеу  мұғалімдердің  оқушылардың  алған  білімдерін  алдыңғы  білімдерімен 

ұштастыра  отырып,  пайдалануын бақылау  дағдыларына  сүйенеді.  Бұл  үдеріс  əр  оқушының 

жеке  дағдысы  мен  қабілеттеріне  байланысты  əртүрлі  мəнге  ие.  Сол  себепті  мұғалімдер  əр 

оқушы үшін оқу үдерісінің келесі қадамдарын анықтап, əрі қарай ілгерілеуіне септігін тигізу 

үшін  жекелеген  оқушыларды  үнемі  бағалап  отыруы  керек.  Оқудың  келесі  қадамдарын 

анықтау үшін ақпаратты бақылау жəне пайдалану соңғы 20 жыл ішінде халықаралық деңгейде 

танылды  жəне  метаталдаудың  көмегімен  білім  беру  шараларының  табысты  түрлерінің  бірі 

ретінде танылды (Блэк жəне Уильям, 1998). 

 

Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру жəне кері байланыс 

Оқушылардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  жəне  кері  байланыс  жаңа  оқу 

бағдарламасының  оқу  жоспарын  рəсімдеуде  маңызды  рөлге  ие.  Блэк  жəне  басқа  авторлар 

(2003) оқушылардың үлгеріміне мұндай əдісті қолдану оң нəтижелерін беретінін айтады жəне 

мұны өзге танымдық талдаулар да дəлелдеді. 

Бірінші  кезеңнің  маңызы  оқушылардың  мықты  тұстары  мен  олардың  кездестіретін 

қиындықтарын  анықтаудан  тұрады.  Бұл  көп  жағдайда  оқушылардың  ауызша  жауаптарын 

бақылау  арқылы  жəне  жазбаша жұмыстарын  оқып  тексеру арқылы  жүзеге  асады.  Сонымен 

қоса,  бұл  ақпарат  əр  оқушының  үлгеріміне  көмектесетін  педагогикалық  қызметтерді 

жоспарлау үшін пайдаланылады. 

Бұл үдерісті нəтижелі етуге көмектесетін бірнеше элементтер бар: 

 



мұғалімдер  оқушылар  қателік  жіберуге  қорықпайтын,  өздігінен  шешім  қабылдау 

мəдениетін қолдайды; 

 

мұғалімдер барлық оқушылармен қарым-қатынас жасайды, бұл оқушылар жұмысының 



сапасын бағалау тəсілдерін қалыптастыруға көмектеседі; 

 



мұғалімдер  оқушылардың  оқу  мақсаттарына  жетуіне  мүмкіндік  беру  үшін  оқу 

мақсаттарын құру жəне кеңейту арқылы, мақсаттарды бақылау жəне оқытуды түзету 

арқылы оқу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді; 

 



мұғалімдер  əртүрлі  оқушылардың  түрлі  қажеттіліктерін  қамтамасыз  ету  үшін 

оқушылардың  түсінуін  бағалау  тəсілдері  мен  оқытудың  əртүрлі  əдістерін  үйлестіре 

қолданады;  

 



мұғалімдер оқушылардың жұмыстары туралы ауызша жəне жазбаша пікір береді, бұл 

пікірлер айқын жəне нақты критерийлерге негізделген болып табылады.  

ЭЫДҰ (2005) 

 

Оқу бөлмесі негізінен күрделі орта болып табылады жəне белсенді оқу тек оқыту мен 



оқудың  анағұрлым  дəстүрлі  түрлерімен  салыстыру  арқылы  ғана  осы  күрделіліктің  артуына 

жағдай жасайды. Мұғалімдер «сыныпты қарапайымдандыру» (мұғалімнің сабақта тыныштық 

сақталуын  қадағалауы,  өзінің  сөйлеуі)  орнына,  мағынаны  түсіну  құзыреттіліктерін, 

заңдылықты  байқай  алуды,  шешім  қабылдау  мен  болжауды  жəне  олар  түзете  алатын  жəне 

құрастыра  алатын  аспектілерді  бақылауды  қалыптастыруы  қажет»  ортада    «қалыптасқан 

жағдай  туралы  хабардар  болуды»  дамытулары  керек (111-б.).  Мұндай  хабардарлық 

мұғалімдер  өздерінің  тəжірибе  жүзіндегі  қызметі  мен  оқушылардың  үлгеріміне  тигізетін 

ықпалы туралы ойланып, ой елегінен  өткізген жағдайда ғана дамитын болады. Сол себепті 



18 

 

оқыту  осындай  ойлау  дағдысын  арттыру  үшін  жəне  оқу  бағдарламасындағы  белсенді  оқу 



бойынша дағдыландыру үшін қажетті ықшамсабақты қамтитын болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет