Байланысты: Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы
Заманауи түсінік Мұғалімнің өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекетті талдау және
ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі коучинг пен тәлімгерліктің барлық
түрлерін біріктіруші фактор болып табылады.
Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, тәлімгер тәлім алушы үшін әрі объективті
тыңдаушы, әрі дұрыс бағыт беруші тұлға болатын әріптестік қарым-қатынас болып табылады.
Тәлімгер әріптесіне тәлімгерлік ету үдерісіне өзінің елеулі кәсіби тәжірибесі арқылы үлес қоса
отырып, бірқатар мәселелерді шешуде көмек береді:
• өзінен тәлім алушы әріптесінің проблемаларды қарастыруына және шешімін табуына
мүмкіндік береді;
• стратегиялық деңгейде өз тәжірибесіндегі жаңашылдықтармен алмасады;
• тәліптің орынды мақсат қоюына және оған жету жолдарын жоспарлауына көмектеседі.
Тәлімгерлік пен коучинг бойынша модельдердің көпшілігі ұқсас алғышарттарға негізделген,
атап айтқанда, тәлім алушы тұлға тиімділікпен және шығармашылықпен жұмыс істеуге
қабілетті, ал тәлімгердің немесе коучтің негізгі міндеті – тәлім алушының өз мүмкіндіктерін
тиімді пайдалануына көмектесу деген ұстанымға негізделген (2-кесте). 2-кесте