Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет66/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   440
Заманауи түсінік
Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған 
ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, соны-
мен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе 
бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа неме-
се түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық 
әрекеттерге  бейілділік  пен  басқаларды  сын  тұрғысынан  ойлауға  баулуды  білдіреді.  Сын 
тұрғысынан ойлау дағдыларының негізгі тізбесіне қадағалау, интерпретация, талдау, қорытынды 
жасау, бағалау, түсіндіру, метатану кіреді.
Сарапшылардың пікірінше, сын тұрғысынан ойлау проблемаларымен белсенді айналысатын 
адамдар мен топтар:
•  қадағалау жолымен алынған деректерге;
•  мәнмәтінге;
•  барабар шешім қабылдауға арналған тиісті критерийлерге;
•  ой-пікір, пайымды қалыптастыру үшін қолданылатын әдістерге;
•  алдағы проблемалар мен мәселелерді түсіну үшін қолданылатын теориялық құрылғыларға 
тиісті көңіл бөледі.
Сын тұрғысынан ойлау дағдысы мынадай бөлшектерден құрылады:
•  проблемаларды анықтап, оларды шешудің шынайы құралдарын айқындау;
•  проблемаларды шешудегі басымдықтардың, иерархияның және кезектіліктің маңызын 
түсіну;
•  тиісті ақпаратты жинау;
•  белгіленбеген жорамал мен құндылықтарды мойындау;
•  тілді түсіну және нақты, анық және түйсіне қолдану;
•  дәлелдер мен дәйектерді бағалау, деректерді интерпретациялау;
•  тұжырымдар  арасындағы  логикалық  байланыстардың  болуын  (немесе  болмауын) 
белгілеу;
•  шынайы қорытындылар мен шолу жасау;
•  жасалған қорытындылар мен шолуларды сараптау;
•  алынған тәжірибенің негізінде ұстаным модельдерін түзету;
•  күнделікті шынайы өмір тұрғысынан нақты нәрсе (құбылыстар мен т.б.) туралы барабар 
пікір қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет