Байланысты: Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы
84 Зерттеушілік әңгіме барысында:
1) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;
2) әркімнің пікірі құнды идея ретінде бағаланады, бірақ мұқият бағаланады;
3) қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;
4) қатысушылар мәселелерді айқындау үшін сұрақ қояды және өз пікірлерін негіздейді,
зерттеушілік әңгіме өз пікірін дәлелдеуге негізделеді;
5) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де
мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу).
Көптеген талқылаулар, әдетте, әртүрлі әңгіме түрлерін қамтуы мүмкін. Мерсердің
пікірінше, ұжымдық түсінікті қалыптастырудағы тиімділігі тұрғысынан жоғары деңгейдегі
зерттеушілік әңгімеге негізделген пікірталас түрі ең нәтижелі болып табылады.