Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


жауап-кейінгі әрекет» (БЖӘ)



Pdf көрінісі
бет143/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   440
жауап-кейінгі әрекет» (БЖӘ) үлгісінде болатыны анықталды. Мысалы: 
Бастама (мұғалім): Адам денесінде неше сүйек бар?
Жауап (оқушы): Екі жүз алты.
Кейінгі әрекет (мұғалім): Дұрыс.
Бұл  модель  әңгімеге  сыныпта  бастама  жасайтын  және  де  оны  бақылап  отыратын  адам 
мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді (Mercer, 1995). Мұндай сыныптарда оқушылардың 
білім алуына ықпал ететін диалогтік сұхбат құруға мүмкіндік болмайды.


85
Сұрақ  қою  маңызды  дағдылардың  бірі  болып  табылады,  себебі  сұрақ  дұрыс  қойылған 
жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, 
оны  жақсарта  және  кеңейте  алады.  Оқушылардың  тақырыпты  түсінуіне  қол  жеткізу  үшін 
мұғалімдер сұрақтардың екі түрін: төмен деңгейлі және жоғары деңгейлі сұрақтарды кең 
қолданады деген пікір бар. Кей кездері төмен деңгейлі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс 
емес» сұрақтар деп те атайды. Бұл – жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жау-
ап  «дұрыс»  немесе  «дұрыс  емес»  деп  бағаланатын  сұрақтар.  Ал  жоғары  деңгейлі  сұрақтар 
қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, 
бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де 
қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Оның үстіне, 
сұрақтарды оқушылардың білім алу қажеттіліктеріне сәйкес құру қажет. Түрлі мүмкіндіктерге 
және түрлі оқушыларға қарай сұрақтарды саралауға болады. Оқушының білім алуын қолдау 
үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты әртүрлі 
тәсілдерін пайдалануға болады.
Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жа-
уабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға 
оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.
Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жа-
уап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы 
қажет, сондай-ақ «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау 
барысында оқушыға бағдар беріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет