Мұғалімдер үшін маңызы Балалар зерттеушілік әңгіме жүргізе алатын орта оқу үшін барынша қолайлы болып
табылады. Оқушылар мұндай ортада жұмыс істегенде, өзара әңгімелесу барысында олардың
ой-пайымдары айқындала түседі, әрі мұғалімдері мен құрдастарының көмегімен одан әрі
дамытылуы мүмкін. Дегенмен, зерттеушілік әңгіме жүргізу дағдылары оқушылар үшін
қалыпты табиғи дағды емес, сондықтан балалар бірлескен әңгіменің мәнін үғынып, қабылдауы
үшін мұғалімдерге оларды бағыттап отыру керек болады.
Сұрақ қою Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде сыныпта сұрақ қоюдың дәстүрлі моделі «бастама-