Байланысты: Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы
106 Тәлімгерлік үдерісі Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі сипаттамасы екі адам арасында оқу қарым-қатынасын
құруға негізделген және түйінді дағдыларды: белсенді тыңдай білу, тәжірибені дамыту үшін
бірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тәлімгер тәліпке күрделі
тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуге; соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді: сенімділік,
ортақтастық, шынайылық, адалдық танытуға дайын болады (Garret-Harris & Garvey, 2005).
Тәлімгерлік аяқталған соң тәлімгер мен тәліптің арасында орнаған қарым-қатынас біліктілігі
төмендеу мұғалімнің өзіне-өзі көмектесуіне мүмкіндік алып, проблемалардың шешуін өзінше
табуға көмектеседі, себебі тәлімгерлік түзету қағидатына емес, даму қағидатына негізделген
(Oxley, 2003).