Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет65/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   440
Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табы-
латын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де 
сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. 
Бұл модуль шеңберінде біз сонымен қатар 1-модульде келтірілген әлеуметтік-сындарлы 
тәсілдерді, оқытуды дамыту үшін тиімді бағалауды («Оқу үшін бағалау» модулі) және түрлі 
жастағы балаларға білім берудің сараланған тәсілін қолдануды («Талантты және дарынды бала-
ларды оқыту» және «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модульдері) 
қарастырамыз.
Тарихи шолу
Сын тұрғысынан ойлаудың тамырын сонау сократтық дәстүрге дейінгі 2500 жыл бұрынғы 
дәуірден көруге болады, сол кездің өзінде беделді негізде алынған білімді тексеру үшін жетекші 
сұрақтарды пайдалану қалыптасқан: олар тиімділік, нақтылық пен логикалық сабақтастықтың 
талаптарына жауап бере ала ма деген сауалды ортаға тастайды. Қазіргі әлемде сын тұрғысынан 
ойлау қазіргі заманғы жұмыс күшінің ойлау дағдыларынан күтілетін үміт пен оған қойылатын 
талаптарды қанағаттандыру деңгейін анықтау құралы ретінде қаралады. ХХ ғасырда осы про-
блеманы Франкфурт сыни әлеуметтік теория мектебі қарастырды.
12-сурет. Джон Дьюи
Джон Дьюи (12-сурет) білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі 
болды, ол білім бағдарламасының оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыруға бағытталуы 
тек оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді бо-
латынын мойындады. Эдвард Глейзер (1941) сын тұрғысынан ойлау қабілеттілігі үш элементтен 
тұратындығын болжап берді:


41
1.  Проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде өз тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ететін 
ойлау үдерісін жүзеге асыру.
2.  Логикалық зерттеу мен пайымдау әдістерін білу.
3.  Осы әдістерді қолданудағы тәжірибелік дағдылар.
Балалар мен ересектердің сын тұрғысынан ойлауын дамытуға, проблемаларды зерделеу және 
шешімдерді жекелей немесе топтарда қабылдауға бағытталған заманауи білім беру бағдарламасы 
аталған үш негізгі элементке сүйенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет