Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


Оқу мақсаты мен нәтижелері



Pdf көрінісі
бет175/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   440
Оқу мақсаты мен нәтижелері
Оқу мақсаты - мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрселер. Осыған байланысты, оқу 
мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуге бағытталған:
Сіздің ойыңызша, оқушылар нені білуге тиіс?
Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?
Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, қандай мәселелер төңірегінде ойланулары керек?
Оқу  нәтижелері  мұғалімнің  жоспарланған  сабақ  мақсаттарына  қол  жеткізуде 


102
қаншалықты табысты болғанын білуге мүмкіндік береді. 
Оқу нәтижелері:
•  оқушыға бағытталуы керек;
•  белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек;
•  оқушының оқу үлгерімі тұрғысынан жазылуы керек.
Бағдарламаның  түйінді  идеясы  мұғалімдерде  неліктен  балаларды  дәл  осылай  оқыту 
қажеттігі  туралы  білімді  қалыптастырып  қана  қоймай,  олардың  жаңа  идеяларды  өз 
тәжірибесінде  іске  асыруға  дайын  болуын  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Осылайша, 
«Мектептегі  мұғалім  көшбасшылығы»  бағдарламасын  игерген  мұғалімдер  әріптестеріне 
өз  тәжірибесіне  жеті  модульді  енгізуге  көмектесу  мақсатында  олармен  жұмыс  істейтін 
болады.  Сонымен  қатар,  Бағдарламаны  игерген  мұғалімдер  өз  әріптестері  жүзеге  асыра-
тын  өзгерістерді  ойластырып,  зерттейтін  болады.  Тізбектелген  сабақтар  топтамасының 
құрылымы  Бағдарламаның  жеті  модулін  жүйелі  түрде  енгізуге  жағдай  жасап,  мұғалімдер 
жүргізген  өзгеріс  енгізу  үдерісі  мен  осы  өзгерістердің  нәтижелері  туралы  тәжірибеге 
негізделген мәлімет алуға мүмкіндік береді.
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет